Мемлекеттік тілдің мәртебесі өспек

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Мемлекеттік тілдің мәртебесі өспек 21.12.2021

Мемлекеттік тілдің мәртебесі өспек

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Достық үйінде» Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының салтанатты жиыны өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, журналист Максим Рожин, сондай-ақ облыстық филиалдың мүшелері, төрағалары, жергілікті зиялы қауым өкілдері мен тіл жанашырлары қатысты.

 

Алқалы жиында өңіріміздегі тіл саясаты, мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлі, оның қоғамның барлық саласында толыққанды қызметін қамтамасыз ету тақырыптарына сай тұшымды ойлар айтылып, өңіріміздегі қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі туралы сөз қозғалды. Облыс әкімінің орынбасары Айзада Амангелдіқызы ұлтаралық бірілікті нығайтудағы мемлекеттік тілдің маңыздылығына тоқталып, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту жолында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.

- Баршаларыңызды Ел Тәуел-сіздігінің 30 жылдық мерейто-йымен құттықтап, мемлекетіміздің берік іргетасын қалауда қосқан зор үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Бүгінгі таңда ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, мемлекеттік тілдің мәртебесі өсіп келеді. Қазақ тілінде әдістемелік құралдар, кітаптар, ғылыми оқулықтар жарыққа шығып, оқимын дейтін әр азамат үшін арнайы курстар бар, - деді Айзада Құрманова. Сондай-ақ, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Максим Рожин мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы сөз қозғап, Түркістан облысында өткен VI құрылтайда көтерілген тақы-рыптарды талқыға салды. Оның айтуынша, әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттік тілді білуі тиіс.

- Қазір мемлекеттік қызмет-шілерге қазақ тілін білу талабы күшейтілді. Азаматтар «ҚазТест» арқылы тестілеуден өтіп, қазақ тілін қаншалықты білетіндерін көрсетеді. Емтихан тапсыра алмайтындар да кездесіп жатады. Сондықтан біз бұл мәселені Тілдер туралы заңға кіргізуді талап еттік, - деді ол. Сондай-ақ Максим Рожин «Nickelodeon» сынды батыстық телеканалдар енді қазақ тілінде де сөйлейтінін айтты. Бұл өскелең жас ұрпақ тәрбиелеу жолында өте маңызды қадам борлып табылады. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы Асыл Әбішев мемлекеттік тілге қатысты кез келген мәселе бойынша кеңес беретін фронт-кеңсе ашылғанын жеткізді. Кәсіпкерлер үйінде ашылған орталықта мәтіндерді орыс тілінен мемлекеттік тілге аударуға көмектесіп, кәсіпкерлік қызметіне байланысты құжаттар үлгілерін талапқа сай етуге жәрдемдеседі. Жиын барысында өңіріміздегі «Қазақ тілі» қоғамының қала, аудандардағы филиалдардың төрағалары сөз алып, аймақтағы мемлекеттік тілдің хал-ахуалына қатысты пікірлерімен бөлісті. Шара соңында облыстың бірқатар азаматтары ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы президентінің Құрмет грамоталарымен, Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.


Количество показов: 885

Возврат к списку