Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023
62
Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023
61
Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023
84
Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023
66
Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023
93
Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023
98
Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023
80
Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023
97
Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023
103
Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023
75
Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023
82
Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023
101
Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023
86
Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023
291
Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023
336
Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023
329
Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023
260
Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023
244
Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023
371
Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023
253
Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023
354
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
699
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
653
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
639
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
664
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
836
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
602
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
625
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
575
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
658
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
632
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
474
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
1059
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
874
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
642
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
585
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
377
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
590
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
514
11 медаль!
11:05 24.01.2023
590
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
600
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
539
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
610
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
804
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
584
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
465
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
601
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
627
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
560
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2919
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2813
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2780
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2867
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2821
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2918
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2989
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2725
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2722
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2846
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2778
Алдын-ала келісілген жүк машинасы алаңның шетіне келіп тоқтады. Екі-үш жігіт машинаның қорабына тиелген қалың тақтайларды түсіріп, алаңның ортасына көтеріп әкеліп, қолма-қол тақтайларды бір-біріне қиюластыра тақап, шегелеп, бекітіп тастады. Есіктің қақпағы тәрізді кең құлаш тақта боп шықты. Қажымұқан жердегі төсеніштің үстіне серейіп жатты да әлгі дайын болған тақтаны үстіне көлденең қойғызды. Осы тақтай көпірмен қорабы кісіге лық толы жүк машинасы жүрісін бәсеңдетпей, тоқтамай өтуі керек. Он шақты адам машинаның қорабына мініп, бір-бірінің белінен мықтап ұстады. Иса кабинада шофермен қатар отырды. Палуанның тұлғасы болаттан да берік десе де Иса оның өмірінен қауіптеніп, «машина мыжып тастамаса екен» деп алаңдап, мазасы кетті.
Шофер жігіт те қорқайын деді. Айтқанды орындамасқа шарасы жоқ. Маңдайынан суық тер шықты. Палуанды басып кетіп, өлтіріп алса өзінің оңбасын сезеді. «Не болса да тәуекел» деп, машинасын заулатып, жәрмеңке жақтағы жазықты бір айналып өтіп Қажымұқан жатқан жерге тұра беттеді. Қораптағы адамдар тәубелерін есіне алып, бір-біріне жабыса түсті. Олар да палуан «қайтер екен» деп, зәрелері ұшып отыр.
Жұрт екіге жарылып, тақалып қалған машинаға жол ашты. Бәрі демдерін іштеріне тартып, көздері бақырайып, жерде жатқан Қажымұқанға қарай қалыпты. Машина әп-сәтте көпір тақтайдан зу етіп өте шықты да әрірек барып тоқтады.
Біреулер бетін басып, көзін жұмды. Үлкендер «о, жасаған, өзің жар бол» деп сыйынды. Иса кабинадан секіріп түсіп әрі шын, әрі әзіл етіп, «палуан, тірімісің?» деп дауыстады. Тына қалған жұрт та не боларын күтті. Палуан үстіндегі тақтаны қозғады. Жұрт сонда ғана «тірі екен» деп, қауіптерін сейілтіп, таң-тамаша боп, таңдай қағып, бас шайқады. Палуан жүк машинасының салмағынан мыңқ еткен жоқ.
Ондаған жігіт тақтаны абайлап, еппен көтеріп, әрірек апарып қойды. Палуан лып етіп орнынан жеңіл көтерілді де тілеуін тілеп, айнала қоршап тұрған қалың жұртқа басын иіп, тағзым етті.
– Жаса, Қажымұқан, бар бол, – деген құрметтеп, қошеметтеген дауыстар жәрмең-кенің кең даласын жаңғырықтырды.
Жәрмеңке комитетінің бастығы Жәнібектің қабағы түсіп, өңі қашып, бұл хабарды Қажымұқанға қалай жеткізсем деп көп ойланды. Палуанның қасында төңіректеп жүрген Исаны қол бұлғап өзіне шақырып, көңілдегі күдігін айтып ақылдасып көрді. Иса оны жігерлендіріп:
– Несі бар, қасына жақында да ұсыны-сыңды именбей жұртқа естірте айт, – деді.
Жәнібек Исаның сөзінен кейін аптығын басып, өзіне-өзі келіп, палуанның бетіне тіке қарады.
– Қажеке, осы жәрмеңкеде Қытайдан келген біраз саудагерлер өзара ақылдасып, сізбен белдесуге өз палуанын шығаруды ұйғарыпты. Солар сізбен келісуді маған тапсырып, жауабын күтіп отыр. Қытай палуаны жас болғанымен өз елінде, тіпті бүкіл Азияда ешкімнен жеңіліп көрмепті. Сіздің атақ-даңқыңызға әбден қанық екен. Сол Мео Дзи-фу деген палуан сонау Қытайдан Сіздің Қоянды жәрмеңкесінде жүргеніңізді естіп, асығыс жетіп, күрескелі келіпті.
Бұл сөздерді әлі де үйіріліп, Қажымұқанды қоршап алған жұрт тегіс естіді. Олар да Қажымұқан не дер екен деп, тағы бір қызықтың куәсі болуды армандап, жауап күтіп, ентелеп тұр. Қажымұқанның қытай палуанын жеңетініне еш күмәні жоқ. Соны өз көздерімен көргілері келеді. Қытай палуаны сонау жақтан әдейі іздеп келіп, белдесе алмаса, әрине, үлкен өкініш. Ал Қажымұқан күресуге келісім бермесе мына жиналып, жеңістен үміт еткен жұрт не ойлайды? «Жас палуаннан жығылып қалудан қауіптенді, сескенді» дей ме? Осындай ойлар Қажымұқанның намысына тиіп, еріксіз топтың алдында сөйлеуге итермеледі.
– Құрметті әлеумет, мен күреспегелі қашан. 1917 жылдан бастап атаулы жарыс-тарда күреске шындап шықпаған соң ел арасында, жиындарда күшімді көрсетіп, небір ойын түрлерін жасап жүремін. Күш өнерінің біразын осында өздеріңіз де көрдіңіздер. Бүгін маған «Қытай палуанымен күресесіз бе» деп қолқа салып, ұсыныс жасап отыр. Ерді намыс өлтіреді деген. Егер күреспесем біреулер «палуанымыз жеңіліп қалудан сақтанды» деген әңгіме-өсек таратар. Сондықтан мен Қытайдың палуанымен жасымның ұлғайғанына қарамастан белдесуге шығамын, – дегенде жұрт қуанғаннан сандарын шапалақтап, бөріктерін аспанға лақтырды. Жәнібекте, Исада ес жоқ. Бірін-бірі құттықтап, қалжыңдасып, күлісіп жатыр. Жұрттың бәрі «алақай» деп қуанысып, қызу әңгімеге кірісті. Жұрт күрестің басталуын асыға күтті. Күресте киетін киімімен Қажымұқан көрінгенде жан-жақтан «келе жатыр, келе жатыр» деп айғайлап жіберді. Жұрт өз палуанына жеңіс тілеп, иіліп қошемет көрсетіп жатыр. Қажымұқан барлық жаққа бас иді. Қытай палуаны басын көтере ұстап, тәкаппарланып тұр. Оған жан-тәнімен тілеулес боп, сәт тілеп тұрған тек Шынжаннан келген аздаған қытай саудагерлері ғана. Қара шапандары көзге ұрып, олар құрметті қонақтардың ортасында маңғазсып отыр. Кеңес елшілігінен жәрмеңкеде қазақ палуанымен кездесуге шақыру алған Мео Дзи-фу да Қояндыға солармен бірге келген еді. Тез ғана когалдың үстіне ұзыннан-ұзақ төселген тықыр кілемнің үстінен Қытайдан және қазақтар жағынан бір-бір төреші өз орындарын алды. Қытай палуанының дене бітімі зор әрі бойшаң көрінді. Бұлшықты білектері жуан, бура сан, ауыр денелі, кеудесі жалпақ, шомбал, сом денелі екен. Қытай саудагерлері оны «әлі ешкімнен жеңіліп көрген емес» деп мақтайды. Оған қарағанда Қажымұқан ірілеу тәрізді. Өзінің талай жарыстарға қатысып, күш сынасқанда, өлшенгенде бойы 192 сантиметр, салмағы 215 килограмм, басқаша айтқанда, 13 пұт екенін біледі. Иса күрестің басталғанын жар салып, дауысы жеткенше айғайлап, хабарлап тұр.
– Әлем чемпионы, қазақ палуаны Қажымұқан мен Қытайдың чемпионы Мео Дзи-фу күреске түседі, – деді. Палуандар цирк аренасында қалыптасқан кәсіби әккі қимылмен көзбен арбасып, бір-біріне қарсы жүрді.
– Қажымұқан, Қажымұқан, – деген дауыстар жан-жақтан жауып кетті. Жұрттың қандары қызды. «Аруақ, аруақ» деп айқайлады. Ысқырық берілді. Күрестің алғашқы сәттері сылбыр өтті. Екі палуан да аңдысып, сақтанып жүр. Бірінің қолына бірі жармасып, маңдайлары тақасып, шарпысып, қарыса ұстасады. Қытай палуаны жойқын шабуыл жасап, қарсыласын ықтырып алмақ боп, жанталаса күресті. Бірақ Қажымұқанның айла-тәсілі алдырмады. Қазақ палуаны оңайға түспейтініне көзі жетті. Белдесу созылған сайын Қажымұқанның артықшылығы, тынысының кеңдігі, күші де, салмағы да басым екені байқалады. Қытай палуаны тәсілге бай, қимылдары шапшаң, қасарысып болмайды екен. Енді қашқақтап айқасты. Ептілігі, жылпың қаққан жеңіл қозғалысы, қарғып түсіп, ұршықтай айналып, кесірткедей жорғалауы Қажымұқанның қапсыра ұстап, темір құрсауына алуына ырық бермей жүр. Бұл қатерлі қарсылас болды. Күреске дейін ойлағанынан әлдеқайда асып түсті. Оның үстіне жас айырмашылығы және бар. Күрес шиеленісе түсті. Палуандар бірін-бірі құрсауға алып, тағы да күтпеген тәсілдермен титықтатуға тырысты. Сөйткенше болған жоқ, қытай палуаны жалт ете қалып, қазақ палуанын көтеріп алды да диірмендей үйіре жөнелді. Жиналғандар үрейленіп, Қажымұқанның алып денесімен бірге қозғалғандай теңселді. Қытай палуаны кенеттен шұғыл қозғалып Қажымұқанды жерге атып ұрды. Мың сан адам «аһ» деп уһілеп, селк-селк етті. Иса көзін жұмды. Қажымұқанның жеңілгенін көруден қорықты. Көзін ашқанда Қажымұқанның көпір жасап қайқая қалғанын көрді. Дала дабыра-шуға толды. Дүниеде Қажымұқаннан да мықты палуанның болғаны ма? Қытай палуаны оның жауырынын жерге тигіземін деп сонша әуреленіп жатыр. Кілем мен Қажымұқанның жауырыны арасында көзге әрең шалынатындай ғана саңылау бар. Екі төреші екі жақтан жата қалып сол саңылауды аңдауда. Демдерін іштеріне тартып, «иә, аруақ, жар бол» деп шуласып қазақтар тұр. Қажымұқан шарт қимыл жасап, қытай палуанын тік көтіріп алды да болат серіппедей созылып, қытай палуанын жерге атып ұрды. Оны үстінен бүре түсіп, бар салмағымен жерге жанышты. Мео Дзи-фу босанып шығуға дәрмені, жетпей тыпырлады да қалды. Мың сан адам Қажымұқанның әлгіндегі көз ілеспес шапшаң қимылына қайран қалып, қытай палуанының жауырыны жерге тигенін көріп, шат-шадыман боп, жәрмеңкенің кең даласын айғайлап, бастарына көтерді. Қуанысып, бірін-бірі құшақтап, сүйінші сұрасып жатыр. Қажымұқан тұла бойы салдырап, қатты шаршағанын байқап, тыныққысы келді. Осы ғұмырында ешкіммен бұлай ұзақ ұстасқан жоқ еді. Бұл жолғы белдесу елу төртінші минутта әрең аяқталды. Сол кезде күрес алаңын айнала отырған қалың жұрттың бір шеті сөгіле жарылып:
– Майра келе жатыр, – деген дауыстар жамыраса шықты. Бәрі жәрмеңкенің батыс жағына қарай жалт қарасты. Майра жалғыз емес екен. Әсем жүріспен соңына ерген қыз-келіншектерді шұбатып келеді. Үстіндегі көк пұлыш қамзолының омырауындағы алтын оқалары жарқ-жұрқ етеді. Жібек шәлі жамылған қос иығы ырғалып, ақ көйлегінің етегі жерге тиер-тимес толқиды. Жазық маңдайлы ақша жүзі, қиылған қара қасы, мөлдіреген қарақат көзі, күміс күлкісі бір көргеннен-ақ адамды өзіне баурайтындай ұнамды-ақ. Құлағындағы ұзын алтын сырға басын қозғаған сайын діріл қағады. Омырауындағы бірнеше қабат моншақтап тізген алқа оның сұлулығын көркейте түседі. Аяғында қызыл сапианмен оюланған қара хром етік. Нәзік қыпша белі сұлулық сипатына сай келіп тұр. Ең жақсы үлгіде мейлінше сәнді киінеді екен. Келісімді келбетіне тым-ақ жарасады. Еркін басып, күрес алаңына жақындай беріп, Қажымұқан отырған жаққа қарай жүрді. Майраны көрген бойда Қажымұқан өңі жадырап, орнынан көтерілді. Жырым-жырым қалың ерні түріле күлімсіреп, Майраны қарсы алды. Еркелете аялап, ақ білегінен ұстады. Жәрмеңкенің әні де, сәні де болған Майра сұлу тотыдай түрленіп, сыңғырлаған үнімен:
– Палуан аға, жеңісіңмен құттықтаймын. Өзің әбден шаршапсың ғой, – деді бойды балқытар тәтті әуезбен сызылта сөйлеп. Жымиғанда бетінің шұңқырына сүйкімді қызыл шырай үйірілді.
Екеуіне сүйсіне қарап қалған жұрт сол сәтте:
– Бірін-бірі соншама құрметтейтін ерекше жандар осындай-ақ болар, – деп, гуілдесіп ортаға қаумалады. Алып тұлғалы палуан мен сұлу мүсінді әнші бір-біріне бар ықыласымен қиыла, беріле қарағаны жұртты шын тебірентіп, көңіл қошеметіне қайран қалысты. Қажымұқан Майраның нәзік те толқымалы үніне, құлпырып тұрған көркіне, нұрлы жүзіне елтігендей боп, одан көз айырмай сүйінішпен қарады. Майра топтың арасынан туысқанын көргендей бауырмалсып:
– Мынау тұрған Иса ақын, – деді, біреулерге айтып домбыра алғызды. Сол-ақ екен, домбыра қолына тиісімен Иса дауысын көтере айқайға басып:
Домбыра екі ішекті іші қуыс,
Ызботтан сөзім шықсын уыс-уыс.
Майра апам домбыраны алып берді,
Исада бұдан әрі болмас тыныс, –
деп ағыза жөнелді. Бір жерде тұра алмай, ойнақтап, алаңды айналып жүріп, өлеңін екпіндетіп, сөзді түйдек-түйдегімен тастап жатыр. Содан соң қатар тұрған Қажымұқан мен Майраның қасына тақалып келіп, ендігі сөзін екеуіне кезек-кезек арнады. Ауаны жаңғырта өлең сөзді төкпелеп, теңеуін келістіріп, манадан бергі осы жерде болған көріністерді қайтадан жұрттың көз алдына келтірді. Қажымұқанның күш өнері – осындағы жұрттың бұрын көрмеген, естімеген тамашасы. Өзі ұзыннан жатып, жалпақ тақтаны төсіне қойдырып үстінен қорабы кісілерге лық толы жүк машинасын өткізгенде жұрттың «палуан жазым болмаса екен» деп үрейленгенін, құдайға сыйынғанын шабыттана шырқап, жиналған елдің тынысы тарылып, қарауға қорқып, көздерін жұмғанын дауысын сұңқылдатып жырлағаны жұрттың төбе құйқасын шымырлатып, «солай болғаны рас» дегізді. Қытай палуанымен күрескен кезде Қажымұқанды көтеріп алып диірмендей үйіре жөнелгенде жиналғандар үрейден селк етіп, аһілеп-уһілеп тұрғанын өлеңімен, қимыл-қозғалыспен қайтадан көз алдарына келтіріп, тағы бір күрсіндірді. Қытай палуаны ойламаған жерден Қажымұқанды жерге атып ұрғанда дала дабыра шуға толып, бәрі «болды, бітті, біздің нар тұлғалы палуанымыз жеңілді» деп, өкініштері өзектерін өртеп әрі қарай қараудан қорқып, көздерін жұмғанын естеріне түсірді. Көздерін ашқанда көпір жасап қайқая қалған Қажымұқанды көрді. Жауырыны жерге тиюге үш-төрт елі ғана саңылау бар. «Қажымұқан шарт қимыл жасап, қытайды кенет тік көтеріп жерге атып ұрды» дегенде өздері көрген осы бір көріністі әдемі сипаттап, айнытпай келтіргені жұртты риза етіп, сол сәттегі кеудені кернеген мақтаныш сезімін қайтадан оятты. Исаның Қажымұқанның күш-құдіретін сипаттауы одан сайын шымырлай түсті. Қажымұқан Исаның ақындығына риза боп, өзін сипаттауына сүйсініп:
– Киіктің асығындай бойыңа осынша өлең қалай сыйған,– дегенде Иса табан астында қалжыңмен жауап беріп:
– Барлық күш-қуатты өз бойыңа жиып алғанда өлеңді маған көп көресің бе?! –
деді.
Қажымұқан Исаға күлімсірей қарады да:
– Желдей ескен суырып салма ақыным-ай. Тауып айттың, – деп, ұнатқан түрмен мықынынан ауырта мытыды.
Исаның айтқыштығын аңғарған Майра да бұл сөзбен келісетінін білдіріп, мейірлі, жарқын жүзбен күлім қақты. Исаның бетіне тіке қарады. Бір көргеннен адамды баурайтын ұнамды, сүйкімді күлкісімен көңіл қошын қытықтай түсті. Сәні мен салтанасы асқан сұлу жанның бітіміне қараса көз тоймайды. Қарай бергісі келеді. Бәрі өзгеше. Иса Майраның бітімін тағы бір шолып шықты да домбыраны қағып-қағып, өлеңдетіп, әнші апасының ендігі кезекте әншілігін, ажарлы көркін мадақтап, шабыттана шырқады.
Сол бір сәтте топ арасынан біреу айқайлап:
– Майраның мақтауын келістірдің. Енді әнші апаңды тыңдап көрейік, – деп өтінді.
– Майра, Майра, – деген дауыстар тұс-тұстан естіліп жатты.
Майра көптің тілегін қимай, іркілмей ортаға шықты. Соңына ерген келіншектің иығындағы өзінің он екі баспалы гармонын қолына алып, нәзік саусақтарын жоғары-төмен жылжытып, бұрын естілмеген жаңа бір әнді шырқады. Осы жәрмеңкеде Майра өзі шығарған «Даланың әнін» алғаш рет қалың топтың алдында кеудесін көтере екпіндетіп, әсерлетіп, келістіре айтып берді. Сызылған гармон дауысына өзінің әсем үнін қосқанда жұрттың ауызының суы құрып, ұйып тыңдады. «Майра біздің жаққа қарап отырып айтсын» деген тілек жан-жақтан өктем естіліп, айғай-шу көбейді. Ақырында көпшілік ұрыс-керісті тоқтатпақ боп, «Майра төрт жаққа кезек қарап отырып, төрт түрлі ән айтсын» деген тоқтамға келді. Жұрттың бәрі Майраны көруге, әнін тыңдауға құмар. Жиынның барлық назары енді Майрада болды. Күреске дейінгі киімін киіп үлгерген Қажымұқан өзіне әдейілеп қойылған жуан дөңбекке жайғасты да Исаны шақырып, сәл жылжып, жанынан орын берді. Жалпақ алақанымен иығынан басып:
– Елеңдемей, тыныш отыр. Майраның әнін тыңдаймыз, – деді.
Қажымұқанның қасында талдырмаш денелі Иса тіпті аласарып, түйеге жанасқан ботадай болды. Сол отырған қалпынан бір қозғалмады. Майраның құлаққа жағымды, көңілге қонымды сыңғырлаған сұлу үнімен сызылта салған әсем сазды әндері көңілге түрлі ой салып, өзіне таңдандыра қаратады. Жан сүйсінерлік бір қасиеті – әнді жай ғана орындап қоймай, өзінің бет құбылысымен, дене қимылымен тыңдаушыны еріксіз өзіне тартады, тотыдай түрленеді. «Майра келіпті» деген хабар жәрмеңкеге тез тарап, оны көруге ынтыққан жұрт көпке дейін жүрген ізін аңдып, соңынан ерді. Қазір де аттылы, жаяулы көпшілік Майра ән салып тұрған алаңды қоршап алыпты. Бірін-бірі кимелеп, сығылысып, иін тіресіп, тарқамай тұр. Сырттай әнін естіп, аңсап жүрген жұрт енді Майраның өзін көріп, мәз болды. «Толқыма» деген әнінде өзінің жүрген жері күнде базар екенін айтады. Жұрттың кәрісі болсын, жасы болсын Майраны жер-көкке сыйғызбай мақтап, «Адамның сайрап тұрған бұлбұлы екен», «Тау суындай сыңғырлаған дауысы неткен сұлу еді» дейді. Оның тамаша сұлу көркіне де таңдана көз тігеді. Кең маңдайлы ақша жүзі, қиылған қара қасы мен мөлдіреген қарақат көзі, күміс күлкісі мен балдай тәтті сөздері еріксіз сүйсінтеді. Ерекше бір шаттық сезімге бөлейді. Оны қошеметтей түсіп, тұс-тұстан дуылдаса қол соғады. Ән салғанда дауысы әр алуан құлпырып, әуен-саз, ырғақ-қимыл тұтаса үйлесім тапқандай әсер етеді. Жұрттың ризашылығында шек жоқ. Адамның алыбы, жер жүзінің 24 елінің Париж, Рим, Берлин, Буэнес-Айрес, Харбин сияқты ірі қалаларында өткен халықаралық жарыстарына қатысып, небір атақты палуандарды жеңіп, әлемнің неше дүркін чемпионы атанған, алтыны бар, күмісі бар 56 медальді иеленген Қажымұқан, сиқырлы, сырлы үнімен, әдемі әуезімен таңырқатқан әнші Майра, жырдың селін тасқындатып, желдірмесін жүз құбылтып, шумақтарын тоқтаусыз төгілткен суырып салма ақын Иса Қоянды жәрмеңкесінде бастары қосылып, бірге жүріп, көпшіліктің алдында көрсеткен өнерлері ел ішіне аңыз боп тарады. Әр тараптан аяқтары жетіп жәрмеңкеге келген мың сан халық сондағы көрген қызықтарын ұмыта алмай, әсері басылмай, елдеріне қайтқанда таңданып, тамсанып, ауыл-ауылда біреуден біреуге айтып жүрді. Сонда көрген де, естіген де мәз болды.
Ахат Жақсыбаев.
Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023
62
Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023
61
Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023
84
Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023
66
Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023
93
Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023
98
Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023
80
Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023
97
Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023
103
Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023
75
Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023
82
Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023
101
Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023
86
Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023
291
Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023
336
Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023
329
Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023
260
Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023
244
Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023
371
Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023
253
Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023
354
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
699
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
653
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
639
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
664
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
836
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
602
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
625
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
575
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
658
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
632
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
474
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
1059
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
874
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
642
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
585
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
377
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
590
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
514
11 медаль!
11:05 24.01.2023
590
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
600
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
539
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
610
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
804
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
584
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
465
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
601
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
627
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
560
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2919
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2813
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2780
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2867
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2821
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2918
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2989
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2725
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2722
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2846
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2778