Өнегелі ғұмыр белесі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Өнегелі ғұмыр белесі 22.04.2021

Өнегелі ғұмыр белесі

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

Абай.

Қазақстан ұлттық академиясының корреспондент мүшесі, заң ғылымының докторы, профессор Сұлтан Сартайұлы Сартаев 1998 жылы Ханафия Асқарұлының шығарма-шылығы туралы «Қанекең – елім үшін, жерім үшін, халқым үшін деп дүниеден алған ой сезімін, тәлім-тәрбиесін, білгенін, естігенін, көргенін келешек жастарға қалдырсам, осы істеген ісім жастарға мұра болса екен деп жүрген үлкен қадірменді ақсақалдарымыздың бірі» деп жазыпты. Ғалымның бұл пікірі оқырманға көп нәрсені аңғартса керек. Бұл кезде Ханафия ағамыз сексеннің сеңгірін артта қалдырып, бойындағы мол мұрасын өзінен кейінгі буынға арнау қамында болатын.

Каз_лого_30 лет.png

Ол алдына қойған осы мақсатын орындап, 1997 жылы «Ертіс өрендері», 1998 жылы «Алаш зиялылары» және 2000 жылы «Даналық, тектілік және әулиелік әлемі» кітаптарын жазып, жарыққа шығарады. Ал әкесінің көзі тірісінде шығара алмай кеткен «Даналық әліппесі» деген еңбегін қызы Гүлжиян өзінің 2019 жылы бастырып шығарған «Әкем туралы ой толғау» атты туындысына енгізген-ді. Жуырда «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінде «Ардагер ұстаз, тіл жанашыры, өлкетанушы, шежіреші Ханафия Асқарұлының тағылымы» тақырыбында зиялы қауым өкілдерімен үстел басында әңгіме өткізілді. Қанекеңнің шығармаларымен танысқан бірлестік мүшелері Қ.Шаяхметов, Е.Жұматов, С.Сатыбалдин өздерінің ойларын ортаға салып, берері мол ұстаз мұрасын жастар арасында барынша насихаттау қажеттілігіне көпшіліктің назарын аударды. Ханафия Асқарұлы кезінде ұстаздық мамандықты қалап, шаруа жастарының мектебін, мұғалімдер даярлайтын курсты, екі жылдық мұғалімдер институтын және Семей педагогикалық институтын бітіреді. Оқу-ағарту саласына арнаған қырықтан астам жыл ішінде ол облысымыздың Ертіс және Ақтоғай аудандарындағы мектептерде қатардағы мүғалімнен аудандық білім бөлімінің меңгерушісіне дейінгі баспалдақтардан өтеді. Осы аралықта мол тәжірибе жинақтап, жас ұстаздардың тәлімгері атанады. Қолынан қаламы түспей, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі ой тұжырымдарын республикалық және жергілікті газет-журналдарда жариялайды. Қанекең белсенді тіл жанашыры да болды. Ол кезінде туған тілдің мәртебесін арттыру жолындағы күресте профессор Ермек Өтебаев, Жеңіс Марданов, Мүбәрак Жаманбалинов, Ілияс Оспанов, Махмет Демесінов, Мұрат Әбдірахманов, Қабидолла Әлібаев, Тілеукен Еңсебаев, Тоғайбай Кентаев, Арман Қани, Ғалымбек Жұматов, Шолпан Байғалы, Жұмасейіт Бижан сынды тер төккендердің сапында болды. Өңірдің зиялы қауымы оның Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Құрылтай съезінің делегаты болғанын да жақсы біледі. Оның осы тұста жазған «Ана тілімізді Бауыржандай қорғап, ардақтайық!» деген мақаласы тіл жанашырының ұстанымы іспетті дерлік. Бұл мақаласындағы ұсыныстары мен қисынды ойлары бүгінгі күнде де маңыздылығын жойған емес. Мәселен, ол «Еркін сөйлеу етек алған жерде мемлекеттік тіл үстемдік жасайды... Заң бәрімізге ортақ. Ол жеке адамдардың ғана мүддесін көздемейді» деп, әркімді «Тіл туралы» Заң талаптарын жалтармай орындауға шақырды. Тіл жанашыры штаттан тыс тілші ретінде туған тіліміздің өз тұғырына қонуына арналған мақалаларын республикалық он шақты газет-журналдарға, сондай-ақ облыстық «Дауа», «Қызыл ту», «Ертіс дидары» басылымдарына да жолдап отырды. Тіпті ол қазақ тілінде шығатын республикалық және жергілікті басылымдарды халық арасында неғұрлым көбірек таратуға да үлес қосты. Біз тоқсаныншы жылдары «Ертіс дидары» газеті қаржы тапшылығынан шықпай қалған жағдайда Қанекеңнің бір айлық зейнетақысын бөлгенінен де хабардармыз. Ханафия Асқарұлының жоғарыда аталған қай кітабын алсаңыз да, оның зерек өлкетанушы болғанына көз жеткізесіз. Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен әрі батыр, Абылай ханның құрметіне бөленген Боқты Шомақұлы, Қызылағаш болысының қырандары Әмен Асайынов, Бердалы Жылқыбаев, Арын Айсақов, ұстаздар Нығман Алшынов пен Жандай Тіленшин, тарих пен шежіренің кені Әбдіғалым Есмағамбетов, журналист Қайыр Қорабаев, әйгілі діни ғұлама Тәңірберген Дүйсенбіұлы, Мұхамбет софы, Қаражүсіп би, ел ақсақалы Айсабек, қазақтың тұңғыш журналист қызы Ләзиза Серғазина және т.б. туралы оның естеліктері оқырманды бейжай қалдырмайды, терең ойға бойлатады, өлкенің ертеректегі тарихынан хабардар етеді. Автордың біршама арнайы мақалалары әл-Фараби, Абай, А.Байтұрсынұлы, И.Байзақов, Махамбет, Ж.Аймауытов, С.Сартаев, Т.Тәжібаев мұраларына арналады. «Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы өз балаларына өз даналарының ақылын үйрету керек. Өнеге – Абай», – дейді ол. «Ұлттық зиялы деп кімдерді айтамыз?» деген сұрақтың жауабын іздестіру барысында ол: «Оқыған, тәрбие көрген адамның бәрі зиялы емес», – дейді де, Мұстафа Шоқайдың мына бір ой тұжырымын келтіреді: «Біздіңше, белгілі бір мұрат-мақсаттардың соңында жүрген және сол белгілі мұрат-мақсаттары төңірегіне жиналған оқымыстыларды ғана зиялы деп атауға болады... Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси-экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіре алады». Ізденімпаз Қанекеңнің жекелеген мәселелер бойынша өзіндік пайымдаулары да баршылық. Айталық, ол: «Әлемде теңдесі жоқ Құдай жаратқан үш емші бар. Ол – күннің көзі. Күннің көзі жазбайтын мерез жоқ. Ол – су. Су тазалай алмайтын лас жоқ. Ол – ауа. Ауа шипа болмайтын ауру жоқ. Ана тілі адам баласына күн көзіндей қуат береді, барлық мерезін жояды, мөлдір судай бойындағы барлық кірін тазартады, ауадай бар кеселге шипа болады. Ана тілінен айырылған халық емсіз ауруға шалдыққан адамдай үміті өшеді, келешегі қиылады», – дейді. Тіл жанашырының сөз қолданысынан да ерекшелікті байқауға болады. Ол «Алаш зиялылары» кітабының «Алғы сөзін» – «Құлпыашар» деп, «Мазмұнын» – «Кітап айнасы» деп берген. Бұған мән бере қарасақ, қисынға да келетін сияқты. Сол сияқты, «Даналық әліппесі» туындысында автор халық арасынан жиған-терген дүниелерін де келтіреді. Солардың бірі: «Қазақта ат-мат» деген сөз бар. Ат деген не? Мат деген не? Батырды жортуылда босаңсымай желмаядай, дүлдүлдей алып жүрген атты нағыз ат дейді. Мысалы, Қанжығалы Бөгенбай батырдың өз салмағы 9-10 пұт, ал сауытының салмағы 70-80 килограмдай болыпты. Батыр мен сауытын көтере алмаған атты мат дейді». Тағы бірі: «Жігіт пен мігіт деген не? Батырдың киген сауытын қос қолдап көтере алса, ол – жігіт, көтере алмаса, ол – мігіт дейді». Қанекең – шежіреші де. Өзінің «Даналық, тектілік және әулиелік әлемі» атты жинағында Арғын руының шежіресін берген. Мұнда автор: «Әр адамның жеті атасын білуі - міндет. Жеті атасын білмеген – жетім. Жеті атасын білген ер жеті рулы елді билер» деп, шежіренің тәрбиелік мәнін баяндайды. Әңгіме барысында ел ағасының адамгершілік қасиеттері, ұстаздық тағылымы және әкелік қамқорлығы туралы жазушы, ардагер журналист Ғ.Жұматов, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық бөлімшесінің төрағасы, «Найзатас» журналының редакторы Асыл Әбіш, Қазақстанның Құрметті журналисі С.Әйтенов, Қанекеңнің шәкірттері Қ.Кәрімов пен Ж.Қамзин, қызы Гүлнәр, ұлы Жамбыл өздерінің естеліктерімен бөлісті. Республика мәдениет қайраткері, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісінің иегері Б.Сыздықов өзінің «Қазақ едік» деген өлеңін, Торайғыров университетінің оқытушысы Ә.Сәрсенбаева Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын!» поэмасынан үзінді оқып, өздерінің айтулы тұлғаға деген құрметтерін көрсетті. Зиялы қауым өкілдері Ханафия Асқарұлының өмірі мен тағылымды мұрасы жер-жерде насихат-талса, сондай-ақ Екібастұз қаласындағы, Ақтоғай және Ертіс аудандарындағы мектеп оқушы-ларының ардагер-ұстаз ұрпақтарымен кездесулері ұйымдас-тырылса, атқарылған бір игі іс болған болар еді деген ұсыныстарын жасады. Сонымен қатар, олар билік басындағы азаматтар осындай тұлғаның білім беру саласында атқарған айтарлықтай қызметін ескеріп, өзі ұстаздық еткен мектептердің біріне оның есімі берілуін қалайтындықтарын да білдірді.

Ульян Мақұл.

 


Количество показов: 371

Возврат к списку