Нұрлы ғұмыр

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Нұрлы ғұмыр 02.12.2021

Нұрлы ғұмыр

Егеменді елімізде заң және құқық саласының орны-ғуына, оның дамып, жетілуіне өз ісіне берілген, адал, білікті заңгерлер елеулі үлес қосты. Соның
бірі ҚР Прокуратурасының құрметті қызметкері, аға әділет кеңесшісі Қайыр Уәлиұлы Сәттібаев еді.

 

Облыстың мемлекеттік архивінде Сәттібаевтар әулетінің жеке тектік құжаттары бар. Осы құжаттарға назар аударайық. Сәттібаевтар әулетінің кенжесі – Қайыр Уәлиұлы 1954 жылы дүниеге келді. Ол оқушы кезден-ақ заңгер болуды армандаған. Мектепті тәмамдаған түлек 1973 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне қабылданады. 1978 жылы жас заңгер Баянауыл аудандық прокуратурасының тергеушісі қызметіне жолдама алады. Қайыр Уәлиұлының қызметтік жолы қарқынды дамиды. 1980 жылы облыстық прокуратураның аға тергеушісі, арада бір жыл өткен соң облыс прокурорының жалпы қадағалау бойынша көмекшісі болып тағайындалады. «...1982 жылы мені облыс прокуроры Анатолий Ефимов шақырып, Краснокутск (Ақтоғай) ауданының прокуроры қызметін ұсынды. Ол кезде небары 28 жаста ғана едім. Менің шешім қабылдаудағы батылсыздығыма Анатолий Николаевич сыни көзбен қарап, қызметтік орнымды ауыстыруға дайындық жасауға бұйырды», - дейді қызмет жолындағы ұстазы А.Ефимовты еске алған Қ.Сәттібаев. Бұл жылдары Қайыр Уәлиұлы тек ауданда ғана емес, республика бойынша ең жас прокурор болатын. Оның алғашқы прокурорлық аяқ алысын сол жылдары облыс прокуроры болған Д.Н.Фалеев былайша еске алады: «Алғаш танысқан сәттен бастап-ақ Қайыр Уәлиұлы мені өзінің шынайы күлімдеген жүзімен, ал одан соң аудандағы қылмыстық жағдай мен басқа да заң бұзушылықтарды терең білетіндігімен баурап алды. Сонымен қатар, ол аудан прокуратурасының милиция және сот органдарымен бірлесіп, заңсыздық әрекеттерді жасаушыларға қарсы жүргізіп жатқан іс-шаралары жөнінде де айтып берді.

...Аудан прокурорының мойнындағы осыншалықты ауыр да ауқымды жұмыс көлемі, әрине, мені таң қалдырды. Соған қарамастан мен Қайыр Уәлиұлының тарапынан ешбір наразылық немесе қандай да бір өтініш естімедім. Ол бұл жұмыс көлемін қалыпты жағдайдай қабылдап, бар ынта-жігерімен, ықыласымен істеді. Бұдан кейін осындай прокурорға қалайша ерекше сеніммен әрі зор құрметпен қарамасқа?!». 1987 жылы Қ.Сәттібаев Ермак (Ақсу) ауда-нының прокуроры болып тағайындалып, бес жылғы конституциялық мерзіміндегі қызметін асқан жауапкершілікпен атқарады. Облыста екі ауданның прокуроры қызметтерінде көрсеткен білімділігі мен біліктілігі, заңдылықты нығайту жолындағы жұмысының нәтижелілігі Қайыр Уәлиұлының 1992 жылы Павлодар облысы прокурорының орынбасары, 1995 жылы Павлодар қаласы Ильич ауданының прокуроры секілді аса жауапты лауазымдарға тағайындалуының кепілі болды. Бұл уақыт – өткен ғасырдың 90-шы жылдары Отан тарихындағы ел тағдырын, ұлт тағдырын айқындаған шешуші де күрделі тарихи кезеңмен тұспа-тұс келді. Облысымызда аса ірі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру процестері, зейнетақы, тұрғын үй-коммуналдық реформалары жүріп жатты. Бұл процестер оңайлықпен жүрген жоқ. Осы реформалар негізінде туындаған қоғамдағы тартыс-керістер, қарама-қайшылықтар өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайына өзінің кері әсерін тигізбей қоймады. Осы кезеңде жасалған қылмыстық істер шарықтап өсті, зейнетақы, еңбекақы төленбеді, мемлекеттік меншік, аймақтар талан-таражға салынып, қарыздарын күшпен өндіріп алу, зорлық-зомбылық жасау, санкцияланбаған митингілер ұйымдастыру секілді келеңсіз жағдайлар қоғамда көптеп орын алды. Ел тәуелсіздігінің іргесін қалау кезеңіндегі сол бір ауыр жылдар жайлы 1996–2001 жылдары Павлодар облысының прокуроры болған В.М.Корчагин өзінің Қайыр Уәлиұлы туралы естелігінде былай дейді: «...Өңірде үлкен қоғамдық резонанс тудырған бірқатар митингілер мен толқулар болып өтті. Біріншіден, Екібастұздың шахтёрлары көтерілді. Мен оларға сол кездегі облыс әкімі Д.Ахметовпен бірнеше рет шыққан болатынмын. Екібастұз шахтёрлары тек жұмысқа ғана шықпай, халықты дүрліктірмей біршама сабырлылық сақтады. Ал зейнеткерлермен жағдай әлдеқайда күрделі болды. Олар апта сайын, кейде бірнеше күн қатарынан Павлодар қаласының орталық алаңына наразылықтарын білдіру үшін жиналып отырды. Сонымен қатар, халықтың бұл наразылығын қоғамның деструктивті элементтері барынша пайдаланып қалуға тырысты. Бұлар өздерінің саяси мансабын ойлап, қалай болған күнде де арзан беделге ие болғысы келген, жастары қырықтар шамасындағы жас азаматтар болатын. Сайып келгенде, мұндай «белсенділерді» прокуратура органдары әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бірақ мұның салдары жағдайдың одан әрі шиеленісуіне әкелді. Санкцияланбаған митингілерді ұйымдастырушылардың он тәулікке әкімшілік қамауға алынуы сол-ақ екен, іле-шала олардың соңдарынан «құтқарамыз» деп топ-тобымен зейнеткерлер жүретін. Жалпы, ашу-ыза кернеп, ашынған халықтың алдына шығу – психологиялық тұрғыдан да өте қиын жағдай. Бәрінен де менің есімде қалғаны - 1996 жылы тікелей эфирге шығуды талап етіп, зейнеткерлердің облыстық телестудияны шабуылдауы. Телестудия ғимаратын милицияның арнайы жасағы (ОМОН) қоршауға алды. Ашу-ыза кернеген халықтың алдына ешкімнің шыққысы келген жоқ. Ішкі істер департаменті, жергілікті ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы бұл іске аса араласа қоймай, сыртта қалды. Дес бермей шулаған топтың алдына телестудия ғимаратының сыртқы аулалары арқылы маған және Ильич ауданының прокуроры Қ.У.Сәттібаевқа шығуға тура келді. Кейін Қайыр Уәлиұлы менің бірінші орынбасарым болды. Сөйтіп, біз телестудия қоршауын құлатардай атойлаған халықтың алдында күндізгі сағат 15.00-ден кешкі сағат 23.00-ге дейін заң нормаларын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмысын жүргіздік. Халықты әзер дегенде үйлеріне тарауға көндірдік». 1998 жылы Қ.Сәттібаев Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. «Менің осы қызметке тағайындалуыма облыс прокуроры В.М.Корчагин себепкер болды. Ол кісі тек себепкер болып қойған жоқ, Қазақстан Республикасы Бас прокуроры Ю.А.Хитринді менің кандидатурама көндірген де еді», – деп еске алатын Қайыр Уәлиұлы. Қайыр Уәлиұлы облыс прокурорының бірінші орынбасары ретінде прокурорлық қызметтегі ең күрделі де жауапты жедел-іздестіру, тергеу амалдарын жүргізу бағыттарындағы заңдылықты қадағалады. Бұл жоғарыда баяндалғандай еліміздің қоғамдық өмірінде реформалар мен қайта құрулардың одан әрі жүріп жатқан кезі болатын. Қайта құрулар мен реформалардың кейбір тұстары, әдетте, осындай кезеңдерде болмай қоймайтын, өңірімізде криминогендік жағдайдың орасан шиеленісуіне әкелді. «...Мына бір мысалдар - осының айқын айғағы. Павлодардың «Баянауыл» казиносында қылмыстық авторитеттердің бірін-бірі атуы және нәтижесінде бірнеше адамның қаза болуы. Одан соң ел-жұртты дүрліктірген, Павлодардағы зергер дүкеніне келген мемлекеттік тергеу комитетінің екі қызметкерін тапа-тал түсте, жұрттың көзінше тура машинаның ішінде атып кеткен қасақана кісі өлтіру қылмысы жасалды. Павлодар-Семей трассасында рейстік автобустарға шабуыл жасау жағдайлары да облыстың құқық қорғау органдарына көптеген проблемалар тудырды. Аталған трасса арқылы Қытайдан тауар жеткізу үшін «челнок» автобустары жүретін. Осы автобустар бірнеше рет мықтап қаруланған қылмыстық топтар тарапынан шабуылға ұшырады. Маскалар киіп, автоматтармен қаруланған қылмыскерлер өрескел қылық танытып, шектен шыққан әрекет көрсетті. Олар автобустарды доңғалақтарын атып тоқтатып, ондағы адамдардың ақшаларын, тауарларын бағалы бұйымдарын тонайтын. Осындай шабуыл-тонауларға байланысты бірқатар қылмыстық істер ашылмай да қалды. Міне, осындай аса күрделі жағдайда барлық құқық органдарының іс-әрекетін, жұмысын үйлестіру, біріктіру қажет болды. Бұл рөлді облыстық прокуратура өзіне алды. Біз жағдайды түзете алдық. Біздің жұмысымыздың бағасын Қауіпсіздік Кеңесінің көшпелі отырысы берді. 2000 жылдың желтоқсанында бізге Бас Прокуратура, Ішкі Істер министрлігі, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті және Президент әкімшілігінің өкілдері келді. Олар біздің облысымызды екі апта тексеріп, соңғы үш жылда облыста қылмыстың едәуір төмендегені жөнінде тұжырым жасады. Аса ауыр қылмыс жасау, көше қылмыстары, мәжбүрлеп-жәбірлеу қылмыстары қысқарып, олардың ашылулары да жақсарды. Сөз жоқ, нәтиже күмәнсіз еді. Мұндай нәтижеге жетуімізде осы бағыттардағы заңдылықты қадағалаушы Қ.У.Сәттібаевтың да еңбегі зор еді. Айта кететін тағы бір мәселе, Павлодар облысының прокуратурасы осындай жетістікке көптеген прокуратура органдары күн көрудің қамын ойлауға мәжбүр болып жатқан жағдайда жетті», – деп еске алады В.М.Корчагин осы кездегі облыс прокуратурасының жұмысы жайлы. Бұл үлкен жетістіктің сыртында сол бір аласапыран ауыр жылдары түн ұйқыларын төрт бөліп, жеке бастарының, денсаулықтарының жағдайларына қарамай, жұмыс істеген құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әр күнгі қажырлы еңбегі тұрған еді. 2001 жылы Қайыр Уәлиұлы ҚР Бас Прокуратурасына сот органдарында қылмыстық істерді қараудың заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, ал 2002 жылы Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалады. Көкше жеріндегі Қайыр Уәлиұлының қызметтегі келбетін, адами бейнесін Ақмола облысы Зеренді ауданының прокуроры, әділет кеңесшісі Қайрат Хабенұлы Рамазанов былайша еске алады: «...Қайыр Уәлиұлы Ақмола облысы прокуратура органдарының кадрлар мәселесіне де үлкен мән берді. Менің ойымша, бүгінгі күні Ақмола облысы прокуратура органдарында қызмет етіп жүрген прокурорлардың көпшілігі өздеріне «прокурорлық өмірге деген жолдаманы Қ.Сәттібаев берді» деп әбден айта алады. Осы ретте Қайыр Уәлиұлының адами келбеті де бар қырынан ашылды. Әлі есімде, кезекті бір аттестаттау комиссиясының отырысында жас аудан прокуроры өзінің аға көмекшісін функционалдық қызметін өз деңгейінде атқара алмауына байланысты аттестациядан өткізбеуді және сәйкесінше прокуратура органдарынан қызметтен шығаруды сұрады. Формалды түрде бұған негіз болды. Комиссия мүшелерінің көпшілігі аудан прокурорын қолдады. Осы сәтте комиссия төрағасы Қайыр Уәлиұлы барлық мән-жайдың анық-қанығына көз жеткізіп, аға көмекшінің жұмыстағы кемшіліктеріне оның жеке басындағы аса ауыр өмірлік бір жағдайлардың себеп болғандығын білді. Сөйтіп комиссия мүшелеріне аға көмекшіні өзінің жеке жауапкершілігіне алатындығын айтып, аттестациядан өткізуді сұрады. Осы сәттегі аудан прокуроры аға көмекшісінің жүзін көрсеңіз! Ересек ер азаматтың көзінде ризашылық жасы мөлдіреп, дауысы дірілдеп, Қайыр Уәлиұлын жерге қаратпайтынын айтқан еді. Кейіннен бұл адам бірде-бір тәртіптік жаза алмай, біраз жылдардан соң лайықты құрметпен зейнеткерлікке шықты. Қайыр Уәлиұлы біз үшін зиялы, кәсіби білікті, терең білімді, адамгершілік қасиеттері аса жоғары адам бейнесінің үлгі-өнегесі ретінде мәңгі жадымызда қалмақ». 2006 жылы ол ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасының бастығы қызметіне ауыстырылды. Ғұмырының соңына дейін (2011 ж.) Қайыр Уәлиұлы облыста осы саланы басқарды. Ол өзінің саналы ғұмырын тек қана прокуратура органдарында қызмет етуге арнады. Замана көшінде алыптар бастап, ағалар көрсеткен үлгі–әділеттілік, турашылдық, адалдық, адамгершілік Қайыр Уәлиұлының ғұмырында ұстанған сара жолы болды. Осы жолда ол барлық қажыр-қайратын жұмсауға тырысты. «Кісі қылығымен танылар», деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, Қайыр Уәлиұлы жасаған адал еңбегі, бар болмыс-бітімі, жан-дүниесі, табиғаты, жаратылысымен өз ортасының танымал тұлғасы, бетке ұстар азаматы болып қалыптасып, өз ұрпағы, замандастары үшін нағыз Адамша өмір сүрудің үлгі-өнегесін көрсете білді. «Ат тұяғын тай басар» дегендей, бүгінде екі ұлы – Әсеті мен Дәулеті әке жолын жалғастыруда. Қайыр Уәлиұлының өмір жолы Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйесі мен Конституциялық құрылымының ажырамас бөлігі – отандық прокуратура саласы дамуының бір кезеңі болып табылады.

Қаншайым МАҚАЖАНОВА, тарихшы, архив ісінің ардагері.

 


Количество показов: 610

Возврат к списку