Музей қорымызбен шетелдерде мақтануға болады...

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Музей қорымызбен шетелдерде мақтануға болады... 28.12.2021

Музей қорымызбен шетелдерде мақтануға болады...

Ұлтымыздың ғасырдан-ғасырға тамыр тартатын өткені мен бүгінін, жылдар қойнауындағы құнды-лығын келешек ұрпаққа жеткізіп, дәріптеуде музейдің маңызы жоғары. Бірнеше дәуірді тоғыстырып, тарих, этнография, мәдениет пен әдебиеттің тарихи өкілдерінің мұраларын ұрпақтан-ұрпаққа жалғаушы орын да музей екені сөзсіз. Мұндай өңірдегі мәдени және рухани орданың бірі – Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі. Бүгінде аталмыш музейдің қызметкері әрі «Ertis» музейі бөлімшесінің басшысы Гүлжайнат Әлиевамен сұхбаттасудың сәті түсті.

- Гүлжайнат, әңгімені өзіңіз басшылық етіп отырған «Ertis» музейіндегі жаңашылдықтар мен қорынан бастасаңыз...

- Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі «Қазақстанды зерттеу қоғамының» облыстық бөлімшесі ретінде 1942 жылы құрылған болатын. 1959 жылы оған саяхатшы, Орта Азияны зерттеуші Г.Н.Потанин аты берілді. Музейдің негізін қалаған фотограф, өлкетанушы Дмитрий Поликарпович Багаев болды. Жалпы, негізгі экспозициясы өлкеміздің тарихы мен мәдениетін ашатын 12 залда орналасқан. Қазіргі таңда тарихи-өлкетану музейінің Д.П.Багаевтің музей үйі, Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылық музей үйі, «Әскери даңқ» музейі, Ақсу және Екібастұз, Шарбақты тарихи-өлкетану музейі мен «Ertis» музей атты бөлімшелері бар. Қазіргі кезде төл тарихымыз бен ұлттық идеологиямызды дүниежүзіне насихаттайтын рухани-мәдени орталықтың қорында 112270 экспонат бар. Музей жинақ-тарының негізін археологиялық, палеонтологиялық, этнографиялық, нумизматикалық, фотосуреттік, құжаттық, жаратылыстану-ғылыми, өндірістік, қару-жарақтар топтамалары құрайды. Бүгінде мен «Ertis» музейі бөлімшесінің басшысымын. Бұл музей 2019 жылы бой көтерді. Ауданы - 2428 шаршы метр, ішіндегі экспонаттарды бір мезетте алты жүз адамға дейін тамашалай алады. Мүзейдің басты ерекшелігі – мультимедиялық болуында. Мультимедиялық жабдықтың міндеті – келушілерге негізгі экспозицияға кірмеген ақпаратты статистикамен, фотосуреттермен тереңірек көрсетіп, танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, музей эстетикалық, көркем-безендіру және танымдық сипаттағы функция-ларды атқарады. Музей экспозициясы Жердің геологиялық тарихы, Павлодар облысының физикалық географиясы, оның минералдары мен пайдалы қазбаларының алуан түрлілігі, табиғат пен су ресурстары, тарихқа дейінгі өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрлілігі, әртүрлі археологиялық дәуірлердегі ежелгі қоныстардың тарихы сынды ірі бөлімдерді қамтитын 10 зал бар.

- Сіз музей саласында көп жылдар бойы еңбек етіп келесіз. Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі еліміздегі музейдің дамуы мен қазіргі ахуалы жөнінде не айтасыз?

- Шыны керек, еліміздегі музейлердің қоры шетелдік музей қорларынан кем түспейді. Қазіргі күні музей тарапына сұраныс баршылық. Әсіресе, қордағы жәдігерлерді көрсету үшін жаңаша бағыттағы технологияны қолдану айрықша даму үстінде. Әсіресе, келушілер үшін олардың қызығушылығы мен ықыластарын ашу мақсатында түрлі бағыттағы экскурсия, IT-технология мен мультимедиялық гидтер қолданысқа енуде. Біздің де музей заманауи талаптарға сай жабдықталған. Экспонаттар мен экспозициялармен танысу үшін көрерменге мультимедиялық жабдықпен тамашалау мүмкіндігі бар. Жалпы, еліміз бойынша Тәуелсіздіктен кейін музей саласында оң өзгерістер орын ала бастады. Музей залдарында тарихы мен мәдениетінен хабар беретін жаңа дәуірдегі жаңашылдықтар ұсынылады. Музей қорларында тас ғасырынан басталатын материалдар, қоладан жасалған бұйымдар, сақ-скиф дәуірінен бастап, қазақтың зергерлік, халықтық қолданбалы өнердің үлгілері мен Қазақ хандығынан Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктері музей залынан орын алды.   

- Ел Тәуелсіздігінің көрнекті жетістіктерінің бірі ретінде музейдегі бөлімдер туралы әңгімелеп бересіз бе?

- Музей экспозициясы өлкеміздің тарихын баяндайтын палеон-тология залынан басталады. Біздің облысымыз палеонтология ескерткіштері бойынша алдыңғы қатарда тұр. Ертістің Павлодар өңірінің өткені туралы ұлулардың, амонит және белемнит, ганоид балықтың таста қалған іздері, ежелгі өсімдіктердің таңбалары мәлімдеп тұрады. Сонымен қатар, бүкіл әлемге белгілі бірегей палеонтология ескерткіші - «Қазқонақ» орналасқан. Ал археология залында Ертіс өңірінен табылған 1,5 млн жыл бұрын өмір сүрген адамдардың құралдары қойылған. Қазақ этнографиясы залында көшпелі және жартылай мал шаруашылығымен айналысқан қазақ өмірі, көне заманнан сақталып келе жатқан қазақтың киелі мұрасы, қолданылған заттары мен әшекей бұйымдары сақтаулы. Сонымен қатар, мәдени ордамыз Павлодар қаласының өткенінен хабар беретін қала тарихы залымен ерекшеленеді. Қазақ халқына ауыртпалық уақытта жеріміздің тыныштығын болжаған басқарушылар, батырлар, билер туралы «XVII-XIX ғасырлардағы өлке» залынан тамашалауға болады. Оған қоса, жаңа заман тарихы залы, Ел Тәуелсіздігіне арналған арнайы зал да көрерменге ұсынылып келеді.

- Музейді тамашалауға келе-тіндер көп пе?

- Көпшілігі музейді көне заттардың қоймасы деп түсініп жатуы мүмкін. Алайда, бұл олай емес. Қазіргі уақытта музейдің басым көпшілігі заманауи озық технологиямен жабдықталған. Яғни, келушілер экспонаттарды көріп қана қоймай, бейнеролик, аудио жазбалар арқылы мағлұматтар алуға мүмкіндігі бар. Бүгінде музейге келушілер саны күн сайын артып келеді. Себебі, әлемдік пандемия салдарынан үйде отырып, онлайн жұмыс істеген жандардың басым көпшілігі музейдің тыныс-тіршілігіне қызығатындығын аңғарып жүрміз. Бұл біздің мәдениеттің бір сатыға есейгені деп түсінуімізге болады. Сол себепті де, музей басшылығы мен қызметкерлері тарапынан арнайы жобалар да жиі ұйымдастырылып жатыр.

- Еліміздегі музейлердің кірісі қалай? Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, музейге келушілерді тарту үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

- Жаңа айтып өткенімдей, музейге келуші де, музей кірісі де көңіл тоярлық. Мектеп оқушыларынан бастап, мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындарының музейге жиі келуі - қуантарлық жағдай. Көрермендерді ынталандыру үшін де біраз жұмыстар істелді. Мәселен, 2007 жылдан бастап халықаралық музей күніне орай «Музей түні» деген жоба аясында ғылыми-практикалық конференциялар, халықаралық және аймақтық семинарлар, «Потанин оқулары» шеберлік-сыныптары, өлкетану сабақтары, дәріс-концерттер, шығармашылық кештер ұйымдастырылып келеді. «Музей түні» жобасы облыстық «Ертіс» арнасының қолдауымен жүзеге асты. Музей қызметкерлері жақында ғана Нұр-Сұлтан қала-сындағы ауыл шаруашылығы жәр-
меңкесіне қатысып, «Қоянды жәрмеңкесі» театрландырылған көрмесін ұсынды. Сонымен қатар, қала тұрғындарының назарына ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығымен Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп, Тәуелсіз елдің қалыптасуы мен дамуы, Елбасының жүріп өткен жолы мен қолданған заттары бар көрме ұсынылды. Осындай игі шаралар нәтижесінде көремен қарасы қалыңдап жатыр.

- Сіздің ойыңызша, музей ісіне қандай жаңашылдық қажет?

- Әлемдегі музей деңгейі әртүрлі. Көштің басында Батыс Еуропа мен АҚШ, Ресей және Түркия мемлекеттері тұр. Бұл тізімнің қатарына Жапония, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері мемлекеттері де қосылып келеді. Аталмыш елдерде музей саласына сұраныс та жоғары. Мысалы, «музей архитекторы», «музейдегі жарық беруші», «музей дизайнері», «музей маркетологы» сынды бөлек мамандықтар бар. Ал біздің мемлекетте жалпы музей саласында музеолог мамандығы бар болғанмен, ол тапшы. Сондықтан да, музей саласына білімді, сауатты, жаңашыл, тарихқа қызығушы жаңа бағыттағы маман мен мамандық қажет деген ойым бар.

- Айтыңызшы, заманауи музей қызметкері қандай болуы керек?

- Ең алдымен, музей маманы өткен мен бүгінді ұштастыра білетін патриот болуы қажет. Тарихтың қатпар беттерінен хабары бар, жаңашыл әрі озық ойлы маман болғаны нұр үстіне нұр. Көпшілігі музей қызметкерінің жұмысын оңай деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Керісінше, музей маманы нағыз жауапкершілігі мол, рухани азық беретін тұлға екендігін түсінсе деймін. Сонда ғана, біздің елдегі музей ісі мен маманымыз жаңаша бағытта жаңаратын болатыны хақ.

- Сұхбатыңызға рахмет!

 

Сұхбаттасқан – Махаббат ТӨЛЕБАЙ.


Количество показов: 762

Возврат к списку