Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме? 16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?

Оқушы мектеп қабырғасынан сапалы білім алумен ғана шектелмей, қосымша үйірмелерге де барып, жан-жақты дамып шығуы тиіс. Ол үшін мектепішілік үйірмелер мен секциялардың жұмысы тыңғылықты ұйымдастырылса абзал. Мысалы, білім мекемелерінде орын жайлы, маман жеткілікті болуы тиіс. Жалпы, мұғалімдер бір оқушыға кем дегенде бір үйірмеге қатысу жөнінде талап қояды екен. Ал, қосымша білім алуға ынтасы зор балаларға неше үйірмеге қатысқысы келсе де шектеу жоқ. Бүгінде оқушылардың үйірмелерге қатысуы қандай деңгейде?

Тілеуберді САХАБА

Қосымша білім беру саласын дамыту мәселесін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та сөз еткен. Президент бір сөзінде балалар қолөнер мен шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысуы үшін «Балалар үйірмесі» қызметін қайта жандандыру туралы тапсырма берді. Ал ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әр балада сабақтан тыс үйірмелер мен секцияларға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс екенін қадап айтты. Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның сөзінше, елімізде 4-17 жас аралығындағы
4,5 миллион бала тегін секциялармен қамтамасыз етілуі тиіс. Негізі, әр бала мемлекеттік бюджет есебінен екі үйірме мен бір танымдық секцияға баруға құқылы.

- Осы мазмұндағы заң мамыр айында күшіне енген. Алайда жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін қаржыны жеткілікті деңгейде бөлмеген. Бұл реформаны қолға алғанымызға көп бола қойған жоқ. Осы бағыттағы жұмыстар біз қалағандай жылдам шешіле бермейді. Аталған мәселеге қатысты күрмеуі шешілуі тиіс мәселе көп. Қазір ондаған мың балалар жүздеген секциялар мен үйірмелерге барады. Бұл - төмен көрсеткіш, - деді Аружан Саин. Дей тұрғанмен, бұл мүмкіндікті оқушылар толық пайдалана алмай келеді. Яғни, мектеп балаларды тегін үйірмелермен толық қамти алмай тұр. Бұған әртүрлі жағдайлар себеп. Мысалы, бір мектептерде орын жетпей қалса, кейбір үйірмені жүргізуге мұғалімдер тапшылық етеді. Себебі, мектептердегі тегін үйірмелерді жүргізуге арнайы штат қарастырылмаған. Мұны тек пән мұғалімдері ғана өздерінің уақыттарына қарай ыңғайлап ұйымдастырады. Ол үшін қосымша еңбекақы алмайды. Мәселен, Павлодар қаласындағы №19 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ризагүл Жылқыбайқызының сөзінше, білім ордасындағы 962 оқушының 362-сі мектепішілік үйірмелер мен спорттық секцияларға қатысады.

- Біз оқушыларға кем дегенде бір үйірмеге жазылуды талап етеміз. Бірақ, біздің мектепте ешқандай үйірмелерге бармайтын 185 оқушы бар. Олардың себебі әртүрлі. Мысалы, бірінің денсаулығы жарамаса, кейбіреуін сол уақытта ертіп келетін адам болмай қалады. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындалуы себепті уақыттары жеткіліксіз. Жалпы, үйірмелерге бастауыш сынып оқушылары белсенді қатысады. Ұл балалар негізінен футболға жазылса, қыз балалар биге барғысы келеді. Сондай-ақ, тоғызқұмалақ, шахмат, вокал үйірмелеріне көптеп қатысады. Бір үйірменің өзінде 20-30 баладан барып жүр. Дегенмен, мұнымен толық қамтып отырмыз деп айта алмаймын. Бізге қосымша каратэ, көркемсурет, театр бағыттарындағы үйірмелер мен соны жүргізетін маман қажет, - дейді Ризагүл Жылқыбайқызы. Білім саласының өкілдері мектеп үйірмелерін жандандырып, балаларды қосымша біліммен толық қамту үшін сол үйірмелерді жүргізетін мамандарға қосымша ақы төленуі керек деп санайды. Мысалы, көркемсөз оқуға ыңғайы бар оқушыларды өнерге баулып, театр сахнасына үйрету үшін сол саланың маманы керек. Ал оған театрдан ешкім тегін келіп үйретпейді. Мектепішілік үйірмелер әсіресе ауылдық жерге ауадай қажет. Себебі, онда аудан немесе қала орталықтарындай арнайы мектептер жоқ. Бұл ретте Аққулы ауданының білім беру бөлімі жүйелі жұмыс жүргізуде. Аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жетекшісі Гүлшат Тәкежанова ауыл балаларының бос уақытын тиімді өткізуге барлық жағдай жасалғанын айтады.

- Естеріңізде болса, осыдан бірнеше жыл бұрын аудан орталығында «Өнер» мектебі ашылған болатын. Онда бүгінде 300-дей бала өздерінің таңдаған бағыты бойынша дайындалады. Сонымен қатар, әрбір ауыл мектебінде сол «Өнер» мектебінің филиалы ашылған. Ол филиалдарда ауылдық жерде тұратын 300-дей бала қосымша өнер үйренеді. Яғни, ауыл мектебінің оқушылары ән-күй, сурет, қолөнер шеберлігі және басқа да бағыттар бойынша толық қамтылған. Ал асық, тоғызқұмалақ сынды басқа да спорттық секцияларды жүргізген мұғалімдерге қосымша 18 мың теңге көлемінде үстемеақы беріледі, - дейді Гүлшат Бәкіқызы. ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың сөзінше, 18 жасқа дейінгі балалардың үштен бір бөлігі ғана шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қатысады. Қазір ел Үкіметі осы саланың жұмысын жетілдіріп, барынша толық қамтуға ден қойып жатыр. Яғни, мектептен тыс қосымша білім беру мекемелеріне мемлекеттік тапсырыс аясында қаражат бөлінуде.

 

Суреттер газет мұрағатынан алынды.

 


Количество показов: 527

Возврат к списку