Кеншілердің зейнет жасын қысқартуды қолдайсыз ба?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Кеншілердің зейнет жасын қысқартуды қолдайсыз ба? 23.12.2021

Кеншілердің зейнет жасын қысқартуды қолдайсыз ба?

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары кеншілер үшін зейнетке шығу жасын бұрынғы межеге қайтаруды ұсынуда. Бұл – көп жылдар бойы ауыр еңбек жағдайында жұмыс
істеп жүрген кеншілер үшін шешімін күткен өзекті мәселе. Ұсыныс қолдау тапса, жанкешті еңбектің иелері ертерек зейнетке шығып, табан ақы, маңдай терімен қолы жеткен құрметті демалысының қызығын көрер еді. Кеншілердің зейнет жасы қысқартыла ма? Бұл мәселенің шешімін табуға не кедергі? Бүгінгі алаңда осы мәселе ортаға салынды.

Раманқұлов.jpg 

Мақсат РАМАНҚҰЛОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (пікір интернеттен алынды):

- Жүздеген метр жер астында немесе қызып тұрған металлургиялық пештердің жанында жұмыс істейтін адамдар үшін әлеуметтік әділеттілік сақталуы қажет. Ешқандай жазатайым оқиға болмаса да бұндай кәсіптегі   жұмысшылардың көпшілігі зейнеткерлік жасқа дейін көптеген ауруларға шалдығып жатады. Нәтижесінде, ол өз мамандығы бойынша жұмыс істеу қабілетін жоғалтады. Тіпті көпшілігі зейнеткерлік жасқа дейін өмір сүрмейді. Кеншілер, металлургтер және басқа да мамандықтар үшін «1 және 2 тізімдер» бойынша зейнет жасын қайтару қажет. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтар 40 жастан бастап зейнетақы аннуитетін пайдалана алады. Ал мұндай келісімшарт бойынша төлемдер 50 жастан басталады. Неге екені белгісіз, Еңбек министрлігі депутаттардың талаптарын жоққа шығарып, қолайлы нұсқаларды іздемейді. Мәселен, бұл тізімдерді қайта қарау және қысқарту арқылы қажетті шығындарды қысқартуға да әкеп соғады.

Әміренов.jpg

Рышат ӘМІРЕНОВ, Қазақстанның Еңбек Ері:

- Кеншілер мен металлургтер секілді ауыр еңбек адамдарының зейнет жасын қысқарту өте орынды. Қазақстанда әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке ертерек шығуға құқылы. Олардың жұмыстары қауіпті, алайда оны кеншілер мен металлургтердің ауыр жұмысымен салыстыруға келмейді. Қазіргі уақытта зейнетке шыққан орган қызметкерлері негізгі зейнет жасына жетпегендіктен, басқа салада одан әрі қызмет ете алады. Ал жастардың көпшілігі жұмыс таппай қиналып жүреді. Сондықтан осы мәселені жақсылап ойластыру керек. Менің айтпағым, кеншілер мен металлургтердің еңбегі лайықты бағалануы қажет. Кеншілердің зейнетке шығу жасын қазіргі 63 жастан 55 жасқа шегерсе, өте дұрыс болар еді. Себебі бұл кәсіптердің иелері зейнеткерлік жасқа шыққанша кәсіби аурулар шоғырына «ие» болады. Ауыр жұмыстың салдарынан зейнет жасына жете алмай, өмірден өтіп кетіп жатқандар да бар. Сондықтан таң атқаннан кеш батқанша ауыр жұмыста жүрген кеншілер қауымына көп жылғы бейнетінің рахатын көріп, ұрпақтарын қызықтауға мүмкіндік беру қажет. Зейнеткерлік жасын қысқарту арқылы жұмыссыз жүрген жастардың мәселесін де шешуге болар еді.  

Динара Айтжанова.jpg

Динара АЙТЖАНОВА, облыстық мәслихат депутаты:

- Кеншілер үшін зейнеткерлік жасты төмендету – аса маңызды мәселе. Өйткені олар қауіпті жағдайларда еңбек етеді. Оларға жұмыс барысында ыстық-суыққа бірдей төзіп, денсаулыққа зиянды шаңды жұтып, газданған ауамен тыныстауға тура келеді. Жоғары шудың әсеріне ұшырайды. Кәсіподақтар бұл мәселені әр түрлі деңгейде үнемі көтеріп отырады. Кеншілер құрметті демалысқа ертерек шығуы керек, оларды қалыпты жұмыс жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларға теңестіруге болмайды. Кеншілердің зейнеткерлік жасын төмендету туралы мәселе кәсіподақтардың күн тәртібінен түскен емес. Қазіргі таңда мәсе-ленің шешімін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары жұмыс тобы шеңберінде қарастыруда.

«Алаңды» үйлестірген – Торғын ОРАЗАЛЫ.


Количество показов: 962

Возврат к списку