Жас таланттар шоғырланды
10:36 16.08.2022
100
Арнайы аймақта - ауқымды жобалар
10:34 16.08.2022
94
Абай жолын ұлықтаған академик
10:30 16.08.2022
101
Ақ желеңділер тапшы
10:26 16.08.2022
127
Көмір бағасы қолжетімді
10:25 16.08.2022
93
Қала жолдары қарқынды жөнделуде
10:23 16.08.2022
98
Әдепсіз әншілер сахнадан шеттетіле ме?
10:21 16.08.2022
95
Сарыарқа самалы, 16 тамыз, сейсенбі
10:20 16.08.2022
106
Кәсіптік білімнің болашағы зор
09:09 13.08.2022
207
Киелі өнердің майталманы
09:05 13.08.2022
229
Қатерлі ісік азаймай тұр
08:59 13.08.2022
254
Абай тағылымы
08:58 13.08.2022
211
Сараланған тариф енгізіледі
08:56 13.08.2022
199
Сарыарқа самалы, 13 тамыз, сенбі
08:53 13.08.2022
223
Жаңа оқу жылына әзірлік
08:02 13.08.2022
243
Құрылысшы - мәртебелі мамандық
08:01 12.08.2022
248
Әр сөзі - тұнған шежіре
10:09 11.08.2022
305
Аспан перзенті
10:07 11.08.2022
300
«Өкпеұлы Кәрімтайдың ғибратты ғұмыры»
10:05 11.08.2022
309
Абай күні аталып өтті
10:04 11.08.2022
331
«Завод» сериалы түсірілуде
10:01 11.08.2022
305
Ауладағы қуаныш
09:58 11.08.2022
295
Білім. Еңбекқорлық. Өзгеше ойлау
09:56 11.08.2022
324
Энергетикалық сусынға тыйым салу қажет пе?
09:52 11.08.2022
323
«Мектепке жол» қалай өтуде?
09:49 11.08.2022
303
Техника жаңартуға таптырмас мүмкіндік
09:43 11.08.2022
342
Шаруалар шабындыққа шалғы салды
09:40 11.08.2022
328
Абай сөзі - әдебиет өлшемі
10:24 09.08.2022
418
Білікті мамандар тапшы
10:21 09.08.2022
404
Бір жабылып, бір ашылған «Әлем»
10:20 09.08.2022
400
Баспана – басты байлық
10:18 09.08.2022
393
«Бейсен және Болмыс»
10:14 09.08.2022
416
Екеудің көрмесі
10:11 09.08.2022
397
Мектеп жәрмеңкесі жалғасады
10:09 09.08.2022
414
Аймақтағы ахуал тұрақты
08:56 06.08.2022
497
Сарыарқа самалы, 6 тамыз, сенбі
08:36 06.08.2022
542
Саназардың теңіз аттары
08:13 06.08.2022
492
Медиация мақсаты - бітімгершілік
08:10 06.08.2022
545
Жолдарымыз жаңарып, аумақтар тазаруда
08:09 06.08.2022
514
Мектепке дайындық қанша тұрады?
08:07 06.08.2022
490
Әлемді әнмен Тербеткен
08:03 06.08.2022
537
Педагогтар не базына айтады?
08:01 06.08.2022
500
Өкпе ауруы дендеп тұр
08:00 06.08.2022
510
Қандай мультфильм көріп жүрміз?
10:51 04.08.2022
582
Интернет алаяқтары көбейіп барады
10:50 04.08.2022
641
Жаңатілекте мешіт ашылды
10:49 04.08.2022
568
Суармалы жердің берекесі мол
10:47 04.08.2022
589
Қор қаражатына несие жабылмайды
10:45 04.08.2022
594
Самокаттарға талапты қатаңдату керек пе?
10:41 04.08.2022
564
Мұрагерге жинақты алуға бола ма?
10:39 04.08.2022
574
Балалар бағына саяхат
10:37 04.08.2022
541
Өнерде шекара жоқ
10:34 04.08.2022
567
Алтын аға
10:30 04.08.2022
618
Балабақшалар қалай бақыланады?
10:28 04.08.2022
631
Әнші арманы
09:57 02.08.2022
640
«Мектепке жол» акциясы басталды
09:54 02.08.2022
821
Жол жабылмайды
09:52 02.08.2022
624
Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет
09:49 02.08.2022
653
Пәтер кезегін себепсіз жылжытқан
09:47 02.08.2022
634
Денсаулық пойызы келді
09:45 02.08.2022
653
Соңғы жылдары алаяқтық қылмыстардың саны айтарлықтай өсті. Бұл - Павлодар облысында жиі жасалатын құқық бұзушылықтардың бірі. Егер 2018 жылы олардың үлесі жалпы қылмыстық оқиғалардың оннан бір бөлігін құраса, қазір әрбір үшінші қылмыс алаяқтық болып табылады.
2022 жылдың алғашқы жартысында ғана алаяқтық 802-ден 1011-ге дейін (26%-ға), оның ішінде интернет-технологияларды пайдалану арқылы жасалған қылмыстар саны 34,7%-ға (521-ден 702-ге дейін) өсті. Алаяқтық бүгінгі күні соңғы онжылдықтарда ең көп таралған қылмыс түрі болып табылатын ұрлықтан асып түсті. Бұл ақпараттық технологиялардың белсенді дамуымен байланысты. Ол алаяқтарға күнделікті өмірде смартфондарды, банктік қосымшаларды пайдаланатын, онлайн платформалар арқылы тауарларды сатып алатын, интернетте жалға берілетін тұрғын үй іздейтін және т.с.с. ықтимал «құрбандарға» шығуына мүмкіндік берді. Алдау жолымен ақшаңызды ұрлау схемалары барған сайын шектен шығып барады. Алаяқтар банктердің қауіпсіздік қызметі немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің атынан қоңырау шалады, сондай-ақ түрлі инвестициялық жобаларға қатысуды ұсынады. Бұл ретте қылмыскерлер қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі ақпараттарды игерген және бұл ақпараттарды азаматтардың сеніміне кіру үшін пайдаланады. Тағы бір мысал, ағымдағы жылдың 11 шілдесінде Павлодар қаласының тұрғыны, Ш. атты азаматшаға ер адам қоңырау шалып, өзін Forte Bank-тің менеджері ретінде таныстырып, оның жеке мәліметтерін, депозитіндегі ақша сомасын айтып, пайыздық сыйақы мөлшерлемесінің өсуіне байланысты қаражатты жаңа депозиттік шотқа аудару қажеттілігі туралы хабарлаған. Бұл үшін ол SMS кодын айтуды сұраған. Нәтижесінде қылмыскер бір миллион теңгеден астам қаражатты иемденген. Азаматтардың сенгіштігі қаскүнемдердің қомақты ақша ұрлауына жағдай тудырады. Мысалы, ағымдағы жылдың 7 шілдесінде Павлодар қаласының тұрғыны, Б. атты әйелге ер адам телефон соғып, өзін Ішкі істер министрлігінің тергеушісімін деп таныстырған. Оның атынан азамат Д.-ға бас сенімхат берілгенін және екінші деңгейлі банктерден оның атына несие ресімдемек болып жүргенін хабарлаған. Сендіру үшін ол қоңырауды Ұлттық банктің жалған қызметкеріне ауыстырып, әлгі адам өз кезегінде оған Халық банкінде «рәсімделген» несиесі туралы хабарлаған. Оны өтеу үшін жалған қызметкер аталған банктен екі миллион теңге көлемінде «қарама-қайшы» несие ресімдеуді сұраған. Жәбірленуші айтқанын жасайды. Сөйтіп ол ресімделген несиені жабу үшін көрсеткен шотқа қаражатты аударып жіберген. Келесі төрт күннің ішінде қаскүнемдердің нұсқауымен азаматша Б. төрт банктен (БЦК, Forte Bank, Jusan bank, Eurasian Bank) жалпы сомасы он алты миллион теңгеге несие ресімдеп, сонымен бірге депозитінен екі миллион теңге мөлшерінде жинақтарын қаскүнемдерге аударған. Нәтижесінде жәбірленушіге жиырма миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Мұндай алаяқтық схемаларда қаскүнемдер көбінесе, құқық қорғау органдарының ресми сайттарында деректерін оңай табуға болатын қазіргі құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды қызметкерлерінің аты-жөндерін пайдаланатынын айта кеткен жөн. Соңғы кездері инвестициялық жобалармен бүркемеленген алаяқтық түрлері белең алуда. Ықтимал құрбандар бұл жарнамаларды әлеуметтік желілерде және басқа да онлайн платформаларда жиі табады. Мысалы, ағымдағы жылдың 28 маусымында Павлодар қаласының П. атты тұрғыны әлеуметтік желіде «Kaz Minerals» ірі компаниясына инвестиция салу арқылы табыс табу туралы хабарландыруды көріп қалған. Ол сайтқа тіркелгеннен кейін оған әлдебір адам телефон шалып, өзін брокерлік компанияның қызметкерімін деп таныстырған. Қылмыскер келісімді жүзеге асыру үшін «SvchiKorb» қосымшасын жүктеп алуды және шотты елу мың теңгеге толтыруды сұраған. Кейіннен қаскүнем бірнеше сәтті келісім жасалғаны және шотқа «виртуалды табыс» түскені туралы хабарлаған. Сөйтіп, жәбірленуші компанияға сеніп, одан да көп соманы аудара бастаған. Ақыр-соңы жалпы сомасы сегіз миллион теңгеге толтырған. Одан әрі жалған қызметкер есепшоттың бұғатталуын болдырмау үшін қаражатты сақтандыру қажеттігін хабарлап, ол үшін екі миллион теңге аударуды сұраған. Ал жәбірленуші ақшаны алмақ болған кезде, аталған операцияны қосу үшін оған тағы екі миллион теңге енгізу керектігі хабарланған. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 8 шілдесінде алаяқтар байланысқа шығуды тоқтатады. Ал жәбірленуші 12 миллион теңге жоғалтқан. Өкінішке қарай, мұндай мысалдар өте көп. Қылмыскерлердің тіркелмеген SIM карталарын, сондай-ақ жәбірленушінің телефонындағы кез келген абоненттік нөмірді, соның ішінде банктер мен мемлекеттік органдардың нөміріне теңдестіруге мүмкіндік беретін бағдарламаларды пайдалануына байланысты мұндай алаяқтарды анықтау қиын. Көбіне қылмыскерлер біздің мемлекеттен тыс жерде болады. Павлодар облысының прокуратурасы алаяқтыққа қарсы күрес бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Бұл мәселе Павлодар облысы бойынша Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланды. Нәтижесінде жұмыс тобы құрылып, екінші деңгейлі банктердің Орталық кеңселеріне 100 Call-орталықтарында алаяқтық құрбандарына қызмет көрсету үшін жедел желі бөлу, аударымнан кейін ірі көлемдегі қаражатты алуды кешіктіру, қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын пайдалана отырып, банктердің қосымшаларына қосылу кезінде онлайн қарыз беруді болдырмау жөнінде ұсыныстар енгізілді. Қазіргі уақытта әртүрлі интернет-алаяқтық (пәтерді жалға беру, интернетте сату, телефон алаяқтары және т.б.) жасады деген күдікке ілінген 17 тұлғаға қатысты іс тергелуде. Жыл басынан бері осы санаттағы істер бойынша 29 адам сотталды. Сонымен қатар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырмай, құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан жұмыстар жеткіліксіз екендігін айтқымыз келеді. Ақшаңызға иелік еткенде өте мұқият болу керек, банктің, құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың бірде-бір қызметкері сізден жеке деректеріңізді, банк картасының деректемелерін, SMS кодтарын ешқашан сұрамайды. Өзіңізді қауіпсіз етудің ең оңай жолы - телефон арқылы сөйлесуді үзіп, банктің ресми сайттарында, мобильді банкингте немесе банк картасында көрсетілген нөмір бойынша қоңырау шалған банкке қайта қоңырау шалу. Сондай-ақ сайттардағы жарнамалар арқылы тауып алған, әсіресе, кісі қызығарлықтай төмен бағада ұсынылған тауарлар үшін, пәтерлерді жалға алуда және т.б. алдын ала төлем жасамаңыз. Құқық қорғау органдары әрқашан жәбірленушілерге көмектесуге дайын. Дей тұрғанмен, құқық бұзушылықтармен күресудің ең дұрыс жолы – қырағы болу. Қаскүнемдердің құрбаны болмас үшін облыстың әр азаматын қырағы болуға шақырамын.
Қайрат ӘБДІХАНОВ, Павлодар облысының прокуроры.
Жас таланттар шоғырланды
10:36 16.08.2022
100
Арнайы аймақта - ауқымды жобалар
10:34 16.08.2022
94
Абай жолын ұлықтаған академик
10:30 16.08.2022
101
Ақ желеңділер тапшы
10:26 16.08.2022
127
Көмір бағасы қолжетімді
10:25 16.08.2022
93
Қала жолдары қарқынды жөнделуде
10:23 16.08.2022
98
Әдепсіз әншілер сахнадан шеттетіле ме?
10:21 16.08.2022
95
Сарыарқа самалы, 16 тамыз, сейсенбі
10:20 16.08.2022
106
Кәсіптік білімнің болашағы зор
09:09 13.08.2022
207
Киелі өнердің майталманы
09:05 13.08.2022
229
Қатерлі ісік азаймай тұр
08:59 13.08.2022
254
Абай тағылымы
08:58 13.08.2022
211
Сараланған тариф енгізіледі
08:56 13.08.2022
199
Сарыарқа самалы, 13 тамыз, сенбі
08:53 13.08.2022
223
Жаңа оқу жылына әзірлік
08:02 13.08.2022
243
Құрылысшы - мәртебелі мамандық
08:01 12.08.2022
248
Әр сөзі - тұнған шежіре
10:09 11.08.2022
305
Аспан перзенті
10:07 11.08.2022
300
«Өкпеұлы Кәрімтайдың ғибратты ғұмыры»
10:05 11.08.2022
309
Абай күні аталып өтті
10:04 11.08.2022
331
«Завод» сериалы түсірілуде
10:01 11.08.2022
305
Ауладағы қуаныш
09:58 11.08.2022
295
Білім. Еңбекқорлық. Өзгеше ойлау
09:56 11.08.2022
324
Энергетикалық сусынға тыйым салу қажет пе?
09:52 11.08.2022
323
«Мектепке жол» қалай өтуде?
09:49 11.08.2022
303
Техника жаңартуға таптырмас мүмкіндік
09:43 11.08.2022
342
Шаруалар шабындыққа шалғы салды
09:40 11.08.2022
328
Абай сөзі - әдебиет өлшемі
10:24 09.08.2022
418
Білікті мамандар тапшы
10:21 09.08.2022
404
Бір жабылып, бір ашылған «Әлем»
10:20 09.08.2022
400
Баспана – басты байлық
10:18 09.08.2022
393
«Бейсен және Болмыс»
10:14 09.08.2022
416
Екеудің көрмесі
10:11 09.08.2022
397
Мектеп жәрмеңкесі жалғасады
10:09 09.08.2022
414
Аймақтағы ахуал тұрақты
08:56 06.08.2022
497
Сарыарқа самалы, 6 тамыз, сенбі
08:36 06.08.2022
542
Саназардың теңіз аттары
08:13 06.08.2022
492
Медиация мақсаты - бітімгершілік
08:10 06.08.2022
545
Жолдарымыз жаңарып, аумақтар тазаруда
08:09 06.08.2022
514
Мектепке дайындық қанша тұрады?
08:07 06.08.2022
490
Әлемді әнмен Тербеткен
08:03 06.08.2022
537
Педагогтар не базына айтады?
08:01 06.08.2022
500
Өкпе ауруы дендеп тұр
08:00 06.08.2022
510
Қандай мультфильм көріп жүрміз?
10:51 04.08.2022
582
Интернет алаяқтары көбейіп барады
10:50 04.08.2022
642
Жаңатілекте мешіт ашылды
10:49 04.08.2022
568
Суармалы жердің берекесі мол
10:47 04.08.2022
589
Қор қаражатына несие жабылмайды
10:45 04.08.2022
594
Самокаттарға талапты қатаңдату керек пе?
10:41 04.08.2022
564
Мұрагерге жинақты алуға бола ма?
10:39 04.08.2022
574
Балалар бағына саяхат
10:37 04.08.2022
541
Өнерде шекара жоқ
10:34 04.08.2022
567
Алтын аға
10:30 04.08.2022
618
Балабақшалар қалай бақыланады?
10:28 04.08.2022
631
Әнші арманы
09:57 02.08.2022
640
«Мектепке жол» акциясы басталды
09:54 02.08.2022
821
Жол жабылмайды
09:52 02.08.2022
624
Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет
09:49 02.08.2022
653
Пәтер кезегін себепсіз жылжытқан
09:47 02.08.2022
634
Денсаулық пойызы келді
09:45 02.08.2022
653