Мұқият зерттелуі тиіс

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

Мұқият зерттелуі тиіс 20.07.2021

Мұқият зерттелуі тиіс

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық комиссияның отырысына қатысты. Жергілікті тарихшылар мен қаламгерлердің және қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен жиынға қуғын-сүргінге ұшыраған Павлодар облысы тұрғындарының базасын қалыптастыру жөніндегі аралық нәтижелер талқыланды.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіруді тапсырғаны мәлім. Осыған орай Павлодар облысында аймақтық комиссия құрылып, оның құрамына әр түрлі бағыттағы бес топ енген еді.

- Біз комиссияны қалыптастырарда алдымызға жұмысқа қабілетті, білікті, жалпы қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін түсінетін, тынымсыз жұмыс істеуге дайын, тиісті іс-шараларды мұқият жүргізетін азаматтар құрамын таңдап, ұйымдастыру міндетін қойдық. Біздің ендігі міндетіміз – бұрын жабық болған немесе әлі күнге дейін белгісіз қалған деректерді жинап, ауылдарымызда қуғын-сүргін жүргізілген орындарды анықтау, іс жүзінде ақталмай қалған құрбандардың аты-жөндерін анықтау, - деді жиында Әбілқайыр Сқақов. Комиссия мүшелері өз жұмыстарының аралық нәтижелерімен бөлісті. Павлодар облысының мемлекеттік архивтерінде сақталған құжаттар талданғаннан кейін репрессия құрбандары туралы мәліметтерді қамтуы ықтимал 57 түрлі қор анықталды. Қазір ақпарат құзіретті қызметтердің ведомстволық мұрағаттарынан іздестіріліп жатыр.

- Бүгінгі күні Ертіс ауданының 4-ші учаскесінің халық соты 1920-1938 жылдарда шаруаларға қатысты жүргізген қылмыстық істер зерделенді. Олар №273 қорының құрамына кірген. Қордағы істер бойынша сотталған азаматтардың ақталғаны туралы мәліметтер жоқ. Павлодар округтік және облыстық соттарының қорларын зерттеу нәтижесінде 58-бап бойынша, Орталық атқарушы комите-тінің қаулысы және КСРО халық комиссариатының мүлікті қорғау жөніндегі қаулысы бойынша сотталып, ақталмай қалған 1010 адам анықталған. Сонымен қатар, РСФСР Қылмыстық кодексінің өзге баптары бойынша сотталғандардың 368-інің аты-жөні анықталды. Олар қосымша егжей-тегжейлі зерделеуді талап етеді, - деді облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова. Арнайы комиссия өкілдері Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқарма-сының ведомстволық мұрағатындағы құжаттарды өңдеуге кірісті. Онда НКВД «үштігі» соттаған адамдардың 3391 жеке істері сақталған. Сондай-ақ, Павлодар облысы полиция департаментінің арнайы мұрағатындағы жер аударылған түрлі ұлт өкілдерінің 9666 жеке ісі және үш қор зерттелуі тиіс. Отырыс барысында комиссия мүше-лері аймақ басшысына бірнеше ұсыныс жасады. Философия ғылымының кандидаты Амантай Құдабаев әріптестерінің назарын көптеген репрессияланған павлодарлықтарға қатысты мәліметтердің Алматыдағы архивте сақталғандығына аударып, бұл жайтты назардан тыс қалдыруға болмайтындығын айтты. Ал қаламгер Бейбіт Бөжен Павлодарда Алаш алаңын ашуды ұсынды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 


Количество показов: 247

Возврат к списку