Мол өнім түседі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Мол өнім түседі 16.10.2021

Мол өнім түседі

Биыл павлодарлық диқандар рекордтарға өзгеріс енгізбекші. Аймағымызда соңғы 30 жылда алғаш рет 1 миллион тоннадан астам дәнді дақылдар қамбаға түседі деп күтілуде. Биыл 600 мың тонна картоп жиналып, тағы бір рекорд орнатылғанын ескерсек, өңірдің егін шаруашылығы саласының дамуын оң бағалауға негіз бар.

Ғылымсыз қиын

Әрине, еңбек – шаруаныкі. Мемлекеттік бағдарламалардың игілігін пайдалана білген шаруалар кәсібін дөңгелетіп, сәйкесінше өңір экономикасының алға жылжуына зор үлес қосуда. Алдыгүні облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Ертіс және Тереңкөл аудандарындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің жұмысымен танысып, оң нәтижелер үшін алғысын білдірді. Ертіс ауданындағы үздік шаруа-шылықтардың бірі – «Три К». Шаруа қожалық басшысы Оразалы Атимов суармалы алқаптың көлемі 631,4 гектарға жеткенін айтады. Биыл алқаптың 250,4 гектарына жүгері, 381 гектарына күнбағыс отырғызылыпты. Жақын күндері майлы дақылдарды жинауға кіріспек. Қазірдің өзінде жай алқаппен салыстырғанда 4 есе артық өнім алуға болатынын болжап отыр.

- Жай алқапта өскен жүгерінің 1 гектарынан 153 мың теңге пайда табуға болса, суармалы алқапта 470 мың теңге табыс түседі. Айырмашылық жер мен көктей. Биыл 400 гектарға зығыр ектік. Әр гектардан шамамен 1 тонна өнім жиналады. Нарықтағы бағасы – 320-340 мың теңге (1 тоннасы). Майлы дақылдарды өсірудің машақаты көп болғанымен, бағасы қымбат. Табыс табудың бірден-бір жолы – осы. Соңғы 5 жылда техника паркін толығымен жаңарттым. Майлы дақылдар дұрыс кептірілуі керек. Бұл ретте, 2 кептіргіш қондырғысын іске қостым. Бүгінде сыйымдылығы 1 мың тоннаны құрайтын көкөніс қоймасын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, 2 мың гектар суармалы алқапты іске қосуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Жалпы, баптап күте білсең, әр жердің берекесі бар. Мәселен, биыл маусым айында тұрғындарға да, төрт түлікке де пайдасы жоқ деген азғантай ғана жайылым жерден 350 миллион теңгенің өнімін алдық. Ертіс өзені дәл жанымызда ағып тұр. Оны тиімді пайдаланып, суармалы алқапты дамыту жоспарда бар, - дейді О.Атимов. Суармалы алқапты іске қосуға «Оразбаев» шаруашылығы да ниетті. Бүгінде мұнда 280 гектар жерді суландыру үшін 3,2 км су құбыры төселіп, 5,2 шақырым электр желілері тартылған. Жыл соңына дейін сорғы станциясы пайда болып, келесі жылдың көктемінде жоба сәтті жүзеге асады деп күтілуде. Сөйтіп, мал азығы сапасын жақсартып, 620 басқа арналған тауарлы сүт фермасын іске қосу жоспарда бар. Бұдан кейін аймақ басшысы жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері басшыларымен кездесті. Диқандар суармалы алқапты дамытуға қолдау көрсетуді сұрады. Әбілқайыр Сқақов әр ауданда суармалы алқапты қосудың картасы әзірленіп, бұл іске ғылыми тұрғыдан қарау керектігін айтты.

- Аймағымызда Ертіс өзенінің суын 9 аудан кәдеге жарата алады. Яғни, суармалы алқапты дамытуға мүмкіндік мол. Өзеннен шалғай орналасқан шаруашылықтарға жасанды су арнасын іске қосқан тиімді шығар. Сол себепті, әр жобаны жіті зерттеп, ғылыми негіздерге сүйенген абзал. Суармалы алқапты дамыту бір бөлек, бізде қайта өңдеу саласы ақсап тұрғаны жасырын емес. Қазір әлемдік тәжірибеге сүйенсек, ауыл шаруашылығы саласының дамуы қайта өңдеу бағытындағы жұмыстарымен өлшенеді. Шаруаларды қолдау жалғаса береді. Десе де, алдағы уақытта қайта өңдеу бағытында еңбектеніп жүргендерге басымдық берілетінін естен шығармаған жөн, - деді облыс әкімі.

Жем-шөпке субсидия бар

Тереңкөлдік шаруалар да жиын-терім жұмыстарын ойдағыдай аяқтауға жақын. Майлы дақылдарды жинау кезек күтіп тұр. Айтпақшы, еліміздегі қарақұмық алқабының 54 проценті Павлодар облысына тиесілі. Биыл павлодарлықтар орташа есеппен гектарынан 8,1 центнер өнім жинағанның өзінде 43 мың тонна қарақұмыққа қарық болады деп күтілуде. Оны өсірумен «Құндыз» шаруа қожалығының басшысы Игорь Щербак мықтап айналысуда.

- Қарақұмықтың «Девятка» сортын егеміз. Қайта өңдеумен айналысатын кәсіпкерлер қуана-қуана талап алады. Биыл аталған дақыл 1,2 мың гектарға тамыр тартты. Шауып та үлгердік. Кепкенше егіс алқабында жатады. Әр гектарынан 8-10 центнер өнім береді деп болжап отырмыз, - дейді И.Щербак. Аталған шаруашылықтың картоп сақтау қоймасында болған Әбілқайыр Сқақов «екінші нанның» сапалы екеніне көз жеткізді. Мұнда әрқайсысының сыйымдылығы 2 мың тонналық заманауи қондырғылармен жабдықталған 4 қойма бар екен. Тереңкөлдік шаруашылықтармен кездескен аймақ басшысы өсімдік шаруашылығымен қатар, мал шаруа-шылығын дамытуды мықтап қолға алу керектігін айтты. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық қолдау қарастырылған.

- Биыл шағын фермерліктер мен шаруа қожалықтары алғаш рет мал азығына субсидия алады. Жалпы сомасы 500 млн теңгенің субсидиясына мыңға жуық шаруашылық ие болады. Оларға ірі қара малдың бір басы үшін 10 мың теңге, бір қой үшін 3 мың теңге беріледі. Шаруалардың азыққа жұмсайтын шығындары орташа есеппен 30 процентке төмендейді. Осылайша, АӨК есебінен өңірлік экономиканы әртараптандыру жөніндегі жоспарларымыз жүйелі іске асуда. Екі жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі жалпы өнім көлемі 255 млрд теңгеден 350 млрд теңгеге дейін артты. Өсім барлық бағыттар бойынша байқалады, - деді Ә.Сқақов. Облыс әкімінің орынбасары Мейрам Өтешов суармалы алқапты дамыту жұмыстары жалғасын табатынына сендірді. Бүгінде өңірде оның көлемі 132 мың гектарды құраса, алдағы 5 жылда 225 мың гектарға жетеді деп күтілуде.

Оралхан ҚОЖАНОВ,

Ертіс және Тереңкөл аудандары.

 


Количество показов: 663

Возврат к списку