Ұлтты ұйытқан ұлы көш

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Ұлтты ұйытқан ұлы көш 16.12.2021

Ұлтты ұйытқан ұлы көш

Қазақта «Елге ел қосылса, құт» деген жақсы нақыл бар. Міне, осы ұғымның қандай құдіретті екенін еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін сезінгендей болдық. Себебі, сол уақытқа дейін жырақта ғұмыр кешкен бір миллионнан астам қандасымыз өз елінен орын тауып, Қазақ елі құтты мекенге айналды. Тәуелсіздік алған жылы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шеттегі қандастарға ақ сәлемін жолдап, елге келуге шақырған болатын. Алғашқы көштің легімен Атажұртқа жеткендердің бірі – Қазақстан және Моңғолия Жазушылар одағының мүшесі Ақын Алақанұлы еді. Ол Алтайдың арғы бетінен, Қобда өзенінің жағасынан аттанып, көш тізгінін Ертіс жағасына келіп бір-ақ тартты.

- Ақын аға, Қазақ елі Тәуелсіздік алды деген қуанышты хабарды естіген сәтіңіз әлі есіңізде болар...

- Әрине, бұл - қанша жыл жылжып өтсе де, жадымыздан жырақта-
майтын, ұмытылмайтын ерекше сәт. Себебі, Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет болуы дүниежүзіндегі иісі қазақ баласының аңсап күткен арманы болатын. Бұл – жер бетіндегі қазақ баласының тағдырына елеулі өзгеріс енгізген ерекше қасиетті оқиға. 1990 жылдардың басында Балтық теңізі жағалауындағы елдер Кеңес Одағынан бөлінеді екен деген хабар тарап жатты. Осыған біз де ерекше елеңдеп, құлақ түріп отырдық. Себебі, олар жеке мемлекет болып кетсе, Кеңес Одағының іргесі сөгіле бастайтынына біздің де көзіміз жеткен болатын. Шынымен көп кешікпей, Латвия, Литва, Эстония елдері Тәуелсіздігін жариялаған соң ұлы өзгеріс басталып кетті. Сол кезде екі адамның басы қосылса Қазақстан туралы әңгіме айтылатын. Сөйтіп жүргенде Кеңес Одағы ыдырап, жылдың соңында, 1991 жылдың желтоқсан айында Қазақстан елі Тәуелсіздік алып, жеке мемлекет болды деген ақжолтай хабар жетті. Содан кейінгі әңгіменің ауаны көші-қонға ойысты.

- Көші-қон жұмысы қалай ұйымдастырылды?

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетте жүрген барлық қазақтарға хат жолдап, елге шақырды. Елбасының сол хаты біздің қолымызға да жетті. Бірден көшуге қамдандық. Бірақ, Моңғолиядағы қазақтардың барлығының пікірі бір жерден шықпады. Бір бөлігі алды-артымызға қарамай кетейік десе, енді бір тобы әліптің артын бағайық, кейінгі жағдайымыз не болар деген оймен қарайлап қалды. Сол алдыңғы топтың ішінде біз де болдық. 1992 жылдың 9 маусымында жолға шығып, 12 маусымда Атажұрттың топырағына табанымыз тиді. Бірден Аққулы ауданының Бесқарағай ауылына келіп қоныстандық. Сол кезде елге үгіт-насихат жүргізіп, көші-қон жұмысын ұйымдастыруда Аятхан Тұрысбекұлы, Сағат Зақанқызы сынды азаматтардың еңбегі ерен. Негізінен, алдымен Моңғолияның ішкі аймақтарындағы қазақтарды көптеп көшіруге әрекет етті. ҚР Еңбек министрлігімен келісімшарт жасасып, үлкен жүк көліктері мен жолаушылар автобустары шығарылды. Сонда Баян-Өлгейден күніне жүк артқан бірнеше «КамАЗ» машинасы мен бірнеше автобус шығатын. Сонымен қатар, күн сайын Қазақстанның ұшағы қонып, адамдарды алып кетіп жатты. Біздің Қазақ жеріне көшіп келгенімізге 29 жыл болды. Осы уақытта отауымыз үлкен ордаға айналып, өсіп-өндік. Бүгінде бала-шағамыз бен немерелеріміздің ортасында бақытты ғұмыр кешіп жатырмыз. Жалпы, қазақ үшін бұдан асқан бақ бар ма?! Әр күн сайын өз Отаныңның ауасымен тыныстап, өз еліңнің суын жұту – адамзат баласына бұйырған бақыттың ең зоры деп білемін.

- Бесқарағай жұрты сіздерді қалай қарсы алды?

- Бізді мұндағы ағайындар өте жылы қабылдады. Әр отбасына үй беріп, еңбекке жарамдыларын жұмысқа орналастырды. Екі-үш күннен кейін ауылдық мәдениет үйінде бізді қарсы алу рәсімін ұйымдастырып, оның соңы үлкен той-концертке ұласып кетті. Жергілікті халықтың бізге деген құрметі ерекше болды. Ауылдастар әрбір демалыс сайын бізді қонаққа шақырады. Тіпті, қонақ қылуға кезекке тұрып, алдын ала жазылып қоятындар да болған.

- Сіз елге көшіп келе сала бірден ауыл әкімі қызметіне сайланыпсыз. Жаңа жерде басшылық қызметті атқару қиын болған жоқ па?

- Алдымен совхоздың диспет-черлік басқару пультіне жұмысқа кірген болатынмын. Бір күні аудан әкімі Қадыр Әжімұратов ағамыз өзіне шақырды. Аман-саулықтан кейін: «Ақын, сен осы Бесқарағай ауылын басқарсаң» деген қолқа салды. Шыны керек, мен ол кісіден мұндай ұсыныс күтпеген едім. Басында «басшылық қызмет қиынға соғады» деп біраз тайсақтадым. Бірақ, келісуге тура келді. Негізі басында қорғалау, тосаңсу болды. Бірақ жергілікті халықтың қолдауының арқасында бәрін еңсердік. Ауыл әкімі ретінде орысымен де, немісімен де тіл табысып, қоян-қолтық жұмыс істедік.

- Бесқарағай ауылына қандай өзгеріс енгіздім деп ойлайсыз?

- Алдымен әкімшіліктің ішкі іс қағаздарын қазақшаладым. Қызметке тағайындала салысымен мектеп директоры, балабақша меңге-рушісі, аурухананың бас дәрігері, секілді басшылармен жеке-жеке кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдадым. Содан кейін тұрғындармен жиналыс өткізіп, олардың арыз-шағымдарына құлақ астым. Осылайша, бірінші кезекте қай бағытқа назар аударып, қандай мәселені шешу керек екенін айқындадым. Және содан нәтиже шығаруға тырыстым. Сонымен қатар, идеологиялық жұмыстарға да көңіл бөлдім. Ауыл тұрғындарымен жиналыс өткізгенде, мұғалімдермен және оқушылармен кездескенде тілімізді, дәстүрімізді дамыту жөнінде көп үгіт-насихат жүргіздік. Осылай бес жылымның қалай зыр етіп өте шыққанын да білмей қалыппын. Ал жұбайым мектепке мұғалім болып қабылданды. Ол кезде мектеп аралас деген аты ғана болмаса, сабақтар тұтас орыс тілінде жүргізілетін еді. Оқулықтар да жетіспейді. Мұға-лімдердің педагогикалық кеңесі, басқа да жиналыстардың бәрі орысша өтетін еді. Сондықтан, мектептің ішкі құрылымын қазақшаландыру жұмысын жүргіздік. Бес жылдан кейін өзімнің өтінішім бойынша жұмыстан шығып, облыстық статистика басқармасының Аққулы аудандық филиалына интервьюер болып кірістім. Менің міндетім – халықтың әлеуметтік жағдайына анализ жасап отыру. Ай сайын 30 үйді аралап, олардың кіріс-шығысын есептеп, орталыққа тапсырып отырдық. Бұл сол Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тапшылық кезеңде өте маңызды сала болып есептелген.

- Негізі, алғашқы кезеңде моңғолиялық қазақтарды Қазақ-станға еңбек күші ретінде алдырған екен. Оның соңы ұлы көшке ұласты. Сіз қандай мақсатта қоныс аударып едіңіз?

- Мен Моңғолияда жаман тұрған жоқпын. Айлығым шайлығыма жететін жұмыстар істеп, кең құлаш өмір сүрдік. Жергілікті халық та алақанына салып, құрмет тұтты. Бірақ, бойымдағы ұлттық намыс пен Атамекенге деген аңсарымнан соның барлығын тәрк еттім. Яғни, қызмет істеп табыс табу үшін емес, осында мәңгі қалып, ұрпағымның ешкімге жалтақтамай қазақ топырағында өсуін қаладым. Адамның жүрегінде өзінің тарихи Отанына деген құрмет пен сүйіспеншілік болса кез-келген қиындыққа төзеді екен. Иә, туған жерге деген сағыныш ешқашан сарқылмайды. Балдырған балалық шағым өткен, жастық дәуреніміздің куәсі болған мекен әлі күнге дейін көз алдымызда. Ең бір қуантарлығы, Қазақстан мен Моңғолияның қарым-қатынасында ешқандай мәселе
жоқ. Сондықтан, кез-келген уақытта туған жерге барып, артта қалған туыстардың амандық-саулығын сұрап келуге мүмкіндік бар.

- Ол жақта қандай қызметтер атқардыңыз?

- Баян-Өлгейге қайта оралып, аймақтық жылу-электр станция-сында еңбек жолымды бастап, бас инженер және жылу цехының бастығы лауазымдарына дейін жоғарыладым. Аталған мекемеде 11 жыл жұмыс істегеннен кейін, аймақтық жастар комитетінің бірінші хатшысы қызметіне шақырды. Бұл жерде 9 жыл еңбек етіп, аймақтық партия комитетіне ауыстым. Онда үш жыл кадр бөлімін басқарғаннан кейін аймақтық қазақ музыка-драма театрының басшысы қызметіне ұсынды. Себебі, сол кезде менің бірнеше пьесам театр сахнасында ойналған болатын. Осы жылдар ішінде көптеген шет мемлекеттерді араладым. Бір Мәскеудің өзіне алты мәрте, Алматыға бір рет бардым. Сонымен қатар, Венгрия, Германия, Чехославакия елдеріне жолым түсіпті. Мәскеуде 1985 жылы дүниежүзілік студенттердің XII фестивалінен ерекше әсермен оралдық. Фестивальдің ашылу салтанаты 110 мың адам сыятын үлкен стадионда болды. Барлығы 120 елден делегаттар келіпті, бір Моңғолияның өзінен 300 адам бардық.

- Енді әдебиетке ойыссақ, алғашқы шығармаларыңыз қалай өмірге келді?

- Мен бесінші сыныптан бастап өлең жаза бастадым. Алғашқы өлеңім «Көктемге» деген атаумен аймақтық «Жаңа талап» журналына жарыққа шықты.

- Мұз еріп, ызғар суық бірге

                                          кетті,

Орнына жүзі жарқын

                          көктем жетті.

Қиқулап оңтүстіктен

                              құстар келіп,

Маңайды сүйікті әнмен

                  бір тербетті, -
деп басталатын. Журналдың бас редакторы Арғынбай деген ағамыз оқып көріп, бірден ұнатты. Міне, осыдан кейін қолымнан қалам мен қағаз түскен емес. Менің әдебиетке келуім, шығармашылыққа бет бұруым осындай бір бала қиялдан туған балдырған жырдан басталады. Жалпы, біздің балалық шағымыз, күнделікті өміріміздің өзі әдебиетпен тікелей байланысты өтті деуге болады. Қазіргідей ойнап уақыт өткізетін ойыншық жоқ. Оның орнына кітап оқып, жыр-дастан-дарды жаттадық. Үлкендер біз секілді жастарға жыр-дастандар оқытып, тыңдау үшін арнайы жиналатын. «Алпамыс», «Қобыланды» «Ертарғын», «Қыз Жібек» дастандарын оқығанда қарт апаларымыз көздерін сығымдап жылап отыратын. Алғашқы кітабым 1970 жылдары «Менің анам» деген атаумен шықты. Одан кейін «Асулар» деген бір романым дүниеге келді. Ол романым осында келген соң қайта басылды.

- Тәуелсіз елдің әдебиетіне қандай үлес қостым деп ойлайсыз?

- Көші-қонға байланысты көп шығарма жаздым. Яғни, Атамекенге қоныс аударған этникалық қазақтардың өмір тағдыры менің талай шығармама арқау болды. Неге десеңіз, бір елден екінші елге қоныс аударып келген адамдардың ішкі психологиясында, жан дүниесінде өте үлкен өзгерістер пайда болады екен. Түсінген адамға - оның жаңа ортаға дағдылануы, тұрмыс-тірші-лігін түзеп, аяққа тұрып кетуінің бәрі үлкен мәселе. Осы бағытта жазылған әңгімелердің басын қосып, «Сағыныш» және «Қара сай мен қызыл сай» кітаптарын шығардым. Одан кейін Тәуелсіздік тақырыбына да бірқатар әңгімем жарыққа шықты.

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан – Тілеуберді САХАБА.

 


Количество показов: 1031

Возврат к списку