«Әке арманы» орындалған күн
13:03 28.06.2022
88
Жауапкершіліктің жүгі ауыр
13:01 28.06.2022
87
Ширақтық. Шеберлік. Шындық
11:42 28.06.2022
92
Мені шыңдаған басылым...
11:37 28.06.2022
93
Техника тізгіншісі
11:34 28.06.2022
89
Балаларға бақылауды күшейту қажет
11:32 28.06.2022
93
Студенттерге - сапалы баспана
11:30 28.06.2022
87
Әлеуеті зор
11:28 28.06.2022
82
Сот қызметкерлері марапатталды
11:19 28.06.2022
89
«Сіз - тікелей эфирдесіз!»
11:17 28.06.2022
97
Қасіретті арқау еткен қойылым
20:18 24.06.2022
86
Вейп: бұлыңғыр болашақ
20:17 24.06.2022
80
«Пати» билеген заман болды...
20:15 24.06.2022
79
Су аймақтары қалай қорғалады?
20:13 24.06.2022
80
Тәртіп сақшыларына - құрмет
20:12 24.06.2022
85
Бәсекелес бола алмайды
20:05 24.06.2022
92
Ауылға интернет қашан жетеді?
20:03 24.06.2022
171
«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»
16:37 23.06.2022
80
Ортада тағы – орамал тақырыбы
16:30 23.06.2022
77
Бастысы – жауапкершілікті сезіну
16:27 23.06.2022
81
Үлгі болатын үздіктер көп
16:19 23.06.2022
84
Журналистика – жүрек қалауы
16:15 23.06.2022
89
Қан қысымын қалай реттейміз?
15:45 23.06.2022
79
Жобаның игілігін ауылда көруде
15:40 23.06.2022
197
Тозған автобустар қашан жаңарады?
15:30 23.06.2022
77
Жаңа тұрғын үй кімдерге тиесілі?
15:27 23.06.2022
82
Сарсаңға салған «Tik-Tok»
11:47 21.06.2022
74
Екі қолға бір күрек табылады!
11:46 21.06.2022
80
Балалар мүддесі – басты назарда
11:44 21.06.2022
79
Суға жаритын күн бар ма?
11:38 21.06.2022
71
«Ол кезде он үште едік...»
11:35 21.06.2022
80
Табиғатқа жанашырлық керек
11:33 21.06.2022
78
Туристік маусым ашылды
11:29 21.06.2022
81
ERTIS MEDIA FEST - қалалық саябақта!
10:55 21.06.2022
73
Шынығу басы - тынығу!
10:53 21.06.2022
77
«Жасыл ел» іске кірісті
10:50 21.06.2022
116
Уақытпен үндескен ұтады
09:58 21.06.2022
468
Ақши тұрғындары неге алаңдаулы?
09:57 21.06.2022
344
Жазушыға Ньютонның байқампаздығы керек!
10:59 16.06.2022
586
Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі
10:55 16.06.2022
677
Бала денсаулығы - басты назарда
09:10 16.06.2022
526
Ұн нарығы: бүгінгі баға қандай?
09:00 16.06.2022
570
Ардагер есімі ұлықталды
09:00 16.06.2022
537
Жердің аты - бабаның хаты
09:00 16.06.2022
523
Ел руханиятына елеулі үлес қосқан нартұлға
09:00 16.06.2022
590
Этноауылдар құрылады
09:00 16.06.2022
523
Оқушы білімі қандай болмақ?
09:00 16.06.2022
552
Оқушылар музейге тегін барады
09:00 16.06.2022
565
Жапырақтарды «жеп» жатыр
09:00 16.06.2022
517
Егін алқабы – астық қалқаны
09:00 16.06.2022
533
«Ақбілектің» премьерасы өтті
10:43 14.06.2022
649
«Қымызмұрындық» дәстүрі дәріптелді
10:41 14.06.2022
668
Демалыс қалай өтеді?
10:39 14.06.2022
650
Талқылау емес, бағыт беру керек
10:37 14.06.2022
629
Биылғы маусымның жаңашылдығы қандай?
10:33 14.06.2022
665
Көмірінен көңілі ыстық Екібастұз!
10:29 14.06.2022
728
Қамданған қапы қалмайды
10:27 14.06.2022
643
Байдаланың жолы жаңаруда
10:25 14.06.2022
623
Жомарт жандар
10:21 14.06.2022
630
Сарыарқа самалы, 14 маусым, сейсенбі
10:19 14.06.2022
647
Соңғы бірнеше ай дересінде отандық нарықта бидайдың күрт азаюына әрі қымбаттауына байланысты диірмендерге тықыр таянғаны рас. Ұнға айналдыратын шикізат таппай шарқ ұрған шаруалардың кейбірі жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Енді біріне бағасы шарықтап тұрған астықты алудан басқа амал қалмады. Мұның барлығы ұнның да қымбаттауына әкеп соқты.
Баға құбылып тұр
Жергілікті ұн тарту орын-дарының өңірде жиналған бидайдың басым бөлігі шекараға кетіп жатқанын айтып, дабыл қаққанына бірнеше айдың жүзі болды. Бұған себеп – көршілес Ресей елінің өз шекарасынан бидайды сыртқа шығаруға шектеу қоюы. Соның салдарынан бұған дейін ресейлік астықты ұнға айналдырып келген павлодарлық кәсіпорындардың басым бөлігі шикізатсыз қалды. Ал жергілікті нарықтағы астықтың бір тоннасының бағасы 110 мың теңгеден бірден 150-160 мың теңгеге дейін өсті. Оның өзінде өңірде жиналған өнімнің дені Ауғанстан, Өзбекстан мен Тәжікстанға жөнелтіледі. Сөйтіп, аймақтағы диірмендердің көпшілігі қазақстандық және ресейлік бидайдан қағылып қалды. Мұндай жайсыздықтың салдары ұн бағасына әсер етпей қоймады. Оған дәлел – сауда сөрелеріндегі өнім бағасының құбылуы.
Павлодар қаласының тұрғыны Төлеу Әбдірахманованың айтуынша, бұған дейін ол жергілікті «Ұлан» фермерлік қожалығы шығаратын «Снежинка», «Белоснежка» ұнының екі келілік қаптамасын 450-470 теңгеге алып келген. Бүгінгі баға 570 теңгеден басталып, 700 теңгеге дейін жетеді.
Ауыл-аудандардағы жағдай-ларды да саралап көрдік. Айталық, Баянауыл ауданында 25 келі ұн 7 мың теңге, 50 келісі 11 500 теңге тұрады. Аққулы ауданындағы кей дүкендерде 50 келілік бір қап ұнның бағасы 12 мың теңгеден асып жығылады.
- Балаларға, немерелеріме ара-тұра жылы-жұмсақ пісіріп бергенді жақсы көремін. Қазақтың ұлттық тағамдарының дені де ұннан жасалады. Ет ассаңыз, қамырын ұннан илейсіз, бауырсақ пен бәліш те ұннан жасалады. Сондықтан қаппен алып қоюға тырысамыз. Сол әлдеқайда тиімді. Әйтпегенде, екі келілік қаптама қымбат әрі тез таусылады. Бірақ соңғы кездері ұнның бағасы қалтаға кәдімгідей салмақ сала бастады. Осыдан бірнеше ай бұрын 25 келілік қапты 4700 теңгеге алсақ, таяуда 7 мың теңгеге алуға тура келді, - дейді Аққулы ауданының тұрғыны Бәтима Шаймарданова.
Өңдеушілердің «өтірігі» ашылды
Біз де облыс орталығындағы бірнеше сауда орнына арнайы барып, бағаларды сүзгіден өткіздік. Атап өтерлігі, дүкен сөрелерінде ұнның сан алуан түрі самсап тұр. Олардың қатарында павлодарлық тауармен қатар, Ресейден жеткізілген өнімдер де бар. Бір қызығы, көршілес мемлекет тұтынушыларға ұсынып отырған ұнның байытылған түрінің өзі «Қазақстанда жасалған» таңбасы бар тауардан айтарлықтай арзан.
Салыстырмалы түрде айтар болсақ, павлодарлық «Снежинка» ұнының бес келісі 1464 теңге, Нұр-Сұлтан қаласында дайындалған «Цесна» 1930 теңге, ал Ресейдің «MAKFA» компаниясынан шығарылған ұнның бес келісі 1675 теңге тұрады.
Оның себебін «Пахомовский» сауда белгісімен ұн және ұн өнімдерін дайындайтын «Группа Интер» ЖШС басшысы Сергей Рабков былай түсіндіреді:
- Ведомствоаралық комиссия 15 сәуір мен 15 маусым аралығында елден шығарылатын астық пен ұнға қатысты квота белгіледі. Соған сәйкес, шекарадан шығарылатын бидай көлемі 1 млн тоннадан аспауы тиіс. Күні кеше бұл шектеудің мерзімі аяқталды. Ол күшіне енген тұста да жағдайды реттеуге айтарлықтай әсер ете қойған жоқ. Себебі бидай экспорттау тоқтаған жоқ. Сәйкесінше, жергілікті нарықтағы шикізат көлемі азайды. Бұл ретте ресейлік тарап өз елінен бидай сатуға тыйым салғанмен, дайын өнімді шетел нарығына жөнелтуге қатысты ешқандай шектеу қойған жоқ. Сондықтан көршілес мемлекетте дайындалған ұн біздің дүкендерден ойып тұрып орын алды. Нәтижесінде ресейде жеткілікті көлемдегі әрі арзан бидайдан өндірілген ұнның бағасы қымбат астықты тарту арқылы жасалған қазақстандық ұнның бағасынан әлдеқайда төмен болып шықты, - дейді ол.
Күні кеше бидайдан ұн алатын кей кәсіпкерлердің де былығының беті ашылды. Еліміздің астық одағы бірқатар өңдеу кәсіпорындары ұнды жергілікті халыққа қымбатқа, ал шетелге арзанға сатып келгені туралы мәлімдеме жасады. Айталық, былтыр өзіміздегі сауда орындарына ұнның бір тоннасын 428 АҚШ долларына сатса, Түркіменстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдеріне ұнның бірінші сұрпының тоннасы 357 АҚШ долларына экспортталған. Яғни, айырмашылық - 71 доллар. Теңгеге шақсақ, бұл - 30 мың теңге. Дегенмен, астықты өңдеушілердің мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірше белгісіз.
Сұраныстан артық дайындайды
Жалпы, облыстың сұранысын саралайтын болсақ, бір жылда Павлодар өңірінің азаматтары 56,3 мың тонна ұнды алады екен. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынған ақпаратқа сенсек, былтыр өңірдегі 10-нан астам диірмен 91,7 мың тонна дайын өнім шығарып, аймақ тұтынушыларының сұранысынан шамамен екі есеге асып түсті. Осы жылдың алғашқы төрт айының өзінде сұраныс 18,7 мың тонна болған тұста ұн тарту орындары 51,5 мың тоннасын шығарды. Сондықтан басқарма өкілдері «Облыста ұннан тапшылық болмауы тиіс» деп топшылайды.
«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы да алаңдауға негіз жоқ екенін алға тартып отыр. Өйткені, 13 маусымдағы жағдай бойынша тұрақтандыру қорында 1687 тонна бірінші сұрыпты ұн бар. Әлеуметтік тауарлар санатына жататын ұнның бұл түрі «Жандос КZ» кәсіпорнында дайындалады. Кейін қордың серіктес дүкендеріне келісі 141 теңгеден жеткізіледі. Сатушылар оған ары кеткенде 10 пайыз үстемеақы қосуы қажет. Атап өтерлігі, баға саясатына жауапты органдар сауда орындарындағы бірінші сұрыпты ұнның бағасын ғана бақылайды.
Осы орайда бағаға қатысты статистикалық деректерге зер салып өтсек. Біздің елде бір жыл аралығында ұн бірден 23 пайызға қымбаттады. Тек сәуір айының өзінде бір келі өнімнің бағасы 7,5 пайызға өсті. Сөйтіп, жоғары сұрыпты ұнның бағасы 301 теңгеге, бірінші сұрыпты түрі 200 теңгеге дейін жетті.
energyprom.kz сайтының мәліметінше, ең қымбат жоғары сұрыпты ұн Нұр-Сұлтан қаласында сатылады. Мұндағы орташа баға – 369 теңге. Ал ең арзаны – біздің өңірде. Мамандардың саралауы бойынша, Павлодар облысындағы жоғары сұрыпты ұнның бір келісі орта есеппен 205 теңге тұрады. Өнімнің бұл түрінің бағасы сәуір айынан бері өзгеріссіз тұр. Ал бірінші сұрыпты бидайдан дайындалған ұнның бір келісі сәуірде 165 теңге, мамырда 167 теңге болды.
Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.
«Әке арманы» орындалған күн
13:03 28.06.2022
88
Жауапкершіліктің жүгі ауыр
13:01 28.06.2022
87
Ширақтық. Шеберлік. Шындық
11:42 28.06.2022
92
Мені шыңдаған басылым...
11:37 28.06.2022
93
Техника тізгіншісі
11:34 28.06.2022
89
Балаларға бақылауды күшейту қажет
11:32 28.06.2022
93
Студенттерге - сапалы баспана
11:30 28.06.2022
87
Әлеуеті зор
11:28 28.06.2022
82
Сот қызметкерлері марапатталды
11:19 28.06.2022
89
«Сіз - тікелей эфирдесіз!»
11:17 28.06.2022
97
Қасіретті арқау еткен қойылым
20:18 24.06.2022
86
Вейп: бұлыңғыр болашақ
20:17 24.06.2022
80
«Пати» билеген заман болды...
20:15 24.06.2022
79
Су аймақтары қалай қорғалады?
20:13 24.06.2022
80
Тәртіп сақшыларына - құрмет
20:12 24.06.2022
85
Бәсекелес бола алмайды
20:05 24.06.2022
92
Ауылға интернет қашан жетеді?
20:03 24.06.2022
171
«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»
16:37 23.06.2022
80
Ортада тағы – орамал тақырыбы
16:30 23.06.2022
77
Бастысы – жауапкершілікті сезіну
16:27 23.06.2022
81
Үлгі болатын үздіктер көп
16:19 23.06.2022
84
Журналистика – жүрек қалауы
16:15 23.06.2022
89
Қан қысымын қалай реттейміз?
15:45 23.06.2022
79
Жобаның игілігін ауылда көруде
15:40 23.06.2022
197
Тозған автобустар қашан жаңарады?
15:30 23.06.2022
77
Жаңа тұрғын үй кімдерге тиесілі?
15:27 23.06.2022
82
Сарсаңға салған «Tik-Tok»
11:47 21.06.2022
74
Екі қолға бір күрек табылады!
11:46 21.06.2022
80
Балалар мүддесі – басты назарда
11:44 21.06.2022
79
Суға жаритын күн бар ма?
11:38 21.06.2022
71
«Ол кезде он үште едік...»
11:35 21.06.2022
80
Табиғатқа жанашырлық керек
11:33 21.06.2022
78
Туристік маусым ашылды
11:29 21.06.2022
81
ERTIS MEDIA FEST - қалалық саябақта!
10:55 21.06.2022
73
Шынығу басы - тынығу!
10:53 21.06.2022
77
«Жасыл ел» іске кірісті
10:50 21.06.2022
116
Уақытпен үндескен ұтады
09:58 21.06.2022
468
Ақши тұрғындары неге алаңдаулы?
09:57 21.06.2022
344
Жазушыға Ньютонның байқампаздығы керек!
10:59 16.06.2022
586
Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі
10:55 16.06.2022
677
Бала денсаулығы - басты назарда
09:10 16.06.2022
526
Ұн нарығы: бүгінгі баға қандай?
09:00 16.06.2022
571
Ардагер есімі ұлықталды
09:00 16.06.2022
537
Жердің аты - бабаның хаты
09:00 16.06.2022
523
Ел руханиятына елеулі үлес қосқан нартұлға
09:00 16.06.2022
590
Этноауылдар құрылады
09:00 16.06.2022
523
Оқушы білімі қандай болмақ?
09:00 16.06.2022
552
Оқушылар музейге тегін барады
09:00 16.06.2022
565
Жапырақтарды «жеп» жатыр
09:00 16.06.2022
517
Егін алқабы – астық қалқаны
09:00 16.06.2022
533
«Ақбілектің» премьерасы өтті
10:43 14.06.2022
649
«Қымызмұрындық» дәстүрі дәріптелді
10:41 14.06.2022
668
Демалыс қалай өтеді?
10:39 14.06.2022
650
Талқылау емес, бағыт беру керек
10:37 14.06.2022
629
Биылғы маусымның жаңашылдығы қандай?
10:33 14.06.2022
665
Көмірінен көңілі ыстық Екібастұз!
10:29 14.06.2022
728
Қамданған қапы қалмайды
10:27 14.06.2022
643
Байдаланың жолы жаңаруда
10:25 14.06.2022
623
Жомарт жандар
10:21 14.06.2022
630
Сарыарқа самалы, 14 маусым, сейсенбі
10:19 14.06.2022
647