IT-мамандар даярлануда

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

IT-мамандар даярлануда 21.10.2021

IT-мамандар даярлануда

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында IT-секторды дамытып, күшейте түсу маңызды екенін атап айтқан. Цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті IT-маман даярлау қажеттігін тапсырған болатын. Торайғыров университетінде осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда.

 

Торайғыров университетінде IT-мамандар даярлайтын Computer Science факультеті құрылды. IT-мамандардан құрылған ұжым биыл университеттің энергетика және компьютерлік ғылымдар факультетінен бөлініп шығып, дербес факультет атанды. Жаңа оқу жылынан бастап факультет киберқауіпсіздік, бағдарламалық инженерия, веб-әзірлеу, DevOps-инженерия, графика, кеңейтілген және виртуалды шындық бағыттары бойынша мамандар даярлауға кірісті. Мұнда мамандықтар атласына сәйкес VR/AR/MR операторы, DevOps-инженер+, Әзірлеуші/Инженер-конструктор VR/AR/MR, Редактор/дизайнер VR/AR/G мамандар даярланады. Бүгінде Computer Science факультетінде 900-ден астам студент білім алуда. Факультеттің деканы Дария Әбікенованың айтуынша, мұнда білім беру бағдарламасын енгізу және әрбір бағытты дамыту жоспары әзірленген. Осы жобаларды жүзеге асыру мақсатында операциялық міндеттерді шешетін оқу бағытының жетекшілері тағайындалып, осы саладағы сарапшы мамандар қызметке шақырылған. Олар білім беру бағдарламасының даму стратегиясын үйлестіріп, білім алушылардың тәжірибесі мен тағылымдамасын қамтамасыз етеді, сонымен қатар оқытушы ретінде тәжірибелі мамандарды тартады.

- IT-саласынан факультеттің стратегиялық басшысы ретінде Қазақстанда және әлемге танымал IT саласының маманы, технологиялық кәсіпкер, көлік логистикасы саласындағы халықаралық стартап-компаниялардың негізін қалаушы, венчурлық компанияның құрылтайшысы Ержан Наурызбаев шақырылды, - дейді Д.Әбікенова. Оқыту кезінде студенттер теориялық білім алып қана қоймай, нақты бағдарламалық өнімді әзірлеумен және іске асырумен айналысады. IT-саласынан тәлімгерлерді тарту студенттерге Қазақстанның жетекші IT-компанияларының нақты әзірлемелеріне қатысуға мүмкіндік береді. Жаңа оқу жылынан бастап «Кәсіпкерлік» бағытымен қатар бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламалары үшін қосымша IT бағдарламалары енгізілген. Осылайша білім беру бағдарламаларының мамандандыру спектрі кеңейіп отыр. 2021 оқу жылына графика және дизайн, веб-бағдарламалау, толықтырылған және виртуалды шындық, SMM & SEO, бейнепродакшн, сандық дыбыс операторы секілді қосымша бағыттар бойынша студенттер даярлануда. Осыған орай әр сала бойынша арнайы менторлар мен тәжірибелі мамандар тартылған. Тәжірибелік сабақтар үлесінің артуымен оқыту әдістемесіне өзгеріс енгізіліпті. IT-пәндерді оқытуда оқу жобалары мен серіктес компаниялардың жобаларын орындау есебінен жобалық оқыту үлесі артқан. Карантиндік оқыту тәжірибесі IT-пәндерді онлайн форматта оқытудың тиімділігін көрсеткен. Жаппай онлайн курстардың платформасында қолжетімді курстарға қатысуға танымал профессорлар мен лекторлар шақырылады. Пәндерді сапалы оқыту үшін әрбір курсқа факультет штатынан ассистент бекітілген. Торайғыров университетінің Computer Science факультеті IT мамандар даярлау бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асыруда.

 

Торғын ОРАЗАЛЫ

 


Количество показов: 521

Возврат к списку