Мәшһүр баба атын қойған

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Мәшһүр баба  атын қойған 07.10.2021

Мәшһүр баба атын қойған

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – өлмес рухы дүйім жұртты адамдық асқарына бағыттаған мәңгілік темірқазық. Осы өлкеде әулие бабамыз атын қойып, бата берген талай азамат өсіп-өнген екен. Олардың бәрі де еліне елеулі, айналасына сыйлы, мақтаулы ерлер болған. Солардың бірі – Баянауыл ауданы Торайғыр ауылының тумасы Ақжігіт Көпейұлы.

Мәшһүр Жүсіп бабамыз атын қойған азаматтардың ішінен ерекше атап айтатын себеп – Ақжігіт Көпейұлының дүниеге келетінін әулие Мәшһүр Жүсіп алдын ала білген және өз аталарының бірінің атын қойып, «Бабам тіріліп келді!» - деп қуанған екен. Олай дейтіні – әулие бабаның өз аталарының бірі Ақжігіт абыз болған. Мәшһүр атаның өмірлік жолдасы –
Рабиға Шегебайқызы Ақжігіт Көпейұлын бесікке салған көрінеді. Тарих парақтарын ақтарар болсақ, Ақжігіт Көпейұлының әкесі Көпей Мәшһүр Жүсіппен сыйлас, үзеңгілес дос болып, жақын араласқан. Көпей ата Мәшһүр ғұламаның анасы жерленген Шорабай ауылын мекен еткендіктен де ол шаңыраққа әулие баба жиі ат басын тірейтін көрінеді. 2 қазан күні Ескелдідегі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мемориалды музейінде «Мәшһүр баба атын қойып, Рабиға ана бесікке салған» атты экспозиция ашылды. Рухани іс-шараға Ақжігіт атаның ұлы Азамат Ақжігітұлы мұрындық болды. Салтанатты шара шымылдығын Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, айтыскер ақын Жұмкен Сейітов арнау жырымен ашты. Бұдан кейін Ақжігіт Көпейұлының жиен қарындасы, ішкі істер саласының ардагері Балқия Махметқызы, Ақжігіт Көпейұлының қызы - қолөнер шебері Қалампыр Ақжігітқызы, Торайғыр ауылында әріптесі болған ардагер Серік Мұқашев, қарт ұстаздар Шолпан Әбілғазина мен Зәуреш Ақантайқызы ескірмес естеліктер шертті.

- Әкем Баянауыл өңірінде өте сыйлы азамат болды. Әлі күнге дейін көзкөргендер анамыздың дастарханын, бал қымызының дәмін аузынан тастамайды. 1969 жылдың жазы әлі есімде. Біздің үйдің атшаптырым ауласына неше түрлі көліктер мен кісілер келіп тоқтап, ауламыз базарға айналды. Бұл Шәкен Айманов бастаған өнер саңлақтары еді. «Найзатас баурайында» фильмі түсірілгенде, ауыл жұртымен бірге табиғат аясына біз де бардық. Екі ортада шапқылап жүретінбіз. Өкініштісі, ол кезде кішкентай кезім болғандықтан, Шәкен Айманов пен Кәукен Кенжетаевтан басқа қонақтар есімде қалмапты, - деп естелік шерткен Қалампыр Ақжігітқызы мұражай басшысы – Мәшһүр Жүсіп шөбересі Әсет Пазыловқа өз қолынан шыққан көз жауын алатын құрақ көрпелерін сыйға тартты.

- Төрт қызы бар Көпей атамыз бір ұл балаға зар болып жүргенде, Мәшһүр Жүсіп әулие: «Тоғыз айдан соң шаңырағыңа ер бала келеді. Атын өзім қоямын», - деп, батасын бергенін үлкендерден естідік. Әулиенің айтқаны айнымай келіп, дүниеге ұл бала келгенде, ата-анасы Көпей мен Фатима дайындық жасап, сабаға қымыз жиып, құрт-ірімшік, сыбағасымен Мәшһүр Жүсіптің ауылына барады. Үй іші, туған-туыс осы оқиғаға орай әкеміз Ақжігітті «Мәшһүр ата берген бала» деп те атап кетіпті, - деп сыр шертті Ақжігіт Көпейұлының баласы Азамат Көпеев. Іс-шараның шарықтау шегі – Ақжігіт Көпейұлына арналған экспозицияның лентасын қию рәсімі көңіл толқытты. Себебі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шөбересі Әсет Қажымұқанұлы мен Ақжігіт Көпейұлының жиен немересі Әйгерім Қинаятқызы лентаны қиып, жабуды ашқанда ұрпақ сабақтастығының үзілмей, бабалар өнегесі мәңгілік жасайтынына куә болдық. Жиын соңында Ақжігіт Көпейұлының ұрпақтары дұға оқытып, ас берді.

 

О.АХМАДИЯ.

 


Количество показов: 820

Возврат к списку