Кәсіпкерлер көбейді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Кәсіпкерлер көбейді 02.10.2021

Кәсіпкерлер көбейді

Пандемия кезінде облыстағы шағын және орта бизнес нысандарының саны 3,4 пайызға өскені байқалады. Бұл уақыт аралығында мемлекеттік мекемелер тарапынан тексеріс жұмыстары да көбейді. Олардың басым бөлігі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау барысын қадағалауға бағытталған.

Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов Инвесторлар үйінде өткен жиын барысында мемлекеттік мекемелер мен бизнес өкілдері арасындағы байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Жауапты сала қызметкерлері кәсіпкерлерді қыспаққа алуға емес, оларға қолдау көрсетуге басымдық беруі тиіс. Өз кезегінде жеке ісін дөңгелетіп отырған тұрғындар да барлық талап-ережелерді сақтап, қызметін ашық түрде көрсеткені абзал.

- Облыста шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытында ауқымды істер атқарылуда. Жеңілдетілген несиелер, мемлекеттік гранттар берумен қатар, инфрақұрылымды жақсарту, нарықтан орын алу, өнімді экспорттау бағытында айтарлықтай жұмыстар қолға алынды. Бұл ретте бизнес өкілдерінің кейбір тексеріс түрлерінен де босатылғанын атап өту керек. 2023 жылға дейін жарияланған мораторий кәсіпкерлердің алаңсыз қызмет етуіне мүмкіндік береді, - деді С.Шаяхметов.

Облыстық статистика департаментінің басшысы Жақан Жәкенов атап өткендей, бүгінде өңірде 52 831 кәсіпкерлік нысаны бар. Олардың 46 441-і тұрақты түрде жұмыс істейді. Бұл ретте кейбір бизнес өкілдерінің міндетті есептерді тапсыру ісіне немқұрайлы қарайтыны айтылды.

- Бастапқы статистикалық деректерді уақытылы ұсынбаған кәсіпкерлерге қатысты 63 әкімшілік іс қозғалып, 1 млн 443 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Мұндай жағдайлар алдағы уақытта қайталанбас үшін есептерді офлайн және онлайн түрде дер кезінде тапсыру, кәсіпорынға қатысты мәліметтерді жаңарту қажет, - деді Ж.Жәкенов.

Ал облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Жәнібек Нұржанов міндетті төлемдерді жасауда ережелерді сақтамағаны үшін кәсіпкерлерге 3480 ескерту беріліп, 62 938 млн теңге айыппұл белгіленгенін айтты. Бүгінде оның 1 866 млн теңгесі бюджетке түсті.

Жалпы, жыл басынан бері бизнес нысандарын тексеру шаралары 18 пайызға көбейіп, 2411-ге жеткен. Облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқарма басшысының орынбасары Марат Ахметовтің сөзінше, былтыр санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын анықтау үшін 356 тексеріс ұйымдастырылса, биыл 751 нысанның жұмысы бақылауға алынды.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов мемлекеттік мекемелердің есеп беру күндері жүйелі түрде өтетінін айтып, түсіндіру жұмыстарын күшейту керектігіне көңіл бөлді. Себебі бизнес өкілдері ережелерді көп жағдайда білместіктен бұзатын көрінеді.


Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 587

Возврат к списку