" /> Музей майталманы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Музей майталманы 12.10.2021

Музей майталманы

Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейі – өңірдің әдеби-мәдени өмірінен сыр шертіп тұрған бірегей мәдениет ошағы. Ертістің Павлодар өңірінен шыққан біртуар ғалымдар, өнер қайраткерлері және ақын-жазушылардың мол мұрасын жинақтап, жан-жақты зерттеп, елдің игілігіне жаратып отырған қазына аралы. Бастапқыда музей қорындағы құнды жәдігерлер саны төрт мыңға жуық болса, қазір елу бес мыңның үстінде.

мәдениет 2.jpg

Осындай қыруар қазынаны жүйелеп, көздің қарашығындай сақтап отырған музей қызметкерлерінің еңбегі орасан. Бүгінгі сөз бар ғұмырын музей ісіне арнаған майталман маман Мағзия Әбенова туралы болмақ. Музей саласына еңбегі сіңген қайраткер, Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейі директорының орынбасары Мағзия Қайырбекқызы экскурсия жүргізуші ретінде 36 жылдан бері табысты қызмет етіп келеді. Музей саласына көп жылдар бойы қажымай-талмай еңбек сіңірген жанның ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тұлғалары» облыстық жобасында жеңімпаз атануы – заңды.

- Музей – жанды организм, біздің тарихымыз, бүгініміз бен ертеңіміз. Туған жердің тарихы мен мәдениетін танып-білмеген адам елдің патриоты бола алмайды. Экскурсия жүргізуші туған жерін шексіз сүйіп, оның тарихын жақсы білуі керек, - дейді Мағзия Қайырбекқызы. 1990 жылдың 1 ақпанында облыстық әдебиет және өнер музейінің негізі қаланып, оған Бикеш Дүрманова жетекшілік етті. Жаңа музей XVIII ғасырдың ойшылы, аты аңызға айналған Абылай ханның кеңесшісі әрі көмекшісі Бұқар жырау есімімен аталды. 1992 жылдың 22 наурызында салтанатты түрде ашылған музейге кейін Роза Игібаева 26 жыл бойы басшылық етіп, рухани орданың қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Музейге өлкетанушы, өнертанушы, журналист Айтжан Бәделхан, Қуандық Қалиев, Ербол Қайыровтар көп еңбек сіңірді. Ербол Мәтіұлы бүгінде музей директоры ретінде осы бағыттағы жемісті қызметін жалғастыруда. Еңбек жолын Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде бастаған Мағзия Әбенова кейін осында қызметке ауысқан. Мағзия Қайырбекқызы – музейдің жәді-герлерінің ғана емес, ғимаратының тарихына дейін жетік білетін білікті маман. Музей ғимараты – Қазақстандағы ағаш сәулет өнерінің ең әдемі ескерткіші.

- 1897 жылы ескі сәулет үлгісімен салынған көз тартарлық ағаш үй кезінде мұсылман мешіті ретінде тұрғызылған көрінеді. Фаттах Рамазанов деген татар байы салдырған ғимарат талапқа сай болмай шыққан соң сатып жіберген. Айшықты оюлармен көмкерілген көрікті ғимараттың түрлі себептермен қолдан-қолға өтіп, бір ғасырдан соң рухани ордаға айналуында тылсым сыр бар», - дейді Мағзия Қайырбекқызы. Ресейдің Алтай өлкесінде туып-өсіп, орыс мектебінде тәлім алған Мағзия Әбенова ана тілін өте жақсы меңгерген.

- Қазақ тілін меңгеруімізге әжем тікелей әсер етті. Себебі ол кісі бізбен тек қазақша сөйлесетін. Әжем орысша білмейді екен деп жүрсек, ана тілімізді ұмытып қалмауымыз үшін бізбен тек қазақша сөйлесіпті. Мен мектеп бітірген соң «біржола орыс болып кетпей тұрғанда елге көшейік» деп, отбасымызбен атамекенге көшіріп әкелді. «Отанды сүю – отбасынан басталады» деген сөз бекер айтылмаған, тілді үйренуде де отбасының маңызы зор. Ата-анасы қай тілде сөйлесе, бала да сол тілді меңгеріп, дүниетанымы қалыптасады. Мұражайда бір тұлғаға қатысты жәдігерлер жинақталады. Ал музейдің ауқымы кең. Салада тәжірибесі мол маманның ақыл-кеңесіне жүгінушілер де баршылық. Ескелдідегі атақты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мемориалдық мұражайында Мағзия Қайырбекқызының қолтаңбасы бар.

- 2018 жылы Мәшһүр Жүсіптің 160 жылдық мерейтойы өткен соң бір айдан кейін ғұламаның немересі Қажымұқан Пазылов Мәшһүр Жүсіптің мұражайы жаңа ғимаратқа көшірілетінін айтып, онда қойылатын жәдігерлердің құндылығы, мазмұнына қарай лайықты орналас-тырып беруді сұрады. Көп ұзамай барлық жәдігерлер экспозияция құру заңдылықтарына сай орналастырылды. Өзіме артылған сенімді ақтап шықтым деп ойлаймын. 2019 жылы құнды жәдігерлерге толы Мәшһүр Жүсіп мемориалдық мұражайы ашылды. Музей қорында ел тарихында есімдері алтын әріптермен жазылған Ертістің Павлодар өңірінен шыққан тұлғалардың 15 мыңнан астам түпнұсқа жәдігері бар. Алтын қорда сақталған бағалы жәдігерлер қазақ ақындары, сазгерлері, ХХ ғасырдағы ойшылдардың жеке заттары, қолжазбалары, өздерінің қолынан шыққан бұйымдар, сазды аспаптар, құжаттар мен фотоматериалдар – музейдің баға жетпес құнды қазыналары. Музей қызметкерлерінің ыждаһатты зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Қошке Кемеңгеров, Қадыр Тайшықов, Жүсіпбек Аймауытов сияқты қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың өмірлерінен тың деректер, құнды құжаттар табылған. Ал осы жәдігерлердің музейден лайықты орын тауып, келушілердің көзайымына айналуында Мағзия Қайырбекқызының еңбегі зор. Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі еліміздегі үздік музейлер қатарында. Биыл Бұқар жырау атындағы әдебиет пен өнер музейі мәдениет ұйымдары мен қызметкерлері арасында өтетін «Рухани қазына-2021» байқауында «Ең үздік әдеби музей» аталымына ие болды. Музейде халық ауыз әдебиеті, көне түркі жазбалары, музейге есімі берілген Бұқар жырау туралы баян ететін XVII-XVIII ғасыр әдебиеті, әдебиеттер достастығы залы, XX ғасыр әдебиеті, қазіргі заман әдебиеті залы, өнер залы бар. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жазушы-драматург Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» шығармасының түпнұсқасы сақталған. Дауылпаз ақын Иса Байзақовтың шапаны, жеке ыдысы және былғары әмиянын ақынның қызы Мақпуза Байзақова табыстаған. Шәкен Айманов кино өнеріндегі Алдар көсе рөлін сомдағанда киген бөрікті кейінірек Шәкен Аймановтың туыстары музейге тапсырған. Шәкен Айманов өмірінің соңына дейін киген тоны да сақтаулы. Иса Байзақовтың ауруханада жатқанда ұстаған шәйнегі, Жүсіпбек Аймауытовтың өз қолымен жасаған қағаз кесетін ағаш пышағы, т.б. заттары, Қамар Қасымовтың Нұтфолла Шәкеновке жасап берген домбырасы, белгілі аспапшы Тоқбай Жұмағұловтың балалайкасы - музейге келушілердің көзіне ыстық көрінетін, жүрекке ерекше әсер ететін құнды жәдігерлер. Музейде ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ташпиғы, бойтұмары, Қабдыкәрім Ыдырысовтың 1948 жылы жазылған «Ана», «Абай», «Әртіс» секілді алғашқы өлеңдерінің қолжазбалары, жеке күнделігі, домбырасы сақтаулы. 1926 жылы Қызылорда театрында Қошкенің «Алтын сақина» пьесасын сахналап, кәсіби театрдың негізін қалаған Ж.Шаниннің, сатирик Сәбит Дөнентаев, ақын Дихан Әбілев, Қалижан Бекқожин, Ахат Жақсыбаев, т.б. белгілі әдебиет-өнер қайраткерлерінің мұралары сақталған. Павлодар облысында тұратын Қазақстан Жазушылар одағы мүшелерінің туындылары музей төріне қойылған. Жақында музейде ашылған «Өнер» залы өңірдің өнер қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертіп тұр. Қазақ өнерінің жиырмаға жуық жарқын өкілінің музей қорында сақталған құнды жәдігерлер тұрақты экспозициядан орын тапты. Атап айтқанда, Жаяу Мұса Байжанов, Естай Беркімбаев, Құдайберген Әлсейітов, Тоқбай Жұмағұлов, Жабай Тоғандықов, Майра Шамсутдинова, Қамар Қасымов, Шахан Мусин, Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев, Садық Кәрімбаев, Фаина Миронова, Иван Чистяков, Қуат Әбусейітов, Суат Әбусейітов, Байтен Омаров, Айтжан Бәделханов, Жанас Ысқақовтардың жеке заттары музей төрінде тұр. Бірегей мәдениет ордасын тамашалаған меценат Исламбек Салжанов атқарылған қыруар еңбекті бағалап, ұжымға деген ризашылықпен «Газель» автокөлігін сыйға тартыпты. Ұлт руханиятына жанашыр жандар көп болса, халқымыздың асыл мұрасы ғасырдан ғасырға жетері сөзсіз.

- Мағзия Қайырбекқызы әңгіменің майын тамызып айтқанда тыңдаған да арманда, тыңдамаған да арманда. Кез келген тақырыпта көсіліп сөйлей алады. Біз ол кісіні «энциклопедия» дейміз. Ұшан-теңіз біліміне, адамгершілік қасиеттеріне басымызды иеміз, - дейді Мағзия Әбенованың шәкірттерінің бірі, музей қызметкері Маржан Шайхимова. Музей ісінің майталманы Мағзия Қайырбекқызының еңбегі лайықты бағаланып келеді. ҚР Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған. 2006 жылы Бурабайда өткен республикалық туризм сайысында «Ең үздік экскурсия жүргізушісі», 2018 жылы облыстық сайыста «Жылдың ең үздік жетекшісі», 2019 жылы өткен ұлттық сайыста «Қазақстан Республикасының үздік гид-экскурсоводы» аталымдарының жеңімпазы атанды. Мағзия Қайырбекқызы – ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Қазақстан туристік қауымдастығының мүшесі, I санатты экскурсия жүргізушісі. Мағзия Қайырбекқызының айтуынша, экскурсия жүргізуші алдындағы аудиториясына қарай бейімделуі тиіс. Мәселен, тақырыпты терең білетін ғалымдар, әдебиеттанушылармен тең дәрежеде әңгімелесіп, балалар мен студенттер аудиториясына сол деңгейде әңгімелеу қажет. Музей маманы жан-жақты білімді болуы үшін кітапты көп оқып, кез келген сұраққа мүдірмей жауап беруі керек. Экскурсия жүргізуші тақырып бойынша білгенінің оннан бір бөлігін ғана айтып, экскурсияға қатысушыны барынша қызықтырып, туған жері, біртауар тұлғалар туралы ізденуге ынталандыру қажет.

Түйін:

«Тәуелсіздік тұлғасы» - өмірден орнын тапқан, сүйікті жұмысы, мамандығы бар қалыптасқан адам болуы керек. Сүйікті ісіне деген адалдық адамды жетістіктерге жетелейді. Қазіргі таңда жұмысты жан-жақты жетілдіре түсуге мүмкіндік мол. Тек қана осы жолда аянбай тер төгу қажет. Мәдениет саласында көп жылдар бойы қызмет етіп, осындай жетістікке жету мен үшін зор қуаныш, - дейді майталман маман Мағзия Әбенова.

Торғын ОРАЗАЛЫ


Количество показов: 478

Возврат к списку