Кәсіподақ жұмысшы құқығын қалай қорғауда?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Кәсіподақ жұмысшы құқығын қалай қорғауда? 07.10.2021

Кәсіподақ жұмысшы құқығын қалай қорғауда?

Облыста әр түрлі салада еңбек ететін қызметкерлердің жеке кәсіподақ ұйымдары бар. Жұмысшылар мұндай мекемелерге әр айлықтың белгілі бір пайызын ерікті түрде аударып отырады. Өз кезегінде кәсіподақ өкілдері мамандардың мүдделерін қорғап, барынша көмек көрсетуге тиіс. Алайда кей тұрғындар «Жарнаны аударғанмен, қайтарымын көріп отырған жоқпыз» дегенді алға тартып жатады. Шынымен солай ма? Жалпы кәсіподақ ұйымдарының міндеті мен қызметі қандай? Осы мәселе төңірегінде өңіріміздегі ірі бірлестіктердің бірі саналатын Павлодар облысының мәде-ниет, спорт, туризм, ақпарат, бюджеттік және мемлекеттік сала қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы басшысы
Алма Қозбаевамен тілдескен едік.

 

- Алма Зайноллақызы, сіз басшылық ететін кәсіподақ бірнеше саланы бір-ақ қамтиды. Бұл бағыттарда еңбек ететін қызметкерлер өз құқықтары мен міндеттерін қаншалықты жақсы біледі?

- Өңірімізде мәдениет, спорт, туризм, ақпарат, бюджеттік және мемлекеттік қызмет саласында еңбек ететін адамдар баршылық. Олардың әрқайсысына жүктелген міндет, құқықтары мен мүдделері лауазымдық нұсқаулықтарында нақты белгіленген. Сонымен қатар, біз өз тарапымыздан түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әр түрлі тақырыпты қаузайтын семинарларды жиі ұйымдастырамыз. Біздің басты мақсат - жұмыс беруші мен оның қарамағындағы қызметкерлердің арасында берік байланыс орнату, қатардағы мамандар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік жағдайына назар аудару. Десе де, кей кездері даулы мәселелер туындап жатады.

- Қызметкерлер кәсіподақ ұйымына шағыммен жиі жүгіне ме?

- Жоқ, жиі деуге келмес. Көп жағдайда мәселелер еңбек ұжымда-рында бірден шешіледі. Өйткені әркім өз құқығын біледі. Ал кәсіподақ ұйымы тараптар арасында туындаған даулы мәселелердің түйінін тарқатуға араласады. Сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігінің сақталуы, өндіріс орнында жарақат алуға қатысты күрмеулі жағдайларды бақылауда ұстаймыз. Бұл ретте аудан-қала әкімдіктері, облыстық басқармалармен де тығыз байланыста жұмыс істейміз. Қандай да бір мәселелер туындаса, құзырлы органдармен бірлесіп, алқалы түрде шешімін табуға тырысамыз. Кәсіподақ ұйымы тек шағымдарды емес, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайды жақсартуға қатысты өтініштерін де басты назарға алады. Мәселен, таяуда кәсіподақтың араласуымен Баянауыл, Аққулы, Павлодар аудандарында еңбек ететін сала мамандарының қатты отын алуы үшін матераилдық көмек көрсету мәселесі шешілді.

- Ал әр мекемедегі кәсіподақ төрағаларын оқыту, олардың біліктілігін арттыруға назар аударыла ма?

- Әрине. Айталық, бүгінде кәсіподақ активін, келісу комиссиясының мүшелерін оқыту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Қазіргі заңнама талаптарына сәйкес, қызметкер келісу комиссиясының шешімі болмаса, сотқа жүгіне алмайды. Сондықтан дәл осы комиссия өкілдеріне заңнама талаптарын жан-жақты түсіндіру, олардың құқықтық білімін жетілдіруге көп көңіл бөлінеді.

- Жасыратыны жоқ, кейбір тұрғындар «Кәсіподақ ұйымдары жалақымыздың бір пайызын ұстап қалғанмен, оның игілігін көрмейміз» дегенге саятын пікірлер білдіріп жатады. Бұған қатысты не айтар едіңіз?

- Кәсіподақ мүшелерінің жалақысынан ұсталатын жарнаның 60 пайызы сол ұйымның қажеттіліктеріне жұмсау үшін қайтарылады. Оған қоса, кәсіподақ жарнасының 10 пайызы жыл бойы жиналып, ұйымның өзіне беріледі. Бұл - бір. Екіншіден, қызметкерлерге материалдық, құқықтық-заңгерлік, тағы да басқа қолдау бар. Мәселен, кәсіподақ мүшелерінің мүмкіндігі шектеулі балаларына, қатерлі ісікке шалдыққан сала мамандары мен инфаркт, инсульт алған азаматтарға 20 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі. Былтыр да, биыл да коронавирустық инфекцияны жұқтырған жұмысшыларға жарты жылда бір реттен қаржылай қолдау жасалды. Сондай-ақ, біздің кәсіподақ мүшелері «Шымыр» бассейніне
50 пайыздық жеңілдікпен бара алады. Ал «Гладиатор» спорт залына небары 300 теңге төлеп, спортпен шұғылдануына мүмкіндік бар. Әйтпегенде 1000 теңге төлер еді. Жарна есебінен жиналған қаражат осы сияқты бағыттарға жұмсалады. Оның игілігін көріп жатқан азаматтар да аз емес. Жалпы, біздің кәсіподақ өз өкілдерінің мұң-мұқтажын назарға алып, мәселелерін шешуде аянып қалып жатқан жоқ.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Әңгімелескен - Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

 


Количество показов: 633

Возврат к списку