Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  420

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  407

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  416

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  404

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  414

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  398

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  464

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  436

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  434

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  480

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  450

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  482

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  447

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  490

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  507

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  567

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  532

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  539

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  636

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  646

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  558

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  637

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  626

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  566

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  639

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  565

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  812

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  717

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  727

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  704

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  712

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  732

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  627

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  699

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  725

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  836

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  730

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  830

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  821

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  821

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  800

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  816

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  779

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  888

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  929

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  928

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  871

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  864

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  877

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  882

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  1138

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  1110

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  1007

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  870

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  1013

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  878

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  936

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1171

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1160

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  1124

Көмір химиясы:  өңдеудің болашағы қандай? 18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?

Біз өз өңірімізде өндірілетін көмірді тек қатты отын ретінде пайдаланамыз. Кеніштерден шыққан пайдалы қазбаны жағып, жылу алуды ғана білеміз. Түптеп келгенде, көмір - көптеген өнімнің өндірісіне керек таптырмас шикізат. Одан газ, жанар-жағармай, тіпті мал азығы ретінде қолданылатын қоспаларды алуға әбден болады. Күлін де кәдеге жаратуға мүмкіндік бар. Бұл бағыттағы істердің нәтижелі болуы үшін уақыт оздырмай көмір химиясына көшу керек.

 

Өнімнің түр-түрін алуға болады

Көмірдің ірі қоры бар елдер, мәселен Америка Құрама Штаттары мен Еуропаның бірқатар мемлекеті оны отын ретінде пайдаланумен шектеліп қалмай, өңдеу арқылы жаңа өнім түрін шығаруға ден қойып келеді. Айталық, көмірден өте сирек кездесетін ванадий, германий, молибден, цинк сынды металдарды, тіпті алтынды алуға болады. Оның күлінен құрылыс материалдары мен косметология саласында қолданылатын заттар шығарылады. Қысқасы, әлемде шикізаттың бұл түрінен 400-ден астам өнім өндіріледі. Әдетте олардың бағасы кәдімгі көмірдің бағасынан 20-25 есеге дейін қымбат болады. Ал кейбір мемлекеттер керісінше көмірден бас тартып жатыр. Жылу-электр орталықтары заманауи құралдар көмегімен қуатты Күн мен желден алуға ден қоя бастады. Яғни, бұрынғыдай көп көлемде көмір жақпайды. Мұндай өзгеріс қатты отынға деген сұраныстың азаюына әкелуі әбден мүмкін. Сондықтан Екібастұз қаласындағы кеніш-терге көмір химиясына көшетін кез келді. Бұл экономиканы әртараптандыру, яғни тек көмір өндірісіне тәуелді болмау үшін қажет. Жақында көмірлі өлкеде моноқалаларды дамытуға қатысты республикалық кеңес өткізген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тұрғыдан алғанда Екібастұзды игі мысал ретінде келтіруге болатынын тілге тиек еткен еді. Аталмыш шағын шаһарда экономиканың басқа да салаларын игеруге деген бетбұрыс байқалатынын алға тартып, әлеуетті толық көлемде пайдалану қажеттігін атап өтті. Мұны ескерген жергілікті билік таяуда үш ғылыми институт, көмір өндіру кәсіпорындарымен бірге меморандум жасады. Оған сәйкес, алдағы уақытта өңірде ғылыми орталық ашылып, тың жобалар қолға алынуы тиіс. Көмір химиясы және технология инсти-тутының директоры Болат Ермағамбет бұл тұрғыдан алғанда екібастұздық кеніш-тердің мүмкіндігі зор екенін алға тартады.

- Мұнайды өңдеу арқылы дайындалатын өнімдерді көмірден де алуға болады. Мәселен, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласындағы жылу-электр орталықтары көмірден шығарылған газды пайдалануға көшті. Ол үшін көгілдір отынды сақтайтын арнайы ыдыс сатып алып, қазандықты жаңартты. Сол сияқты Павлодар облысындағы жылу орталықтары көмірді газға алмастыруға қауқарлы. Бұл экологиялық және қаржылай тұрғыдан тиімді. Газбен қамтитын бірнеше мың шақырым құбыр тартып, оған қазынадан қыруар қаражат бөлудің керегі болмайды. Соңғы екі жыл дересінде көмірді газға айналдыру технологиясы «Богатырь Көмір» кенішінде сынақтан өтіп жатыр, - деді Б.Ермағамбет. Ғалымның айтуынша, екібастұздық көмірден жанармай да өндіруге болады. Соңғы уақытта жанармай бағасы қымбаттап, тапшылығы байқалғаны мәлім. Мұнай өңдеу кәсіпорындары жоспарлы жөндеуге байланысты жұмысын уақытша тоқтатқан соң осындай қиындықтар туындады. Көмірден жанармай алу жобасы жүзеге асса, мұндай түйткілдер туындамауы тиіс. Тіпті, оны жаққан соң шығатын күлдің өзін өңдеуден өткізсе, құрылыс материалына айналады.

- Бүгінде құрылыс материалдарының бағасы шарықтап тұрғаны белгілі. Бұл нарықты да көмір химиясы арқылы реттеуге болады. Атап айтқанда, күлді өңдеу нәтижесінде кірпіштің түр-түрін, цементтің орнын басатын қоспаларды өндіруге мүмкіндік бар. Өкінішке қарай, осындай тетіктерді әлі де игеріп, өндіріске енгізбеген соң қолда тұрған шикізатты экспортқа жөнелтіп, кейін оларды дайын, бірақ қымбат өнім ретінде сатып алуға мәжбүр болып отырмыз. Алысқа бармай-ақ, ГРЭС-1 және ГРЭС-2 станция-ларында жаққан көмірдің күлін мысалға алайық. Қарасор көлінің бетіне жиналған сол күлді тұрғындар жинап, кәсіпкерлерге тапсырып, олар өз кезегінде өңдеу орындарына өткізіп, микросфера алады. Сол микросфераны әлем елдеріне толығымен экспорттайды. Кейін ол шетелдегі өндіріс орындарында шикізат ретінде пайдаланылады да қымбат медициналық қажеттіліктер, бояу құралдары, косметика өнімдері ретінде елімізге қайтып келеді. Егер көмір өңдеу орындарын Екібастұз қаласында салатын болсақ, өзгелерге тәуелді болмас едік, - дейді Б.Ермағамбет. Бұл ретте ғалымдар мен жергілікті билік екібастұздық көмірден дайындауға болатын өнім түрлерін саралап, сараптама жұмыстарын жүргізді. Мәселен, қатты отыннан жартылай кокс шығаруға болады. Елімізде оған деген сұраныс 1,5 млн тоннаны құрайды. Көмірді ұсақтап, карбонизациядан өткізіп, тағы да ұсақтаған кезде сұранысы жоғары осы өнім пайда болады. Оның әр тоннасының бағасы - 120-150 АҚШ доллары. Бұл бағыттағы жобаны жүзеге асыру үшін шамамен 8500 АҚШ доллары қажет. Сол сияқты отын ретінде пайдалануға ыңғайлы, тез жанатын әрі жылуды ұзақ уақыт сақтайтын брикеттер өндірісінде көмір басты шикізат рөлін атқарады. Оны өңдеудің бірнеше сатысынан өткізіп, кептірген соң экологиялық таза отын түріне айналады. Қазақстанда мұндай брикеттердің жылына шамамен 1 млн тоннасы пайдаланылатын көрінеді. Оның бір тоннасының бағасы 80-90 АҚШ доллары тұрады. Теориядан тәжірибеге қадам басып, өндірісті іске қосу үшін 5700 АҚШ доллары қажет. Осы орайда Болат Тілеуханұлы мәселенің бәрі қаржыға келіп тіреліп отырғанын бүгіп қалмады.

- Көмір химиясына қатысты жоба-жоспар көп. Алайда олардың барлығын сәтті түрде жүзеге асыратын қомақты қаражат жоқ. Басқасын былай қойғанда, Екібастұзда ғылыми орталық ашу үшін әжептеуір қаржы қажет. Оған қоса, ғылыми қызметкерлерді баспанамен қамтып, жалақысын төлеу керек. Бұл бағыттағы мәселелер оң шешімін тапқан соң, жарты жыл-бір жыл аралығында тәжірибелік зерттеу жұмыс-тарын жүргізіп, көмірді өңдеудің технологиясына білек сыбана кірісуге болады. Десе де, қазірдің өзінде «қаражат жоқ» деп қол қусырып отырмай, біраз істі бастап кеттік. Жергілікті кеніштерден өндірісті жаңартуға қатысты ұсыныс-тілектерді жинап жатырмыз. Олардың қалауына қарай жұмысты жүйе-лейтін боламыз, - дейді институт директоры.

Сұраныс азаймайды

Көмір кеніштері де өндірістің жаңа түрін игеріп, нарықтың талаптарына икемделуден кетәрі емес. Мәселен, «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығы ғалымдардың ұсыныс-тарын қарастыруға дайын. Тек әзірше екі тарап арасында ортақ талқыға салатын нақты жоба болмай тұр.

- Біз көмір химиясына қатысты кез келген жобаны егжей-тегжейлі саралауға әзірміз. Бірақ бұл ғалымдар айтқан бастаманы бірден іске асыру қажет екенін білдірмейді. Алдымен техникалық-экономикалық негіздеме жасап, жобаның қаншалықты тиімді екенін анықтаймыз. Кейін шетелдік, респуб-ликалық және жергілікті нарықты зерттеуге кірісеміз. Себебі қандай да бір зерттеусіз, негізсіз тәуекелді іске бел байлау мүмкін емес. Бұл ретте өндірістің жаңа түріне көшкен тұста шығындардың еселене түсетінін ескерген жөн. Сәйкесінше, қосымша қомақты инвестиция қажет болады. Бұл ретте электр энергиясын тұтыну көлемінің артуы, көліктік-логистикалық қатынасқа қатысты мәселелер де бар. Ал қажет мамандармен қамтуда қиындық бола қоймас. Себебі қазіргі уақытта жұмыс күші жеткілікті. Қажет болған жағдайда қызметкерлерді қайта оқытудан өткізуге жағдай бар, - дейді кәсіпорын басшысының орынбасары Мирхат Мұсанап. Бұл ретте Мирхат Мәдениетұлы алдағы бірнеше жыл дересінде әлемдік нарықта көмірге деген сұраныстың күрт азаюы екіталай екенін алға тартты. Керісінше, соңғы жылдары қатты отынды тұтынушылар қатары көбейіп келе жатқан көрінеді.

- «Богатырь Көмір» кенішінің қуаттылығы жылына 42 млн тоннаны құрайды. Былтыр тұтынушылардан түскен тапсырыс көлемі 46 млн тонна болса, биыл 48 млн тоннаға жетті. Келесі жылы ГРЭС-1 орталығында №1 энергоблокты жаңғырту жұмыстары, ГРЭС-2 станциясында қуаттылығы 630 мВт болатын блоктың құрылысы аяқталады. Сол тұста бұл көлемнің еселене түсері анық. Сондықтан жақын уақытта көмірге деген сұраныс азая қоймас. Мұны жаһандық тәжірибе де көрсетіп отыр. Осыдан біраз уақыт бұрын көмірден бас тартқан Қытай қазір шахталарын қайта ашып жатыр. Жасыл энергияға көшкен Польшада желдің болмауы салдарынан электр энергиясының тапшы-лығы туындады. Осындай жағдайлардан-ақ көмір өндірісінің тоқтамайтынын аңғаруға болады, - дейді М.Мұсанап. Бұл ретте кәсіпорын басшылығы озық технологияларды қолданып, заманауи сүзгілерді қоюға, көмірді жағу мен күлді ұстап қалу циклын өзгертуге қатысты бірқатар шараны қолға алуға бейілді болып отыр. Халықаралық деңгейдегі экологиялық талаптарға сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап экспортқа шығарылатын өнімдердің құрамында көмірсутегінің ізі де болмауы тиіс. Болған жағдайда, көп көлемдегі көмірсутегі салығын төлеуге міндеттеледі. Бұл уақыт өте келе кәсіпорындардың қазынасына салмақ түсіріп, тоқырауға әкелуі де ғажап емес. Сондықтан көмірді қазып алумен шектелмей, одан өзге өнімдер алу технологияларын уақыт оздырмай енгізген әлдеқайда тиімді болмақ. Бірақ бұған қаржы мәселесі қолбайлау болып тұр.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

 


Количество показов: 4897

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  420

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  407

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  416

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  404

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  414

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  398

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  464

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  436

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  434

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  480

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  450

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  482

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  447

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  490

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  507

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  567

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  532

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  539

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  636

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  646

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  558

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  637

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  626

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  566

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  639

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  565

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  812

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  717

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  727

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  704

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  712

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  732

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  627

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  699

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  725

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  836

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  730

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  830

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  821

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  821

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  800

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  816

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  779

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  888

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  929

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  928

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  871

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  864

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  877

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  882

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  1138

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  1110

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  1007

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  870

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  1013

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  878

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  936

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1171

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1160

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  1124