Иса ақын (Романнан үзінді)

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  316

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  284

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  299

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  353

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  402

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  233

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  262

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  218

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  269

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  262

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  292

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  618

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  475

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  494

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  236

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  238

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  444

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  355

11 медаль!
11:05 24.01.2023  285

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  315

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  305

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  302

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  483

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  359

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  267

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  285

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  296

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  325

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  2765

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2663

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2641

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  2680

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  2598

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  2627

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  2744

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2603

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2578

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  2658

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  2615

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  2699

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  2711

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  2682

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  2867

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  2759

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  2831

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  2732

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  2854

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  2975

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  2626

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  2792

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  2849

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  2624

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  2783

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  2660

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  2963

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  2856

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  2855

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  2884

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  2893

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  3108

Иса ақын (Романнан үзінді) 11.03.2021

Иса ақын (Романнан үзінді)

«Сен қалайсың?» дегендей Исаның бет-жүзін барлап, әлгі сөзінің әсерін аңғарғысы келді.
Иса не десін? «Кімнің қандай екенін уақыт көрсетеді» деген оймен үндемеді.
Николай Иванович өзінің жәрмеңкеге не мақсатпен келгенін қысқаша ғана айтып, өзінің ойымен бөлісті.
– Өткен жылдан бастап Семейдегі губерниялық «Степная правда» газетінде жауапты хатшы қызметін атқарып жүрмін. Өзіміздің редакцияда «жәрмеңкеге қатысайық» деген ой туып, «Жәрмеңке хабаршысы» деген газет шығаруды ұйғардық. Маған осы газетті шығаруды тапсырып, Қоянды жәрмеңкесіне жіберді. Жаныма әріп теруші Федяны қосып беріп, «жәрмеңкенің өз баспаханасы бар» 
дегенді айтты. «Жәрмеңке хабаршысының» алғашқы бетін түрлі жарнамалармен, хабарлармен толтырып, жүз данасын Семейде бастырып қойғанбыз. «Басқа беттерді жәрмеңкенің өзінде әзірлеу керек» деп жобаладық та, әзірге ашық қалдырдық. Осында келгенде бізді ойландырған нәрсе «орыс тіліндегі біздің газетіміз жан-жақтан жиналған ондаған мың қазаққа қажет пе?» деген сұрақ еді. Орыс көпестерінің жарнамаларын жариялап, жүз данасын таратудан не ұтамыз. Шығынын да ақтамайды. «Қызыл отауда» отырған кісілер де осындай ойда боп, мені қостай қоймағаны байқалды. Тығырыққа тірелгендей боп, еңсесі түсіп, селқос отырғанда Иса көздері ойнақшып, қозғалақтап, күтпеген жерден жол тауып кетті.

– Біз «Жәрмеңке хабаршысын» жанды газет түрінде шығарайық. Мен «Жәрмеңке хабаршысының» әрбір санын қазақша аударып, домбырамен тыңдаушыларға өлеңдетіп жеткізейін, – деді.
– Табылған ақыл, – деп Анов қуана келісіп, тіпті қол соқты.
Содан соң бұлар жиналған топтың алдына барды.
Иса алға шығып:
– Біз қазір жанды газеттің алғашқы санында Қоянды жәрмеңкесі туралы өлеңмен айтатын боламыз, – деп, домбырасын күмбірлетіп, өлеңдете жөнелді.
Жирен аттың үстінде отырған құндыз жиекті бөрік киген қазақ айқайлап:
– Әй, мынау біздің Иса ғой, – деп даланы басына көтерді. Жан-жақтан:
– Иса, Иса, – деген дауыстар естіліп жатты.

Өзінің Павлодарлық жерлестері екенін бірден біліп, Иса соларға қарай бар денесімен бұрылып, домбырасын сабалап, қызара бөртіп:
Жәрмеңке құтты болсын советский,
Сіздермен кез боп қалдым өң мен түстей.
Жынды Омар, Зәрубай мен Қалибекті,
Ұмытпан мен де, сірә, жанар өшпей.
Қоянды қызыл тулы тұрған жайнап,
Неткен тіл, әдемі әзіл, сән-салтанат.
Ащы тіл, әжуалы сауықпенен,
Шаттықта гүлдей жайнап отыр ойнап, –
деп ағыза жөнелді. Екпіндетіп, сөзді түйдек-түйдек төгіп жатыр. Термелеп, ұйқастарын әдемі үйлестіріп, тездете көсіліп, Қоянды жәрмеңкесінің маңызын әспеттеп, аспандатып әкетті. Жағалай көгалда аяқтарын көсілтіп, иық тіресіп отырған қалың жұрт ат, түйе мініп, қатар түзеп, бұларды сыртынан қоршап, Исаны тыңдай қалыпты.
Иса домбырасын әдетінше қаттырақ дың еткізіп, екпінін басып тоқтағанда отырған жұрт түрегеліп кетті. Даурыға сөйлеп, тарқамай, «тағы да айтса екен» деп тіленіп тұр. Бұндай көрініске Исаның бойы үйренген. Өлеңді қанша айтса да, азырқанып, кетпей, гуілдесіп тұрып алатынын біледі. Сондықтан арынын тежеп, көңілдерін қимай жапақтап қарай береді.
Осы сәтте жәрмеңке комитетінің бастығы Жәнібек жиылған жұртты киіп-жарып, суырылып ортаға шықты да, жеделдете басып Исаның қасына келіп, екеуі сыбырласып сөйлесіп әлденеге келіскендей болды. Бұдан соң Жәнібек алдындағы қоршаған қалың топты көзімен шолып өтіп, дауысын айырықша көтеріп:
– Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, – деп жария салды. – Қазір алдарыңызға Қажымұқан палуан шығып, күш ойындарын көрсетеді.
Сол-ақ екен, әлгінде тарқамақ боп, шет жағы сөгіле бастаған жұрт қайтадан біріне-бірі сығылыса топтанып, алға қарай ентелей түсті.
Жәнібек «тынышталыңдар» деп қолын көтергенде жұрттың дабырлағаны, гулеген сөздер тыйыла қалды. Жәнібек бәріне естірте дауыстап:
– Палуан киімін ауыстырып ортаға шыққанға дейін мына тұрған Иса ақын Қажымұқанның күш-құдіретін сіздерге өлеңмен сипаттап береді, – деді.
Иса бір басып, екі басып ілгеріледі де, домбырасын қағып-қағып жіберіп, өлеңді төгілте жөнелді.
Әлеумет, хабарың бар Ер Тарғыннан,
Ер Қобылан, Алпамыстан, Тайбурылдан.
Ер Көкше, Ер Сайынды, Ер Қосайды
Бәріңнің естуің бар қиссалардан.
Солардың бәрін де біздің халық туған, 
Қажымұқан да перзентің мына тұрған.
Олар – жорық батырлары, найзагерлер,
Ал, Қажымұқан – теңдесі жоқ зор палуан.
Ерен күш болады екен адамда да,
Қажымұқан туған адам соған бола.
Піл күші, піл денесі бір өзінде
Жаралған жан біткеннен жеке дара.
Қазір ол көрсетпек күш алуанын,
Жауырыны жерге тимеген палуаның...

Жұрт ақынның Қажымұқанның күш-құді-ретін сипаттауын ұйып тыңдап, таңдай қағып тұрғанда:
– Қажымұқан, Қажымұқан, – деп дуыл-дасқан дауыстар бұдан әрі Исаның өлеңін естіртпей, бөліп жіберді.
Жұрттың назары бірден жәрмеңке жақтан мамырлай басып келе жатқан Қажымұқанға ауды. Екі жаққа сөгіле жарылып, Қажымұқанға жол беріп, таңырқай қарап, әр қимылын бағып, көз айырмады. Топ-топ адамдар жан-жақтан шұбырып келе жатты. Қажымұқан күш ойындарын көрсететін дөңестеу алаңды қоршап алып, палуанды қызықтауға жиналды.
Қажымұқан ортадағы алаңға келіп тоқтады да, керіле есінеп, екі иығын қозғады. Үстіндегі мауыты шапанын шешіп, жақындау тұрған біреуге ұстатты. Исаға көз тоқтатып қарады да:
– Сен кетпе, осылай тұра бер. Менімен бірге боласың, – деген гүжілдеген жуан дауысы жұрттың бәріне естілді. Исаны бірталайдан бері білетіні жұртқа сол жерде-ақ мәлім болды.
Қажымұқан жалаңаштанып, циркте өнер көрсеткенде киетін ықшам қара трусиімен жұрттың алдында құрыштан құйылған алып мүсіндей тұра қалды. Иса да қарап тұрмай, табан астында палуанға арнаған өлеңін құлаққа жағымды әуенмен дауылдатып айтып берді.
Палуан мен ақын қалың қауымның алдында бір-бірін қапсыра құшақтасты. Қажымұқанның бар мүшесі зор денесіне сәйкес мол біткен. Ал Иса оның жанында атан түйе қасындағы тайлақтай екен.
Осы бір толғанысқа толы ғажап көрініс талайдың көңілін босатып, еріксіз көз жас алдырды. Иса палуанның темір құрсаудай кең құшағынан босап, шетке қарай ығысты да, жұртқа естірте:
– Қажеке, бастаңыз, – деді.
Алаңның ортасында жан-жағындағы қаумалаған қалың топқа көз жіберіп Қажымұқанның жалғыз өзі ғана тұрды. Соншалық алып денелі, жойқын күшті адамды бұрын кім көрген?.. Жиналған жұрт сілтідей тынды. Мың сан көз палуанның бітіміне қыбырсыз қадалды. Дененің әр мүшесіне көз тоқтатып, қайран қалды. Бұлшық еттері бөлек-бөлек, жұмырлана біткен. Мойны тым жуан болғандықтан, арқа етімен тұтасып кеткен. Қырықты орталаса да, денесіне май бітпей, түйін-түйін еттері тастай қатты екені білініп-ақ тұр.
Шашын тықырлап алғызыпты. Басы үлкен, маңдайы жалпақ. Үлкен қой көзді. Кескіні қараторы. Еріндері етті әрі қалың. Жапонның Саракики палуанымен ажал күресіне түскенде ерні жырылып, еті қалың болған-дықтан, ортасы бітпей, тыртық боп қалса керек. Екі құлағы да күресте мыж-мыж боп езіліп кеткен. Құлақтың орнында екі-үш елі боп біткен беріш қана бар. Бір көрген адам оны шұнақ екен деп ойлайды.
Көрген жанның бәрі де оның осыншалық дене бітімін тамашалап, таңырқап:
– Адамның алыбы ғой, – деп, қазақ болғанын мақтаныш етеді.
Жан-жағынан қадалған көздер өзінің бет-пішінін бажайлап қарағанын сезіп, қозғалмай тұрған Қажымұқан енді таңқаларлық қимыл жасады. Әуелі кеудесін кере «әуп» деп терең дем алып, ішін тартқанда қампиған қарны қабысып, тегістеле қалды. Кеудесі көріктей күмпиіп, көрер көзге апай төстеніп сала берді. Мықыны жіңішкеріп, балтыр еттері дөңгелене бұлтиды. Жіліншігі сымдай созылды. Тұла бойы бәйге атындай жарады.
Қажымұқан бұдан соң қолдарын созып, бұлшық еттерін билетті. Бүкіл денесін қозғалтып, алқымнан мықынға, желкеден жуан белге дейін, тұтас жон арқа түгелімен шымырлады. Әсіресе, төстің етегі ерекше жиырылып, буылтық-буылтық болды. Мойны күжірейіп, жуандап, ісініп, алқымның сіңірлері мен желке еттері болатша сіресті. Жон арқа тегіс жыбырлап, белдеу, белдеу боп бөлінді. Адам денесіндегі күллі бұлшық ет қимылдады. Осының бәрі көзді ашып-жұмғанша атойлап, бұлқынып өте шықты.
Қажымұқан осылайша бүкіл денесін қозғалысқа келтіріп, артынша тына қалғанда жұрт ішегін тартып, қиналғандай боп ауыр күрсінді. Кенеттен толқып кетіп, дабырласып, гуілдесті.
Жұрттың айқай-шуы басыла бергенде Қажымұқан бұнымен тоқтамай, дағдылы күш ойынын көрсетуге кірісті. Алдын ала дайындап қойған құралдарды бірінен соң бірін пайдаланып, жойқын күштің қандай болатынын жұртқа көрсетті.
Анадайда аузы аңқиып, әр қимылын қалт жібермей бағып тұрған Исаны өзіне шақырып:
– Менің не істейтінімді жұртқа хабар-лайсың, ұқтың ба? – деп гүж етті.
Қуанғаны ма, қорыққаны ма, Иса сөзге келместен айтқанға көніп, палуанның қасына тақалып, не айту керектігін ойлап, оның не істейтінін бақылады.
Қажымұқан жұртты көп күттірмей, күш ойынын көрсетуге кірісті. Үйіліп жатқан білеу-тілеу темірлердің біреуін алып, сол қолымен шынтақ тұсынан ұстап тұрды да, оң қолымен білегіне орап-орап, артынша орауын жазып лақтырып тастады. Жас баланың білегіндей әлгі темірлердің біреуін алып, мойынға салып иіп тұрып, алқымға таяу тұсынан галстукше байлап, қайта жазып, оны да лақтырды. Солқылдаған қара темірдің талайы қамырша иленіп, майысып жатты. Ендігі кезекте қалыңдығы бір елі, жалпақтығы алақандай 
ұзын темірді жауырынына көлденең соза ұстады да, жиырма жігітті ортаға шақырды. Олар он-оннан бөлініп, палуанның қос қапталына тұра-тұра қалысты.
– Екі жақтап мені алға қарай итеріңдер, – деді. 
Осынша адам жабыла итергенде палуан бастапқыда жарты қадам ілгері басты. Содан соң шіреніп тұра қалды. Соқталдай жігіттер артқа қарай ұшып кетті.
Жұрт қыран-топан болып, ұшып түскен жігіттерге күліп қарады. Біреу жағасын ұстады. Бұл жігіт ең осал дегенде жылқының ортан жілігін опыратындай еді. Шарасыздықтан бір-біріне ыржия қарап, бүкшеңдеп орындарына барып тұрды. Темірмен алысқан палуанға қарап, таңдай қағысты.
Қажымұқан мұнымен тоқтамады. Ортада жатқан диірменнің тасына қарап, жанындағы Исаға әлдене деді. Сөйтті де өзі шалқасынан жатты. Қарулы, қолының әлі бар жігіттер Исаның айтуымен жабыла көтеріп, диірмен тасты палуанның төсіне қойды. Қажымұқан екі шынтағын жерге тіреп, диірменді демеді. Сол сәтте ортаға еңгезердей сом білекті жігіт шықты да, бір пұттық темір сапты балғаны қолына алды.
– Дәлдеп ұрғайсың, – деді Қажымұқан.
Әлгі жігіт балғаны басынан асыра айналдыра көтеріп, демалмастан диірмен тасын соққылады. Әр соққан сайын Қажымұқан былқ етпейді. Жұрт дүрлігіп, палуанға жандары ашып, «ойпырмай, обал болды-ау», «қойыңдар, жетті ғой соққылағаны» дегендер де болды. Біреулер «он рет ұрды», біреулер «жиырма рет ұрды» десті. Біреулер балғамен соққылаған, қара терге түскен ұста жігітке «палуанда өшің бар ма еді» деп айқайлады. Түк шығара алмасын біліп, әлгі жігіт балғаны тастай салып, кете барды. Асықпай, ештеңе болмағандай Қажымұқан жатқан орнынан көтеріліп, үсті-басын қақты. Диірмен тасы әрең дегенде уатылғанын жұрт көзімен көрді.
Қасындағы Исаға иегін қақты да, күш өнерінің құдіретін көрсететін келесі ойынға әзірленді. Иса жүгіріп кетіп, заматта екі атан түйені біреулерге жетектеткізіп, алаңға әкелтті. Мойнына, кеудесінен қамытша етіп екі арқан байлаған қос өркешті екі атанды адамдар алаңға шығарды. Қажымұқан арқанның түбінен ұстады. Иса белгі бергенде екі жігіт екі атанды дойыр қамшымен шықпырта ұрды. Түйелер қанша жанұшыра екі жаққа тартқанмен Қажымұқанды орнынан қозғалта алмады.
– Ендеше ендігі кезек менікі, – деп, арқанның түбін беліне орап жіберіп, екі қолымен түйелердің кеудесіндегі арқанды түрегеп тұрған қалпында шірене тартқанда екі атанның басы бір-біріне соқтығысты.
Жұрт ду күлді. Қажымұқанның көрсетіп жатқан күш ойыны бұнымен бітпеді.
Исаның құлағына сыбырлап, тағы бір жаққа жұмсады. Исаның баруынан қайтуы тез боп, қасына еріп келген біреулерге уәделескен үлкен көк арбаны ортаға шығартты. Көпшілікке қарап:
– Кәне, осы арбаға сыйғанша, сығылысып отырып алыңдар, – деп бұйырды.
Бірін-бірі киіп-жарып, итерісіп, тырмысып, отыз шақты жігіт арбаға мініп, ыржалақтап, мәз болды. Қажымұқан олардың шуылдағанын елемей, арбаның жетегіне байлаған арқанды кеудесін айналдыра тартып, сүйрей жөнелді де, алаңнан шығып, жиналған топты сыртынан үш айналып, қайтадан арбаны алаңға әкеліп, үстіндегі адамдарды жерге түсірді. Жұрт қайран қалып, Қажымұқанға көз айырмай қарады да тұрды. Иса арбадан түскен жігіттерді бөгеп:
– Келесі күш көрсетуге қатысасыңдар, – деді.
Қажымұқан енді бел ағаштай жұмыр темірді иығына салып, оның екі жағына төрт-төрттен сегіз жігітті мінгізіп, алаңды екі айналып шықты. Жігіттерді түсірді де, әлгі жуандау жұмыр темірді қайтадан иығына салды да «әуп» деп екі қолының қарының астымен мойын ағаш етіп иіп, екі ұшын жерге тигізді.
Біреулер дауыстап жіберді де:
– Мұндай күш адамға біте береді екен-ау, – деді.
Тағы басқа мақтау сөздер естіліп жатты.
Қажымұқан Исаны қасына шақырып:
– Палуан қазір қорабы кісіге толы бір жарым тонналық жүк машинасын үстінен өткізеді деп хабарла, – дегенде естіген жұрт сенер-сенбесін білмей, бұның арты не боларын ойларына сыйғыза алмай, аң-таң қалды. 
Сондағы айтқандары «мұндайды кім көрген, кім естіген?» десті. «Апырай» деп жағасын ұстады.
   
Ахат ЖАҚСЫБАЕВ


Количество показов: 477

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  316

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  284

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  299

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  353

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  402

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  233

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  262

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  218

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  269

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  262

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  292

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  618

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  475

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  494

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  236

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  238

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  444

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  355

11 медаль!
11:05 24.01.2023  285

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  315

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  305

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  302

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  483

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  359

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  267

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  285

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  296

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  325

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  2765

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2663

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2641

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  2680

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  2598

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  2627

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  2744

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2603

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2578

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  2658

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  2615

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  2699

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  2711

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  2682

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  2867

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  2759

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  2831

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  2732

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  2854

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  2975

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  2626

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  2792

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  2849

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  2624

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  2783

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  2660

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  2963

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  2856

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  2855

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  2884

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  2893

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  3108