«Мұсылманшылық – адамның әр ісінде...»

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023  293

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  451

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  367

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  367

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  336

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  424

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  417

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  398

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  509

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  414

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  354

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  308

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  374

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  381

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  465

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  674

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  588

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  430

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  422

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  640

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  427

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  721

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  1082

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  1042

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  1028

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  1033

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  1227

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  997

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  1017

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  975

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  1059

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  1032

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  816

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1146

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  1269

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  737

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  954

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  530

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  686

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  599

11 медаль!
11:05 24.01.2023  971

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  866

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  921

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  1002

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  1182

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  942

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  830

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  989

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  1031

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  929

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  3190

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2904

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2860

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  3158

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  3182

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  3295

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  3376

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2814

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2829

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  3136

04.03.2021

«Мұсылманшылық – адамның әр ісінде...»

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында: «Тоталитарлық кезеңде ұлттық құндылықтарымыздан, тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық. Оның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында халқымызға қайта оралды» деп атап өтті. Шынымен, Егемендікке қол жеткізген 30 жыл ішінде басқа саламен қатар, дін саласы да үлкен жетістіктерге жетті. Осы уақытта елімізде 2 мың 700-ден астам ғибадат үйі ашылыпты. Жалпы, бүгінгі ұрпақ кемел ұлт, қорғасындай салмақты мемлекет қалыптастыру жолында Ислам құндылықтары не береді? Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас қажы Бердімұратовпен осы сауалдар төңірегінде әңгіме өрбіткен едік. 

- Жолдас Қоспақұлы, өткен 30 жыл ішінде қазақ жерінде Ислам діні қандай биікке көтерілді? Әңгімемізді осыдан бастасақ... 
- Мемлекетіміз алғаш Тәуелсіздік алған жылдары елдің жағдайы қандай болғаны баршамызға аян. Міне, сол кездегі әлеуметтік күнкөріс деңгейі тым төмендеп тұрған халыққа асыл дініміз тіреу болды. Яғни, бір Аллаға деген сеніміміздің, болашаққа деген үлкен үміті-міздің арқасында ауыр сынақтан бірге өттік. Ал Егемендік алған 30 жылда асыл дінімізді насихаттау жолында ұлан-ғайыр жұмыс атқарылды. Соның арқасында халықтың рухы көтеріліп, діни білімі тереңдеді, бір Аллаға деген сенімі нығая түсті. Рухани жоқшылықтан келген ел жаппай Ислам дініне бет бұрып, Алланың ақ жолын тани бастады. Жер-жерде мешіттер бой көтеріп, медреселер ашылды. Әр қалада, әр елді мекенде азан үні естіліп, халықтың жүрегін жібітті. Сонымен қатар, халық исламның бес парызын орындауға бет бұрып, жағдайы келгендер қажылыққа бара бастады. Ұлттық салт-дәстүріміз қайта жаңғырып, өнеріміз бен мәдениетіміз қайтып оралды. Нақты статистикаға сүйенер болсақ, Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде елімізде 2 716-дан астам мешіт ашылған екен. Оған дейін қазақ жерінде небары 67 ғана ғибадат үйі болғаны тарихтан белгілі. Сонымен қатар, әр облыстан 9 медресе және 6 қарилар орталығы бой көтеріп, оларда бірнеше жүздеген шәкірт білім алуда. Ал, Павлодар облысы бойынша ол кезде бір мешіт қана болған екен. Ал бүгінгі күні ғибадат үйлеріміздің саны 100-ге жетіп қалды. Сонымен қатар, бір медресе және бір құран жаттау курсы жұмыс істеп тұр.
Дегенмен, Қазақстан – көп ұлттың басын қосып, көп конфессия өкілдерін бір арнада тоғыстырған зайырлы мемлекет екенін естен шығармау керек. Дін саласында «әттеген-ай» деген өкінішіміз де болды. Атап айтқанда, батыспен де, шығыспен де байланысымызды нығайтамыз деп «зиянды вирустарға» тоқтау сала алмай қалдық. Соның салдарынан бүлдіргі діни ағымдар кіріп алып, біраз азаматтарымызды улап кетті. Дегенмен, еліміздегі құзырлы органдар мен дін қызметкерлері бірлесіп әрекет жасау арқылы тоқтау қойылып жатыр.  
- Асыл дінімізді адам баласын осы дүниеде бақытты өмір сүруге жетелейтін ақиқат жолы деп түсі-неміз. Ал Ислам діні қазақ қоғамын қай жағынан өзгерте алды?
- Иә, дұрыс айтасың, Ислам дінінің негізгі өзегі адамзат баласын осы дүниеде бақытты өмір сүруге шақыру деп білеміз. Оның ішінде Отанды қорғау, ата-анаға қызмет көрсету, ағайынға қамқор болу, балаға тәрбие беру, жалпы адамзат баласына жақсылық жасау сынды сан алуан тарау бар. Біздің дініміз - ешқандай кемшіліксіз әрі кәміл дін. Исламның шарттарын бір жерде қолдануға болады немесе болмайды деуге келмейді. Біз оның асыл құндылықтарын тіршілігіміздің барлық саласында – үйде де, түзде де, ойда да, қырда да қолдана аламыз. Біз басымызға қандай бір қиындық келсе, дінмен қорғанамыз, біреуді дінмен қорғаймыз. Ислам - ненің бұрыс, ненің дұрыс екенін көрсетіп тұрған рухани даңғыл жол. Мұсылманшылық бес парызды орындаумен шектелмейді. Мұсылманшылық - адамның тұла бойынан, әр сөйлеген сөзінен, әр атқарған ісінен, ішкен тамағынан, киген киімінен көрініп тұратын нәрсе. Имани тазалық екі нәрседен тұрады. Біріншісі – жанның, екіншісі тәннің тазалығы. Яғни, барлығы жан тазалығынан басталады. Жаны кіршіксіз адамның тәні де дұрыс деген сөз. Қазақта: «Алладан қорықпағаннан қорық» деген сөз бар. Ондай жаннан бәрін күтуге болады. Алладан қорықпайтындар адамнан да, заңнан да қорықпайды. Мысалы,  адамдарды алдау, арбау, ата-анаға қарсы келу, ағайынға қиянат көрсету, ұрпағы алдындағы міндетін жалтару, Отанды сату, мемлекеттің мүлкіне қол салу. Осының барлығы Алладан қорықпайтын адамнан шығады. Біздің бабаларымыз балаларын үш ауыз сөзбен тәрбиеледі. Ол – обал болады, ұят болады және сауап болады. Міне, шариғатпен ұштасқан қазақы тәрбиенің осы үш ұғымы санаға мықтап орныққан жағдайда жоғарыдағы келеңсіздіктердің бірі де болмас еді. Міне, Ислам дінінің осындай құндылықтары қазақ қоғамының жаппай ізгіленуіне үлкен септігін тигізді деп айта аламыз.
- Мешіт қызметкерлері қайырым-дылық жасау мәдениетін оң жолға қойды. Әртүрлі қайырымдылық шаралары арқылы қаншама 
мұқтаж жанға баспана сыйлады.  Бұл мешіттердің де жамағатпен етене жақын екенін білдіреді емес пе? 
- Мешіт сөзін арабшадан аударғанда «сәжде ететін орын» дегенді білдіреді. Қазір біз халыққа «ихсан» ұғымын түсіндіріп жатырмыз. Бұл адам Аллаға құлшылық ету кезінде Жаратушының алдында тұрғандай сезінуі керек дегенді білдіреді. Яғни, адам баласы жаратушыны көрмесе де, Алла оны көріп тұр деген сенімді жүрекке орнықтырады. Мұндай дүниелердің барлығы тек мешіттерде ғана айтылатынын білесіздер. Сонымен қатар, мешіт имамдары тек дін шариғатын ғана емес, ата-баба дәстүрін, ата-анаға деген сыйластықты, жақынға деген жанашырлықты, адамзат баласына ортақ құндылықтарды үгіттейді. 
- Дегенмен, мешітке келуден немесе баласын жіберуден қорқа-тындар әлі де бар...
- Қазір өкінішке орай мешітке келуден, имаммен жүзбе-жүз тілдесуден сескенетіндер бар. Балаларын жіберуден қорқатындар көп. Негізі, мұндай қате түсініктен әлдеқашан арылуымыз керек еді. Егер мешіттерге кәміл сенетін болсақ, ғибадат үйін өз үйіміздей көретін болсақ, жастардың жат ағымға еріп кетуі сынды жағдайлар тіркелмес еді. Бірақ, баламызды басқа жағымсыз әрекетке шақыратын, жамандыққа бойын үйретіп, ойын бұзатын жерлерге баруға тыйым салмаймыз. Міне, біздің басты кемшілігіміз осы болып отыр. Баласын мешітке жіберейін десе, басқа ағымға түсіп кетеді деп қорқатын адам әлі көп. Мұндай адамдарға айтарымыз, имамдар мешітке келген әр адамға асыл дінді Құран жолымен, Пайғамбар сүннетімен ғана үйретеді. Діни білімін жетілдіріп, сенім, ғибадат ғылымы бойынша білімдерін жетілдіреді. Яғни, заманауи тілмен айтқанда, келген жастардың жүрегіне «антивирус» қойып тастайды. Ондай адам сырттан жасалған шабуылға бой алдырмайды, теріс үгіт-насихатқа бірден сеніп кетпейді. Ал сырттан оқып, интернеттен үйренеміз деп, санасын улап, жүрегін ластап келген адамды «тазарту» өте қиын. Жалпы, халықтың мешітке деген көзқарасын дұрыстау үшін Алла үйінің беделін арттырып, дін қызметкерлері туралы жақсы сөздер айтылуы керек. Сонымен қатар, имамдар да келген жамағатпен ғана шектелмей, оқу орындарымен, мектептермен тығыз байланыс орнатып, жастарды шақыру қажет.
- Қазақстан Мұсылмандары  діни басқармасы ел Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай қандай жұмыстар атқармақ? 
- ҚМДБ ел Тәуелсіздігінің биылғы мерейтойына орай әртүрлі конференциялар мен семинарлар ұйымдастырады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, танымал дін ғалымдарының кітабын шығару, мұқтаж жандарға пәтерлер беру сынды қайырымдылық жобасы да жалғасын таппақ. Былтыр діни басқарманың 30 жылдығына орай ел көлеміндегі аса мұқтаж адамдарға 142 пәтер берілді. Павлодар облысында да бірнеше отбасы баспаналы болды. Міне, сол игі шаралар биыл да жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларынан шыққан үздік студенттердің оқу ақысын төлеу, шәкіртақы тағайындау сынды игі жұмыстар қолға алынады. 
- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан – Тілеуберді САХАБА.


Количество показов: 419

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023  293

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  451

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  367

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  367

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  336

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  424

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  417

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  398

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  509

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  414

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  354

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  308

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  374

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  381

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  465

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  674

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  588

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  430

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  422

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  640

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  427

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  721

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  1082

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  1042

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  1028

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  1033

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  1227

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  997

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  1017

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  975

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  1059

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  1032

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  816

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1146

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  1269

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  737

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  954

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  530

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  686

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  599

11 медаль!
11:05 24.01.2023  971

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  866

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  921

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  1002

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  1182

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  942

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  830

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  989

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  1031

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  929

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  3190

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2904

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2860

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  3158

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  3182

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  3295

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  3376

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2814

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2829

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  3136