Мерейі асқақ Ақсу шаhары!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары! 26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!

Биыл еліміздің отын-энергетикалық орталығы әрі металлургтердің шаhары Ақсу 60 жылдық мерейтойын тойлауда. Күн сайын дамып, ажары артып, түрленген жас қалада мереке қарсаңында біршама игі бастамалар жүзеге асты. Сенбі күні айтулы мерейтойға орай шаhарда жаңа тұрғын үй мен аллея пайдалануға берілді.

Қазақстан 2.jpg

Аталмыш күннің маңызды шарасы – жас қаланың мерейтойына орай 80 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, оларға пәтер кілттерін табыстады.

- Ақсу қаласы – ірі металлургия орта-лықтарының бірі және даму қарқыны жоғары моноқалаға айналды. Әсіресе, әрбір алтыншы қазақстандықты электр қуатымен қамтамасыз ететінін атап өткен жөн, - деді облыс әкімі. Сонымен қатар, қала мен ауыл-аймақтағы әлеуметтік мәселелер, оның ішінде жұмыспен қамту және баспанамен қамтамасыз ету мәселелері шешіліп жатқандығын алға тартты. Жаңа пәтер иелерін құттықтап, берекелі әрі мерекелі шаңырақ болсын деп тілек білдірді. Жаңа үйге қоныстанушы Нұргүл Жаманова екінші топтағы мүгедек екен. Бірнеше жыл бойы жалдамалы пәтерде тұрған ол қуанышты күні көз жасына ерік берді. Осындай мүмкіндік тудырған жандарға жылы лебізін білдіріп, алғысын айтты.

- Алғаш рет Ақсу қала-сына Қызылжар ауылынан көшіп келдік. Біраз уақыт уақытша берілген пәтерде тұрдық. Бүгінгі күні үш бөлмелі пәтердің иесі атанып отырмыз, - дейді көпбалалы ана Салтанат Нұржанова. Құрылысшылар көшесі, 43 мекен-жайында орналасқан тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынды. Мұндағы пәтерлер бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, әлеуметтік тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға берілді. Карантиндік талаптарға байланысты 15 отбасы шақырылып, кілттері табысталды. Ақсу шаhарының 60 жылдығына орай қалада аллея пайда болды. ҚР Мемлекеттік рәміздер алаңына 60 шырша мен терек отырғызылды. Шараға ардагерлермен қатар, жас еріктілер мен қала тұрғындары да атсалысты. Аймақ басшысы жаңа аллеяға өз ағашын отырғызды. Мұндай экологиялық шараның маңыздылығын атап, жастарды жас көшеттерді күтіп, баптауға, қоршаған ортаны аялауға шақырды.

- Бұрындары бұл саябақ сұрықсыз еді. Қазіргі кезде тұрғындар жиі серуендейтін, балаларға арналған алаңқайы бар саябаққа айналды. Ал қаламыздың мерейтойына орай жас көшеттер отырғызылып, одан сайын көріктене түсетіні сөзсіз, - деді зейнеткер Александр Крылов. Ақсулық ерікті Нұржан Қайыржанов жаңа аллеяға өз үлесін қосуға ниетті белсенді жастардың бірі. Ол туған өлкесінің өсіп, өркендеуіне күшін салатын жастардың қатары қалың екендігін ерекше атап өтті. Бұл кеште бірлік пен татулықты ту еткен, көпұлтты Ақсу қаласының тарихы С.Дөнентаев атындағы мәдениет сарайында өткен «Ақсу – ортақ үйіміз» атты форумда кеңінен баяндалды.

- Ақсу қаласына алғаш келген кезде қала тұрғындарының мейірімділігі мен еңбек ұйымдарының ұйымшылдығы есте ерекше қалған еді. Қазір де халқымыздың бойындағы аталмыш қасиеттер жоғалған емес. Ақсу – еңбексүйгіш және жаны жайсаң жандардың қаласы екендігін толық сеніммен айтамын, - деді аталмыш кештің құрметті қонағы, «Қазхром» трансұлт-
тық компаниясының басшысы Арман Есенжолов. Ол жергілікті ферроқорытпа зауытының басшысы лауазымында жеті жыл жұмыс істегендігін, біршама жылдар Қазақстан мен Ресейдің көптеген қалаларында қызмет етсе де, өзі үшін Ақсу шаhарының орны бөлек екенін айтты. Аталмыш форумның аясында педагогика, денсаулық сақтау, энергетика, спорт, мәдениет, металлургия саласының үздіктеріне «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» және «Ақсу қаласына сіңірген еңбегі үшін» белгілері, Ақсу қаласы әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

 

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

 


Количество показов: 478

Возврат к списку