Көк туымыздың биікте желбіреуі – зор жетістік!

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  271

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  258

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  262

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  258

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  268

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  255

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  294

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  295

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  291

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  317

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  306

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  318

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  304

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  332

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  331

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  428

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  389

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  392

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  472

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  484

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  415

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  475

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  462

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  420

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  475

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  422

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  653

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  552

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  566

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  543

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  550

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  541

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  484

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  538

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  567

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  668

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  590

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  662

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  656

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  653

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  639

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  668

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  637

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  724

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  766

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  762

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  719

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  709

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  724

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  741

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  929

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  956

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  841

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  726

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  820

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  738

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  788

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1011

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1006

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  960

Көк туымыздың биікте желбіреуі – зор жетістік! 09.11.2021

Көк туымыздың биікте желбіреуі – зор жетістік!

Максим Споткайдың есімі облыс жұртшылығына жақсы таныс. Бүгінде Парламент Сенатында еңбектенуде. Максим мемлекеттік тілде еркін сөйлейді. Қазақ тіліне ерекше құрметпен қарап, жастайынан қазақтың ұлттық құндылықтарын бойына сіңіре білген ол өз замандастарына ұлтжандылықтың ерекше үлгісін көрсетіп келеді. Егеменді елдің ұрпағымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай әңгімелескен едік.

- Максим, қазіргі уақытта ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып жүргеніңізді білеміз. Бұл жұмыстың жауапкершілігі қандай?

- Қазіргі қызметім үлкен жауапкершілікті жүктейді десем қателеспеймін. Себебі мен бірқатар міндетті атқарамын. Алдымен баспасөз хатшысы қызметіне жауаптымын. Бұл ретте Парламент Сенаты депутаттарының істеп жатқан жұмысын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялап, халықпен арадағы байланысты қамтамасыз етемін. Сонымен қатар, халықаралық қатынастарға жауап беремін. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталған соң, халықаралық іс-шараларды қайта ұйымдастыратын боламыз. Бұл мемлекетіміздің саясаты үшін өте маңызды. Себебі елді дамытуда парламентаралық дипломатияның рөлі зор. Сенаторлармен тығыз байланыс ұстап, осы бағыттар бойынша жұмыс істеудемін. Тәуелсіздіктің тәжіне айналған елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласында еңбек етіп жүргенімді мақтан етемін.

- Тәуелсіздік сіз үшін қандай ұғым?

- Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Бұл біздің басты құндылығымыз болуы керек. Жер бетінде 300-ге жуық тәуелсіз мемлекет бар. Бұл тізімде қазақ халқының болуы - үлкен мақтаныш. Сондықтан егемендіктің қадірін түсінуіміз керек. Бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық жағдайында Қазақстан жылдам қарқынмен әлемдегі алдыңғы қатарлы жетекші елдердің қатарына қосылып келеді. Қастерлі Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайту үшін жұдырықтай жұмылып, ерен еңбектің үлгісін көрсетіп, мемлекеттік тілді ту етіп ұстап, жасампаз Қазақстанның жарқын болашағы жолында аянбауымыз керек. 1991 жылдың 16 желтоқсаны – еліміз үшін ақ түйенің қарны жарылған киелі күн, халқымыздың басына бақыт құсы қонған күн. Елімізде жүзден астам этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті күн кешуде. Бүгін тәуелсіз еліміздің туы күннен-күнге биіктеп, халықаралық аренадағы беделі артып келеді. Бұл еліміздің әр азаматының көңіліне қуаныш ұялатып, қиялына қанат қақтыратыны сөзсіз.

- Сіздің ойыңызша, тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?

- Қазіргі жастар өте ақылды, парасатты, намысшыл деп толық айта аламын. Қыз-жігіттер білімге құштар. Алдарына мақсат қоя біледі. Жастар үшін әлемнің кез келген жерінде оқуға, еңбек етуге жол ашық. Себебі олардың басым көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген. Әлеуметтік желі арқылы шетелдегі жоғары оқу орындарында білім алып, өзге елдің жастарымен байланыс орната алады. Бүгінде жастарға берілген мүмкіндік зор. Олар мемлекет тарапынан ұсынылатын қолдауды ұтымды пайдалана алады. Осы жетістіктің барлығы Тәуелсіздіктің арқасында келгенін атап өткім келеді. Осыны естен шығармауымыз керек. Тәуелсіздік бізге көп жетістік сыйлады. Біз ашық аспан астында бақытты ғұмыр кешудеміз. Қалаған оқу орнында оқып, білім алдық. Азат күнде таңымызды алаңсыз атыруымыз, көк туымыздың биікте желбіреуінің өзі зор жетістік. Еліміздің ертеңі – жастардың қолында деп айтады. Сондықтан мемлекетімізде мақтанышпен айта алатын дарынды, талантты қыз-жігіттер өсіп келеді. Өйткені қазіргі жастар жаңа буын, олардың көзқарастары, дүниетанымы ерекше. Тәуелсіз елдің жастары сенімнен шығуда деп айта аламын. Ортақ болашағымыз бар ұлтпыз. Шетелде білім алып жатқан жастарымыз бар. Мен де солардың қатарында болдым. Шетелде алған біліміміз бен тәжірибемізді мемлекет үшін пайдалануымыз керек. Бұл елдегі жалынды жастардың қолынан келеді.

- Тәуелсіздікті дамытуда Қазақстан халқы Ассамблеясының алатын орны туралы не айтасыз?

- Ассамблея – Тәуелсіз елдің жемісі, ынтымақ тұтқасы. «Береке басы – бірлікте» деген қастерлі қағиданы ұстанып келеді. Қазақстан осынау 30 жыл ішінде халқы тату, жері тыныш, қоғамы тұрақты мемлекетке айнала білді. Бұл - мақтан тұтарлық жетістік. Сан түрлі ұлыстың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыру оңай шаруа емес. Бұл - табандылықты талап ететін күрделі жұмыс. Біз сыйластық пен келісімнің нәтижесінде өркениетті ел болып отырмыз. Осы ретте Елбасының атқарған еңбегі зор. Татулық пен келісім саясатын лайықты жалғастырып, дамыта түсу - баршамыздың ортақ парызымыз. Қазіргі кезде Ассамблея рухани жаңғыруда, мемлекеттік тілді дамытуда зор үлес қосып отыр. Бұл мекеме жастармен де тығыз байланыста. Түрлі этностарды біріктіріп, олардың арасында қазақтың мәдениетін, тарихын, мемлекеттік тілін насихаттау бойынша жұмыс жүргізу – оңай шаруа емес. Қазақ руға бөлінбейді, рудан құралады деген сөз бар. Сол сияқты, мемлекетіміз этностарға бөлінбейді. Осы қағиданы бір мемлекеттің дамуы жолында жалғастыруымыз керек. Біз тілегі бір елміз! Осынау 30 жылдың ішінде көп іс тындырылды. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз өсті. Қазақ мектептері мен балабақшаларының саны артты. Білім мен денсаулық саласына баса мән берілді. Өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады.

- Қазіргі жастардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі қандай? Қазақ тілін дамытуда қандай жұмыстарды жүргізу қажет?

- Мемлекеттік тілді дамытуда қоғам тарапынан ауқымды жұмыс жүргізілуде. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесімен қатар, ұлтаралық қатынас тіліне айналуы керек. Бізге осы мақсатқа жету керек. Ол үшін тіл үйрету курстарын көбірек ашу қажет. Жұмыс барысында, достармен араласқанда қазақ тілінде сөйлесуді әдетке айналдырған абзал. Кітаптарды сапалы етіп шығару керек. Ғаламторда да қазақ тілді контент қалыптастыруымыз тиіс. Мысалы, әнші Димаш Құдайбергенов қазақ елін әлемге танытты. Оның өнері арқылы өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға, қазақ тіліне деген құрметі артты. Қазақ тілінің мәртебесі де өсті. Павлодардағы жерлесіміз Мария Мудряк та әлем сахнасында өнер көрсетіп, Қазақстанның атын шығаруда. Қазақ тілінің деңгейін арттыратын жастардың қатары артатынына сенемін. Қазақстанда тұратын әр адам міндетті түрде қазақ тілін білуі керек деп ойлаймын. Ақсу қаласындағы орыс мектебінде білім алдым. Қазақ тілін 1-сыныптан бастап оқи бастадым. Уақыт өте келе мемлекеттік тілге деген қызығушылығым арта түсті. Бұл ретте сабақ берген ұстаздарыма алғыс айтамын. Отбасымда ешкім қазақ тілінде сөйлемейді. Мемлекеттік тілді меңгеруіме мұғалімдерім мен достарым көмектесті. Ынта мен жігер болса, кез келген тілді меңгеруге болады. Мұндай қажыр-қайрат барлық адамның бойында бар. Бір тілде сөйлейтін ұлттың болашағы зор. Жастар көп тіл білсе жаман емес, бірақ бір-біріңді түсіну үшін, қоғамның тынысын терең сезіну үшін бәріміз мемлекеттік тілді білгеніміз жөн. Оның үстіне ортақ менталитет пен рухани құндылықтарды қалыптастыру жолында тіл басты рөлге ие.

- Әңгімеңізге рақмет!

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

 



Количество показов: 578

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  271

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  258

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  262

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  258

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  268

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  255

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  294

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  295

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  291

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  317

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  306

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  318

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  304

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  332

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  331

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  428

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  389

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  392

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  472

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  484

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  415

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  475

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  462

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  420

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  475

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  422

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  653

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  552

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  566

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  543

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  550

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  541

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  484

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  538

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  567

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  668

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  590

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  662

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  656

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  653

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  639

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  668

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  637

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  724

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  766

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  762

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  719

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  709

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  724

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  741

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  929

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  956

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  841

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  726

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  820

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  738

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  788

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1011

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1006

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  960