Мұғалім –мектептің жүрегі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Мұғалім –мектептің жүрегі 02.10.2021

Мұғалім –мектептің жүрегі

«Достық үйінде» мектептің жүрегі саналатын мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов құрметті мамандықтың майталмандарын төл мерекелерімен құттықтап, үздік педагогтарды марапаттады.

Алдымен жиынға қатысқан педагогикалық еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Әбілқайыр Сқақов өңірдің білім беру саласындағы ұстаздардың еңбегі өлшеусіз екенін атап өтті. Білім беру жүйесін және оған қатысты барлық салаларға инвестиция салу жалғасатынын айтты. Сонымен қатар, ол ауылдық жерлердегі жас мұғалімдер үшін 1 миллион теңгеге тұрғын үй сертификаттарын немесе гранттар беру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Егер жыл сайын Павлодар облысында осындай 50 сертификат пен гранттар үлестірілсе, бұл жұмысын жаңадан бастаған мамандар үшін жақсы мотивация болады. Кездесуге қатысушылар аймақ басшысының бастамасын бірауыздан қолдады.

DSC05570.JPG

- Экономика мықты болуы үшін білімді азаматтар керек. Бұл отбасындағы тәрбиемен қатар, мектепте алған білімнің нәтижесінде беріледі. Павлодар облысы білім беру саласында үнемі үздіктер қатарында болуы - ұстаздар қауымының жеңісі, еңбегінің жемісі. Қажырлы еңбектеріңіз бен мамандыққа адалдықтарыңыз үшін, әсіресе, облыстың білім беру жүйесіне өлшеусіз үлес қосып, өскелең ұрпақты тәрбиелеген педагогикалық еңбек ардагерлеріне ерекше алғысымды білдіремін, - деді аймақ басшысы.

Ұстаздар қауымы өз мамандығына қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.

- Тоқсаныншы жылдары жұмыс істеу өте ауыр болды. Тәуелсіздік алған күннен бастап елімізде білім беру саласына зор көңіл бөлініп келеді. Бүгін қырық жылға жуық еңбегім еленіп, оқушыларымның жетістіктері лайықты бағаланып отырғанына ризамын. Еліміз одан әрі өркендей берсін, - дейді Солнечный кентінің №16 мектебінің математика мұғалімі Шолпан Жұбаева

Бұл күні шәкірттер тәрбиелеуде, олимпиада жеңімпаздарын даярлауда, оқу-әдістемелік құралдарын дайындауда үздік шыққан мұғалімдер, республикалық және халықаралық байқауларда облыс, ел намысын қорғап жүрген ұстаздар марапатталды.

Кәсіби қызметтегі жетістіктері үшін 9 үздік педагогқа «Облыстың білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі және 1000 айлық-есептік көрсеткіш (2,9 млн теңге) көлемінде сыйақы табысталды.

Білім беру саласы үздіктерінің бір тобына «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісі, облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттары тапсырылды. Сондай-ақ, «Жыл мұғалімі – 2021», «Жыл тәрбие-шісі – 2021» облыстық байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

 

Торғын ОРАЗАЛЫ.


Количество показов: 667

Возврат к списку