Оқушы тамағы неге қымбаттады?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Оқушы тамағы неге қымбаттады? 09.10.2021

Оқушы тамағы неге қымбаттады?

Қос бүйірден қысқан қымбатшылық мектеп асханаларына да жетті. Бұл ата-аналарға, соның ішінде бірнеше баласы оқитын отбасыларға ауыр салмақ салуда. Яғни, қала мектептерінің кейбірінде бір баланың кешенді түскі асы 600 теңгеге жеткен. Ал асханаларды жалға алып жұмыс істейтін кәсіпкерлер болса мұны шикізаттық және жанармай бағасының өсуімен байланыстыруда.

Ата-аналар алаңдаулы

Павлодар қаласының тұрғыны Айгүл Әмірованың үш бірдей баласы орта мектепте оқиды. Бірі бастауыш сыныпта болғандықтан тегін тамақтанса, екі баласының шай-тамағына күнделікті өз қал-
таларынан төлейді. Редакцияға қоңырау шалып, шағымын білдірген тұрақты оқырманымыз мектеп асха-насындағы қымбатшылық қалта-мызды қағып тұр дейді.

- Өткен оқу жылындағы бағалар биыл көзден бұлбұлдай ұшты. Ол кезде біз бір баланың кешенді асына 400-450 теңге төлесек, биылғы оқу жылында ол баға 600 теңгеге бір-ақ секірді. Сонда екі оқушының тек түскі асы үшін күніне 1200 теңге төлейміз. Ал түстен кейін қосымша сабаққа қалатын болса пирожки немесе тоқашпен шай ішеді. Оның өзі 300-400 теңгенің айналасында. Сонда мектепке баратын бір бала үшін күніне бір мың теңгеден жұмсауға мәжбүрміз, - дейді қала тұрғыны.

Кәсіпкерлер не дейді?

Мектеп асханаларын жалға алушы кәсіпкерлер әуелі облыстық білім беру басқармасымен және жергілікті білім беру бөлімдерімен келісімшартқа отырады. Мысалы, келісімшарттың күші бес жылға жарамды болса, сол уақытқа дейін оқушыларға беретін ыстық тамақтың бағасын алғашқы келіскендей ұстап тұруы тиіс. Бірақ, қымбатшылық белең алған бүгінгі қоғамда азық-түліктің бағасы күн сайын көтеріліп жатқаны баршаға мәлім. Міне, осы жайттарды ескерсек, мектеп оқушыларын тамақтандыратын жеке кәсіпкер-лердің біразы дағдарысқа тап болатын түрі бар. Осы салада көп жылдық тәжіри-бесі бар «Profo» ЖШС мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты бойынша дарынды балаларға арналған №3 гимназияға, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияға, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебіне және «Жас дарын» мамандандырылған мектебіне қызмет көрсетіп келеді. Серіктестік басшысының орынбасары Арман Мұстақовтың сөзінше, аталған білім ордаларымен бес жылға келісімшартқа отырған. Биыл келісімшарт мерзімінің үшінші жылы басталды.

- Өңірде баға саясаты құбылып тұр. Бұл - шикізатпен жұмыс істейтін біз секілді кәсіпкерлерге өте ауыр құбылыс. Мысалы, көкөніс бағасы өткен жылғымен салыстырғанда 4-5 есеге дейін қосылды. Жанармай бағасы да көтеріліп кетті. Бір сөзбен айтқанда, кірісімізден шығысымыз көбейіп келеді. Одан бөлек, бізді тексергісі келетін ұйым көп. Бір жағынан мониторингтік топ келіп тексеріп жатса, екінші жағынан ата-аналар комитеті бақылайды. Бұл біздің жұмысымызға кері әсер етеді. Бірақ, мемлекет тарапынан ешқандай көмек көрсетілген емес. Тым болмағанда сатып алуға жұмсалатын шығынның белгілі бір мөлшеріне субсидия берілсе, соның өзі үлкен қолдау болар еді, - дейді Арман Мұстақов.

Қалай тосқауыл қояды?

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия директоры Салтанат Шабажанованың сөзінше, мұндағы бір оқушының кешенді түскі асы 450 теңгеден аспайды. Бұл бағаның өзін ата-аналар комитетінің араласуымен әзер сақтап отырмыз, дейді директор.

- Оқу жылының басында ыстық тамақтың бағасы қымбаттайды деген әңгіме болғаны рас. Бірақ, оған ата-аналар комитеті араласып, бағаны бұрынғы келісімшарттың негізінде қалдырды. Бүгінде ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істеудеміз. Олар балалары ішіп жүрген тамақтың бағасы мен сапасын үнемі бақылау-
да ұстап келеді. Сонымен қатар, балаларға арналған журнал ашылды. Қандай да бір арыз-шағым болса, сонда жазып қоюға болады. Одан бөлек, асханаға электронды бағалау құрылғысы орнатылған. Оны тікелей өзім бақылап, тамақтың сапасын тексеріп отырамын, - дейді гимназия директоры Салтанат Қалиасқарқызы. Павлодар қаласындағы №37 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақмарал Сыздықованың сөзінше, бір оқушыға 315 теңгеге түстенуге болады. Бұл - барлық қала мектептеріне қатысты бекітілген тариф.

- Оның ішіне бірінші және екінші ыстық тамақ, нан мен шай кіреді. Сонымен қатар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына қосымша араның балы, алма, банан секілді дәруменді тағамдар беріледі. Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады. Бірақ, қосымша сабаққа қалған балалар өз ақшаларына сатып алады. Бүгінгі қымбатшылықтың кәсіпкерлерге кері әсерін тигізіп жатқаны анық. Бірақ, соған қарамастан бағаны бір қалыпта ұстап тұрмыз. Қандай жағдай болса да, оқу жылының соңына дейін осы бағаны сақтап қалуға тырысамыз, -
дейді Ақмарал Жасқайратқызы. Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын №37 орта мектепке мемлекеттік «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында арнайы құрылғы қойылған болатын. Соның арқасында ата-аналар асхана мәзірін онлайн жүйеде бақылап, балалары ішетін шай-тамаққа үйде отырып тапсырыс беруге мүмкіндік алған болатын. Бірақ, кейін бұл жобаны қаржыландыру көзі болмағандықтан қызметі тоқтап тұр. Мұндай жүйе алдағы уақытта дамытылса тиімді болар еді. Қысқасы, қос бүйірден қысқан қымбатшылық кәсіпкерлерге де, тұрғындарға да оңайға тимей тұр. Бірақ, бұл мәселе ата-аналардың есебінен шешілмеуі керек. Алдағы уақытта асхана жұмысын қолже-тімді ұйымдастыру үшін әр балаға субсидия төлеу ретінде немесе жеңілдетілген несие беру түрінде көмек көрсетілсе жақсы болар еді дейді қызмет көрсетушілер.

Тілеуберді САХАБА.

 


Количество показов: 452

Возврат к списку