Күннің суытқаны сылтау емес

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Күннің суытқаны сылтау емес 14.10.2021

Күннің суытқаны сылтау емес

Баянауыл ауданындағы бірнеше елді мекен тұрғындары өткен жылы сапалы ауызсумен қамтылуы тиіс еді. Бірақ ауылдағы ағайынға таза тіршілік нәрін жеткізу жұмыстары әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Кешенді блок-модуль орнату да белгіленген мерзімнен кешігуде. Бұл бағыттағы ауқымды істер қашан аяқталмақ?

 

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен аппараттық жиын барысында тұрғындарды сапалы ауызсумен қамту мәселелері талқыланды. Алдымен аймақ басшысы облыстық тексеру комиссиясының төрағасы болып тағайындалған Сәбит Әубәкіровті таныстырды. Сәбит Ермұхамбетұлының «Экономика» және «Құқық» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар. Еңбек жолын 2009 жылы Екібастұз қаласының әкімдігінде бастап, әр жылдары облыстық қаржылық бақылау инспекциясында, ішкі мемлекеттік аудит департаментінде еңбек етті. 2020 жылдың қарашасынан бүгінгі күнге дейін ҚР Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитеті басқармасының басшысы қызметін атқарды. Кейін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Салханов елді мекендерде орталықтандырылған су құбырларын тарту мен кешенді блок-модульдер орнату жұмыстары туралы баяндады. Қазіргі таңда аймақтағы 352 ауылда 221 мың адам тұрады. Олардың 88 пайызы таза ауызсумен қамтылған. Бұл көрсеткішті арттыру үшін биыл 14 мың тұрғыны бар 34 елді мекенде орталық су желілері жүргізілуде. Ал 200-ден аз адам тұратын 32 ауылда КБМ қойылмақ. Соның нәтижесінде тағы 4 мың адам сапалы тіршілік нәрін пайдалана алады.

- Жоғарыда аталған жобалар жүзеге асқан соң тұрғындарды сумен қамту көрсеткіші 94,3 пайызға жетеді. Бастапқы жоспар 92,5 пайыз еді. Демек, биыл бұл бағыттағы жұмыстар асыра орындалмақ. Сонымен қатар, келесі жылы 13 ауылда орталық су құбырларын тарту жобалары мақұлданды. Сол тұста көрсеткіш 99 пайызға жетеді. Ал тұрғындардың барлығын бірдей таза ауызсумен қамтамасыз ету үшін тағы 23 ауылда орталық су желілерін жүргізіп, 27 елді мекенде КБМ орнату керек. Оған қазынадан 9,4 млрд теңге қаржы қажет болады, - деді басқарма басшысы. Бұл ретте Ержан Салханов бірқатар қиындықтың барын бүгіп қалмады. Мәселен, Ақсу қаласына қарасты Еңбек ауылының тұрғындары 2019 жылдан бері орталықтандырылған су желісіне қосыла алмай келеді. Тереңкөл мен Железин аудандарында блок-модульдер орнату, ал Ертіс ауданында үш ауылға құбырлар тарту ісі кешігіп жатыр. Баянауыл ауданында қолға алынған 8 жобаның барлығы да проблемалық болып шықты. Мәселен, Сұлужон, Майкөбе және Қызылшілік елді мекендерінде былтыр қолданысқа тапсырылуы тиіс болған желілер әлі күнге дейін пайдалануға берілген жоқ. Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов жұмыстардың дені ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігіп жатқанын айтты. Күркелі ауылына қатысты жобалық-сметалық құжаттама дұрыс болмаған соң тамыз айында жұмыстарды тоқтатуға тура келген көрінеді. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов күннің күрт суытуы сылтау емес екенін алға тартып, аудан әкіміне тиісті жұмыстарды қазан айының соңына дейін аяқтауды тапсырды. Ал Екібастұз қаласына қарасты 9 ауылда орталықтандырылған су құбырлары тартылғанмен, оларға қызмет көрсететін мекеме жоқ. Шаһар басшысы Ардақ Қаңтарбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта бес елді мекендегі желілерді сенімді басқаруға беру бойынша мемле-кеттік конкурс ұйымдастырылды. Тағы төрт құбырдың «тағдыры» жыл соңына дейін шешілмек. Бұл ретте Әбілқайыр Бақтыбайұлы тұрғындарды таза ауызсумен қамту бағытындағы жұмыстар жетілдіруді қажет ететінін қадап айтты.

- Алдымен проблемалық жобалар тізімін жасап, бұл нысандарда қиындықтың не себепті туындағанын анықтау керек. Жобалық-сметалық құжаттама дұрыс болмады ма, мердігер міндетіне салғырт қарады ма, әлде басқа да кедергілер шықты ма? Осылардың барлығын жан-жақты саралап, соның аясында тиісті шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар, бір ай аралығында пайдалануға берілген құбырларға қызмет көрсету механизмін дайындауды тапсырамын. Жауапты сала өкілдері әр ауданда жеке ұйым құру мен облыста орталықтандырылған мекемені ашудың тиімділігін талдауы тиіс. 2024 жылға дейін тұрғындардың барлығын таза ауызсумен қамту міндеті тұр. Сондықтан аудан-қала әкімдері желілерді жүргізумен қатар, оларды күтіп-ұстау да маңызды екенін естен шығармауы керек, - деді Ә.Сқақов. Сонымен қатар, жиын барысында Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов жылу маусымы туралы баяндады. Шаһар басшысының сөзінше, бүгінде облыс орталығындағы 1249 көпқабатты тұрғын үйдің төртеуінде - Мәшһүр Жүсіп көшесі 24, Жамбыл көшесі, 1 және Достық шағын ауданындағы Ладожская 13,15 мекенжайларында орналасқан пәтерлерде жылу жоқ. Сонымен қатар, шамамен 8 үйде пәтер иелері кооперативтерінің сылбырлығы салдарынан ішкі желілер арқылы жылу беруде қиындықтар туындады. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов барлық апаттық бригадаларды осы баспаналардың мәселелерін шешуге жұмылдырып, бірнеше күн дересінде түйткілді тарқатуды тапсырды.

 

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 388

Возврат к списку