Миллиард теңге «желге ұшты» ма?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Миллиард теңге  «желге ұшты» ма? 27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?

Осыдан екі жыл бұрын Аққулы ауылында жүргізушілер мен жолаушылардың игілігі үшін қызмет етуі тиіс жол бойы сервисінің нысаны салынған болатын. Құрылыс жұмыстары мен кешенді жабдықтауға мемлекеттік бюджеттен 1 млрд теңге жұмсалды. Алайда қазынаның қыруар қаржысына бой көтерген бұл нысан әлі күнге дейін бос тұр.

 

ҚР Индустрия және инфрақұры-лымдық даму министрлігі осыдан бірнеше жыл бұрын Павлодар – Семей бағытындағы жолдың бойында сервистік қызмет көрсетуді жөн деп санады. Әу бастағы жоспар бойынша, екі қала арасындағы ірі кешен кәсіпкерлерге жалға берілуі тиіс еді. Сол арқылы ел билігі шағын және орта бизнеске жеке ісін жүргізетін қолайлы ғимараттар, ал республикалық маңызы бар жолмен қатынайтын тұрғындарға көлікті жөндеп, тамақтанатын, қажет болғанда демалып, түнеп шығатын ыңғайлы орын қарас-тыруды көздеді. Бұл жобаны жүзеге асыру «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына жүктелді. Мемлекеттік қазынадан 1 млрд теңге қарастырылып, аз уақыт аралығында ірі кешен салынды. Атап айтқанда, мұнда жолда әлдебір қиындықтарға тап болған жолаушыларға пана болар 24 бөлмелі қонақ үй, олардың көлігін жөндейтін техникалық орталық, жанар-жағармай бекеті, жүк көліктеріне арналған жылы бокс бар. Тіпті, 100 адамға арналған дәмхана қарастырылды. Әйтсе де, нысан болғанмен, онда жұмысты ұйымдастырып, осының бәрін кәдеге жаратар кәсіпкер жоқ. Жергілікті жекешелендіру және мемлекеттік мүлік департаменті жол бойы сервисіне жататын обьектіні жалға беру бойынша 30 рет мемлекеттік конкурс ұйымдастырды. Бірақ оның бәрі сәтсіз болды. Себебі кешенді жалдау бағасы аспандап тұр. Мұнда кәсібін дөңгелетуді қалайтын бизнес өкілдері ай сайын 4 млн теңге төлеуі тиіс. Бірақ ауылдық жердегі қызмет көрсету орындарына мұндай ірі көлем-дегі табыс түспейді. Сондықтан ешкімнің басын бәйгеге тіккісі жоқ.

- Кешендегі құралдардың бәрі жаңа. Оның құрамына кіретін ғимараттар тиісті инженерлік-коммуникациялық желілермен қамтылған. Қысқасы, кәсіпкердің жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Сондықтан жалға беру ақысын түсіре алмаймыз. Оған құқығымыз да жоқ, - дейді облыстық жекешелендіру және мемлекеттік мүлік департаменті басшысының орынбасары Талғат Қадырбаев. Мемлекет бұл нысанды жалға беріп, құрылысқа жұмсалған қаражатты қайтарып алудың орнына керісінше одан әрі шығынға батып отыр. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы облыстық филиалының директоры Ақылбек Қабылдиннің сөзінше, ай сайын кешенді күтіп-ұстауға кемінде жарты миллион теңге жұмсалады.

- Жол бойы сервисінің нысаны қомақты сомаға салынып, заманауи құралдармен жабдықталды. Сондықтан оларға ие болар кәсіпкерлер табылғанға дейін сапалы қалпын сақтауымыз тиіс. Ол үшін күзет қызметі қойылды. Кешеннің аумағы мен ондағы техни-калық жабдықтауды бақылауда ұстайтын жұмысшыларға айына барлығы 500 мың теңге төленеді. Коммуналдық төлемдер тағы бар. Кешенді жалға берудің түрлі амалын қарастырсақ та әзірше оң нәтиже болмай тұр, - дейді А.Қабылдин. Сол себепті Аққулы ауданының әкімдігі кешенді тұтасымен емес, ғимараттарды жеке-жеке жалға тапсыруды ұсынды. Нәтижесінде жергілікті кәсіпкер жанар-жағармай бекетін алуға келісті.

- Қазіргі таңда «Энергия ПВ» компаниясы жанармай сату орнына қосымша қондырғыларды жеткізіп жатыр. Осы жылдың соңына дейін бұл бекет ашылуы тиіс. Ай сайынғы жалдау құны шамамен 300 мың теңге болады. Басқа да нысандарды жалға алуға ниетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде, - дейді Аққулы ауданының әкімі Абзал Балғабаев. Осылайша, алдын ала талдау, сараптау жұмыстарының жүйелі жүргі-зілмеуі салдарынан 1 млрд теңгеге салынған ірі кешеннің «жыры» бітпей келеді. Мемлекет бұл нысаннан табыс таппақ түгілі құрылысқа жұмсалған қаражатты қайтара алмай әлек. Оның үстіне оларды қаз-қалпында ұстауға тағы да миллиондаған қаржы бөлініп жатыр. Айына 500 мың теңге жұмсалады десек, соңғы екі жыл аралығында тағы 12 млн теңгенің «келмеске кеткенін» есептеу қиын емес. Бірнеше қызмет көрсету орталығын біріктіретін кешеннің екі жыл бойы кәдеге жарамауы – жобаға жауаптылардың кінәсі. Олай демеске лаж жоқ. Алдын ала сараптау-талдау жұмыстары жүргізілсе, мұндай қиындықтар туындамас еді. Ай сайын кәсіпкерлерден 4 млн теңге алудан дәмелі органның есебі де түсініксіз. Енді «ҚазАвтоЖол» компаниясы келер жылы Павлодар – Семей жолының ақылы болуынан үмітті. Сол кезде нысанды өз қарамағына алып, жалға алу сомасын «жерге түсіруді» ойлас-тырып отыр. Нысандарды кәсіпкерлерге сенімді басқаруға тапсырып, құрылыс пен күтіп-ұстауға жұмсалған миллиардтан астам қаражатты қайтаруды қалайды. Ал оған дейін жол бойы сервисінің қаңырап тұратын түрі бар.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

 


Количество показов: 526

Возврат к списку