Модульді пункттер көбейеді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Модульді пункттер көбейеді 23.12.2021

Модульді пункттер көбейеді

Осыдан бірнеше ай бұрын облыс орталығы мен Баянауыл ауданында барлығы бес полиция пункті ашылған болатын. Сервистік жұмыс моделі тәртіп сақшыларының тұрғындарға жақындай түсуі, олардың мәселелерін тез арада шешуі үшін іске қосылды. Енді жыл соңына дейін Павлодар, Екібастұз бен Ақсу қалаларында да дәл осындай орталықтар пайда болмақ.

 

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен облыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оты-рысы барысында қауіпсіздікті сақтауға қатысты бірқатар мәселе талқыланды. Айта кетейік, биыл өңірде құқық қорғау қызметінің жұмысын реформалау басталды. Пилоттық жоба алдымен Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімі аумағында іске асты. Себебі бұл аумақта осы жылдың 9 айында қылмыстар саны 27,6 пайызға өскен. Кейін облыстағы барлық полиция қызметін сервистік модельге ауыстыру жоспарланып отыр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топтың басшысы Александр Денисюк осы мақсатта үш негізгі даму векторы анықталғанын атап өтті.

- Бірінші вектор – тұрғындарға полиция көмегіне жүгіну жеңілдей түсуі үшін пункттердің жақын орналасуы. Учаскелік бекеттерді, мобильді пункттерді оңтайлы орналастыру, оларды материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету мен жедел әрекет ету деңгейі артуы тиіс. Екіншіден, әлеуетті қауіптерді жою арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу қажет. Біз пилоттық аумақтағы проблемаларды сүзгіден өткізу, жиналған ақпаратты сараптау, оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу және жалпы нәтижені бағалау әдістері қолданылатын «САРА» әдістемесін қолданамыз. Үшінші бағыт – қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жергілікті маңыз беріп, оларды шешу жолдарын тұрғындармен бірге талқылау. Осы мақсатта әлеуметтік желілер мен мес-
сенджерлерде құрамында полиция қызметкерлері мен оған қарасты аумақ тұрғындары бар топтар құрылды, - деді А.Денисюк. Осы орайда екі ай бұрын тәртіп сақшыларының ашықтығын қамтамасыз ету үшін Павлодар қаласында төрт, Баянауыл ауданында бір модульдік полиция пункті ашылған еді. Әр бекет пункттегі көріністерді бірден полиция пультіне көшіретін бейнекамералармен жабдықталды. Бұл орталықтарда учаскелік полиция қызметкерлері, кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі инспектор және аумақтық жедел уәкіл бар. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров жыл соңына дейін өңірде тағы да 10 пункт құрылатынын айтты. Олардың бесеуі облыс орталығында, үшеуі Екібастұз қаласында және екеуі Ақсуда орналасады. Құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындар тәртіп сақшыларына қолдау көрсеткен жағдайда ғана бұл инфрақұрылымның пайдасы болатынын алға тартады.

- Сервистік модель қоғам өкілдері қауіпсіздік проблемаларын анықтау үдерісіне белсенді қатысқанда ғана жақсы нәтиже көрсетеді. Полиция қызметкерлері мен жергілікті қауымдастықтың арасында кері байланыстың орнауы маңызды. Ол үшін қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдаланып, тұрғындардың сұранысына жедел әрекет ету керек. Сонда ғана полиция жазалайтын емес, қиын өмірлік жағдайда көмек көрсететін орган деген көзқарас қалыптасады, - деді Ж.Қайыров Осы орайда облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов тәртіп сақшылары іс жүзінде тұрғындарға жақын болып, халықтың учаскелік полиция инспекторларын танып білуі бойынша тұрақты жұмыс істеуі керектігін айтты. Сонымен қатар, аймақ басшысы ауылдық аймақтарда мал ұрлығының өршіп тұрғанына база назар аударды. Белгілі болғандай, барымташылар арнайы базада тіркелмеген төрт түлікті қолды етіп жатыр.

- Полиция жергілікті жерлердегі атқарушы мемлекеттік органдармен тығыз әрекет етуі керек. Түліктерді есепке алуға да көңіл аудару тиіс. Шаруа-шылықтардағы деректерді жаңартып, жеке аулалардағы малдарды да түгендеу қажет. Тіпті, қажет болған жағдайда биыл өткен санақ мәліметтерін пайдалануға болады. Түптеп келгенде, өңірдегі мал басының нақты санын заңдастыруға мүмкіндік беретін құралдар жеткі-лікті, - деді Ә.Сқақов. Сондай-ақ, жиын барысында проба-ция қызметінің есебіне тіркеле тұрып тағы да қылмыс жасайтын тұрғын-дарға қатысты мәселе талқыланды. Жыл басынан бері жазадан босатылған немесе бостандығын айыруға қатысты жазаға тартылмаған тұрғындар қайтадан 93 қылмыстық әрекетке барған. Бұл құқық бұзушылықтың әр екіншісі - ұрлық. Сондықтан Әбілқайыр Бақтыбайұлы жазасын өтеп шыққан азаматтармен жұмысты күшейтіп, олардың қоғамға бейімделуі үшін жағдай жасау қажет екенін айтты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 


Количество показов: 920

Возврат к списку