Несиені оңды-солды таратуға болмайды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Несиені оңды-солды  таратуға болмайды 23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды

Тұрғындар тарапынан несиеге деген сұраныс өсуде. Дегенмен банктер азаматтардың жүктемесін бақылауда ұстауы міндетті. Бүгінде төлеу мерзімі 90 күннен кешіктірілген кредиттер баршылық. Оңды солды несие тарату – мемлекетке де, азаматтарға да қатер.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы секторының өкілдерімен кездесуде айтты. Мемлекет басшысының Алматы-дағы резиденциясында өткен жиынға Президент Әкімшілігінің басшылық құрамы, мемлекеттік органдардың, ірі қаржы құрылымдары мен банктердің басшылары қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай құрамдағы кездесудің алғаш рет өткізіліп отырғанына назар аударды. Президенттің айтуынша, жиынды өткізуге еліміздің қаржы секторында шешілуге тиіс қордаланып қалған мәселелер түрткі болған.

– Кейінгі 1,5 жылдағы белгілі бір қиындықтар қаржы нарығына да оңай тиген жоқ. Мұндай жағдайда біздің басты міндетіміз экономикада да, қаржы жүйесінде де тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін дағдарысқа қарсы кешенді шараларды іске асыру болды және солай бола береді. Негізі, біз өсім траекториясына шыға алдық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұдан кейін кездесуге қатыс-қандардың сөздерін тыңдаған Президент осы бағыттағы бірқатар нақты міндетке назар аударды. Мемлекет басшысы, ең алдымен, қаржы секторының тұрақтылығына тоқталды. Сондай-ақ бүгінде қаржы секторының дәрменсіз банктерден арылғанын, ал сауықтыру аясында 6,6 триллион теңгеге жуық нашар несиелер есептен шығарылғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, өтеу мерзімі 90 күннен асқан қарыздардың деңгейі банктердегі несие портфелінің 4,3 пайызын құрайды. Бұл – соңғы 13 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Президент осыдан қорытынды шығарып, жинаған тәжірибе негізінде жиі қайталанатын тәуекел-қатерлердің алдын алу шараларын күшейту қажет екеніне тоқталды. Президенттің айтуынша, банктер мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінде экономиканы несиелеу бойынша зор әлеуетке ие болып отыр. Банк жүйесіндегі өтімділігі жоғары активтердің көлемі – 12,2 триллион теңге.

– Биыл тұрғындар сұранысының белсенді түрде қалыпқа келе бастағанын байқап отырмыз. Тұтынушылық несие 32,8 пайызға артқан. Несие алушылар 6,1 миллион адамға жетті. Бәлкім, бұл - қалыпты үдеріс. Алайда азаматтарымыздың қарыз жүктемесіне тиімді бақылау жасау маңызды. Қазіргі уақытта 545 мың адамның қарызын өтеу мерзімінің кешеуілдеуі 90 күннен асқан. Мәселе еліміздің қаржы тұрақтылы-ғына төнген тәуекел-қатерде ғана емес. Бұл көптеген азаматтарымыздың қаржы тапшылығымен бетпе-бет келгенін білдіреді. Бұл әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа алып келуі мүмкін, – деді Президент. Мемлекет басшысы борышкерлерге қатысты қаржы нарығындағы өкілдердің шектен шығу әрекеттеріне тоқталды.

– Несие мекемелерінің басшы-ларына ішкі рәсімдерді күшейту мәселесін пысықтауды, сондай-ақ жекелеген қызметкерлер мен сырттан тартылатын коллекторлардың қызметтерін асыра пайдалануға жол бермеу тетіктерін қарастыруды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент шағын және орта бизнесті несиелеу, оның ішінде ауылдардағы кәсіпкерлік бастамаларды дамыту еліміздің қаржы секторының басты басымдығы болуы керек деп есептейді. Мемлекет басшысының айтуынша, тұрақты және арзан қор жасау көздерінің жоқтығы микроқаржыландыру нарығындағы негізгі мәселенің бірі.

– Мұндай ұйымдардың қызметі екінші деңгейлі банктерден алынатын қарыз бен жеке қаражат есебінен қаржыландырылады. Нәтижесінде тұтынушылар үшін несиелердің құны жоғары болады. Сондықтан Үкіметке Агенттікпен бірлесіп, микроқаржы ұйымдарының қолжетімді әрі ұзақ мерзімді қаржыландыру тетіктерін пысықтауды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы айтқан тағы бір өзекті міндет – ұлттық қор нарығын дамыту. Оның айтуынша, отандық қор нарығы тұрғындардың қаражатын жинайтын сенімді баламалы құралға айналуы қажет.

– Отандық қор нарығы үшін 2022 жылы жекелеген ұлттық компаниялардың Халық IPO бағдарламасына енуі маңызды оқиға болмақ. Агенттік пен Ұлттық банк Самұрық-Қазына мен Үкімет жүргізіп жатқан жұмысқа белсенді түрде атсалысуы қажет, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы секторын цифрландыруды дамыту маңызды екеніне назар аударды. Мемлекет басшысы осы салада оң қарқын бар екенін атап өтіп, қаржы инновацияларын енгізуге қолайлы жағдай жасау жөніндегі кешенді жұмысты жалғастыру керек екенін айтты.

– Біздің қаржы институттарымыз осы сәтті пайдаланып, ауқымды міндеттерді шешуі керек. Біреудің тәжірибесін көшіріп алудың қажеті жоқ, керісінше Қазақстан аумағымен шектеліп қалмай, қызметтердің жаңа форматын дамытып, ілгерілету керек. Мемлекет бұл бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетеді. Біз инновациялық экономика мен қаржылық экожүйені жаңадан қалыптастыру кезеңіндеміз. Алдымызда ауқымды жұмыстар тұр. Мемлекет басшысы ретінде мен үшін бүкіл экономикамызды жаңа инновациялық даму жолына салу – басты міндет, – деді Мемлекет басшысы. Президент цифрлық валюталарды айналымға енгізу маңызды екенін тоқталды. Бұл ретте болашақ қаржы жүйесінің негізіне айналуы мүмкін цифрлық теңге енгізу мәселесін қарастырған жөн екенін айтты.

Өз тілшіміз.


Количество показов: 211

Возврат к списку