Үлгілі «Баян сұлу»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Үлгілі «Баян сұлу»  27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»

Би өнерінде қамалын берік орнатып, ұлттық бидің қанатын кеңге жаюды мақсат еткен «Баян сұлу» үлгілі би ұжымының орны бөлек. Халқымыздың бойындағы кербездік, ұяңдық, ибалылық сияқты ұлт мінезінің айқын бейнесін би өнерімен танытып жүрген ұжымның жетістіктері – өңірімізге белгілі халықаралық би байқауларының лауреаты әрі жетекшісі Көкенай Айтмаханованың сан жылдық еңбегінің нәтижесі.

Сонау 1987 жылы Баянауыл аудандық мәдениет үйінде «Баян сұлу» би ұжымын құрған Көкенай Айтмаханова еді. Мәдениет саласында ұзақ жылдар бойы тер төккен хореограф репертуардың сан түрлілігімен халықты тәнті етіп келеді. Ол 1984 жылы мектепті аяқтаған соң, Ермак (қазіргі Ақсу қаласы) мәдениет ағарту училищесіне оқуға түсіп, толық курсты 1987 жылы хореография, көркемөнер коллек-тивінің басқарушысы мамандығы бойынша үздік тәмамдады. Оқуды аяқтаған соң, бірден Баянауыл аудандық мәдениет үйіне аталмыш мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, кәсіби біліктілігінің арқасында «Баян сұлу» би ұжымын құрды. Қазіргі таңда Баянауылдағы мерекелік кештердің барлығы дерлік ұжымның би қойылымынсыз өтпейді десек, артық болмас. Көкенай Айтмаханованың айтуынша, ұжым құрылғаннан кейін іріктеу жасалып, «Баян сұлу» би ұжымының алғашқы құрамында Гауhар Маханова, Айтолқын Тезекбаева, Нұрила Шақпақбаева, Айымгүл Найманова сынды арулар қабылданған. Алғаш сахнаға «Тау желі» биімен шыққан ұжымның репертуары бүгінде молая түскен. Қазіргі кезде 50-ден астам би қойылымдары бар.

- Жалпы, 1990 жылдар қиындықсыз болмады. Би ұжымы үшін сахналық аяқ   киім, көйлектердің жетіспеушілігі болатын. Ол кездері қазіргідей мәдениет саласына қаражат бөлінбейтін. Десе де, би саласындағы дарынды, жалынды шәкірттер мен ата-аналар қолдауының нәтижесінде бұл қиындықтарды еңсеріп өттік, - деп еске алады К.Айтмаханова. Себебі, би ұжымындағы балалар үшін қолдау үлкен маңызға ие. «Баян сұлу» үлгілі би ұжымының ата-аналарына ерекше алғысын да білдірді. Өнер ұжымы талай додаларда бақ сынады. Павлодар облысының намысын қорғап, Бурабай демалыс аймағында өткен «Burabai Summer Fest» Халықаралық жасөспірімдер фестивалінде үздік атанды. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚР Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатымен марапатталып, ұжым жетекшісі Көкенай Айтмаханова құрметке бөленді. Одан өзге, Халықаралық балалар және жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған «Новая звезда» байқауында 2 аталым бойынша бақ сынап, ұжымның жоғарғы тобы жүлделі 2-орынды иеленді. Республикалық «Ақ толқын» балалар би байқауында ұжымның кіші тобы жеңіс тұғырын бағындырды. Халықаралық «Звездный танец» байқауында орта және кіші топтың шәкіттері 1-орынмен қанжығаны молайтты. «Alash star» VII Халықаралық онлайн байқауда ұжымның кіші тобы үздіктер қатарына енді. Көкенай Василийқызы әлі де шәкірттерімен бірге сахнада мың бұрала би билейді. Өмірлік ұстанымы, физикалық бітімі, қайраты мен жігерінің таусылмағандығы – өнерге, оның ішінде мамандыққа деген адалдығы. Бүгінде ол ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. «Абай салған дара жол» атты Халықаралық өнер және білім байқауында кәсібилігімен танылып жүрген хореограф «Ұлық ұстаз», оған қоса шәкірттерінің жоғары шеберліктері үшін «Үздік жетекші» атағын иеленді. Сонымен қатар, «Жарқын болашақ» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Үздік педагог – 2020» байқауындағы жұмысы үздік деп танылды. Осы уақыт ішінен би ұжымынан 100-ден аса түлек ұшқан екен. Тіпті, шәкірті Гүлден Әжібекова ұстазының жолын қуып, хореография мамандығын таңдаған. Гүлден Баянауыл ауданындағы өнер мектебінде биден сабақ жүргізіп, шәкірт тәрбиелеу үстінде. Көкенай Василийқызы мәдениет саласында 34 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Өзіңе жүктелген міндетті жүйелі түрде атқарып, репертуарында өзге ұлттың билерінен бөлек қазақ биінің тарихы мен көркемдігін насихаттап жүр. Келешекте де «Баян сұлу» үлгілі би ұжымынан талантты, қоюшы хореографтардың орнын басатын бишілердің түлеп ұшатындығына сенім білдіреміз.

 

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

 


Количество показов: 609

Возврат к списку