Қиянатты қиып түскен...

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Асбұршақ қандай өсімдік?
09:40 21.05.2022  88

Тұтас өңірді қамтымақ
09:38 21.05.2022  91

Дауыс беру – маңызды
09:37 21.05.2022  90

Бүгінгі таңдау – ертеңгі өмір
09:35 21.05.2022  89

Жол азабын жүрген білер
09:00 21.05.2022  102

Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі
08:50 21.05.2022  113

Мен оқыған кітаптар
08:50 21.05.2022  89

Менің арманым...
08:49 21.05.2022  90

Тәтті мамандық
08:48 21.05.2022  82

Адасқанның айыбы жоқ
08:47 21.05.2022  86

Тарихи шеру - «ҚИМАҚ.TIME»
08:44 21.05.2022  86

Қазақ сатирасының Таңдайы
08:42 21.05.2022  86

Суармалы жер - береке көзі
11:26 19.05.2022  192

«Бейсекеңді дәріптеу керек...»
11:23 19.05.2022  217

Ұжымдық қауіпсіздік. Әскери одақ
11:22 19.05.2022  189

ЖОБА «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11:20 19.05.2022  203

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!
11:19 19.05.2022  242

Жапандағы жалғыз үйде туған қыз
11:18 19.05.2022  190

Ұлтқа қызмет – мінезден
11:16 19.05.2022  238

Мен және менің полицейім!
11:14 19.05.2022  188

Талапқа сай емес
11:13 19.05.2022  184

Балабақшаға жолдама алыңыз!
11:11 19.05.2022  193

Референдум - сайлау емес, таңдау
11:05 19.05.2022  219

Пәтер тапшылығы байқалуда
11:03 19.05.2022  203

Отбасындағы кикілжің қылмыс па?
10:59 19.05.2022  209

Терезенің сыртында қауіп бар!
10:58 19.05.2022  190

Қағаз қымбатшылығы қыспаққа алды
10:55 19.05.2022  198

Арзан несие: тозған көліктен құтылудың төте жолы осы ма?
10:53 19.05.2022  205

Сарыарқа самалы, 19 мамыр, бейсенбі
09:11 19.05.2022  221

«Қимақ.Time»
10:26 17.05.2022  407

Бүлдіршіндер еңбектеп жарысты
10:14 17.05.2022  414

«Тұран» түкке тұрмады
10:13 17.05.2022  446

Жастар - ел келешегі
10:09 17.05.2022  446

Өз таңдауымызды жасауға тиіспіз
09:26 17.05.2022  470

Қос ішектің Күмбірлеуі
09:24 17.05.2022  439

Қайта оралған «Жәмилә»
09:23 17.05.2022  436

Әуеден де, жерден де өңдеуде
09:17 17.05.2022  426

Мал дәрігерлері жеткіліксіз
09:16 17.05.2022  390

Көктемнің әр күні – несібе
09:08 17.05.2022  454

Сарыарқа самалы, 17 мамыр, сейсенбі
08:59 17.05.2022  471

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар
12:00 16.05.2022  545

Қазақтың текті қыраны
09:09 14.05.2022  729

Дауыс беру - парызымыз
09:07 14.05.2022  577

Жаңа Қазақстанның жарқын жолы
09:06 14.05.2022  486

«Әлкей Марғұлан және мәдени мұра»
09:04 14.05.2022  564

Халықтың сенімді қорғаны
09:03 14.05.2022  507

Тұрғын үй субсидиясы: талаптары қандай?
09:02 14.05.2022  649

Асфальт жол ауылға келді
09:01 14.05.2022  588

Сарыарқа самалы, 14 мамыр, сенбі
09:00 14.05.2022  751

Айлық аз
11:25 12.05.2022  629

Бабалар рухы – төл тарихымызда
10:43 12.05.2022  586

«Мектебім - мәңгілік көктемім»
10:42 12.05.2022  627

Еңбегі - ел есінде
10:39 12.05.2022  579

Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
10:34 12.05.2022  687

Жеңіс даңқы – мәңгілік!
10:32 12.05.2022  558

Тегін дәрі: кімдерге тиесілі?
10:30 12.05.2022  626

Даудың басы – қараусыз мал
10:27 12.05.2022  655

Мұнай өнімдері экспортын шектеуді ұзарту дұрыс па?
10:20 12.05.2022  783

Шоң би оқулары өтті
10:18 12.05.2022  557

Негізгі ҰБТ: түлектер нені білуі тиіс?
10:13 12.05.2022  568

Қиянатты қиып түскен... 20.01.2022

Қиянатты қиып түскен...

Тап осы сәтте мен «Елеусіз қалған есімдер» қатарындағы бұрынғыға белгілі, бүгінгіге беймәлім ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Боранғали Ырзабаев туралы ойдың жетегіндемін. 

Еламан ҚАБДІЛӘШІМ

Қаламгер 1932 жылы 15 қаңтарда Ақтөбе облысы, Темір ауданында дүниеге келген. Әке-шешеден ерте жетім қалған Боранғали балалар үйінде тәрбиеленген. Ақын бала кезінде көрген қиындықтарын өлеңіне былайша арқау етеді:«Мен майын сорғаным жоқ, шағып жілік,
Темірімнің жидегін қағып жүріп,
Жетілдім шеңгел талап тірсегімді,
Жетілдім көзімнен жас ағып жүріп...», - 
деп, тағдырының тартысқа толы екенін айтудан тартынбайды. Ол көзін тырнап ашқан бөлтірік шағынан алысып-жұлысуға дайын болды. Сол арпалыста жұлым-жұлым болған ақ тоны ғана ма? Ақ көңіліне шаң қонбады ма, пәк жанына жара түспеді ме?! Сондықтан да ақын зұлымдық-жауыздықтан жиіркене, жек көре жырлайды.  Боранғали Ырзабаевтың қаламгерлік қажырлы қызметінің келісті кезеңі Ертіс-Баян өңірінде өтті. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналис-тика факультетін бітірген ол, еңбек жолын Май ауданында мектепте мұғалімдіктен бастады. 1959-1962 жылдары облыстық «Қызыл ту» (қазіргі «Saryarqa samaly») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1962-1965 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Тың өлкесі бойынша меншікті тілшісі, 1967 жылдан 1993 жылға дейін «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Egemen Qazaqstan») газетінің Павлодар облысындағы, кейін Орал облысындағы тілшісі қызметін атқарды. 1994-1995 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Орал облыстық бөлімшесін басқарды. Кейіпкеріміз журналистиканың ауыр жүгін қайыспай көтерді, ақындықтың азабын ауырсынбай арқалады. Ақын үшін газет жұмысына жегілуден өткен азап жоқ екенін талай ағамның аузынан естіп едім. Бірақ Боранғали Ырзабаев баспасөз деп аталатын «домна пешінің өңешінде шыжғырылса да», шығармашылығын ақсатпады. Жыр жинақтарын жиі шығарып, оқырманға олжа салды. Ақынның алғашқы өлеңдері «Жас дәурен» жинағына енді. Ал, «Тұңғыш» жыр жинағы 1963 жылы жарық көрді. Әр жылдары «Қадірлі қалалар», «Ұшуға қанат керек», «Жер жүрегі соғады», «Жас дәурен», «Ертіс-Жайық арасы», «Бақ жұлдызым», «Егіндікөл жұлдызы», «Кәусар» кітаптары басылды. Аталған кітаптардың бір парасы С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың қорында сақталған екен. Сирек айтылатын есімі секілді пышақтың қырындай жинақтары да сирек кітаптар қорында сақталады екен. Бастысы, сақталады! Аттай қалап, сұрап алдым. Ақын әлеміне еніп, жанына үңілгендей болдым. «Қадірлі қалалар» деп аталатын поэмасы жеке жинақ болып басылыпты. Сонау от лаулаған, оқ бораған зұлматтың хас батыры – «...сымша тартылған; Қаз мойынды, палуанға иықтас, қыр мұрынды, биік қабақ, қиық қас; Кең маңдайын әжім баспаған, сақал-мұрты тебіндене бастаған; Ат жақты, ақсары өңді, бойшаң келген жігіт» Қанаш Қамзин. Әйгілі жерлесіміз жайлы естелік дастанның негізгі өзегі – Қанаш Қамзин бастаған үшінші атқыштар ротасының жаудың Днестрден өткел бермей тұрған ең берік «Биіктік-65» бекінісін (1944 жылы сәуірдің 12-сінен 13-іне қараған түні, Молдавия) басып алу ұрысы. Осы биіктікте «алысып жүріп, жауға оқша атылып», небары 25 жасында қаза болған қазақ ұлына Кеңес одағының батыры атағы берілді. Қыршын кеткен боздақтың бейнесін сөзбен сомдаған ақын «Ерлік өлімді де жеңетінін» дәріптеді.  Майдан даласында «кейде өзіңнен, өзгелерден жоқ көмек, майданның ең ауыры – жекпе-жек». Бірде бір ағам соғысқа қатысқан жауынгер-ұстазының: «Мен жау сарбазымен бетпе-бет келіп, жекпе-жек ұрыс салмағандарды майданда болды деп есептемеймін! Төрт жыл соғыста болып, бірде-бір фашист көрмегендерді қаруласым деп санамаймын!» дегенін айтқан еді. Ардагердің батыл сөзіне разы болсам да, бейбіт күннің шуағына шомылған мен жау шебінде жүрген аталарымды сынауға тәуекел ете қоймадым. Соғыстың аты –  соғыс. Боранғали ақынның поэмасы сол зұлматты жаныңнан от өткізіп, тәніңе ток соққызып, сезіндіретіндей әсерлі. Тар өткелде жаумен жағаласып, қоян-қолтық ұрысқа түскен Қанаштың өрлігі мен ерлігі баяндалатын мына бір эпизод поэманың шарықтау шегі іспеттес:
«...Қанаштың өңі тым өзгерген,
Қанжар ұшын өкпе тұсқа көздеген,
жақындата бергенінде кеудеге
жанұшырды жау неме!
Қанжардың жүзі неткен сұсты еді?!
Жау көзін тарс жұмды да, ерінін тістеді.
Ал, Қанаш қанжарын 
    көтере ұстаған қалпында,
Сол қолы алқымда:
- Сен неге өлімнен қорқасың?!
Қорықпай қырдың ғой біреудің жалғызын,
біреудің жолдасын!
Неге сен, отқа тастадың баланы?
Неге сен, оққа ұстадың ананы?
Уа, қанды ауыз, қанды ауыз!
Бүгін бір емес, 
мың рет өлуге тиіссің, сен, жауыз!».
Қанаштың аузындағы бұл сөздер – ақын жүрегінің дүрсілінен пайда болған жай оғы. Жауыздықты жасқап тұр. Зұлымдықтан асқақ тұр. Кейіпкерінің қанжығасына байлап берген ақынның өткір жыры – жер бетіндегі жамандық атаулыға protest! Боранғали Ырзабаевтың «Ұшуға қанат керек» деген кітабы 1970 жылы Сағи Жиенбаевтың редакторлығымен жарық көрген. Кітаптағы өлеңдерден ақын жанының өршіл екенін аңғарамыз. Сол асқақтықтың бастауында жұбанбаған жетім көңіл бары тағы сезіледі. Пәлсапалық сарынды «Қызғаныш» өлеңін толқымай оқу мүмкін емес:
«Біреудің дарынын қызғансам,
Дарынға басымды игенім.
Әлемнің жарығын қызғансам,
Жарқырап тұруды сүйгенім.
Біреудің ақылын қызғансам,
Ақылға жүгіне білгенім.
Біреудің жақынын қызғансам,
Жақынға жарымай жүргенім.
Жақсыны жаманнан қызғансам,
Жаманнан бойды аулақ күткенім.
Жүйрікті шабаннан қызғансам,
Басымды бәйгеге тіккенім».
Ал, «Баян әсерлері» және «Менің Павлодарым» топтамалары ерекше шабыттан туған. 1973 жылы шілдеде Боранғали Ырзабаев шығармашылық сапармен Баянауылда болыпты. Сапар барысында «Қызыл ту» газетінің редакторы Сұбыхан Шошанов және журналист Төлеутай Ақшолақовпен бірге «Жеңіс» газетінің (қазіргі «Баянтау») редакциясында журналистермен кездесіпті. Кездесуде аудандық басылымның өткені мен бүгіні сөз болып, жұмысына баға берілген. Ал, 21 шілдеде «Жеңістің» бетінде ақынның «Жер және адам» топтамасы оқырманға жол тартты. Мен Боранғали ақынмен алғаш сол жырлар арқылы танысқан едім. Сол топтамадағы «Ұқсастық» деген өлеңінде ақын опасыздыққа қарсы аттан салады. «О, адамдар, ақыл-ойдың әлемін, соғыс деген жексұрыннан сақтаңдар!» деп ұрандайды. Бұл – жалған ұран, бос айқай емес. Сол құса қашан басылмақ? Асқынған жараға не дауа болмақ? Ақынның ақыл-ойдың әлемінде, тірлік үшін күресте адыл белдесу арқылы ғана дәтке қуат табуға болатынын айтқысы келгендей. Баянауылға жасалған шығармашылық сапардың, оқырман қауыммен, ел-жұртпен кездесудің әсерінен туған өлеңдер ерекше. Бірінде Баянауылдың терең тарихын тұмса табиғатымен ұштастыра жырласа, енді бірінде ауыл адамдарының кең пейілін, ыстық құшағын өлеңмен өрнектейді:
«Баян тауын құзарт десек,
Құзарттығы – өрінде.
Баян елін жомарт десек,
Жомарттығы – жерінде...» («Топтамадағы төртінші жыр»).
«Боранғали қандай адам болған?» деген сауалмен, көзкөргендерден белгілі қаламгер Қайсар Әлімге хабарластым. Аға мен іні тоқсаныншы жылдары әріптес ретінде, бірі – Оралда, екіншісі Торғай облысында «Егеменнің елшілері» қатарында болыпты. Алматыда, редакцияда барлық облыстардың тілшілері бас қосқанда бірнеше рет кездесіпті. Менің қоңырауымды қабылдаған ардагер журналист сөзімді ықыласпен тыңдады. «Ұмытылуға айналған азаматты іздеп жатқандарыңа мың алғыс», - деп разылығын білдірді.
– Борекең өз ісіне мығымдығын сезіп, сеніммен жүретін. Небір идеяның, бастаманың көрігі еді. Жазғанында жылылық, шуақ төгіліп, адам жанын мейірлендіріп жіберетін. Оның қаламынан сын туса, кейіпкерлері туырлықтай қағылатын. Мұқатам деп жазбайды сынды, мұратқа жеткізем деп жазады, - деп еске алады қаламгер. Боранғали Ырзабаев жайлы Қайсар Әлім «Egemen Qazaqstan» газетінде «Үшеудің үлгісі» естелік эссесінде де баяндаған екен. Ардагер журналистің жол сілтеуімен жазушы Қалихан Ысқақтың «Келмес күндердің елесі» ғұмырнамалық романын шолып шықтым. Онда жазушы 1957 жылдың күзінде «Лениншіл жас» газетінде қызметте жүргенде іссапармен Павлодар облысына келгенін, ақын Боранғали Ырзабаевпен жақын қарым-қатынаста болғанын жазыпты. Май ауданында бір айға жуық болған журналист Қалихан көрші Дегелеңде жарылған атом бомбасының зауалды суретін көріп, үрейленгенін жазады. «Боранғалидың жасына жетпей қартайып, жасына жетпей дүниеден ерте озғаны сол бір мүңкір-нәңкірлердің «шапағаты» болар-ау деген күдік ойымнан кетпейді...», - деп түйіндепті ойын Қалихан ата. Боранғали ақын 1995 жылы 2 наурызда дүние салды. Мәңгілік өмірінің айғағындай жыры қалды. Сол жырға мұрагер – бүгінгі ұрпақ. Ақынды ұрпақ тынысын деген мақсатта жасалған істер де аз емес. Орал қаласындағы ақын тұрған Темір Масин көшесіндегі 53-үйге ескерткіш тақта орнатылған. Белгілі журналист, марқұм Темір Құсайын ақын есімін ұлықтауда көптеген игі шараға мұрындық болыпты. Ал, 2006 жылы «Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы» сериясымен өлеңдер жинағы жарық көрген. Ертіс-Баян топырағына маңдай тері тамып, қаламының сиясы құйылған ақынның мен таныған бейнесі – осындай. Боранғали «Қимау» дейтін өлеңі арқылы өмірлік ұстанымын шыңға шығарып кеткендей. Ол – ақын, жанын жегідей жеп қинаған өлеңімен қоштасуды қимаған. Ол – үлкен ғалым, кең дүниеге сыймаған ақыл-ойын тар табытқа қимаған. Ол – қас батыр, жаудан айыл жимаған өзін емес, бес қаруын қимаған. Ол – адам, жанын талай қинаған жамандықты жер үстіне қимаған. Жамандықты да қимай кетуге болады екен. Өмір бойы шығармашылығы арқылы зұлымдық атаулымен күрескен ақын өзі өлсе де, қас жауы жер бетінде қала беретінін анық білді. Өлеңі өлмей сол күресті жалғастыра беретінін де сезген болар, бәлкім?! Өйткені ол  қиянатты қиып түскен қылыштай өткір қаламгер еді.


Количество показов: 1473

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Асбұршақ қандай өсімдік?
09:40 21.05.2022  88

Тұтас өңірді қамтымақ
09:38 21.05.2022  91

Дауыс беру – маңызды
09:37 21.05.2022  90

Бүгінгі таңдау – ертеңгі өмір
09:35 21.05.2022  89

Жол азабын жүрген білер
09:00 21.05.2022  102

Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі
08:50 21.05.2022  113

Мен оқыған кітаптар
08:50 21.05.2022  89

Менің арманым...
08:49 21.05.2022  90

Тәтті мамандық
08:48 21.05.2022  82

Адасқанның айыбы жоқ
08:47 21.05.2022  86

Тарихи шеру - «ҚИМАҚ.TIME»
08:44 21.05.2022  86

Қазақ сатирасының Таңдайы
08:42 21.05.2022  86

Суармалы жер - береке көзі
11:26 19.05.2022  192

«Бейсекеңді дәріптеу керек...»
11:23 19.05.2022  217

Ұжымдық қауіпсіздік. Әскери одақ
11:22 19.05.2022  189

ЖОБА «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11:20 19.05.2022  203

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!
11:19 19.05.2022  242

Жапандағы жалғыз үйде туған қыз
11:18 19.05.2022  190

Ұлтқа қызмет – мінезден
11:16 19.05.2022  238

Мен және менің полицейім!
11:14 19.05.2022  188

Талапқа сай емес
11:13 19.05.2022  184

Балабақшаға жолдама алыңыз!
11:11 19.05.2022  193

Референдум - сайлау емес, таңдау
11:05 19.05.2022  219

Пәтер тапшылығы байқалуда
11:03 19.05.2022  203

Отбасындағы кикілжің қылмыс па?
10:59 19.05.2022  209

Терезенің сыртында қауіп бар!
10:58 19.05.2022  190

Қағаз қымбатшылығы қыспаққа алды
10:55 19.05.2022  198

Арзан несие: тозған көліктен құтылудың төте жолы осы ма?
10:53 19.05.2022  205

Сарыарқа самалы, 19 мамыр, бейсенбі
09:11 19.05.2022  221

«Қимақ.Time»
10:26 17.05.2022  407

Бүлдіршіндер еңбектеп жарысты
10:14 17.05.2022  414

«Тұран» түкке тұрмады
10:13 17.05.2022  446

Жастар - ел келешегі
10:09 17.05.2022  446

Өз таңдауымызды жасауға тиіспіз
09:26 17.05.2022  470

Қос ішектің Күмбірлеуі
09:24 17.05.2022  439

Қайта оралған «Жәмилә»
09:23 17.05.2022  436

Әуеден де, жерден де өңдеуде
09:17 17.05.2022  426

Мал дәрігерлері жеткіліксіз
09:16 17.05.2022  390

Көктемнің әр күні – несібе
09:08 17.05.2022  454

Сарыарқа самалы, 17 мамыр, сейсенбі
08:59 17.05.2022  471

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар
12:00 16.05.2022  545

Қазақтың текті қыраны
09:09 14.05.2022  729

Дауыс беру - парызымыз
09:07 14.05.2022  577

Жаңа Қазақстанның жарқын жолы
09:06 14.05.2022  486

«Әлкей Марғұлан және мәдени мұра»
09:04 14.05.2022  564

Халықтың сенімді қорғаны
09:03 14.05.2022  507

Тұрғын үй субсидиясы: талаптары қандай?
09:02 14.05.2022  649

Асфальт жол ауылға келді
09:01 14.05.2022  588

Сарыарқа самалы, 14 мамыр, сенбі
09:00 14.05.2022  751

Айлық аз
11:25 12.05.2022  629

Бабалар рухы – төл тарихымызда
10:43 12.05.2022  586

«Мектебім - мәңгілік көктемім»
10:42 12.05.2022  627

Еңбегі - ел есінде
10:39 12.05.2022  579

Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
10:34 12.05.2022  687

Жеңіс даңқы – мәңгілік!
10:32 12.05.2022  558

Тегін дәрі: кімдерге тиесілі?
10:30 12.05.2022  626

Даудың басы – қараусыз мал
10:27 12.05.2022  655

Мұнай өнімдері экспортын шектеуді ұзарту дұрыс па?
10:20 12.05.2022  783

Шоң би оқулары өтті
10:18 12.05.2022  557

Негізгі ҰБТ: түлектер нені білуі тиіс?
10:13 12.05.2022  568

Раздел не найден.