Мораторий күшін жоюы мүмкін

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Мораторий күшін жоюы мүмкін 28.10.2021

Мораторий күшін жоюы мүмкін

Осыдан екі жыл бұрын отандық шағын және орта бизнес нысандарын тексеруге мораторий жарияланған болатын. Соған сәйкес, мемлекеттік мекемелер 2022 жылға дейін кәсіпкерлердің ісіне араласа алмайды. Десе де, бұл шешімге таяу уақытта өзгерістер енгізіліп, бірқатар сала қайта бақылауға алынбақ.

 

Осыдан екі ай бұрын ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысы барысында бизнесті тексеруге мораторийден бас тартуды ұсынды. Министрдің айтуынша, тексеру жүргізілмеуі салдарынан кәсіпкерлердің кассалық тәртібі бұзылған. Яғни, мораторий жарияланған уақыттан бастап салықтан жалтаратын кәсіпкерлер көбейген. Алайда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен бизнес өкілдері бұған қарсы шықты. Пандемия салдарынан тығырыққа тірелген нысандарды тексеру «жығылған үстіне жұдырық» болады дегенді алға тартты. Ал таяуда «Қазақстанда тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлыққа толықтыру енгізу жобасы қоғам талқысына ұсынылды. Белгілі болғандай, жаңа құжаттың енгізілуіне Ауыл шаруашылығы министрлігі бастамашы болып отыр. Аталмыш ведомство ветеринарлық және фитосанитариялық нысандарды қайта тексеру, бақылау мен қадағалауға ниетті. Бұл сынамаларды алу, диагностика жүргізу немесе ветеринарлық-санитарлық сараптама жасау үшiн қажет көрінеді. Үкімет басшысы Асқар Мамин шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге қойылған мораторий салдарынан төрт түлік пен құстар арасында тарайтын кейбір аурулардың алдын алу мүмкін емес болып отырғанын атап өтті.

- Ұзаққа созылып кеткен әрі шиеленіскен эпидемиологиялық ахуал кесірінен бүгінде елдегі эпизоотиялық ахуалдың нашарлау қаупі тууда. Былтыр жоғары патогенді құс тұмауының жаппай өршуі - осының айқын дәлелі. Небары екі айда – 2020 жылғы қыркүйек-қазанда 8 облыс аумағында құс тұмауының 98 ошағы тіркелді. Жануарлардың ерекше қауіпті ауруының осынша кең ауқымда таралуы, сондай-ақ құс тұмауы вирусының H5N8 жаңа подтипінің тіркелуі бұған дейін болмаған. Осы аурудан келген экономикалық залал 3,1 миллиард теңгені құрады. Бұл сома жойылған үй құстарының иелеріне келтірілген залалды өтеу үшін республикалық бюджеттен бөлінді. Осы жылы да әлемде жануарлар аурулары бойынша эпизоотиялық ахуал күрделі күйінде қалып тұр. Халықаралық эпизоотиялық бюроның дерегінше, құс тұмауы індеті Еуропада, Шығыс Азияда, көрші Қытай мен Ресейде және басқа да шекара маңындағы елдерде ары қарай тіркелуде. Індеттің Қазақстанға енуі мен таралуының негізгі көзі – жабайы және синантропты құстардың миграциясы болып отыр. Аталған қауіп-қатердің алдын алу үшін бірқатар мораторий түрін алып тастау керек, - дейді Үкімет басшысы. Айта кетелік, биыл құс тұмауы Павлодар облысында да тіркелген болатын. Алдымен Тереңкөл ауданында, кейін Павлодар ауданында қаздар мен тауықтар «арам» қатты. Мораторий алынар болса, ветеринарлық саланы реттеу жұмысы оңтайлана түспек. Сонымен қатар, тамақ өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарға қатысты бақылау, тексеру жұмыстары қайта қолға алынуы әбден мүмкін. Қазіргі уақытта Үкімет тиісті өзгерістер енгізу бойынша құжаттарды әзірлеуде.

 

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

 

 

 


Количество показов: 2150

Возврат к списку