«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жас таланттар шоғырланды
10:36 16.08.2022  101

Арнайы аймақта - ауқымды жобалар
10:34 16.08.2022  96

Абай жолын ұлықтаған академик
10:30 16.08.2022  103

Ақ желеңділер тапшы
10:26 16.08.2022  130

Көмір бағасы қолжетімді
10:25 16.08.2022  95

Қала жолдары қарқынды жөнделуде
10:23 16.08.2022  101

Әдепсіз әншілер сахнадан шеттетіле ме?
10:21 16.08.2022  96

Сарыарқа самалы, 16 тамыз, сейсенбі
10:20 16.08.2022  108

Кәсіптік білімнің болашағы зор
09:09 13.08.2022  208

Киелі өнердің майталманы
09:05 13.08.2022  230

Қатерлі ісік азаймай тұр
08:59 13.08.2022  255

Абай тағылымы
08:58 13.08.2022  212

Сараланған тариф енгізіледі
08:56 13.08.2022  200

Сарыарқа самалы, 13 тамыз, сенбі
08:53 13.08.2022  224

Жаңа оқу жылына әзірлік
08:02 13.08.2022  244

Құрылысшы - мәртебелі мамандық
08:01 12.08.2022  249

Әр сөзі - тұнған шежіре
10:09 11.08.2022  306

Аспан перзенті
10:07 11.08.2022  301

«Өкпеұлы Кәрімтайдың ғибратты ғұмыры»
10:05 11.08.2022  310

Абай күні аталып өтті
10:04 11.08.2022  332

«Завод» сериалы түсірілуде
10:01 11.08.2022  306

Ауладағы қуаныш
09:58 11.08.2022  296

Білім. Еңбекқорлық. Өзгеше ойлау
09:56 11.08.2022  325

Энергетикалық сусынға тыйым салу қажет пе?
09:52 11.08.2022  324

«Мектепке жол» қалай өтуде?
09:49 11.08.2022  304

Техника жаңартуға таптырмас мүмкіндік
09:43 11.08.2022  343

Шаруалар шабындыққа шалғы салды
09:40 11.08.2022  329

Абай сөзі - әдебиет өлшемі
10:24 09.08.2022  419

Білікті мамандар тапшы
10:21 09.08.2022  405

Бір жабылып, бір ашылған «Әлем»
10:20 09.08.2022  401

Баспана – басты байлық
10:18 09.08.2022  394

«Бейсен және Болмыс»
10:14 09.08.2022  418

Екеудің көрмесі
10:11 09.08.2022  399

Мектеп жәрмеңкесі жалғасады
10:09 09.08.2022  415

Аймақтағы ахуал тұрақты
08:56 06.08.2022  498

Сарыарқа самалы, 6 тамыз, сенбі
08:36 06.08.2022  543

Саназардың теңіз аттары
08:13 06.08.2022  494

Медиация мақсаты - бітімгершілік
08:10 06.08.2022  547

Жолдарымыз жаңарып, аумақтар тазаруда
08:09 06.08.2022  516

Мектепке дайындық қанша тұрады?
08:07 06.08.2022  491

Әлемді әнмен Тербеткен
08:03 06.08.2022  539

Педагогтар не базына айтады?
08:01 06.08.2022  502

Өкпе ауруы дендеп тұр
08:00 06.08.2022  512

Қандай мультфильм көріп жүрміз?
10:51 04.08.2022  584

Интернет алаяқтары көбейіп барады
10:50 04.08.2022  643

Жаңатілекте мешіт ашылды
10:49 04.08.2022  570

Суармалы жердің берекесі мол
10:47 04.08.2022  590

Қор қаражатына несие жабылмайды
10:45 04.08.2022  595

Самокаттарға талапты қатаңдату керек пе?
10:41 04.08.2022  565

Мұрагерге жинақты алуға бола ма?
10:39 04.08.2022  576

Балалар бағына саяхат
10:37 04.08.2022  542

Өнерде шекара жоқ
10:34 04.08.2022  568

Алтын аға
10:30 04.08.2022  619

Балабақшалар қалай бақыланады?
10:28 04.08.2022  632

Әнші арманы
09:57 02.08.2022  641

«Мектепке жол» акциясы басталды
09:54 02.08.2022  824

Жол жабылмайды
09:52 02.08.2022  626

Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет
09:49 02.08.2022  655

Пәтер кезегін себепсіз жылжытқан
09:47 02.08.2022  636

Денсаулық пойызы келді
09:45 02.08.2022  654

23.06.2022

«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»

Жолдас аға сержант

«Әзілхан Нұршайықов редактор болған газет» деген анықтама деректі естігенде, көкірегі ояу әрбір қазақтың елең етпеуі мүмкін емес. Дүйім қазақ еліне әуелі «Махаббат, қызық мол жылдар», кейін «Ақиқат пен аңыз» романдарымен танылған қаламгердің еңбек ізі қалған редакцияның қасиетті орын екенін осыдан білуге болады...
Әзілхан Нұршайықов Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетіне 1953 жылдың 16 қыркүйегінде редактор болып тағайындалған. Міне, облыстық мемлекеттік архивтен сұратып алған мәліметті келтірейік: «Қазақстан Орталық коммунистік партия комитетінің үгіт-насихат бөлімі жолдас Ә.Нұршайықовты облыстық «Қызыл ту» газетінің редакторы етіп тағайындауға ұсыныс етеді. Бұрын бұл лауазымда жолдас Сыздықов жұмыс істеген, ендігі жерде ол Қазақстан КП ОК қарамағына шақырылды. Ә.Нұршайықов бұрын облыстық партия комитеті бюросына тағайындалмаған. Үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі М.Сүлейменов. 1953 ж.». Бұл ұсыныстың негізінде Павлодар облыстық партия комитеті бюросының қаулысы шығып, Ә.Нұршайықов редактор болып тағайындалады.
Облыстық архивте редактордың қызметтік деректері (тағайын-далуынан бастап қызметтен босатуға дейінгі), өз қолымен жазған автобиографиясы, басқарушы кадр ретіндегі жеке іс парақшасы, суреті сақталған екен.
Әзілхан Нұршайықовтың туған жері – Семей облысының Жарма ауданы. 1922 жылы Ақбұзау деген колхозда туған. Әкесі Амангелдин Нұршайық қарапайым шаруа болып еңбек еткен, 1942 жылы соғысқа алынып, бір жылдан кейін неміс басқыншыларымен ұрыста қаза тапқан. Анасынан да сол жылы айырылады. Екі қарындасымен ағайындарының қолына қарайды. 1938 жылы Ақбұзау колхозында жеті жылдық мектепті бітіріп, 1940 жылы Семей педагогикалық училищесінің екі курсын тәмамдайды, жұмысқа орналасады. Қызыл жұлдыз және Жарма ауылы мектептерінде еңбек етеді. Сөйтіп жүріп мұғалімдер училищесін толық аяқтайды. 1941 жылдың 5 желтоқсанында майданға шақырылады. 1942-1945 жыл аралығында Калинин, 2 Прибалтика және 2 Беларусь майдандарының құрамында Польша, Шығыс Пруссия жерлерін азат етуге қатысады. Атқыштар полкінде командирдің нысана көздеушісі болып қызмет етеді. Ұрыста көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін 3-дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік қызметі үшін», Варшаваны, Германияны азат еткені үшін медальдарымен наградталған.
Мұның барлығы - Ә.Нұрша-йықовтың «Қызыл ту» газетіне редактор болып қызметке келгенде жазған өмірбаяндық деректері.
Иә, жалпы алғанда Әзілхан Нұршайықовтың өмірлік жолын көптеген оқырмандар «Махаббат, қызық мол жылдар» романындағы Ербол кейіпкердің әңгімелерінен жақсы біледі. Шындығында, романдағы Ербол – өмірдегі Әзілханның прототипі. «Соғысқа әуелде барған бетте 2 километр алыстан жарылған бомбадан үрейленуші едік» деген күлдіргі әңгімесі де - өмірдің байсалды шындығы. Оқырманды осындай қарапайым әңгімелерімен баурап алған Ә.Нұршайықовтың әдебиеттегі алғашқы қадамдары осы Павлодар өңірінде қызметте жүргенде біртіндеп басталғанын сәл кейін тәптіштеп айтатын боламыз.
Романда айтылғандай, өмірде де соғыстан аман-есен қайтқан сержант Ә.Нұршайықов енді елге баруға ешбір себеп болмай (ата-анасы өмірден озған, қарындастары жеке үй болып кеткен), Алматыдағы ҚазГУ-ге оқуға түседі ғой. Бұл жайт ресми анкетада да көрсетілген. 1945 жылы жоғары оқу орнына түскен ол «журналист мұғалім» деген мамандық бойынша оқып, дипломды 1949 жылы алып шығады. Айтпақшы, Ә.Нұршайықов 1947 жылдың ақпан айында сырттай оқуға ауысып, бір жыл шамасында Семей облыстық «Екпінді» газетінде әдеби қызметкер болып қызмет еткенін айту керек. 1948 жылдың қазан айында Алматыға келіп, «Қазақстан пионері» балалар журналының бөлім меңгерушілігіне ауысады. Ал 1949 жылдың күзінде «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері болып орналасады. Осы республикалық газетте 1950-1953 жылдар аралығында түрлі бөлімдерді басқарып, жауапты хатшының орынбасары болып жұмыс істейді. 1953 жылдың 28 тамызында Алматыдағы қызметі аяқталып, Павлодар өңіріне жол тартады.
Міне, осы уақыттан бастап алдағы үш жыл Әзілхан Нұршайықов өмірінің публицистикалық, әдеби шығармашылыққа толы ерекше бір кезеңін бастан өткеретінін көреміз.

ФОТО_06.jpg

Редактор Нұршайықов

1953 жыл жалпы Совет одағы көлемінде тың және тыңайған жерлерді игеру бойынша зор жұмыстар қолға алынған уақыт болатын. Мұның барлығы облыстық «Қызыл ту» газетінің беттерінде жарқырап жазылуға тиіс еді. Басылым арқылы жасампаз істер жөнінде барша облыс тұрғындары хабардар болып жатты. Әзілхан Нұршайықовтың өзі аудандардағы еңбеккерлер туралы очерктерді бұрқыратып жазып, өңірлік публицистиканың дамуына зор еңбек сіңірді. Кейін осы жазбаларының басын қосып, «Алыстағы ауданда» атты кітабын құрастырып шығарды. Бұл газет редакторының болашақта жазушылыққа көшуінің басы еді. Кейіннен Халық жазушысының өзі «Ерінбеген етікші болады, жалықпаған журналист жазушы болады» деген нақыл сөзін жазып кеткен болатын.
Бірақ Халық жазушысы атанғанға дейін, отыз жасқа енді толған Әзілхан Нұршайықовты зор ізденістер, күн-түн демей көз майына тауыса, талмай еңбек ету, газеттің таудың өзін еңкейтетін зор машақатты жұмысын ұйымдастыру міндеттері тұрған болатын. Редактор ретінде соңынан қабырғалы қаламгерлердің ұйытып бастай білетін қабілетін таныту керек болды. Мұның барлығы редактор Ә.Нұршайықовтың қолынан келді.
Газет тарихына үңілсек, 50-жылдардың басында редакция ұжымы шағын болған. Партия-насихат, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және хат бөлімдерінде үш әдеби қызметкер, редактор, орынбасар, жауапты хатшы қызмет еткен. Екі беттік газет аптасына 5 рет шығып тұрған. 1954 жылы тың игеруге байланысты газет төрт беттік болып шығып, штат қызметкерлерінің саны артады. Жаңадан бөлімдер ашылып, редакцияға жаңа қызметкерлер, журналистер қабылдана бастады. 1953-56 жылдары «Қызыл ту» газетінде Әзілхан Нұршайықов редакторлық еткен кезеңде редактордың орынбасары Садық Бапиев, жауапты хатшы Хасанат Ысқақов, редакцияның хат бөлімінде Ғаббас Әміров, ауыл шаруашылығы бөлімінде Кәрмұқан Бекбергенов, насихат және үгіт бөлімінде Тұрсынғали Жұмагелдин, мәдениет бөлімінде меңгеруші ақын Әбдікәрім Ахметов, сондай-ақ әдеби қызметкер болып ақын Төлеужан Ысмайылов, Көкеш Әміржанов, Зейнелқабиден Әйтімов қызмет еткен. Журналист кадрларының тапшы кезінде осы кісілер газет шығаруда күні-түні аянбай қызмет еткен. «Олардың бәрі де газеттің жұмысына жан-тәнімен берілген адал азаматтар болатын» деп еске алады Ә.Нұршайықов редакцияның ыстық-суығын бірге көрген әріптестері жайында.
Ол тек шебер газет ұйымдастырушы ғана емес, шығармашылық адамдардың қолдау-шысына, рухани ұстазына айнала білді. Сол себепті де, бүгінде газеттің тарихы туралы айтқанда Әзілхан Нұршайықовтың есімі бөле-жара көрсетілуі. Аға буын журналистер Ә.Нұршайықовтың тұсында дарынды ақын Төлеужан Ысмайыловтың арнайы жұмысқа шақыртылып, редактор тарапынан ерекше қамқорлық көргенін жиі айтады.
Танымал журналист Төлеубек Қоңыр 1955 жылы бозбала шағында дәл осы Ә.Нұршайықовтың редакторлығы тұсында алғаш редакцияның табалдырығын аттап, курьерлік, корректорлық қызметтерге қабылданған. Кейін тіпті Алматыға ҚазГУ-дің журналистика факультетіне оқуға жіберуге қолдау көрсеткен. Бұл туралы марқұм Т.Қоңыр ағамыз «Менің редакторларым» атты жазбасында атап өтеді:
«Мен осындай мол тарихы бар басылым ұжымына он алты жасымда келдім. Жат жазу жаздырып, сынақтан өткізіп барып, жауапты хатшы Хасанат Ысқақов мені редактор Әзілхан Нұршайықовтың алдына алып барды.
- Хасеке, мына баладан емтихан алғансыз ба? Жазуы маржандай, әдемі. Әрі сауатты екен. Орта мектепті қашан бітіргенсің? – деп қағаздан басын көтеріп, маған қарады редактор.
- Биыл бітіргенмін. Университетке құжаттарымды жіберіп едім, қайтып келді. «Жасың жетпейді. Келесі жылы келерсің» деген хат алдым. Сонсоң, «Октябрь» заводына жүкші болып орналастым...
Редактор: - Хасеке, мына баланы қайда жіберуге болады? – деп сұрады жауапты хатшыдан.
- Хат тасушы, корректордың көмекшісі. Екеуін бірдей атқарса, тіпті жақсы.
- Онда, жарайды. Қабылдаңыз. - Әзілхан Нұршайықов рұқсатын берді де, алдындағы қағазға қайта бас қойды.
Сөйтіп, 1955 жылы 7 қыркүйекте хат тасушы (курьер) әрі корректордың көмекшісі болып шыға келдім. Ертеңінде жұмысқа кірістім. Редакцияға хат тасимын. Редактор кейде кездесіп қалады. Кейде арнайы шақырады. 1956 жылдың жазы келді. «Ә.Нұршайықов шақырып жатыр» деген хабармен редакторға жеттім. Ол бірден маған: «Сен бала былтыр менің Май аудандық партия конференциясынан жазған сериялы очерктерімді мұқият оқып қана қойған жоқсың, тіпті түзетулер жасадың. Жеті тарауды газет бетінде түзеттің де. Рахмет. Енді сені оқуға аттандырайық... Жинал университетке. Құжаттарды жібер. Мен жақсылап тұрып, мінездеме берейін, жақсылап тұрып, жолдама берейін. Көп ұзамай аттанып кет, - деді. Осыдан кейін көп бөгелмедім. 1956 жылдың 13 шілдесінде «Алматы, қайдасың?» деп аттанып кеттім. Жолым болды. Жеті емтиханды үздік тапсырып, студент атандым... 1961 жылы университетті (журналист–аудармашы тобын, бір жыл әскери міндетті өтеп келген соң) бітірген мен «Қызыл туға» оралдым. Әзілхан Нұршайықов «Социалистік Қазақстан» газетінің Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі болыпты», деп жазады ол.

ФОТО_010.jpg

Халық жазушысы

Енді «Әзілхан Нұршайықовтың жазушылық жолға түсуіне Павлодар өңірі әсер етті» деген әңгімеге оралсақ. Шын мәнінде, 1953-56 жылдар аралығында облыстық газетке редактор болған жылдары әртүрлі очерктер жазып, шығармашылық тұрғыда толысады. Оның соңы көркем әдеби тұрғыдағы әңгімелерді жазуына алып келгенге ұқсайды. Бұл ретте Халық жазушысының өзінің естелігінде «Павлодар мені әдебиет аспанына көтерген космодромым болды» деп айтып кеткені дәлел.
Көзі қарақты оқырман біледі, Ә.Нұршайықов өзінің «Махаббат, қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз» секілді әйгілі романдарының қалай жазылғаны туралы жеке-жеке әңгімелер жариялаған. Осындай бір сұхбаттарда Ә,Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» романының алғашқы сюжеттері Павлодар жерінде жүргенінде ойға келгенін ашып айтады. Тіпті көшеде келе жатып, ойға түскен нәрсемді ұмытып қалармын деген оймен орта жолда тоқтай қалып, қойнымдағы блокнотқа түртіп қояды екен. Сырттай қараған адамға бұл қимыл-әрекеті есі сау емес адамды елестеткен де шығар. Бірақ шығармашылықпен ауыру деген бір бөлек әңгіме ғой. Болашақ жазушы кейіннен бір еңбек демалысында жазып үлгермеген ойларын, іле екінші еңбек демалысын алып (бірі жыл аяғында болған, екіншісі жаңа жыл басында), көңіліндегі шаруасын тындырмай қоймаған көрінеді. Мұның барлығы Нұршайықов шығармаларын іздеп оқыған оқырмандарға белгілі. Әрине, қазақ еліне әйгілі болған романның алғашқы тараулары біздің Павлодар жерінде туғаны осындағы тұрғындар үшін ерекше мақтаныш.
1956 жылдың 6 тамызында шыққан Павлодар облыстық партия комитетінің қаулысымен жолдас Ә.Нұршайықов басқа қызметке ауысуына байланысты Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің редакторы қызметінен босатылады. Дәл осы қаулымен облыстық «Қызыл ту» газетінің редакторы болып Омарғали Құдышев бекітілген екен.
Омарғали Құдышев те қазақ журналистикасының атасы деуге болатын азамат, әскери тілші, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Қытайда «үш аймақ төңкерісіне» қатысқан чекист (Қытайдағы Шыңжаң–Ұйғыр автономиялық өлкесінің Іле, Тарбағатай, Алтай қазақ облыстарындағы үш аймақ төңкерісінің нәтижесінде орнаған Шығыс Түркістан Ислам Республикасына көмек көрсеткен ардагер), Семей өңірінің тумасы. Оның редакторлық еткен тұсында да газет тілінің көркемдік жазу деңгейін өсіріп, ұжым шығармашылыққа қабілеті зор адамдармен толыққанын, «Қызыл ту» басылымы ерекше биік белеске шыққанын айтып өту ләзім. Бұл жағынан алғанда Ә.Нұршайықовтан кейін ісін одан әрі ілгері апаратын О.Құдышевтей білікті басшының келуі – газетіміздің маңдайына бұйырған бақ деп білеміз.
Әлқисса, облыстық газеттен ұзағанмен Әзілхан Нұршайықов біраз уақыт «Социалистік Қазақстан» газетінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі болып қызмет етті.
Ә.Нұршайықовтың осы кезеңде бір ерекше сәтті бастан өткергенін дәлелдейтін уақыт болды. Естеріңізде ме, «Махаббат, қызық мол жылдар» романында әскерге кетіп бара жатқан сарбаздардың жаңадан шыққан М.Әуезовтің «Абай жолы» (романда аты-жөні өзгертіліп берілген) романын таласып-тармасып оқып жатқан сәті бар еді ғой.
Павлодар жерінде жүргенде Ә.Нұршайықовқа ұлы жазушы Мұхтар Әуезовті қарсы алушы делегацияның құрамында болу бақыты бұйырады. Бұл 1958 жылы еді. 24 маусым күні облысқа әйгілі жазушы, ғалым Мұхтар Әуезов Павлодар қалалық партия комитетінің шақыруымен келеді. Бұл - заңғар тұлғаның Павлодар жеріне алғаш және соңғы мәрте аяқ басуы еді. Қарсы алушылар құрамында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жауапты қызметкері Зейнолла Қабдолов, «Социалистік Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Ә.Нұршайықов, «Қызыл ту» газетінің редакторы Омарғали Құдышев және өзге де партия комитетінің басшылары болады. «Мен Баянауыл жерін бұрын көрмеген едім. Мұндай тамаша, осыншама ғаламат жерде туған адамдар ақын болмауы, алып болмауы мүмкін емес. Сұлтанмахмұт сияқты ұлы ақын, Қаныш сияқты ұлы ғалым, тағы да толып жатқан көрнекті, атақты ұлдар туғызған топырағынан айналайын, Баянауыл! - дегім келеді менің» деп М.Әуезовтің толғанатын сапары осы.
Кейін М.Әуезовтің Кереку өңіріне сапары туралы Ә.Нұршайықовтың «Әуезовпен болған бес күн» атты естелігі республикалық газетке жарияланды, сосын өңделіп, «Екі естелік» кітабында тағы шықты. Айтып өтейік, осы «Екі естелік» кітабының бір данасын жазушының өзі 1988 жылы 28 қараша күні «Қызыл ту» (қазіргі «Saryarqa samaly») газетінің редакция ұжымына қолтаңбасымен сыйға тартқан болатын. Бүгінде бұл қымбат мұра редакцияда сақтаулы!

Редакциясын ұмытпады

Жалпы, белгілі публицист, Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов өмірінің қай кезеңінде болмасын өзі еңбек еткен Павлодар өңірін, «Қызыл ту», «Сарыарқа самалы» газетін ұмытпай, хат жазып тұрды.
Соның бір жарқын көрінісі 2002 жылы жазушы енді ғана жазып бітірген «Халима» атты ғашықтар хикаясын Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетіне жолдады. Газет редакторы Мұхит Омаров «Халима» атты мәңгілік ғашықтар жырын газеттің бірнеше нөміріне жарыққа шығарды. Сол кездегі студент, біздер, газеттегі әңгімені бас алмай оқып, мәңгілік өлмес махаббат оқиғасына тамсанып едік. «Мынау «Махаббат, қызық мол жылдар» романының жалғасы ғой» деп өзімізше баға да бергенбіз.
Әлемдік әдебиетте «бестселлер» деген ұғым бар ғой. Ә.Нұршайықовтың газетте істеп жүріп дағдыланып, өмірдің өзінен келтірген оқиғаларынан құрап жазған қай романы болмасын оқырманның үлкен бағасын алды! Алпысыншы-жетпісінші жылдары жазылған барлық жазбаларын бүгінгі ұрпаққа дейін оқуда! Ғажайып жазушы Ғабит Мүсіреповтің өзі Ә.Нұршайықовтың жазушылық дарынын сүйіспеншілікпен атап өткенін білеміз.

Түптеп келгенде, Ә.Нұршайықов - зор журналистік еңбектің үлгісін көрсете келе, көркем әдебиеттің беделді өкіліне айналған, жалпы халықтың махаббатына бөленген тұлға. Бұл жолда жазушыға Павлодар облыстық газетіндегі қызмет істеген жылдары ерекше шабыт бергенін өзі де айтады. Бұл оқиға бүгінде осы редакцияда қызмет етуші жастардың бойында зор мақтаныш туғызады.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.
Ә.Нұршайықовтың жеке деректері Павлодар облыстық мемлекеттік архивінен алынды.

Количество показов: 590

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жас таланттар шоғырланды
10:36 16.08.2022  101

Арнайы аймақта - ауқымды жобалар
10:34 16.08.2022  96

Абай жолын ұлықтаған академик
10:30 16.08.2022  103

Ақ желеңділер тапшы
10:26 16.08.2022  130

Көмір бағасы қолжетімді
10:25 16.08.2022  95

Қала жолдары қарқынды жөнделуде
10:23 16.08.2022  101

Әдепсіз әншілер сахнадан шеттетіле ме?
10:21 16.08.2022  96

Сарыарқа самалы, 16 тамыз, сейсенбі
10:20 16.08.2022  108

Кәсіптік білімнің болашағы зор
09:09 13.08.2022  208

Киелі өнердің майталманы
09:05 13.08.2022  230

Қатерлі ісік азаймай тұр
08:59 13.08.2022  255

Абай тағылымы
08:58 13.08.2022  212

Сараланған тариф енгізіледі
08:56 13.08.2022  200

Сарыарқа самалы, 13 тамыз, сенбі
08:53 13.08.2022  224

Жаңа оқу жылына әзірлік
08:02 13.08.2022  244

Құрылысшы - мәртебелі мамандық
08:01 12.08.2022  249

Әр сөзі - тұнған шежіре
10:09 11.08.2022  306

Аспан перзенті
10:07 11.08.2022  301

«Өкпеұлы Кәрімтайдың ғибратты ғұмыры»
10:05 11.08.2022  310

Абай күні аталып өтті
10:04 11.08.2022  332

«Завод» сериалы түсірілуде
10:01 11.08.2022  306

Ауладағы қуаныш
09:58 11.08.2022  296

Білім. Еңбекқорлық. Өзгеше ойлау
09:56 11.08.2022  325

Энергетикалық сусынға тыйым салу қажет пе?
09:52 11.08.2022  324

«Мектепке жол» қалай өтуде?
09:49 11.08.2022  304

Техника жаңартуға таптырмас мүмкіндік
09:43 11.08.2022  343

Шаруалар шабындыққа шалғы салды
09:40 11.08.2022  329

Абай сөзі - әдебиет өлшемі
10:24 09.08.2022  419

Білікті мамандар тапшы
10:21 09.08.2022  405

Бір жабылып, бір ашылған «Әлем»
10:20 09.08.2022  401

Баспана – басты байлық
10:18 09.08.2022  394

«Бейсен және Болмыс»
10:14 09.08.2022  418

Екеудің көрмесі
10:11 09.08.2022  399

Мектеп жәрмеңкесі жалғасады
10:09 09.08.2022  415

Аймақтағы ахуал тұрақты
08:56 06.08.2022  498

Сарыарқа самалы, 6 тамыз, сенбі
08:36 06.08.2022  543

Саназардың теңіз аттары
08:13 06.08.2022  494

Медиация мақсаты - бітімгершілік
08:10 06.08.2022  547

Жолдарымыз жаңарып, аумақтар тазаруда
08:09 06.08.2022  516

Мектепке дайындық қанша тұрады?
08:07 06.08.2022  491

Әлемді әнмен Тербеткен
08:03 06.08.2022  539

Педагогтар не базына айтады?
08:01 06.08.2022  502

Өкпе ауруы дендеп тұр
08:00 06.08.2022  512

Қандай мультфильм көріп жүрміз?
10:51 04.08.2022  584

Интернет алаяқтары көбейіп барады
10:50 04.08.2022  643

Жаңатілекте мешіт ашылды
10:49 04.08.2022  570

Суармалы жердің берекесі мол
10:47 04.08.2022  590

Қор қаражатына несие жабылмайды
10:45 04.08.2022  595

Самокаттарға талапты қатаңдату керек пе?
10:41 04.08.2022  565

Мұрагерге жинақты алуға бола ма?
10:39 04.08.2022  576

Балалар бағына саяхат
10:37 04.08.2022  542

Өнерде шекара жоқ
10:34 04.08.2022  568

Алтын аға
10:30 04.08.2022  619

Балабақшалар қалай бақыланады?
10:28 04.08.2022  632

Әнші арманы
09:57 02.08.2022  641

«Мектепке жол» акциясы басталды
09:54 02.08.2022  824

Жол жабылмайды
09:52 02.08.2022  626

Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет
09:49 02.08.2022  655

Пәтер кезегін себепсіз жылжытқан
09:47 02.08.2022  636

Денсаулық пойызы келді
09:45 02.08.2022  654