Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  273

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  260

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  264

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  260

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  270

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  257

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  296

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  298

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  293

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  319

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  308

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  320

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  306

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  334

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  333

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  430

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  391

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  394

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  475

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  486

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  417

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  478

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  465

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  422

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  478

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  425

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  656

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  554

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  568

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  546

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  553

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  543

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  486

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  541

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  570

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  670

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  592

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  664

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  658

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  655

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  641

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  670

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  639

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  726

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  768

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  764

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  721

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  712

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  727

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  743

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  932

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  959

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  845

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  728

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  822

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  740

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  790

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1015

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1009

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  963

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр? 29.09.2022

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?

Осыдан бірнеше жыл бұрын облыстағы бастауыш сынып оқушыларының барлығы бірдей тегін ыстық тамақпен қамтыла бастады. Бұған дейін ата-аналар балаларының мектеп асханасында түскі ас ішуі үшін апта сайын ақша берсе, енді оның ақысын мемлекет төлейтін болды. Бұл мақсатқа бастапқыда бір балаға 315 теңге бөлінген еді. Жаңа оқу жылынан бастап 450 теңгеге дейін көтерілді. Бұдан ас мәзірінде не өзгерді? Бұл сома шәкірттердің мектеп қабырғасында ауқаттанып, жүрек жалғауына жеткілікті ме?

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Бастауыш сынып балалары тегін тамақтанады

 

Павлодар облысындағы бастауыш сынып оқушыларының «бағы» бар. Себебі, өңірдегі мектептердің 1-4-сыныптарында оқитын балалардың барлығы әлеуметтік жағдайына қарамастан ыстық тамақпен тегін қамтылады. Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Башированың айтуынша, биыл 1-4-сынып оқушыларының тегін тамақтануы үшін облыстық бюджеттен 2948,2 млн теңге бөлінді. Санитарлық қағидалардың 104, 110-тармақтарына сәйкес біржолғы ыстық тамақ таңғы ас түрінде ұйымдастырылады. Мысалы, Павлодар қаласындағы Мұзафар Әлімбаев атындағы орта мектепте 1005 бала оқиды. 5-10-сынып аралығында білім алатын 503 шәкірт жүрек жалғауды қаласа, мектеп асханасынан кешенді түскі асты 500 теңгеге сатып ала алады. Ал бастауыш сыныптарда оқитын 502 бүлдіршін ыстық асты ақы төлемей-ақ ішеді.

- Мектеп екі ауысым бойынша жұмыс істейді. Асхана 100 балаға арналған. Сондықтан арнайы кесте құрылған. Ас мәзіріне келер болсақ, оқу жылына арнап тиісті мекемелердің қадағалауымен тағам түрлері бекітіледі. Мысалы, жаңа тарифке байланысты бүлдіршіндер 450 теңгеге бірінші немесе екінші тағам, нан, жеміс-жидек жеп, компот ішеді. Ал жоғары сынып оқушылары үшін еркін мәзір жасалған. Сынып жетекшілері сабаққа қатысушылардың санын анықтап, олардың қалаған тағамдарына байланысты асханаға тапсырыс береді. Бұл ретте олар үшін бірінші тағамның бағасы - 180 теңге, екінші тағамның бағасы 230 теңгеден басталады. Тәтті бәліш пен шай - 200 теңге. Жалпы, бір оқушының кешенді асы шамамен 500 теңге көлемінде болады. Әрине, қосымша тәттілер алса 600-700 теңгеге дейін жетеді, - дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Әубәкірова. Бұл ретте асхана кіреберісінде тамақ пен қызмет сапасын бағалау құрылғысы орнатылғанын атап өткен жөн. Балалар әр түрлі смайлик арқылы тамақтың ұнаған-ұнамағанын білдіреді. Әр апта сайын оның қорытындысы қаралып, соған сай шешімдер шығарылады. Мұндай жүйе облыс орталығындағы №2 мектепте де бар. Мектеп директоры Гүлшекер Белгібаева асхана жұмысын бақылауға ата-аналардың кез келген уақытта келуге мүмкіндігі барын айтты.

- Жақын арада ата-аналармен мәзірге байланысты жиналыс өткізген болатынбыз. Басшылық ретінде екі аптада бір қосымша тексеріс жүргізіледі. Мұның барлығы ашық түрде әлеуметтік желіге салынады. Ал бағалау құрылғысының қорытындысы білім басқармасына, әлеуметтік педагогке әр дүйсенбі сайын жіберіледі. Пікір жазу журналы да бар, - дейді Гүлшекер Қабдылманатқызы. Аталған білім ордасында бастауыш сынып оқушыларымен қатар, жаппай оқыту есебінен әлеуметтік осал, аз қамтылған отбасы балалары тегін тамақпен қамтылатынын атап өтті.

- Бір балаға берілетін түскі асқа мемлекеттен бөлінетін қаражаттың көлемін 450 теңгеге дейін өсірудің мақсаты - ас мәзірін жақсарту. Бұл сомаға ыстық тамақ, жеңіл салат, шырын және нан кіреді. Бөлінетін қаржы көбейген соң мәзірге лимон қосылған шай, кисель, түрлі тәтті өнімдер, балық тағамдары қосылды. Қазір мектебімізде жалпы 894 бала оқиды. Оның 340-і - бастауыш сыныптың бүлдіршіні, - деді Г.Белгібаева.

 

Кешенді астың ақысы қымбат

Балалар уақытының басым бөлігін мектепте өткізеді. Негізгі сабақтармен қатар, қосымша сабақтарға қалып, мұғалімнің үйреткенін «қағып» алуға тырысады. Бірақ қарны «шұрылдап» отыратын баланың барлық ойы сабақта бола қоймас. Асхана жаққа бір қарап, ата-анасы берген ақшаға бір қарап коятыны анық. Жасыратыны жоқ, бүгін елдегі мектеп асханаларында орта және жоғары буын оқушылары үшін сатылатын тағамдардың бағасы қалтаны қақпай қоймайды. Мәселен, павлодарлық көпбалалы ана Әсемгүл Нұржанова үлкен ұлының мектепте ауқаттануы үшін күн сайын шамамен 600-700 теңге береді.

- Кіші ұлым бастауыш сынып оқушысы болғандықтан, барлық қатарласы сияқты тегін тамақтанады. Үлкен ұлым 7-сыныпта оқиды. Сондықтан оған мұндай жеңілдік қарастырылмаған. Күн сайын түскі асты 700 теңгеге сатып алады. Осылайша, аптасына кем дегенде 3 мың теңге жұмсайды. Одан бөлек, қосымша сабаққа қалған жағдайда ас-суына тағы да үстіне қосып береміз, - дейді ол. Асханадағы баға мәселесін көтеріп отырған ата-ана жалғыз ол емес. Облыстан бөлек, басқа өңірлерде де бұл мәселе өзекті тұр. Жақында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жағдайды реттеу үшін мектептегі тамақтану ережелеріне өзгерістер енгізілетінін хабарлады.

- Бұған дейін мектеп асханаларын-дағы өнімдердің қымбаттығына байланысты проблемалар туралы жазған болатынмын. Буфет өнімдерінің бағасы көрші дүкенге қарағанда екі есе қымбат болатын жағдайлар да кездеседі. Біз мамандардың қатысуымен жұмыс тобын құрып, қажетті түзетулерді әзірледік. Енді қызметтерді жеткізушілермен азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы жаңа шарттар жасалғаннан кейін мектеп асханаларындағы бағалар, оның ішінде буфет өнімдері, сусындар және өзге де өнімдер қызмет көрсетушілердің қалауы бойынша емес, орташа нарықтық бағаларды ескере отыра қалыптастырылады. Мемлекеттік сатып алу порталындағы деректер базасы мен статистика органдарының ақпараты негізге алынады. Нәтижесінде асханаларда бағаның көтерілуіне жол берілмейді. Сонымен қатар, енді жеткізушілер тендерді ұйымдастырушының конкурс құжаттамасында көр- сеткен ас мәзірі мен бағаларға сәйкес қатаң жұмыс істейді. Бұл тыйым салынған өнімдерді өндіру және өткізу тәуекелдерін
жою, оған қоса буфет өнімдерінің бағасын белгілеу үшін қажет, - дейді Асхат Аймағамбетов. Бұл ережелер келесі жылдан бастап қызмет көрсетушілермен жаңа келісім-шарттар жасалғаннан кейін қолданысқа енгізіледі. Оған дейін орта және жоғары буын оқушыларының ата-аналарына бала-ларының тамақтануы үшін аптасына 3-3,5 мың теңгені қалтасына салып отыруға тура келеді.

Әркімге де әлеуметтік баға болса...

Көпшілікті мектеп асханасындағы бағамен қатар, тамақтың сапасы да алаңдатады. Облыстық білім беру басқарма басшысының орынбасары Гүлмира Башированың сөзінше, асханалардың жай-күйін, тағамдарды дайындау сапасын күнделікті бақылауды барлық білім беру ұйымдарында құрылған мектептің бракераж комиссиялары жүргізеді.

- Бұл комиссия құрамында оқушылардың ата-аналары бар. Тамақтануды ұйым-дастырудың мерзімді мониторингін «АМАNАТ» партиясының мүшелері, мәслихат депутаттары, ата-аналар өкілдері, денсаулық сақтау және білім беру басқармасының мамандары құрайтын сараптама тобы жүргізеді. Мұндай топтар әрбір білім беру бөлімінде жұмыс істейді, - деп атап өтті Г.Баширова. Жақында Шарбақты ауданындағы №2 мектептің 9 оқушысы астан улану белгілері бойынша дәрігерлердің көмегіне жүгініп, төртеуі облыстық балалар ауруханасына жатқызылған болатын. Ал санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мектеп асханасында жоспардан тыс тексеру жұмыстарын бастады. Соның қорытындысы бойынша, су, азық-түлік, балалар жеген алма, ішкен шырын құрамында нормадан артық көрсеткіштер байқалған жоқ. Есесіне басқа кемшіліктер анықталды. Асхананың ішінде дезинфекция дұрыс жасалмайды, жеміс-жидек пен көкөністердің қауіпсіздігі мен сапасы туралы құжаттар, аспаздың жұмыс істеуге рұқсат беретін анықтамасы жоқ.

- Тексеріс кезінде іс жүзіндегі ас мәзірі бекітілген мәзірге сәйкес келген жоқ. Ыдыс жуатын ванналардың біріне ыстық және суық су жалғанбаған. Тоңазытқыштарда термометрлер болған жоқ, - деген қорытынды жасады мамандар. Мектеп асханасын жалға алып отырған кәсіпкерге ескерту берілді. Ал полиция қызметкерлері әкімшілік іс қозғады. Енді кәсіпкер 700 мың теңгеден астам айыппұл төлеуі мүмкін. Сапаға салғырт қарау осындай күрделі жағдайларға әкеледі. Бірақ бұл ретте жалға алушылардың да айтар өз уәжі бар. Асхана жалдау саласында көпжылдық тәжірибесі бар «Нариман» ЖШС Павлодар қаласындағы №2, 5, 34, 43, 29 орта мектептері мен №9 гимназия-мектебі, №16 мектеп-лицейінде қызмет көрсетіп келеді. Технолог Әсем Мұқатованың айтуынша, бюджеттен қарастырылатын қаражат 315 теңгеден 450 теңгеге дейін өскен соң жағдай біршама жақсарып қалды. Қазір мәзір толықтырылып, балаларға құрамында дәрумендері көп тағамдар беріледі. Ыстық тамақ, нан, шайдан бөлек тізімге салат, жеміс-жидек, жемісті шырын, компот, бәліш сынды өнімдер қосылды. Бірақ азды-көпті қиындықтар да бар.

- №2 орта мектепте жұмыс істеп жатқаныма екі жыл болды. Қазіргі таңда мектебімізде екі аспаз, екі наубайханашы, меңгеруші, екі қызметкер бар. Мұнда азық-түлік сақтауға қойма қарастырылмаған. Сондықтан аптасына бірнеше рет азық-түлік аламыз. Мектеп асханасын жалға алып отырған бизнес нысандары үшін азық-түлікті әлеуметтік бағамен алу мүмкіндігі де жоқ. Кей кездері қымбатқа алуға тура келеді. Осының барлығын ескерсек, бір балаға бөлінетін ақша көбейгенмен, асхананы жалдау, ай сайынғы салықтар, коммуналдық шығындар, қызметкерлердің жалақысынан аспайды. Тым болмаса, кәсіпкерлерге азық-түлік әлеуметтік бағамен берілсе жақсы болар еді, - дейді Ә.Мұқатова.

                         

Жалпы, мектеп асханасындағы баға мен сапа - маңызды мәселе. Оқу орындарыныңқабырғасында білім алып жүрген балалардың дені сау болып, олардың ата-аналарының қалтасына салмақ салмас үшін осы жайттарға баса көңіл аударған жөн. Бұл бағытта біздің облыста игі іс атқарылып, бастауыш сынып оқушыларына айтарлықтай жеңілдік жасалып отырғаны қуантады. Енді өзге оқушыларға сатылатын кешенді астың бағасы кайта қаралып, жалға алушы кәсіпкерлерге талап күшейсе игі.


Количество показов: 729

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  273

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  260

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  264

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  260

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  270

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  257

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  296

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  298

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  293

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  319

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  308

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  320

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  306

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  334

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  333

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  430

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  391

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  394

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  475

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  486

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  417

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  478

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  465

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  422

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  478

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  425

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  656

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  554

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  568

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  546

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  553

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  543

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  486

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  541

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  570

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  670

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  592

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  664

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  658

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  655

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  641

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  670

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  639

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  726

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  768

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  764

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  721

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  712

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  727

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  743

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  932

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  959

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  845

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  728

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  822

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  740

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  790

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1015

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1009

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  963