Көмір тапшылығы уақытша құбылыс па?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Көмір тапшылығы  уақытша құбылыс па? 14.10.2021

Көмір тапшылығы уақытша құбылыс па?

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде облыс орталығындағы көмірдің тапшылығы туралы әңгіме қызып тұр. Тұрғындар шағымдарының тоқетері «ұста пышаққа жарымапты» дегенге саяды.

 

Павлодарлықтар шаһардағы көмір босататын орындар бағаны көтеру мақсатында қатты отынды сатпай отырғанын алға тартуда. Тұрғындардың шағымынан кейін бұл іске жауапты мамандар мәселенің мән-жайын анықтауға тырысқан. Тіпті, аймақты көмірмен қамтамасыз ететін негізгі кеніш – «Майкөбен-Вест» ЖШС-не барып, ондағы жағдайға көз жеткізіпті. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук табиғаттың тосын сыйына байланысты көмір тасымалдауда қиындықтар туындағанын айтты.

- 25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында облыстың кейбір аудандарында қар жауғаны белгілі. Бұл – күтпеген жағдай. Әсіресе, көмір кеніштері орналасқан Баянауыл ауда-нында ақ ұлпа молынан түсті. Салдарынан «Майкөбен-Вест» ЖШС-нің жұмысы біраз уақыт тежелуге мәжбүр болды. Себебі, кеніштің ішкі жолдарында ауыр техниканың жүріп-тұруы мүмкін емес. Мұндай кезде кеніште көмір кезегінде тұрған жүк көлікте-рінің кептелісі орын алуы - заңдылық. Бүгінде жағдай тұрақталды. Кептелісте 20-30 көліктің тұруы қалыпты құбылыс. Оны әлеуметтік желілерде тарап кеткен бейнежазбадағылардай проблемаға айналдырып, даурығатын түгі жоқ, - дейді О.Крук. «Майкөбен-Вест» ЖШС бас директоры Нұрлан Ахметбаев көмір босатуда еш мәселе жоқ екенін айтады. Тіпті, өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемі 43 пайызға артқан.

- Тәулігіне 170-180 көлікке қызмет көрсетуге қауқарлымыз. Бүгінде күніне орташа есеппен 100-110 көлік көмір тиеп әкетуде. Көмірдің көп бөлігі өңір тұрғындарының қажеттілігін қамтуға бағытталуда. Биыл бағаны өткен жылмен салыстырғанда 1000 теңгеге арзандатып 6500 теңгеден (1 тонна) босата бастағанбыз. Бірақ дизель отынының, өзге де материалдардың қымбаттағанына байланысты баға қайтадан 7500 теңгеге жетті. Алдағы уақытта көмірге қатысы бар өнімдердің бағасы қымбаттаса, біз де бағаны өсіруге мәжбүрміз, - дейді Н.Ахметбаев. Облыс тұрғындарының жылыту маусымындағы қатты отынға деген сұранысы шамамен 428 мың тоннаны құрайды екен. Аймағымызда коммуналдық-тұрмыстық көмірді сатумен (қоңыр көмір) 3 кеніш («Майкөбен-Вест», Гамма-Сарыкөл және Қайнама) және тас көмірді «Богатырь-Көмір» кәсіпорны жүзеге асыруда. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Салхановтың мәліметінше, қалалар мен аудандардағы дайындау-бөлу пункттерінде шамамен 12,6 мың тонна көмір қоры бар. Оның ішінде Павлодар қаласында 4,1 мың тоннаға жуық көмір қоры сақтаулы.

- Көмірдің бір тоннасына бөлшек сауда құны оның қашықтығына, түріне және сортына байланысты жеткізілуін ескере отырып, 8 000 теңгеден 18 000 теңгеге дейін, оның ішінде тас көмірдің тоннасы 8 000 теңгеден 10 000 теңгеге дейін және қоңыр көмірдің тоннасы 9 500 теңгеден 18 000 теңгеге дейінгі аралықты құрайды. Айта кету керек, жылыту маусымының ең шарықтау кезеңінде қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін көмір кеніштерінен халықтың қажеттіліктеріне 66,8 мың тонна көмір шығарылды, бұл жазғы кезеңде тасылған отыннан салыстырғанда (маусым-тамыз айлары) 92,2%-ға (5,2 мың тонна) артық, - дейді Е.Салханов. Қысқасы, мамандар әлеуметтік желілерде ду ете қалған мәселе уақытша құбылыс екенін айтады. Күн лезде суытқан кезде барлығы көмір алуға лап қойған. Әйтпесе, жергілікті көмір кеніштері тұрғындардың сұранысын қамтуға дайын екеніне сендірді.

 

Оралхан ҚОЖАНОВ

 


Количество показов: 375

Возврат к списку