Негізгі ҰБТ: түлектер нені білуі тиіс?

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Асбұршақ қандай өсімдік?
09:40 21.05.2022  91

Тұтас өңірді қамтымақ
09:38 21.05.2022  92

Дауыс беру – маңызды
09:37 21.05.2022  92

Бүгінгі таңдау – ертеңгі өмір
09:35 21.05.2022  92

Жол азабын жүрген білер
09:00 21.05.2022  104

Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі
08:50 21.05.2022  115

Мен оқыған кітаптар
08:50 21.05.2022  90

Менің арманым...
08:49 21.05.2022  92

Тәтті мамандық
08:48 21.05.2022  83

Адасқанның айыбы жоқ
08:47 21.05.2022  87

Тарихи шеру - «ҚИМАҚ.TIME»
08:44 21.05.2022  89

Қазақ сатирасының Таңдайы
08:42 21.05.2022  88

Суармалы жер - береке көзі
11:26 19.05.2022  194

«Бейсекеңді дәріптеу керек...»
11:23 19.05.2022  219

Ұжымдық қауіпсіздік. Әскери одақ
11:22 19.05.2022  190

ЖОБА «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11:20 19.05.2022  204

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!
11:19 19.05.2022  244

Жапандағы жалғыз үйде туған қыз
11:18 19.05.2022  191

Ұлтқа қызмет – мінезден
11:16 19.05.2022  242

Мен және менің полицейім!
11:14 19.05.2022  189

Талапқа сай емес
11:13 19.05.2022  187

Балабақшаға жолдама алыңыз!
11:11 19.05.2022  194

Референдум - сайлау емес, таңдау
11:05 19.05.2022  220

Пәтер тапшылығы байқалуда
11:03 19.05.2022  205

Отбасындағы кикілжің қылмыс па?
10:59 19.05.2022  210

Терезенің сыртында қауіп бар!
10:58 19.05.2022  192

Қағаз қымбатшылығы қыспаққа алды
10:55 19.05.2022  199

Арзан несие: тозған көліктен құтылудың төте жолы осы ма?
10:53 19.05.2022  206

Сарыарқа самалы, 19 мамыр, бейсенбі
09:11 19.05.2022  223

«Қимақ.Time»
10:26 17.05.2022  408

Бүлдіршіндер еңбектеп жарысты
10:14 17.05.2022  416

«Тұран» түкке тұрмады
10:13 17.05.2022  449

Жастар - ел келешегі
10:09 17.05.2022  448

Өз таңдауымызды жасауға тиіспіз
09:26 17.05.2022  472

Қос ішектің Күмбірлеуі
09:24 17.05.2022  441

Қайта оралған «Жәмилә»
09:23 17.05.2022  438

Әуеден де, жерден де өңдеуде
09:17 17.05.2022  427

Мал дәрігерлері жеткіліксіз
09:16 17.05.2022  391

Көктемнің әр күні – несібе
09:08 17.05.2022  455

Сарыарқа самалы, 17 мамыр, сейсенбі
08:59 17.05.2022  472

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар
12:00 16.05.2022  547

Қазақтың текті қыраны
09:09 14.05.2022  730

Дауыс беру - парызымыз
09:07 14.05.2022  579

Жаңа Қазақстанның жарқын жолы
09:06 14.05.2022  488

«Әлкей Марғұлан және мәдени мұра»
09:04 14.05.2022  565

Халықтың сенімді қорғаны
09:03 14.05.2022  508

Тұрғын үй субсидиясы: талаптары қандай?
09:02 14.05.2022  650

Асфальт жол ауылға келді
09:01 14.05.2022  590

Сарыарқа самалы, 14 мамыр, сенбі
09:00 14.05.2022  752

Айлық аз
11:25 12.05.2022  631

Бабалар рухы – төл тарихымызда
10:43 12.05.2022  589

«Мектебім - мәңгілік көктемім»
10:42 12.05.2022  629

Еңбегі - ел есінде
10:39 12.05.2022  580

Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
10:34 12.05.2022  689

Жеңіс даңқы – мәңгілік!
10:32 12.05.2022  559

Тегін дәрі: кімдерге тиесілі?
10:30 12.05.2022  627

Даудың басы – қараусыз мал
10:27 12.05.2022  658

Мұнай өнімдері экспортын шектеуді ұзарту дұрыс па?
10:20 12.05.2022  786

Шоң би оқулары өтті
10:18 12.05.2022  558

Негізгі ҰБТ: түлектер нені білуі тиіс?
10:13 12.05.2022  569

Негізгі ҰБТ:  түлектер нені білуі тиіс? 12.05.2022

Негізгі ҰБТ: түлектер нені білуі тиіс?


Түлектер үшін ғана емес, ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жауапты әрі маңызды кезеңнің бірі - Ұлттық бірыңғай тестілеу науқаны алда тұр. Жаңа өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік оқу грантына үміткерлер тестілеуді екі мәрте тапсыруға мүмкіндік алып отыр. Биылғы ҰБТ қалай өтеді? Тест форматында жаңашылдықтар бар ма? ҰБТ тапсыруға барған оқушылардың қауіпсіздігіне кімдер жауапты? Осы сауалдарға жауап іздеу мақсатымен «Saryarqa samaly»-ның Instagram-дағы парақшасында «Онлайн желі» ұйымдастырдық. Тікелей желінің қонағы - Торайғыров университетіндегі ҰБТ бойынша қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Сәуле Кісенбаева әңгіме өрбітті.

Тілші сауалы:

- ҰБТ қашан өтеді?

- Жалпы, республика бойынша ҰБТ-ға тіркелу 14 мамырға дейін жалғасады. Тестілеудің өзі 16 мамыр – 5 шілде аралығында өтеді. Атап өтер болсақ, бірінші тестілеуге тіркелу 7 мамырға дейін болса, екінші мүмкіндікке тіркелу 14 мамырда аяқталады. Сондықтан, биылғы түлектер, бұл мүмкіндікті жіберіп алмаса екен деймін.

- Өңірде ҰБТ-ға дайындық қалай жүргізіліп жатыр? Балалар қай орындарда тест тапсырады?

- Өздеріңіз білетіндей, мектеп түлектері ҰБТ-ны жылына 4 рет тапсыра алады. Оның екеуі қаңтар және наурыз айларында өткен болатын. Бұларға шамамен екі мыңға жуық бала қатысты. Ал мемлекеттік оқу грантына үміткер түлектер шілденің 5-іне дейін екі рет ҰБТ тапсыра алады. Бүгінгі күні тест Павлодар қаласының М.Горький көшесі, 120/2 мекенжайында және Екібастұз қаласында өтеді. Сәйкесінше, орнын, күнін, уақытын өздері таңдайды.

- ҰБТ-ға өтініш қалай тапсырылады? Қандай құжаттар жинау керек?

- Қазір ҰБТ-ға тіркелу өте оңай. Ешқандай құжат қажет емес. Яғни, үміткерлер app.testcenter.kz сайтына электронды пошта арқылы кіреді. Көрсетілген нұсқаулық бойынша ЖСН-ін енгізіп, санатты таңдайды. Ал 18 жасқа толмаған түлектер негізгі ҰБТ-ға тіркелу барысында ата-анасының немесе заңды өкілінің ЖСН-ін және байланыс телефонын міндетті түрде енгізу керек. Бұл мәліметтерді app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинеттегі «Өтініш беру» бөлімінде қосуға болады.

- Өңірден қанша түлек қатысады деген болжам бар?

- Бұл сұраққа нақты жауап беру әзірге мүмкін емес. Негізінен, өңіріміз бойынша төрт мыңнан астам түлек бар. Әрине, олардың 80-90 пайызы тестілеуге қатысады. Сонымен қатар, колледж студенттері және өткен жылғы түлектер де мемлекеттік оқу грантына арналған тестілеуге қатысады алады.

- Биылғы ҰБТ тапсыруда жаңашылдықтар бар ма? Берілетін уақыт бойынша не айтасыз?

- Жақында ҰБТ-ға байланысты жаңа хабар келді. Яғни, негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсыруға болады. Алайда, бұған тіркелу мерзімінде өзгерістер орын алды. Сәйкесінше, жоғарыда айтқаным-
дай, бірінші мүмкіндікке тіркелу 7 мамырға дейін қарастырылған. Екінші тестілеуге тіркелу күні 14 мамырда аяқталады. Сол себепті, түлектерге айтарым, қапы қалмаңыздар. Оған қоса, мектеп түлектері ҰБТ-дағы нәтижелер бойынша екі сертификаттың бірімен жоғары оқу орнына құжат тапсыра алады. ҰБТ форматы 3 міндетті және 2 бейінді пәннен тұрады. Барлық тест тапсырмалар саны – 120. Жоғары балл – 140. Тестілеу уақыты – 4 сағат. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша тестілеу уақыты, яғни 40 минут беріліп, оларға суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалғанын атап өткеніміз жөн. Ал ҰБТ-ға қатысушыларға тестілеу аяқталғаннан кейін экранда, жеке кабинетінде «Жеке тақырыптық талдау» қолжетімді.

- Соңғы талаптарға сәйкес, түлектерді бұрынғыдай мұға-лімдер алып жүрмейді екен. Балаларды ҰБТ-ға кім әкелуі тиіс? Мәселен, қашықтағы ауылды жерлерден келіп тапсыратындар бар ғой?

- Жаңа өзгерістерге сәйкес, әр оқушы тестілеу орнына өздері келеді. Бар жауапкершілік түлектің өзіне беріліп отыр. Бұл шалғай елді мекеннен келетін түлектерге де қатысты. Біз қабылдау комиссиясы ретінде мектеп тарапынан жауапкершілікке мұғалімдер таға-йындалуына міндет қоя алмаймыз. Негізінен, тестілеу орнына ата-анасы, сынып жетекшісі келуіне шектеу жоқ. Бірақ олар ғимарат ішіне кіргізілмейді.

Жанерке, Ақсу қаласы:

- ҰБТ сұрақтары бойынша қандай өзгерістер бар?

- Сұрақтарда ауыз толтырып айтарлықтай ерекшелік жоқ. Жыл сайын әр пән бойынша шамамен 10-15 пайыз сұрақтарға өзгерістер енгізіледі. Пәндер туралы айтар болсақ, тарих және математикалық сауаттылық бойынша 15 сұрақ, оқу сауаттылығында 20 сұрақ беріледі. Әр сұрақтың астында жауап үшін бес нұсқа көрсетілген. Соның біреуі дұрыс. Ал таңдаған екі бейінді пәннің әрқайсысында 35 сұрақтан қамтылған. Олардың ішінде 25 сұрақтың бір ғана дұрыс жауабы болса, қалған 10 сұрақтың бір немесе бірнеше жауабы болады.

Сәния, Екібастұз қаласы:

- Екі мүмкіндікті бір айда тапсыруға бола ма?

- Үміткерлер ҰБТ-ның екі мүмкіндігін де бір айда тапсыра алады. Яғни, түлек тестілеудің күнін, уақытын, тапсыру орнын өзі таңдайды.

Санжар, Тереңкөл ауданы:

- Мектепті былтыр бітіргенмін. Өтініш бергенде қай категорияны таңдаймын?

- Егер сіз 2021 жылғы түлек болсаңыз, ҰБТ-ға тіркелу кезінде «өткен жылғы мектеп түлегі» категориясын таңдайсыз.

Айым, Павлодар қаласы:

- 2021 жылғы түлектер ҰБТ-ны ақылы тапсыра ма?

- Биылғы жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады. Ал өзге санаттағы тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 4230 теңге.

Ернұр, Ақсу қаласы:

- ҰБТ-ны биылғы мектеп бітірушілер ғана 2 рет тапсыра ала ма немесе барлығы ма?

- ҰБТ-ға орта білім беру ұйымдарының 2022 жылғы түлектері, орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері қатыса алады. Сондай-ақ, ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, ҚР азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғалар жіберіледі. ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар да тест тапсыру мүмкіндігіне ие бола алады. Осы санаттағы барлық үміткерлердің ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндігі бар.   

Жасұлан, Май ауданы:

- Шығармашылық маман-дықты таңдаған түлектер қай пәндерді тапсырады?

- Шығармашылық бағыттағы мамандықты таңдаған оқушылар оқу сауаттылығы мен тарих пәндерінен тест тапсырады. Ал екі пән таңдаған түлектер мамандықтарына сәйкес жоғары оқу орнында емтиханнан өтеді. Мысалы, журналистиканы таңдаған түлектер эссе жазып, кейіннен әңгімелесу кезеңінен өтеді. Атап өтсек, шығармашылықты таңдаған оқушылар 20 маусым – 7 шілде аралығында жоғары оқу орнына барып, өтініш беруі тиіс. Бұдан соң, шығармашылық кезеңнің уақыты белгіленеді.

Алмас, Екібастұз қаласы:

- Екі мүмкіндікте екі түрлі пәндерді жазып тапсыруға бола ма?

- Жалпы, талапкерлер тестілеудің екі кезеңінде бейінді пәндердің бір комбинациясын ғана таңдай алады.

Тілші сауалы:

- Өз тарапыңыздан жас түлектерге айтар ақыл-кеңесіңіз қандай?

- Құрметті, жас түлектер! Қазіргі таңда техникалық мамандықтарға сұраныс өте жоғары. Мемлекеттік оқу грантына түсу үшін де мүмкіндік көп. Шығармашылық бағытты таңдаған түлектер бір ғана жоғары оқу орнын таңдайды. Ал басқа мамандық иелері жоғары оқу орнына грантқа өтініш берген уақытта бейінді пәндері бірдей 4 мамандықты және 4 оқу орнын көрсете алады. Өкінішке қарай, біраз үміткерлер 4 жоғары оқу орнын таңдау барысында аталған 1 мамандықты белгілеп, қателеседі. Мысалы, құрылыс мамандығын таңдап, 4 оқу орнын белгілеген болсаңыз, бірінші белгілеген білім мекемесіне грантқа өтпесеңіз, яғни өзге де таңдаған білім ордаларына грантқа түсе алмайсыз. Сіз аталған мамандық бойынша автоматты түрде үміткерлер тізімінен жойыласыз. Сол себепті, мамандық таңдаған сәтте барынша физикалық-техникалық мамандықты таңдаңыз деп кеңес берер едім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі өндірістік саланы дамыту, экономиканы өркендету үшін мамандықтарға грантты шексіз бөліп отыр. Тіпті, ауыл шаруашылығы саласына да грант жақсы деңгейде бөлінеді. Шамамен 50 ұпайдан жоғары жинасаңыз, мемлекеттік грантқа үміттісіз. Еске салайық, әр пән бойынша кемі 5 балдан асып, шекті ұпай жинаған болсаңыз, грант конкурсына қатыса аласыз.

Тілші:

- Біздің Instagram парақша-мызда тікелей эфирде газет оқырмандарының сауалдарына жауап бергеніңіз үшін алғыс білдіреміз!

 Түйін:

Биыл өңірімізде 11-сыныпты 4307 бала аяқтайды. Шамамен, олардың 80 пайызы ҰБТ тапсырмақ. Бұлардың бірі тестілеуден жоғары ұпай жинаса, ал енді бірі өте алмай жатады. ҰБТ - түлек үшін жауапты әрі маңызды, жарқын болашаққа сенімді қадам басуға мүмкіндік ашатын тұтқаның бірі. Жас түлектерге - сәттілік!

 

«Онлайн желіні» жүргізген – Махаббат ТӨЛЕБАЙ.


Количество показов: 520

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Асбұршақ қандай өсімдік?
09:40 21.05.2022  91

Тұтас өңірді қамтымақ
09:38 21.05.2022  92

Дауыс беру – маңызды
09:37 21.05.2022  92

Бүгінгі таңдау – ертеңгі өмір
09:35 21.05.2022  92

Жол азабын жүрген білер
09:00 21.05.2022  104

Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі
08:50 21.05.2022  115

Мен оқыған кітаптар
08:50 21.05.2022  90

Менің арманым...
08:49 21.05.2022  92

Тәтті мамандық
08:48 21.05.2022  83

Адасқанның айыбы жоқ
08:47 21.05.2022  87

Тарихи шеру - «ҚИМАҚ.TIME»
08:44 21.05.2022  89

Қазақ сатирасының Таңдайы
08:42 21.05.2022  88

Суармалы жер - береке көзі
11:26 19.05.2022  194

«Бейсекеңді дәріптеу керек...»
11:23 19.05.2022  219

Ұжымдық қауіпсіздік. Әскери одақ
11:22 19.05.2022  190

ЖОБА «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11:20 19.05.2022  204

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!
11:19 19.05.2022  244

Жапандағы жалғыз үйде туған қыз
11:18 19.05.2022  191

Ұлтқа қызмет – мінезден
11:16 19.05.2022  242

Мен және менің полицейім!
11:14 19.05.2022  189

Талапқа сай емес
11:13 19.05.2022  187

Балабақшаға жолдама алыңыз!
11:11 19.05.2022  194

Референдум - сайлау емес, таңдау
11:05 19.05.2022  220

Пәтер тапшылығы байқалуда
11:03 19.05.2022  205

Отбасындағы кикілжің қылмыс па?
10:59 19.05.2022  210

Терезенің сыртында қауіп бар!
10:58 19.05.2022  192

Қағаз қымбатшылығы қыспаққа алды
10:55 19.05.2022  199

Арзан несие: тозған көліктен құтылудың төте жолы осы ма?
10:53 19.05.2022  206

Сарыарқа самалы, 19 мамыр, бейсенбі
09:11 19.05.2022  223

«Қимақ.Time»
10:26 17.05.2022  408

Бүлдіршіндер еңбектеп жарысты
10:14 17.05.2022  416

«Тұран» түкке тұрмады
10:13 17.05.2022  449

Жастар - ел келешегі
10:09 17.05.2022  448

Өз таңдауымызды жасауға тиіспіз
09:26 17.05.2022  472

Қос ішектің Күмбірлеуі
09:24 17.05.2022  441

Қайта оралған «Жәмилә»
09:23 17.05.2022  438

Әуеден де, жерден де өңдеуде
09:17 17.05.2022  427

Мал дәрігерлері жеткіліксіз
09:16 17.05.2022  391

Көктемнің әр күні – несібе
09:08 17.05.2022  455

Сарыарқа самалы, 17 мамыр, сейсенбі
08:59 17.05.2022  472

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар
12:00 16.05.2022  547

Қазақтың текті қыраны
09:09 14.05.2022  730

Дауыс беру - парызымыз
09:07 14.05.2022  579

Жаңа Қазақстанның жарқын жолы
09:06 14.05.2022  488

«Әлкей Марғұлан және мәдени мұра»
09:04 14.05.2022  565

Халықтың сенімді қорғаны
09:03 14.05.2022  508

Тұрғын үй субсидиясы: талаптары қандай?
09:02 14.05.2022  650

Асфальт жол ауылға келді
09:01 14.05.2022  590

Сарыарқа самалы, 14 мамыр, сенбі
09:00 14.05.2022  752

Айлық аз
11:25 12.05.2022  631

Бабалар рухы – төл тарихымызда
10:43 12.05.2022  589

«Мектебім - мәңгілік көктемім»
10:42 12.05.2022  629

Еңбегі - ел есінде
10:39 12.05.2022  580

Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
10:34 12.05.2022  689

Жеңіс даңқы – мәңгілік!
10:32 12.05.2022  559

Тегін дәрі: кімдерге тиесілі?
10:30 12.05.2022  627

Даудың басы – қараусыз мал
10:27 12.05.2022  658

Мұнай өнімдері экспортын шектеуді ұзарту дұрыс па?
10:20 12.05.2022  786

Шоң би оқулары өтті
10:18 12.05.2022  558

Негізгі ҰБТ: түлектер нені білуі тиіс?
10:13 12.05.2022  570

Раздел не найден.