Музейде - Майқайыңның шежіресі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Музейде -  Майқайыңның шежіресі 28.08.2021

Музейде - Майқайыңның шежіресі

Майқайың кентінде өлкетану музейі ашылды. Музейге қойылған жәдігерлер мен тарихи дүниелердің дені - Баян- ауыл ауданының Құрметті азаматы Мұхтар Әбеновтің
ғұмыр бойы жинаған заттары.

«Майқайыңның Мұхтары» атанған тыл және еңбек ардагері, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Мұхтар Әбенов ғұмыр бойы жинаған жәдігерлерін көзінің қара-
шығындай сақтап, бүгінге жеткізді. «Саналы ғұмырым Майқайыңда өтті. Кенттің қалып-тасуы, дамуы – бәрі-бәрі көз алдымда. Көнекөз қариялардың қатары сиреп барады. Өсіп келе жатқан ұрпақ кенттің тарихын, онда еңбек еткен адамдарды тануы, білуі керек», - деп үлкен миссияны қолға алған ол кейінгі екі жыл уақытта тыным таппай, үнемі ізденіспен жүрді. Қашан, қайда кездесе қалсақ та, айтатыны – кенттің өлкетану музейі туралы, көрсететіні – сарғайған фотосуреттер, бума-бума құжаттар мен жазбалар. Тоқсанның төріне қадам басқан ақсақалдың тиянақтылығына, ұқыптылығына, жанкештілігіне қайран қаласыз. Күні кеше сол еңбектің өтеуі, төгілген тердің жемісі – «Кенші» мәдени-сауық орталығының екінші қабатында «Майқайың кентінің өлкетану музей» ашылды. Бұл – кенді аймақтың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына жасаған тамаша тартуы. Музейдің салтанатты ашылуына Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов, Баянауыл ауданының Құрметті азаматтары Мұрат Рахметов, Мұхтар Әбенов, Теміржан Жанисов және музейді жасақтаушы – белгілі фотосуретші Александр Пархоменко қатысты. Сондай-ақ кент өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты. Музейдің жалпы аумағы 144,5 шаршы метрді құрайды. Мұнда бір экспозициялық және конференция залы бар. Келушілерге екі маман (методист және экскурсия жүргізушісі) қызмет көрсетеді. Музейді ашуға аудандық бюджеттен 7 млн. теңге бөлінген. Ресми тұсаукесер рәсімінен кейін Мұхтар Әбенов қонақтарға музейді таныстырды. Музейде көрініс тапқан естеліктер үзігі тарихи сабақтастықты жаңғыртқандай. Бұл музей мазмұнын арттырып, мәнін аша түскен. Әзілхан Нұршайықовтың «Әуезовпен өткен екі күн» эссесінде әйгілі жазушының Майқайыңға, Баянауылға келген сапары баяндалады. Мұхтар Әуезов 1958 жылы 25 маусымда Баянауылдың әсем табиғаты аясында демалып, еңбекші қауыммен емін-еркін, ашық-жарқын әңгімелесіп, елдің ықыласына бөленеді. Сапар соңында оқушылармен кездеседі, сол құрметке тәнті болған қаламгер: «Қарт жазушы болып келіп едім. Майқайың, Баянауылда пионер қатарына ілесіп, жасарып кетіп бара жатырмын!» - деп оқушыларға батасын беріп, марқайып аттанған екен. Осы тағылымды кездесу, бір ауыз ұлағатты сөз жайлы Мұхтар Зәпішұлы аузынан тастамайды, үнемі айтып жүреді. «Менің геолог ретіндегі борышым – жер астындағы қазбаны зерттеп табу, оның қорын анықтау. Ал, ғалым ретіндегі міндетім – кен байлықтарын халықтың игілігіне жарату», - деп ой түйіндеген академик Қаныш Сәтбаев 1949 және 1959 жылдары Майқайың топырағына екі рет табан тіреген, Майқайың тау-кен өндірісінің дамуына зор үлесін қосқан екен. Ал, 1989 жылдың 29 мамырында Мәскеу қаласында өткен КСРО Халық депутаттарының съезінде депутат, Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Майқайың кеніші елімізге бір миллиард сомның алтынын берді, бірақ осы поселке халқының тұрмысы жайсыз күйінде қалып отыр», - деп кенді аймаққа жанашырлық білдірген екен. Осындай тарихи сабақтастыққа, ұлы тұлғаларға деген құрметпен музей төрінде Абай Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев және Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті мен сөзі бейнеленген стендтер ілінген. Музейге кенді аймақтың тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлер, кентте туып-өскен, ел мақтанышына айналған тұлғалардың тағылымды өмірі жайлы қысқаша деректер қойылған. Кенттің қалыптасуына, дамуына еңбек сіңірген азаматтардың 6969 фотосуреті жинақталған. Сонымен қатар, «Майқайыңалтын» және «Керегетас» кенішінде өндірілетін 15 минералдың үлгілері құнды жәдігерлер қатарынан орын алды. Жәдігерлер «Кент іргесін бекіткен майталмандар», Ұлы Отан соғысына қатысқан майқайыңдықтарға арналған – «Ерлігі де, еңбегі де ұрпаққа үлгі» және «Жат жерде жатқан боздақтар» (Бұнда 184 боздақтың аты-жөні жазылған), «Майқайыңалтын» комбинатының 1950-1982 жылдардағы еңбек ардагерлері», «Тыл және еңбек ардагерлері», «Денсаулық сақтау және сауда ұйымының белсенділері», «Майқайың кентінің мешіті және ардагерлер кеңесі», «Майқайың кентінің партия комитеттері», «Майқайыңалтын» комбинаты еңбекшілерінің мерейтойлары», «Жеке кәсіпкерлер», «Өрт сөндірушілер», «Үшқұлын теміржол станциясы», «Шөптікөл, Майкөбе ауылдары», «Керегетас» кеніші», «Майқайыңалтын» комбинатының еңбекшілерді сауықтыру шипажайы», «Ғылым мен білім тарландары», «Ұшқын», «Шағала» балабақшалары», «М.Әуезов атындағы Майқайың №2 және Үшқұлын мектептері» «Спорт мектебі», «Өнер мектебі», «Әкімшілік басқарма саласы», «Өнер ордасы», «Алтын құрсақты аналар» стендтеріне орналастырылған екен.

– Музей ашудағы негізгі мақсат – жас ұрпақтың бойына туған жерге деген сүйіспеншілікті сіңіру, жастарды туып-өскен өңірінің тарихымен, кенді өлкеміздің жер қойнауынан алынған кенді қазбалардың минералдарымен таныстыру мен қасиетті әрі киелі жерді құрметтеуге баулу. Сонымен қатар, өскелең ұрпаққа үлгі ретінде осы жерге еңбегі сіңген ардагерлердің өмір жолы мен еңбектерінен сыр шертетін құнды дүниелерді де қойып отырмыз. Бұл музейдің шежірелі тарихымызды танытып, өткенді жаңғыртуда алатын орны зор болмақ, - деді «Кенші» мәдени-сауық орталығының директоры Анар Кәкімова.

Еламан ҚАБДІЛӘШІМ, Баянауыл ауданы, Майқайың кенті.

 


Количество показов: 2242

Возврат к списку