Әл-ауқатты арттыру - басты ұстаным

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

02.09.2021

Әл-ауқатты арттыру - басты ұстаным

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялап, Қазақстанның алдағы даму бағыттарын ұсынды. Қазақстандық-тардың әл-ауқатын арттыру – өзінің Президент ретіндегі басты мақсаты екенін атап өтті. Бұл мақсатқа жету үшін 5 негізгі бастама айтылды. Осы орайда жерлестеріміз маңызды құжатта айтылғандарды қуана құптауда.

 

Еңбекке құлшынысы артады

әміренов.jpg

- Қазақстан - әлеуметтік мемлекет. Оған ешкім дау келтіре қоймас. Азаматтар қиын жағдайға тап болған тұста жан-жақты көмек көрсетіледі. Мәселен, былтыр тұрғындар пандемия салдарынан тұрақты табысынан айырылған кезде әлеуметтік төлемдер жасалды, коммуналдық ақылардан босатылды. Бірақ қолдаудың жөні осы екен деп масылдыққа бой алдыруға болмайды. Кейбір адамдар орынсыз пиғылмен әлеуметтік ақыларды негізсіз алатынын естіп жатамыз. Соның салдарынан көмекке шын мұқтаж азаматтар тиісті қолдаудан қағылып қалуы мүмкін. Сол себепті Әлеуметтік Кодекске «масылдық» ұғымын енгізу дұрыс қадам болар еді деп ойлаймын. Жолдауда ең төменгі еңбекақы көлемі 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтерілуі керек деген тапсырма берді. Мұның өзі тұрғындарды, әсіресе жастарды еңбекке құлшына араласуға ынталандыруы қажет. Әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын, жалпы халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік қызметшілердің ұстанымына да көп нәрсе байланысты. Егер олар өз қызметін дұрыс атқара алмаса, мемлекеттік саясатты қолдамаса, жұмыстан кеткені абзал. Себебі 20-30 жыл бір орында отырған шенеунік «сарқылып», тиімді жұмыс істей алмауы бек мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда Жолдауда айтылған қағида дұрыс деп санаймын. Мемлекеттік қызметшілер туралы сөз қозғалған соң әкімдер сайлауын айтпай кетпеске болмас. Осы жылдың шілде айында өткен ауыл әкімдерін алғаш рет тікелей сайлау көптің көңілінен шыққан көрінеді. Яғни, тұрғындар елді мекен басшысын тікелей таңдауы қаншалықты тиімді боларын алдағы уақыт көрсетер. Ендігі ретте пилоттық режимде аудан әкімдерін де сайлайтын болсақ, халықтың азаматтық белсенділігі артып, қордаланып қалған мәселелердің шешуіне қозғау салынады деген сенімдемін.

Рышат ӘМІРЕНОВ, Қазақстанның Еңбек Ері.

Бір-біріне сілтеуді қою керек

Remini20210901155908136.jpg

- Жолдауда айтылғандай, қазір кейбір аудан-қала маңында шаруалар түгілі қарапайым тұрғындардың төрт түлікті жаяр жері жоқ. Алысқа бармай-ақ, облыс орталығының іргесіндегі Ленин кентіндегі жағдайға назар аударайық. Бұрындары бұл кенттен 4 табын ірі қара жайылымға шығатын еді. Бүгінде небары 2 табын, яғни бар-жоғы 30-40 бас ірі қара бар. Кейбір ірі кәсіпкерлер мыңдаған гектар жерді иелігіне алады да, өзге шаруалардың, ауылдықтардың мал ұстауына мүмкіндік бермейді. Ал кейбір әкімдік қызметкерлерінің дәл сондай кәсіпкерлерге сөзі өтпейді. Бұл өз кезегінде тұтас ауыл шаруашылығы саласының тоқырауына әсер етуі әбден мүмкін. Сондықтан Үкіметтің нақты әрі батыл шешім қабылдағаны дұрыс. Бұл ретте Жолдауда айтылғандай оңтүстік өңірлерден біздің аймаққа қоныс аударушыларды да ұмыт қалдырмаған жөн. Оларға агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін жер бергеннен ұтарымыз мол болмақ. Әйтпегенде, ауылдағы ағайын ет пен сүтті дүкеннен сатып алуға көшті. Бұл өнімдердің бағасы да ай сайын аспандап барады. Басқасын былай қойғанда, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өзі құбылып тұрады. Мұндайда жергілікті билік сатушыларға, сатушылар делдалдарға, делдалдар тауар өндірушілерге, олар шикізатпен қамтушыларға сілтейді. Сол сияқты баға саясаты мәселесін бірнеше орган қатар реттейтіндіктен, өнімдердің құны күрт шарықтағанда олар да тиісті шараларды қабылдаудың орнына жауапкершілікті бір-біріне итереді. Қысқасы, ұшы-қиыры жоқ сылтау. Осы бағыттағы істерді мықтап қолға алатын жалғыз орган болса, жағдай жақсарады деген үміт бар.

Махмет ДЕМЕСІНОВ, Павлодар қаласының Құрметті азаматы.

 

Ана тілінің өрісін кеңейтеді

 Жумагали Когабай 2.jpg

- Ел халқының игілігі үшін жарияланатын Президент Жолдаулары жарқын болашаққа деген сенім мен үміт сыйлайды. Биылғы Жолдауда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақ тілінің білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда» деп айтуы болашақта мемлекеттік тіліміздің мәртебесі артып, лайықты тұғырына шығады дегенді білдіргендей. Қазіргі уақыттағы ең басты мәселе - елдің тыныштығын сақтап, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету. Ата Заңымызда «Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар» деп анық жазылған. Сондықтан қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтіп, өрісін ұзарту әрбір отаншыл азаматтың міндеті деп білемін.

Жұмағали ҚОҒАБАЙ, ақын, Екібастұз қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы.

Заманауи мектепте оқиды

Азамат Жанайдарұлы.jpg

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында балалардың оқуға деген құштарлығы, ынтасы азайып бара жатқанын өзекті мәселе деп атап өтті. Сондықтан мұғалімдерге заманауи білімді меңгеру міндетін жүктеді. Осы бағытта білім ошағында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді. Оқушылардың сабаққа деген ынтасының азаюына әлемді жайлаған пандемия да әсер етуі мүмкін. Себебі мектептегі білімді үйдегі сабақ оқумен салыстыруға келмейді. Атмосферасы бөлек. Биыл оқудың дәстүрлі форматта өткізілетініне ерекше қуаныштымыз. Балалар заманауи білім алу үшін мектеп те соған сай болуы тиіс. Сол себепті биыл Павлодар қаласы №1 орта мектебі «Заманауи мектеп» жобасына қатысып, күрделі жөндеуден өтуде. Білім ордасында 4 бағытта жұмыс істейтін СТЕМ-зертхана кабинеттері ашылатын болады. Мұнда балалар математика, логика, биология жне робототехника бағыттары бойынша білімдерін арттырмақ. Кабинеттер қажетті құрал-жабдықтармен қамтылады. Сонымен қатар, физика және химия кабинеттері де жаңаша кейіпке енбек. Оларда да зертхана қарастырылған. Мұғалімдер де жаңа технологиялардың тілін меңгеріп, оқушыларға үйрететін болады. Осының барлығы баланың оқуға деген құштарлығын, қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Президент ұстаздар қауымының біліктілін арттыру мәселесіне де көңіл бөлді. Мектеп мұғалімдері инклюзивті білім беру курсын меңгергенін атап өткім келеді. Мектепте ерекше қамқорлықты қажет ететін 9 бала бар. Мектептегі оқушылар бірдей деңгейде білім алады. Мұғалімдердің 60 пайызға жуығы жоғары сантатты. Жыл сайын бұл көлем артатын болады. Бұл да ұстаздардың еңбек нәтижесіне байланысты болмақ.

Азамат СЫЗДЫҚОВ, Павлодар қаласы №1 орта мектептің директоры.

 

Мәдениетке серпін сыйлады

амангелди.jpg

- Еліміздегі қоғамдық өмірдің салалары өзгеріске ұшырауда. Әсіресе, мәдениет саласында тың тәжірибелер енгізіліп, өнердің жаңа сатысы пайда болып келеді. Осы мәселе төңірегіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында кеңірек тоқталды. Мәдениеттің жаңарып, тәжірибе жасаудан қорықпай келе жатқан мүсінші, суретші, музыкант, әдебиет өкілдерін қолдап, жыл соңына дейін мәдениет саласына бағытталған жоспар құруды тапсырды. Тіпті креативті әрі талантты мамандарға арнайы қор құру мәселесі қарастырылсын деп мәлімдеді. Бұл біз көптен күткен жаңалық болды. Мәдениет, мұрағат, қорықшылар, көлік жүргізушілер мен техникалық және осы санаттағы маман иелерінің жалақысын өсіру жөнінде тапсырмасы барша мәдениет қызметкерлерін қуантты. Мемлекет тарапынан осындай қолдау жасалатын болса, өнер өкілдері қашанда халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп, ел мерейін әлі талай биікке көтеретіні сөзсіз.

Амангелді ҚОЖАНОВ, Иса Байзақов атындағы облыстық филармония басшысы.


Количество показов: 879

Возврат к списку