Жас таланттар шоғырланды
10:36 16.08.2022
97
Арнайы аймақта - ауқымды жобалар
10:34 16.08.2022
92
Абай жолын ұлықтаған академик
10:30 16.08.2022
99
Ақ желеңділер тапшы
10:26 16.08.2022
125
Көмір бағасы қолжетімді
10:25 16.08.2022
91
Қала жолдары қарқынды жөнделуде
10:23 16.08.2022
96
Әдепсіз әншілер сахнадан шеттетіле ме?
10:21 16.08.2022
93
Сарыарқа самалы, 16 тамыз, сейсенбі
10:20 16.08.2022
104
Кәсіптік білімнің болашағы зор
09:09 13.08.2022
205
Киелі өнердің майталманы
09:05 13.08.2022
227
Қатерлі ісік азаймай тұр
08:59 13.08.2022
252
Абай тағылымы
08:58 13.08.2022
209
Сараланған тариф енгізіледі
08:56 13.08.2022
197
Сарыарқа самалы, 13 тамыз, сенбі
08:53 13.08.2022
221
Жаңа оқу жылына әзірлік
08:02 13.08.2022
241
Құрылысшы - мәртебелі мамандық
08:01 12.08.2022
246
Әр сөзі - тұнған шежіре
10:09 11.08.2022
303
Аспан перзенті
10:07 11.08.2022
298
«Өкпеұлы Кәрімтайдың ғибратты ғұмыры»
10:05 11.08.2022
307
Абай күні аталып өтті
10:04 11.08.2022
329
«Завод» сериалы түсірілуде
10:01 11.08.2022
303
Ауладағы қуаныш
09:58 11.08.2022
293
Білім. Еңбекқорлық. Өзгеше ойлау
09:56 11.08.2022
322
Энергетикалық сусынға тыйым салу қажет пе?
09:52 11.08.2022
321
«Мектепке жол» қалай өтуде?
09:49 11.08.2022
301
Техника жаңартуға таптырмас мүмкіндік
09:43 11.08.2022
340
Шаруалар шабындыққа шалғы салды
09:40 11.08.2022
326
Абай сөзі - әдебиет өлшемі
10:24 09.08.2022
416
Білікті мамандар тапшы
10:21 09.08.2022
402
Бір жабылып, бір ашылған «Әлем»
10:20 09.08.2022
398
Баспана – басты байлық
10:18 09.08.2022
391
«Бейсен және Болмыс»
10:14 09.08.2022
414
Екеудің көрмесі
10:11 09.08.2022
395
Мектеп жәрмеңкесі жалғасады
10:09 09.08.2022
412
Аймақтағы ахуал тұрақты
08:56 06.08.2022
495
Сарыарқа самалы, 6 тамыз, сенбі
08:36 06.08.2022
538
Саназардың теңіз аттары
08:13 06.08.2022
490
Медиация мақсаты - бітімгершілік
08:10 06.08.2022
543
Жолдарымыз жаңарып, аумақтар тазаруда
08:09 06.08.2022
512
Мектепке дайындық қанша тұрады?
08:07 06.08.2022
487
Әлемді әнмен Тербеткен
08:03 06.08.2022
534
Педагогтар не базына айтады?
08:01 06.08.2022
498
Өкпе ауруы дендеп тұр
08:00 06.08.2022
507
Қандай мультфильм көріп жүрміз?
10:51 04.08.2022
579
Интернет алаяқтары көбейіп барады
10:50 04.08.2022
639
Жаңатілекте мешіт ашылды
10:49 04.08.2022
565
Суармалы жердің берекесі мол
10:47 04.08.2022
586
Қор қаражатына несие жабылмайды
10:45 04.08.2022
592
Самокаттарға талапты қатаңдату керек пе?
10:41 04.08.2022
562
Мұрагерге жинақты алуға бола ма?
10:39 04.08.2022
572
Балалар бағына саяхат
10:37 04.08.2022
539
Өнерде шекара жоқ
10:34 04.08.2022
565
Алтын аға
10:30 04.08.2022
615
Балабақшалар қалай бақыланады?
10:28 04.08.2022
628
Әнші арманы
09:57 02.08.2022
638
«Мектепке жол» акциясы басталды
09:54 02.08.2022
819
Жол жабылмайды
09:52 02.08.2022
622
Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет
09:49 02.08.2022
651
Пәтер кезегін себепсіз жылжытқан
09:47 02.08.2022
632
Денсаулық пойызы келді
09:45 02.08.2022
650
Роза Бағланова жайында не білеміз? Ән әлемінің жарық жұлдызы, сопрано үнді ән падишасы, қазақ эстрадасының алғашқы қарлығашы, қазақ елін дүние жүзіне таныстырып, паш еткен, аңыз адам, ұлт мақтанышы Роза Тәжібайқызының туғанына биыл 100 жыл толып отыр.
Розаның азан шақырып қойған аты - Үрбибі (бұл есімді немересіне сыйлаған екен). Розаның әжесі де, шешесі де әнші болған. Роза Тәжібайқызы Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген. Қазалыда №67 мектепте (қазіргі №420 мектеп) оқыған. Қазалыда Розаның мұражайы бар, көше аты берілген. Облыс орталығындағы педагогикалық институтта оқыған. Ғұмырының 70 жылдан астам алтын уақытын киелі сахнаға, қасиетті ән өнеріне арнаған қазақ қызы Кеңес одағы халықтарының тілінде, сонымен бірге чех, швед, венгер, қытай, моңғол, корей, үнді, жалпы саны 25 тілде ән шырқаған. Әлемнің 54 елінде болып, 4 мемлекеттің «Халық әртісі» атағына ие болған, шетелдіктер Розаны қызғалдақ гүліне теңеген. Роза Тәжібайқызының орындауындағы «Домбыра», «Сәулем-ай», «Кел, біздің ауылға», «Әлі есімде», «Ақмаңдайлым», «Ақсұңқарым», «Ақтамақ», «Асыл арман», «Аялап тербеткен», «Әдемі-ау», «Іңкәрім», «Ах, Самара городок», «Танцуй, танцуй» т.б. әндерін халық әлі күнге сүйіп тыңдайды. Роза Тәжібайқызы Ұлы Отан соғысы жылдарында, майданның алғы шебінде, оқ пен оттың ортасында тұрып ән салып, жауынгерлердің рухын көтеріп, жеңіске жігерлендірген. Берлинде, Жеңіс күніне арналған концертке қатысқан. Ташкент филармониясында мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде әнші болған. 1946 жылы өткен эстрада әншілерінің Бүкілодақтық байқауының дипломанты; 1949 жылы Бухаресте өткен екінші халықаралық фестивальдің лауреаты; 1960 жылдан «Қазақконцертте» әншілік қызмет атқарған. Ақын Бәкір Тәжібайдың Роза Тәжібай-қызының өнері туралы жазған кітабы «Қазақстан» баспасынан 1969 жылы шықты. Ал өмірбаяндық кітабын Роза Тәжібайқызы өзі жазған. Роза Тәжібайқызы жайлы кітаптар, поэмалар жазылды, фильмдер түсірілді. Есімі «Кімнің кім екені» (Кто есть кто) ағылшын-америкалық энциклопедиясының «Әлем әйелдері» жайлы алғашқы санына енді. Соғыс жылдарында ән өнеріндегі жанқиярлық еңбегі үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, кейін «Еңбек Қызыл ту», «Халықтар достығы», «Шапағат» медальдарымен марапатталған, «Тарлан» сыйлығының иегері. Роза Тәжібайқызы кеңес одағының кезеңінде Ленин орденімен марапатталса, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін «Халық Қаһарманы» атағымен бірге кеудесіне «Алтын жұлдызды» тақты. «Халық Қаһарманы» атағына ие болған Қазақстандағы жалғыз әнші. Ол туралы «Первая роза», «Ах, Самара городок» атты деректі фильмдер түсірілді. Бүгінде Роза Бағланова атындағы қоғамдық қор бар. Әншінің өзі 1996 жылы «Алтын сақа» қайырымдылық қорын ашты, жетім балаларға, мүгедектерге қайырымдылық көмек көрсетті. Қазақтың қаһарманы, қазақ елінің өнер жұлдызы, күміс көмей әнші Роза Тәжібайқызының 100 жылдық мерейтойына орай Елордадағы ұлттық мұражайда «Ән өнерінің падишасы» атты көрме ашылды. Елорданың Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның эстрада әншілерінің қатысуымен «Айналайын халқымнан еркелеткен» атты концерт өтті. «Хабар» арнасы Роза Тәжібайқызының өмірі мен шығармашылығына арнап «Бұлбұл» атты телехикая түсірді. Елордада Ххалықаралық вокалдық байқау өткізу жоспарланды. Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қызылорда, Алматы, Мәскеу қалаларында мерейтойлық концерттер өткізілмекші. ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб пәтерінде Роза Тәжібайқызының 100 жылдығы аталып өтеді. Қазақ ұлтының мақтанышы, ұлттық өнеріміздің асыл тәжі, ұрпақ мерейі, ата-бабамыздың қасиетті мұрасын қастерлеп, дәріптеп, дүние жүзіне паш етіп, насихаттап, ұрпағына аманат етіп тапсырған Роза Тәжібайқызын біздің өнерлі өңіріміз де еске алып, дәріптеп, халықты Роза айтқан әндермен сусындатып, ән кешін ұйымдастырса, нұр үстіне-нұр болар еді.
Павлодар облыстық «Saryarqa samaly» газетінде «Бір суреттің тарихы» атты жоба жарыққа шыққан болатын. Оған жеке мұрағатымызда сақталған жәдігер-сирек кездесетін сурет болса, шағын ақпаратпен газетке жолдау керектігі жазылған еді. Менің 1929 жылғы үлкен ағам Қайриден Хамзаұлы 1950-1953 жылдары Қиыр Шығыста жалпыға бірдей әскери міндетін өтеп келген екен. Кейін естігенім, әскери бөлімде Роза Бағланованың концерті өтіпті. Концерт аяқталғаннан кейін әнші өзінің кішкене суретін естелік ретінде солдаттарға таратса керек. Сол суретті ағам өзімен бірге үйге ала келіпті. Кішкене ғана суреттің сол жақ шетінде: «Дипломат Всесоюзного конкурса мастеров эстрады Роза Бағланова» деп жазылыпты. Бұл атақты алған жыл - әншінің өмірдерегіне жүгінсек, 1946 жылға келіп тұр. Ташкент филармониясында әнші болған кезең. Ал оң жақ шетінде «фото Искандера» делінген. Суреттің сыртында «Тираж 9 тыс. Цена 76 коп. Алма-Ата, 1948 год» деген төрт бұрышты мөр басылған. Міне, бұл суреттің түсірілгеніне биыл 74 жыл. Ал мен болсам 73 мүшел жаста жүрмін. Ағам өмірден ерте озған еді. Маған сыйлап кеткен естелігі ғой деп, әлі күнге дейін сақтап келемін. Сол кездегі қағаздың сапасына таңқаламын. Шетіне желім жағып, сурет дәптерге бекітілген жері ғана біраз сарғайыпты, ал сурет жарқырап тұр. Бұл сурет – «Халық перзенті Роза Бағланова» кітап-альбомында жарық көрген екен. Бұл суреттің тұпнұсқасын Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай, Елордадағы ұлттық мұражайға табыс етемін.
Соғыстан кейінгі кезеңде «теледидар» деген сөзді естімедік те. Ал, радио бір ауылда біреу – біздің үйде ғана болды. Әкем Қашырдың базарына барып жүріп, қолға түсіріпті, бір малға айырбастап алса керек, үлкен, шамамен 60х30см, беті сары жылтыр материалмен қапталған болатын. Әкем оны жоғары, бұрышқа, тақтай сөреге орнатып берді. Содан, жақсы болды, ауылдың бүкіл балалары қызықтап, таңертеңнен кешке дейін радио тыңдаймыз. Біз ес білгенде – үш әнші ғана болатын – Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова және Роза Бағланова ән айтатын. Ең алғаш естігенімде Роза Бағланова: «Сталин қайда болса – жеңіс сонда, жеңіс сонда, жеңіс сонда» - деп ән айтатын. Кейін, біраз уақыт өткен соң: «Партия қайда болса – жеңіс сонда, жеңіс сонда, жеңіс сонда!» - дейтін болды. Сөйтсек, Сталин «марқұм» болған екен. Менен үш жас кіші інім Жасұлан, үйдің кенжесі, «Жаңа Аттаныс» ауылының еркесі, өте қияңқы болды. Ән ұнаса керек, менен сұрайды: «Кім өлең айтып жатыр?»-деп. Мен: «Роза Бағланова» - деймін. «Мен онда оны көруім керек», - дейді. «Қалай көресің? - деймін, ол үндемейді. Бір күні үйде кісі жоқта, ебін тауып: «Ішіндегі өлең айтып жатқандарды көрем»-деп, қайшымен радионың бетіндегі шүберекті қиып, алып тастапты. Содан кейін радио сөйлемей қалды. Сымдары қиылып қалды ма, білмеймін. Балалар: «Розаны көрдің бе?» - деп, інімді мазақтайтын. Кішкене сәбидің жүрегін жаулаған ән құдіретін, әншінің кереметін айтсаңшы!
Мен де Роза Бағланованың орындаған әндерін сүйіп, тыңдап өстім. Мұны орыс халқы: «Таланты и поклонники» дейді. Розаны мен «Күміс көмекей әнші» дер едім. Өйткені, аузын ашса болды, сыңғырлаған таза ән өзінен-өзі төгіліп тұратын. Әннің сөзін жазған ақынның, әнді шығарған композитордың мерейін үстем етіп, әлемге паш ететін қасиетті, киелі дауысты Әнші еді ғой! Біздің данышпан халқымыз: «Жақсы ән - жан азығы», «Ән - көңілдің ажары» десе, Ұлы Абай атамыз: «Құлақтан кіріп, бойды алар, әсем ән мен тәтті күй, әнді сүйсең-менше сүй!» - демеп пе еді?! Өйткені, жақсы ән - жалғыздықтан, әділетсіздіктен, ауру-сырқаудан қайғырып жапа шеккен адамның жан - дүниесін тазартады, керемет бір күш-қуат беріп, рухтандырады, көңіл-күйін жайландырады. Мен осындай кездерде үнтаспаға жазып алған Құрманғазының «Сарыарқасын», Секен Тұрысбековтің «Көңіл толқынын,» Шәмші Қалдаяқовтың әндерін, Роза Бағланованың орындаған әндерін тыңдап, бір жасап қаламын. Өйткені, «Әсем ән мен тәтті күй»-адамның жан-жарасын жазады. Бұған дәлел – Шығыс медицинасының дәстүрлі емес халық емшілерінің кейбірі сырқаттарын әнмен, музыкамен де емдейді. Біздің оқушы кезімізде сол кездегі астанамыз Алматыдан М.Әуезов атындағы драма театрының әртістері мен «Қазақ концерт» әншілері жиі келіп, ауыл еңбеккерлерінің алдында өнер көрсететін. 1966 жылы Роза Бағланова Ұлы Отан соғысының Батыры Серікбай Мүткенов ауылына келіп, дәл қазіргі мәдениет үйінде концерт берді. Мен сол жылы 8-сыныпта оқитын едім. Осыдан кейін де Роза Тәжібайқызы біздің ауданға бірнеше рет келіп, өнер көрсетті. Алматыда оқығанда Роза Бағланованың концертіне жиі баратынмын. 2002 жылы Роза Тәжібайқызы халықтың сұрауы бойынша Ертіс ауданына келіп, концертін берді. Фотоаппаратымды алып мен де бардым. Сол кезде «Ертіс нұры» газетінде қызмет істеген едім. Роза Тәжібайқызы ән айтып жүріп сахнадан түсіп, қол алысып, көрерменмен қауышты. Осы қайталанбас сәттерді қалт жібермей, халықтың өтініші бойынша суретке түсіріп тұрдым. Концерт аяқталғаннан кейін зиялы қауым өкілдері өтініш білдіріп, Роза Тәжібайқызымен естелік суретке түсті. Бұл сурет ақын-жазушы Мүбәрак Жаманбалиновтың «Әйгілі аудан - Ертісім» кітабына басылып шықты. Бұл әншінің біздің аймаққа келген соңғы сапары еді.
Бақытжамал ХАМЗАҚЫЗЫ, ардагер ұстаз, өлкетанушы, Ақтоғай ауданы.
Жас таланттар шоғырланды
10:36 16.08.2022
97
Арнайы аймақта - ауқымды жобалар
10:34 16.08.2022
92
Абай жолын ұлықтаған академик
10:30 16.08.2022
99
Ақ желеңділер тапшы
10:26 16.08.2022
125
Көмір бағасы қолжетімді
10:25 16.08.2022
91
Қала жолдары қарқынды жөнделуде
10:23 16.08.2022
96
Әдепсіз әншілер сахнадан шеттетіле ме?
10:21 16.08.2022
93
Сарыарқа самалы, 16 тамыз, сейсенбі
10:20 16.08.2022
104
Кәсіптік білімнің болашағы зор
09:09 13.08.2022
205
Киелі өнердің майталманы
09:05 13.08.2022
227
Қатерлі ісік азаймай тұр
08:59 13.08.2022
252
Абай тағылымы
08:58 13.08.2022
209
Сараланған тариф енгізіледі
08:56 13.08.2022
197
Сарыарқа самалы, 13 тамыз, сенбі
08:53 13.08.2022
221
Жаңа оқу жылына әзірлік
08:02 13.08.2022
241
Құрылысшы - мәртебелі мамандық
08:01 12.08.2022
246
Әр сөзі - тұнған шежіре
10:09 11.08.2022
303
Аспан перзенті
10:07 11.08.2022
298
«Өкпеұлы Кәрімтайдың ғибратты ғұмыры»
10:05 11.08.2022
307
Абай күні аталып өтті
10:04 11.08.2022
329
«Завод» сериалы түсірілуде
10:01 11.08.2022
303
Ауладағы қуаныш
09:58 11.08.2022
293
Білім. Еңбекқорлық. Өзгеше ойлау
09:56 11.08.2022
322
Энергетикалық сусынға тыйым салу қажет пе?
09:52 11.08.2022
321
«Мектепке жол» қалай өтуде?
09:49 11.08.2022
301
Техника жаңартуға таптырмас мүмкіндік
09:43 11.08.2022
340
Шаруалар шабындыққа шалғы салды
09:40 11.08.2022
326
Абай сөзі - әдебиет өлшемі
10:24 09.08.2022
416
Білікті мамандар тапшы
10:21 09.08.2022
402
Бір жабылып, бір ашылған «Әлем»
10:20 09.08.2022
398
Баспана – басты байлық
10:18 09.08.2022
391
«Бейсен және Болмыс»
10:14 09.08.2022
414
Екеудің көрмесі
10:11 09.08.2022
395
Мектеп жәрмеңкесі жалғасады
10:09 09.08.2022
412
Аймақтағы ахуал тұрақты
08:56 06.08.2022
495
Сарыарқа самалы, 6 тамыз, сенбі
08:36 06.08.2022
538
Саназардың теңіз аттары
08:13 06.08.2022
490
Медиация мақсаты - бітімгершілік
08:10 06.08.2022
543
Жолдарымыз жаңарып, аумақтар тазаруда
08:09 06.08.2022
512
Мектепке дайындық қанша тұрады?
08:07 06.08.2022
487
Әлемді әнмен Тербеткен
08:03 06.08.2022
535
Педагогтар не базына айтады?
08:01 06.08.2022
498
Өкпе ауруы дендеп тұр
08:00 06.08.2022
507
Қандай мультфильм көріп жүрміз?
10:51 04.08.2022
579
Интернет алаяқтары көбейіп барады
10:50 04.08.2022
639
Жаңатілекте мешіт ашылды
10:49 04.08.2022
565
Суармалы жердің берекесі мол
10:47 04.08.2022
586
Қор қаражатына несие жабылмайды
10:45 04.08.2022
592
Самокаттарға талапты қатаңдату керек пе?
10:41 04.08.2022
562
Мұрагерге жинақты алуға бола ма?
10:39 04.08.2022
572
Балалар бағына саяхат
10:37 04.08.2022
539
Өнерде шекара жоқ
10:34 04.08.2022
565
Алтын аға
10:30 04.08.2022
615
Балабақшалар қалай бақыланады?
10:28 04.08.2022
628
Әнші арманы
09:57 02.08.2022
638
«Мектепке жол» акциясы басталды
09:54 02.08.2022
819
Жол жабылмайды
09:52 02.08.2022
622
Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет
09:49 02.08.2022
651
Пәтер кезегін себепсіз жылжытқан
09:47 02.08.2022
632
Денсаулық пойызы келді
09:45 02.08.2022
650