Көркемсурет мектебінде орын тапшы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Көркемсурет мектебінде орын тапшы 09.10.2021

Көркемсурет мектебінде орын тапшы

Өңірде қосымша білім беру саласында түйткілдер баршылық. Өнерге ынталы балаларды тәрбиелейтін оқу орындарының бірінде ғимарат мәселесі болса, тағы бірінде мамандар тапшы. Осы орайда кешенді түрде шешуді талап ететін тұстары бар. Облыстағы қосымша білім беретін оқу ордаларының басшылығы мен ата-аналар қауымы өңір билігінен мәселені назарға алуды сұрап отыр.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Шамадағыдан бес есе көп

 

Екібастұз қаласындағы көркемсурет мектебі ғимараты 120 балаға лайықталған. Алайда онда қазіргі күні шамадан бес есе, яғни 640 оқушы білім алады. «Балалар көркемсурет мектебі» коммуналдық мемле-кеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Қинаят Сыздықтың айтуынша, білім ордасына түсуге ниетті тағы 50 бала кезекте тұр.

- Оқуды жыл сайын 50 түлек аяқтап, жаңа оқу жылына кемінде 50-70-ке жуық оқушы қайта қабылданады. Бізде оқу ақылы, айына 4500 теңгені құрайды. Дегенмен, мүгедек, жетім балалар, көпбалалы және жалғызбасты отбасылар үшін 50-100%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Балалардың бүгінде жеткен жетістіктері аз емес. Ал мектептің 40 жылдық тарихы бар. Ғимарат жөндеуге сұранып тұр. Әрі мұндағы бірінші қабаттың едені ағаштан жасалған. Еденнің тозығы жетуіне байланысты күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етуде. Оған қоса, мектеп ішінің тарлығы да үлкен мәселе болып тұр,-дейді Қ.Сыздық. Мұнда білім алатын оқушылардың барлығы арнайы сабақ кестесі бойынша келіп оқиды. Оқу күні бойы тығыз кестемен жүргізіледі екен. Дегенмен орын тапшылығы салдарынан компьютерлік графика, сазбен жұмыс істеу сынды сыныптардың жұмысы уақытша тоқтап тұрған көрінеді. Оның қашан жанданатыны тағы белгісіз. Ал аталған сыныптар көркемсурет мектебінде сұранысқа ие. Қ.Сыздықтың сөзінше, көркемсурет мектебінде балабақша балалары кешкі уақытта білім алады. Мектеп басшысы жаңашылдық пен ізденіске құмар жеткіншектер кішкентай шағынан тәрбиеленуі қажет екендігін сөз етті. Сол себепті, оқушылар заманауи мектепте білім алуы керек деп санайды ол.

Өзге мектептердегі ахуал қандай?

 

Білім берудің бір саласы – музыка және өнер. Музыка және өнер мектептерінде оқушыларға білім берумен қатар кәсіби сабақтар тереңдетіліп оқытылады. Сонымен қатар, бала бойында мәдениеттілік қасиетті қалыптастырып, шығармашылыққа жағдай жасай отыра, дарынды балаларға жаңа мүмкіндіктер ашылады. Ол үшін білім ордаларында жағдай жасалуы керек. Осы орайда облыстағы бірнеше өнер мектептеріне хабарласып көрдік. Павлодар қаласындағы «Музы-калық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп–интернат» кешені дирек-торының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Дәурен Қуановтың айтуы бойынша, өнер мекемесі 270 балаға шақталған. Мұндағы оқушылар кәсіби музыкадан бөлек аспапта ойнау бағыты бойынша қосымша сабаққа қатысады. Музыка мектебінде жалпы 1-9-сыныптар аралығындағы балалар білім алады. Әр жыл сайын 1-сыныпқа емтихан арқылы балалар қабылданып, белгілі бір себептерге байланысты оқудан шыққан оқушылар орнына бала саны қайта толықтырылып отырады.

- Музыкалық кешен - Павлодар облысындағы маңдайалды оқу орындарының бірі. Мектебімізді жыл сайын отызға жуық түлек аяқтайды. Жыл сайын 30 орынға 100 бала таласады. Конкурстан өткендерін ғана қабылдаймыз. Биылғы оқу кезеңінде 70 үміткер музыкалық мектебімізге түсуге ниеттенді. Мектеп ауқымын кеңейту күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі, -
дейді М.Айғожин. Маманның ойынша, шаһарға қосымша өнер және музыка мектептері қажет. Себебі, болашақ өмірін өнермен байланыстыратын балалар үшін өнер мектебінен сабақ алып, тәжірибеден өту аса маңызды. Ақсу қаласындағы өнер мектебінің директоры Жанар Қалиеваның сөзінше, өнер мектебінде жалпы 497 оқушы мен 31 маман жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап аталмыш өнер ордасы балаларды тегін оқытуда. Сыныптар тарлығы мен ата-аналардың балаларын күтіп отыруға арналған орынның жоқтығын алға тартып, ғимаратты кеңейту қажеттігін атап өтті.

- Орын тапшылығының алдын алу мақсатында қаламыздағы «Orange» сауда ойын-сауық орталығында жаңа оқу жылының басынан арт-студия ашылды. Мұнда домбыра, фортепиано, вокал сынды үйірмелер жүргізіліп жатыр. Аталмыш ойын-сауық орталығының Құрышбек Наурызбаев бастаған басшылығына қаржылай қолдау үшін алғыс айтамыз, - деді Ж.Қалиева. Ал Екібастұз қаласындағы Естай атындағы музыка мектебінің директоры Медғат Манаповтың айтуынша, қалалар мен аудандардағы музыкалық мектептерде халық әндері мен дәстүрлі бағыт бойынша маман тапшы.

- Естай атындағы музыка мектебі - тікелей Елбасының тапсырмасымен салынған өнер ордасы. Қазіргі кезде 700 бала кәсіби түрде 13 мамандық бойынша білім алуда. Музыка және өнер мектептері тәрбие мен рухани азықтың орталығы болғандықтан қазақы дәстүрімізді дәріптеп, дәстүрлі және халық әндері бағытының мамандарын даярлау қажет. Бұл бағытта әуелі кәсіби мамандар тапшылығын шешу керек, - деп пайымдайды М.Манапов. Өңірдің кейбір аудандарында жеке ұйым санатындағы мекемелерді музыка және өнер мектептеріне айналдыру жоспарланып отыр. Облыстық білім беру басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Махамбет Айғожиннің сөзінше, қазір аймақ бойынша 5 балалар музыка мектебі, 2 көркемсурет мектебі және 9 балалар өнер мектебі жұмыс істейді. Бұл өнер ордаларындағы жалпы бала саны – 7881. «Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Успен ауданында домбыра, фортепиано, баян сыныптары бойынша 45 оқушыны қамтитын музыка мектебі өз жұмысын бастаған болатын. Облыста 3 жеке ұйым санатындағы музыка мектебін 1 балалар музыка мектебі және екі балалар өнер мектебі ретінде қайта құру жоспарлануда», - дейді маман. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында 2025 жылға дейін елімізде жаңадан 1000 мектеп салуды тапсырды. Алдағы 4 жылда мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешіп, ғылым мен білім саласына баса көңіл аударуды міндеттеді. Осы тұста, қосымша білім берудің салалары – өнер және музыка мектептеріндегі мәселе де тасада қалмаса екен деген тілек бар. Жуырда Парламент депутаттары мінберден өнер мен музыка мектептерінің мәртебесі мен жағдайын көтеріп, өңірлердегі орын жетіспеушілігін жою керектігін айтқан. Жалпы, өнер және музыка мектептеріне қатысты өңірде мәселе аз емес. Аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендерде - маман, ал қалалық өнер ордаларында орын тапшы. Көптеген мекемелердің тозығы жеткен. Бұл өзекті мәселелерді облыс басшылығы назарға алып, оң шешіледі деп сенеміз. Себебі, мұндай орталықтар балалардың бос уақытын қамтып қана қоймай, оларға рухани азық беруде маңызды рөл атқарады.


Количество показов: 867

Возврат к списку