Картаның түр-түрі бар

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Картаның түр-түрі бар 09.10.2021

Картаның түр-түрі бар

Осы жылдың шілде айынан бастап облыс орталығындағы қоғамдық көліктерде қатынайтын тұрғындар жолақысын «Смарт Автобус ПВ» және «O-CITY» жүйелері арқылы төлей бастады. Автобус, шағын автобус пен трамвайларда көлік және банк карталарымен есеп айырысу үшін арнайы валидаторлар орнатылды. Ал сол көлік карталарын қайдан және қалай алуға болады? Бір оператордың картасы қоғамдық көліктің барлық түріне жарамды ма? Осы мәселелерді саралап көрген едік.

«Смарт Автобус ПВ» карталарын қайдан алуға болады?

 

«Смарт Автобус ПВ» компаниясында оқушыларға, зейнеткерлерге, тегін жүретін топтарға арналған жеке карталар мен 80 теңгелік жолақысы бірден шешіліп алынатын стандартты төлем құралы бар. Әрқайсысының бағасы - 450 теңге. Оларды Катаев көшесі, 9-үй мекенжайында орналасқан кеңседен сатып алуға болады. Ал әлеуметтік карталар тегін беріледі. Бірақ қоғамдық көліктерде ақысыз жүру мүмкіндігіне ие тұрғын тегін алған автобус картасын жоғалтып алса, екіншісіне 450 теңге төлеуге міндеттеледі. Бұл ретте карта иелерінің барлығының аты-жөні, жеке сәйкестендіру мен ұялы телефон нөмірі арнайы деректер базасына енгізіледі. Мұндай мәліметтер төлем құралын жоғалтып алған жағдайда оны бұғаттауға мүмкіндік береді. Тұрғындардың жеке мәліметтері толтырылатын болғандықтан, карталарды кондукторлар сата алмайды. «Смарт Автобус ПВ» басшысы Талғат Тоқтағановтың айтуынша, стандартты картаны алған адам ғана жеке деректерін кәсіпорынның мобильді қосымшасында көрсете алады. Сондай-ақ, бұл қосымшада кез келген банк картасын тіркеуге мүмкіндік бар. Яғни, төлемді элекронды түрде банк картасымен де жасауға жағдай қарастырылған.

- Біздің компания 300 млн теңгеге 306 стационарлы, 525 мобильді валидатор, 24 бақылау-тіркеу құралын, 300 мың карта сатып алып, оларды автобустар мен трамвайларға орнатты. Қоғамдық көліктердің бұл түрлерімен қатынайтын тұрғындар автобус картасын стационарлы валидаторға жанастыру есебінен жолақысын төлей алады. Егер стационарлы валидаторға жету мүмкіндігі болмаса, автобуста ілулі тұрған QR-кодтарды сканерлеу немесе мобильді қосымшадағы блютузды қосу арқылы төлем жасауға болады. Сондай-ақ, өткен аптадан бастап мобильді валидатор банк карталарынан жолақысын ұстап қала алады. Ескерер бір жайт, тұрғындарға автобус, банк карталарымен тек бір адам үшін төлем жасау мүмкіндігі қарастырылған. Автобус карталарына қаржыны екінші деңгейлі банктер, «QIWI әмиян» және «Касса 24» арқылы салуға болады. Бұл ретте тұрғындардан ешқандай комиссия алынбайды. Шамамен екі пайыз көлеміндегі комиссияны біздің компанияның өзі төлейді, - дейді «Смарт Автобус ПВ» ЖШС басшысы.

 

«O-CITY» жүйесінің ерекшелігі қандай?

 

Сонымен қатар, тұрғындар жолақысын «O-CITY» жүйесі арқылы электронды түрде төлей алады. «ВРС Kazakhstan» ЖШС-ның жобалар жетекшісі Даниил Соколюктің айтуынша, бүгінде «Павлодар автокомбинаты» кәсіпорнына қарасты автобустарда ғана «O-CITY» жүйесі жоқ. Ал қалған қоғамдық көліктерде 400-ден астам валидатор орнатылған. Қажет болған жағдайда олардың стационарлы түрін қою мәселесі қарастырылады.

- «O-CITY» жүйесі 2019 жылдан бастап №1 автобус паркі және Трамвай басқармасымен бірге жұмыс істеп келеді. Мұндағы валидаторлар арқылы автобус және банк карталарымен төлем жасауға болады. Айталық, екі жыл аралығында трамвайларда біздің валидаторлар арқылы 4 миллионнан астам транзакция жасалды. Жолаушылардың шамамен 20 пайызы қолма-қол ақшасыз төлеудің тиімділігін байқап, картамен төлеуге көшті, - дейді Д.Соколюк. Жоба жетекшісі зейнеткерлерге «O-CITY» жүйесінің картасын алудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Олар компанияның Ломов көшесі, 135/1 мекенжайында орналасқан кеңсесіне барып, әлеуметтік төлем алатын банк картасын жүйеге енгізе алады. Кейін зейнеткерлер, басқа да әлеуметтік топ өкілдері сол банк карталары арқылы жолақысын төлейтін болады. Яғни, қосымша төлем құралын сатып алып, бірге алып жүрудің қажеті болмайды.

- Бұған дейін электронды билетке қатысты жобалар пилоттық режимде іске асқаны белгілі. Оның нәтижесі бойынша, қоғамдық көліктерде қызмет көрсететін бір компания анықталуы керек еді. Жергілікті биліктің бұл бағыттағы шешімі нақты болмағандықтан, «O-CITY» карталары да сатылған жоқ. Ендігі ретте облыс орталығында екі операторды да қалдыру ұйғарылып отыр. Демек, жақын күндері автобус карталарын сату ісін бастаймыз. Бір картаның бағасы 300-400 теңге болады. Ақысыз жүретін әлеуметтік топ өкілдеріне тегін беріледі, - дейді Д.Соколюк. Бұл ретте «Электронды билет енгізудің операторларға қандай пайдасы бар?» деген сауалдың туындауы - заңдылық. «Смарт Автобус ПВ» ЖШС әр сатылған билеттің шамамен 10 пайызын, «BPC KAZAKHSTAN» ЖШС 6 пайызын алады. Есесіне олар валидаторларды орнату, оларды жөндеу, қажет болғанда жаңарту қызметтерін тегін көрсетеді. Жоба пилоттық режимде болғандықтан, «Смарт Автобус ПВ» осы жылдың мамыр айынан, «BPC KAZAKHSTAN» 2019 жылдан бері жолаушыларды тасымалдайтын компаниялардан билет құнынан тиісті пайызды ұстаған жоқ.

 

Екі карта алуға тура келеді

 

Енді жолаушыларға қай оператордың картасы тиімді деген мәселеге ойыссақ. Жоғарыда атап өткеніміздей, «O-СITY» жүйесі «Павлодар автокомбинатына» қарасты автобустарда жоқ. Яғни, №1, 1Э,2, 9, 18 және 27 нөмірлі автобустармен қатынайтын болсаңыз, бұл компанияның картасымен жолақысын төлей алмайсыз. Ал «Смарт Автобус ПВ» кәсіпорнының валидаторлары шағын автобустарда орнатылмаған. Бұл – аталмыш оператордың көлік картасы шағын автобустарда жарамсыз дегенді білдіреді. Екі компанияның карталарымен тек трамвайларда және №1 Автобус паркіне қарасты, қала ішінде жүретін №5, 6, 10, 21, 22, 40, 66А және облыс орталығына іргелес елді мекендерге қатынайтын №38, 31, 42, 44, 66 бағыттардағы автобустарда жолақысын төлеуге мүмкіндік бар. Сондықтан, жолаушыға екі картаны қатар алып жүруге тура келетін сияқты. Электронды билеттің тағы бір тиімсіз тұсы – ұялы телефоныңыздың мобильді интернетке қосылуы міндетті. Жолақысын төлем картасын валидаторға жанастырып төлеген күннің өзінде қағаз түріндегі билет берілмейді. Кондукторға жолақысын өтегеніңізді дәлелдеу қажет болған жағдайда екі оператордың мобильді қосымшаларына кіріп, аударымдар «тарихынан» жол жүру ақысын төлегеніңізді көрсетуіңіз керек. Ал ол үшін телефоныңызда интернет болуы тиіс. Ол арнайы қосымша көмегімен QR-код, блютуз арқылы аударым жасауға да қажет. Қысқасы, ұялы телефоныңызда бірлік пен мегабайт болмаса, қолма-қол ақшамен төлеуден басқа амал қалмайды.

 

Жолаушылардан қолдау аз

 

Электронды билет мәселесі әлеуметтік желілерде жиі талқыланады. Пікірлерге зер салсақ, көпшіліктің бұған қатысты сауалы жетерлік екенін анық аңғаруға болады. Мәселен, Әсел Аманова есімді тұрғын бірнеше баласы бар отбасыларға екі компанияның картасын алу тиімсіз екенін жазады.

- Менің мектеп жасындағы үш балам бар. Әрқайсысы мектепке, одан соң шығармашылық үйірмелері мен спорт секцияларына автобус, шағын автобус, кейде трамваймен қатынайды. Демек, шағын автобус пен трамвайға жеке, автобустарға жеке карталар алуымыз керек пе? Әр балаға екі картадан алар болсақ, 2700 теңге шығады. Жолдасым екеуіміз және қарт анамызға да карталар керек. Тағы 2700 теңге. Оларға үнемі қаражат салу қажет. Сонда мұның барлығы бір отбасының қалтасына кәдімгідей салмақ салады. Тым құрығанда зейнеткерлер мен оқушыларға карталарды жеңілдікпен, арзан бағамен беруге болмай ма? - дейді тұрғын. Тағы бір Аяулым есімді павлодарлық карталарды сатып алу орны мен уақытының ыңғайсыз екенін айтады.

- Екі компанияның бір-бір кеңсесі ғана бар. Әрқайсысы 9.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді екен. Бұл уақытта адамдардың дені өз жұмыстарында болады. Сонда карталарды қай уақытта алып үлгереміз? Бір ғана кеңседе ұзын-сонар кезектің болары тағы белгілі. Ірі сауда орталықтарында сату нүктелерін ашып, жеткізу қызметін іске қосса болмас па? - деген сауалын жолдаған екен. Манат Нұрлыбек есімді тұрғын жүйенің әлі де «шикі» екенін айтып налиды.

- Электронды билет енгізу туралы шешім қабылдайтын тұста бір ғана операторды таңдау керек еді. Әкімдік мысалға алатын қалалардың барлығын жалғыз компания қызмет көрсетеді. Сондықтан тұрғындар бірнеше картаны қатар алып, әуреге түспейді. Адам лық толы автобуста картаны валидаторға жанастыру, ұялы телефон арқылы төлеу, QR-кодтарға қол созу оңай емес. Интернет болмаса тіпті қиын. Мұны таңғы және кешкі уақытта қоғамдық көлікпен қатынайтын адамдар жақсы түсінеді. Ал бұл жобаны ойлап тапқан және оны мақұлдаған кей адамдар оны білмейтін сияқты, - деп ашынады. Байқағанымыздай, Павлодар қаласында электронды билеттеу жүйесін енгізуде шалағайлық көп. Бұл қолайсыздық тудыруда. Сондықтан «жаңа» жүйені тағы бір пысықтап, жолаушыларға ыңғайлы тұсын көбейтуді қарастырған жөн сияқты. Мәселен, карталарды сататын бірнеше сауда нүктесі ашылып, жеткізу қызметі қосылса, мобильді қосымшалар арқылы төлем жасау үшін қоғамдық көліктер Wi-fi желісімен қамтылса әлдеқайда тиімді болар еді.

 

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА  


Количество показов: 570

Возврат к списку