Күнбағыс кәсіпорны ашылады

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

Күнбағыс кәсіпорны ашылады 22.07.2021

Күнбағыс кәсіпорны ашылады

Елімізде экспортқа жіберілген өнімнің 33 пайызы ғана - қайта өңделген өнім. Өкінішке қарай, шикізатты экспорттап, дайын өнімді сатып аламыз. Экспорт пен қайта өңдеу бағытындағы жұмыстар тиімділігін көрсетпей отырғаны қынжылтады. Павлодар өңірінде қайта өңдеу саласы бойынша мәселелер аз емес.

- Шыны керек, бұл бағытта мақтанарлық көрсеткіш аз. Жылына 2000 тонна күнбағыс тұқымы жиналғанымен, амалсыздан сыртқа жібереміз. Картоптың жағдайы да сол. Шикізат мол болғанымен, өзімізде қайта өңдеуге мүмкіндік жоқ. Қантты 100 пайыз сырттан әкелеміз. Қайта өңдеу кәсіпорындарын құру үшін инвесторларды тарту қажет. Қазір мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін есепке алып, бұл бағытта жүйелі жұмыстарды қолға алып жатырмыз, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі арнайы карта құрған болатын. Бұған сәйкес, қайта өңдеудің 9 басым түрі айқындалды. Атап айтсақ, сүтті, етті, теріні және жүнді, майлы және дәнді дақылдарды, жеміс және көкөністі, қант қызылшасын және картопты қайта өңдеу кәсіпорындарын құру қажет. Картаға сәйкес, 2021 жылға дейін ауыл шаруашылығы саласында 79 жаңа зауыт салу және 80 зауытты жаңғырту көзделген. Сөйтіп, қайта өңделетін өнімдердің жалпы өндірісін 1,9 триллионнан 3 триллион теңгеге дейін ұлғайту және 7 мың жұмыс орнын құру жоспарланған. Белгілі болғандай, алдағы уақытта облыста екі крахмал зауыты пайда болмақ. Бұрындары диқандар ұсақ картопты егіс алаңында қалдырып кетсе, ендігі жерде шикізат ретінде кәдеге жарамақ. Тіпті, бүлінуге шақ қалған картоптың өзін тиімді пайдалануға болады екен. Зауыттың бірі Павлодар ауданының аумағында бой көтермек. Оған 9 гектар жер бөлініп те қойған. Жоба құны – 3-4 млрд теңге. Екінші жоба Ақсу қаласында ашылады деп күтілуде. Күнбағысты қайта өңдеу бағытында да жұмыстар атқарылып жатыр. Естеріңізде болса, осыдан 4-5 жыл бұрын Тереңкөл ауданында шағын күнбағыс майын шығаратын зауыт пайда болған еді. Өкінішке қарай, тағдыры ұзаққа созылмады. Салдарынан жергілікті шаруалар әлі күнге дейін шикізатты сыртқа өткізуге мәжбүр. Кейін сол шикізат дайын өнім ретінде «қайта оралып», павлодарлықтар қымбат бағамен сатып алатыны жасырын емес. Павлодар қаласының шағын индустриалды аймағында жылына 2 мың тонна табиғи таза күнбағыс майын шығаратын кәсіпорын ашылады деп жоспарлануда. Зауыт өнімдері ең әуелі тұрақтандыру қорына жөнелтілмек. Алғашқы өнім жыл соңына дейін сөрелерде пайда болмақ.


Количество показов: 272

Возврат к списку