Май ауданының әкімі ауысты

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Май ауданының әкімі ауысты 25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жергілікті активке Май ауданының әкімі болып тағайындалған Ағыбай Әміринді таныстырды. Аталмыш ауданды екі жылдан астам уақыт басқарған Марат Ақтаевқа атқарған еңбегі үшін алғыс айтты.

Аймақ басшысы Ә.Сқақов жаңа әкімнің алдына бірқатар міндеттер белгіледі. Олардың қатарында ауданның инвестициялық әлеуетін арттыру, бизнесті қолдау, мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікті дамыту, ауыл жастарына көмек көрсету және тағы басқалары бар.

- Ауыл тұрғындары коммуналдық, тұрмыстық және әлеуметтік салалардың іс жүзінде жақсарғанын сезінуі керек. Сонымен қатар, олардың өңір кәсіпкерлерінен жұмыс пен қолдау табуы да маңызды. Басым міндеттердің тағы бірі - ауданның инвестициялық мүмкіндіктерін арттыру. Май ауданындағы ауылдардың барлығы дерлік Ертіс өзенінің жағасында орналасқан. Ауданда теміржол желісі бар. Ауыл шаруашылығын жүргізуге қолайлы жер учаскелері де жетерлік. Яғни, инвестиция тартуға барлық жағдай жасалған. Сол мүмкіндіктерді оңтайлы пайдалану қажет. Оған қоса, мамандар мен жастардың ауылдарда тұрақтамау мәселесіне ден қойған дұрыс. Адамдардың не себепті көшіп жатқанын анықтауымыз керек. Бұл - аудан басшылығының басты міндеті, - деді Ә.Сқақов.

Ағыбай Әмірин 1972 жылы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Әр жылдары Павлодар педагогикалық институтын «Математика және информатика мұғалімі», Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер, Инновациялық Еуразия университетін «Экономика және бизнес», «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы Павлодар қаласындағы №3 гимназия-интернатында математика және есептеу техникасы пәнінің мұғалімі болып бастады. 2003 жылы Ақсу қаласының құрамына кіретін Ақжол ауылының әкімі болып тағайындалды. Кейін облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқармаға кеңесші ретінде ауысып, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалардың сақталуын бақылау бөлімін басқарды.

Әр жылдары Павлодар облысы әкімі аппаратында ұйымдастыру-инспекторлық бөлімнің басшысы, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып еңбек етті. 2016 жылы Ақтоғай ауданының әкімі болып тағайындалды.

2018 жылы Павлодар облысы әкімінің аппаратына оралып, осы мемлекеттік мекемені басқарды. 2020 жылдан бастап аппарат басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2021 жылдың сәуір айында Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары қызметіне ауысып, экономика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларына жетекшілік етті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Количество показов: 1761

Возврат к списку