«Мемлекет мерейі - жастар қолында»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

«Мемлекет мерейі -  жастар қолында» 30.11.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»

- Бодандық бұғауынан босап шығып, тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге тура 30 жыл толып отыр. Бір қара-ғанда қас қағым сәт көрінгенімен тарихымызда алтын әріппен жазылатын кезең бұл. Сіз үшін тәуелсіздігіміз несімен қымбат?

- Ата-бабаларымыздың азат-тықты аңсап, маңдай терімен еңбектеніп жеткен жетістігімен қымбат. Жаңа тарихтың жаңа беттері болғандықтан, келешекке деген еркін әрі қарқынды ұмтылысымен қымбат. Мұны әр қазақстандық жүрегімен сезеді деп ойлаймын.

- Ғасырға бергісіз кезеңде еліміз әлеуметтік-экономикалық тұрғыда еңсесін көтеріп, әлемдік аренада өз орнын тапты. Мерекелі жылға өзіңіз басқарып отырған аудан қандай жетістіктерімен жетіп отыр?

- Осы жерде менің есіме бірден тоқсаныншы жылдардың тоқырауы түседі. Өзіңіз де куәсі болдыңыз ғой. «Мүйізі қарағайдай» держава құлдырап, ел есеңгіреп қалған тұс болатын. Алдында «қар бар ма, жар бар ма» ешкім де елестете алмады. Салыстырмалы түрде қарасақ, әрине, бүгінгі ауданды 30 жыл бұрынғы күнмен салыстыруға мүлдем келмейді. Салыстыруға болмайды деген дұрыс шығар. Инфрақұрылымдары айтарлықтай ілгері дамыған. Аққулы-Майқарағай аралығындағы тас жолды алып қарайықшы. Кезінде қандай болып еді, ол уақытта мұндай жол болатыны адам баласының «түсіне кірмейтін». Бүгінгі таңда ауыл ішіндегі көше жолдары қалыпқа келтірілуде. Аудан орталығының 15-ке жуық көше жолы, ірі агроөнеркәсіптік кешендері пайда болды. Олар халыққа өз қызметін ұсынып келеді. Қазір де даму жолында. Егемендікке қол жеткізген кезден бері көптеген жаңа әлеуметтік нысандар бой көтерді. Бірқатары күрделі жөндеуден өтіп, есіктерін қайта айқара ашты. Биыл Ямышев ауылдық Мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Тұрғын үйлер салынды. Орталықтандырылған таза ауызсу жүйесі жетілді. Мал шаруашылығы өсті. Жеке кәсіпкерлік те дамыды. Бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланып, нәтижесін көрдік. Мемлекеттік тіліміздің қолдану аясы кеңейіп, рухани жаңғырудың жаңа белесін бағындырып келеміз. Көптеген көше, ауыл атаулары қазақ тілінде қайта аталды. Білім берудің дәстүрі де, қалпы да жаңаланды. Ұлттық құндылығымызды сақтау мен насихаттау бағытында өткен игі шаралардың да жемісі мол. Бір сөзбен айтқанда, «Елу жылда ел жаңа» демекші, отыз жылдың да өз жемісі бар. Болашақта әлі талай игілікті іс өз нәтижесін беретін болады. Бәріне уақыт сыншы.

- «Ауыл – әр қазақтың алтын бесігі». Ауыл шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс жасайтын өңірде ауыз толтырып айтар нәтижелердің бары қуантады. Өз аузыңыздан естісек.

- Дұрыс айтасыз. Ауыл шаруашылығы - ел экономикасының локомотиві десек те жаңылыспаймыз. Соңғы екі жылдың ішінде ауданның агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 8,9 миллиард теңге инвестиция құйылды. Нәтижесінде тозығы жеткен автопаркті жаңарту жолында 205 ауылшаруашылық техникасы сатып алынды. Мал шаруашылығын дамытуға басымдылық беру күн тәртібінен түсіп көрген емес. Мәселен, 1,2 млрд. теңгеге 15 мал тұрағы салынып, қолданысқа енгізілді. Шаруа және фермер қожалықтарының саны 40 бірлікке ұлғайды. Шағын несие рәсімдеп, мемлекеттік қолдауға ие. Субсидия алып отыр. Мал шаруашылығын асылдандыру, бордақылау алаңдарына өткізу жұмыстарын атқаруда. Осы кезеңде «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламалары бойынша 629 млн. теңгеге шағын несиелер берілді. Ауданның өсімдік шаруашылығын жүргізуге қолайлылығын білесіздер. Бұл мақсатта жалпы құны 245 млн. Теңге болатын екі картоп сақтау қоймасы салынды.

- Абзал Әбілхақұлы, бірқатар көрсеткіштер жағынан ауыл халқы мен қалалықтардың тұрмыс деңгейі қатарласып қалғаны жасырын емес. Қуанышты-ақ. Бүгінгі ауыл тірлігі қандай?

- Қала тұрмысының деңгейімен салыстыратын болсақ, негізгі бағыттар – орталықтандырылған таза ауызсу мен жылу жүйесі, жаңартылған жолдар және білім беру, денсаулық сақтау саласының материалдық базамен қамтылуы, жаңа әлеуметтік нысандар құрылыстары. Аудан тұрғындарының 80,3 пайызы таза ауызсумен қамтылған. Басқаша айтсақ, он жарым мың адам бағдарлама игілігін көруде. Алдағы екі жылда 100 пайыз қамтуды жоспарлап отырмыз. Тағы да сол отыз жылға шегініс жасайтын болсақ, ауыл халқы жеке бастың, күнделікті күйбең тірлігінде отбасы - ошақ қасы мәселелерін көтеруші еді ғой. Бүгіндері ауылдықтар кездесулерде ауыл инфрақұрылымдарын жақсартуды алдыңғы кезекке қояды. Бұл да өмір сүру деңгейінің көрсеткіші емес пе?! Биылғы жылдың өзінде Ямышев және Малыбай ауылында 9 көше, яғни 8,3 шақырым жаңа тас жолдар халық игілігіне ұсынылды. Ауданның мәдени нысандары 95 пайызды, ал кітапхана жүйесі 92 пайызды құрайды. 48 спорт нысаны жұмыс атқарып тұр. Мектеп оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылған. Халықтың денсаулығын сақтаумен 18 медициналық пункт, 4 дәрігерлік амбулатория, 1 аудандық аурухана айналысады.

- Ауылдықтар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында қандай да бір мемлекеттік бағдарламаларға арқа сүйейді ғой. Салада қандай жаңалықтар бар?

- Иә, ағымдағы жылы бизнесті дамытуға арналған «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасына 2,5-5,0 млн. теңгеден грант алу үшін «QOLDAU» бизнеске арналған цифрлық платформа арқылы онлайн форматта өтінімдер бере алды. Бірінші транш бойынша конкурс жарияланып, оған 29 жасқа дейінгі он екі жас кәсіпкер өтінім берді. Олардың алды бағдарлама несібесін көруде. Мәселен, «Айсұлтан» жеке кәсіпкерлік субьектісі 5 миллион теңгенің грантын ұтып алды. Сондай-ақ, «Бизнестегі әйелдер» акциясы аясында Қазақстан Халық банкі ағымдағы жылдың 15 қазанынан 1 желтоқсанына дейін 15 миллион теңгеге дейін несие алу үшін, қаржыландырудың мақсаттары мен мерзімдеріне байланысты 5-7%-ға дейінгі жеңілдікті мөлшерлемемен 7 жылға дейінгі мерзімге акция өткізеді. «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасының филиалы ағымдағы жылы «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен адамдар үшін кез-келген салада 5-7 жыл мерзімге 6%-бен «Еңбек» бағдарламасы бойынша микрокредиттер алуға өтінімдер қабылдауды жүргізуде.

- Халқымызда «Әке көрген оқ жонар» деген қанатты сөз бар. Тұла бойы тектілікке толы Әбілхақ аға ұлттық құндылықтардың, руханияттың қадірін бір кісідей насихаттап жүретінін білеміз. Ондай тұлғаның тұяғы болу зор жауапкершілік жүктейді. Нені меңзеп отырғанымды түсінген боларсыз...

- Бойымызға парасаттылық пен пайымдылықты, адалдық пен адамдықты, тазалық пен тиянақтылықты, ізгілік пен ілтипаттылықты сіңіруге барынша күш салған асқар адамның ұлы болып, ұрпағын жалғау, тал бесіктегі тәрбиесі мен тәлімінің жібін үзбеу менің өмірлік жолымдағы ең басты міндетім болып табылады. Жалпы, ұлылардың ізін жалғау зор жауапкершілік пен ерен еңбекті талап етеді, әкем салған сара жолдан адаспай, алдыма қойған түзу бағытынан тайынбай жүруді еш есімнен шығарған емеспін. Ақылшым да, сыншым да, қолдаушым да - әкем. Ел басқару жолында да әкемнің айтқан кеңестеріне сүйеніп, оның адал атына лайық болуға тырысамын. Әкем өмірдің кез келген жағдайында адал болып қалу керектігін әлі де айтып отырады.

- Ауыз әдебиеті үлгілерінен сөз бастау, ел бастау және жол бастаудың қиындықтары жайлы білеміз. Абзал Әбілхақұлы, сіз үшін осы атағандарымыздың қайсысы күрделірек?

- Аталмыш сұрақтың жауабы Бұқар жырау бабамыздың: «Ел бастау қиын емес, қонатын жерден көл табылады. Қол бастау қиын емес, шабатын жерден ел табылады. Шаршы топта сөз бастау- дан қиынды көргем жоқ», - деген қанатты сөздерінде жатыр. Десек те, өз тарапымнан бұл жауапқа алып қосарым бар. Қол бастау оңай болмағанымен, қиын да емес. Көпшілік алдында сөз бастап, халқымның ақ сеніміне кірбің түсірмей, аялы аманатын арқалау тым жауапты, шын жауапты іс мен үшін. Сөз саптауыңда сенімділік пен сертке беріктілік болса, ел бастаудың да қиындығы жоқ. Сөзің мен ісің сәйкес келсе, елдің қолпаштауына ие болсаң, одан артық қандай қолдау болуы мүмкін. Қолбасшымыз да, жол басшымыз, жөн басшымыз да - халық. Ал біздің міндет - адал қызмет!

- Қол жеткенге тоқмейілсуге болмайтыны түсінікті. Құдайға шүкір, тәуелсіздіктің отыз жылында қазағымызды әлем таныды, мойындады. Жаһандану заманында көшбасшылық позициямызды жоғалтпау үшін не істеуіміз керек?

- Еліміз төрткіл дүниеге танылып, қазақтың аты әлемнің түкпір-түкпіріне қарыштағаны туралы менменсіп емес, марқайып айту керек. Бұл біріншіден, Елбасымыздың көреген мінезі мен салиқалы саясатының арқасында жеткен жетістік екені баршаға аян. Әлем аренасында көшбасшылықты ту етіп, діттеген позициямызды нық ұстануымыз үшін ел ішінде елдік, береке, бірлік, татулық, тұрақтылық, бейбітшілікті сақтауымыз бастапқы шарт болуы қажет. Сондай-ақ, білімі мен талабы, біліктілігі мен зияткерлігі арқылы әлемге танылып, көк туымызды халықаралық деңгейге көтеріп жүрген өнертапқыш жастарымызды қолдауымыз керек. Тегінде мемлекетіміздің мерейі ғылым мен білім жолында жүрген жастардың арқасында асқақтай түсетіні анық.

- Сөз соңында жерлесте-ріңізге мерекелік тілегіңізді білдірсеңіз.

- Ел басқарып отырған кез келгеніміз үшін ең басты бақыт - елдегі тыныштық пен жағдайымыздың тұрақтылығын нығайту. Егемендік пен елдіктің мерейлі мерекесінің қарсаңында мемлекет мәртебесінің биік болуын тілеймін. Жерлестеріме жолдайтын тілектерімнің барлығы да игі. Тәуелсіздіктің тұғырын түсірмей, еркіндіктің елеулі сәттерін бағалап, елдің амандығы мен жұрттың татулығын бірге сақтап, барымызды бағалай білейік дегім келеді.

- Сізге және сіз басқарып отырған аудан халқына сәтті де тәтті өмір тілеймін.

- Рахмет.

 

Сұхбаттасқан –
Жұмабек СМАНОВ, Аққулы ауданы.



Количество показов: 552

Возврат к списку