Оқушы жүрегіне жол тапқан...

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Оқушы жүрегіне жол тапқан... 02.10.2021

Оқушы жүрегіне жол тапқан...

Ұстаз – бала бойында тұлғалық қасиетті қалыптастырып, сарқылмайтын қазынамен сусындатып, мейірім мен адамгершілікке баулитын, бар ғұмырын білім үйретуге арнайтын жан. Солардың бірі – Дастан Мұхтар. Жас болса да, өз саласының үздігі атанып жүрген білікті маман «ұстаздан шәкірт озарын» дәлелдеп келеді.

Жас ұстаз Дастан Мұхтар - Май ауданы, Ақшиман ауылының тумасы. Павлодар қаласындағы Ы.Алтынсарин мектеп-гимназиясының түлегіне болашақ ұстаздық мамандықты таңдауына мұғалімі себеп болған екен. Бала арманына жету мақсатында 11-сыныптан соң, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түскен.

Еңбек жолын 2015 жылы өзі түлеп ұшқан білім ордасында тарих пәнінен мұғалім болып бастады.

- Алғаш рет сабақ берген күнім әлі есімде. Қоңырау соғылған сәтте кабинет кілтін ауыстырып алып, біраз құлыпты аша алмай әуреге түскен едім. Сол кездегі 7-сынып оқушыларының алдында қобалжып, сасқалақтаған күйім мен олардың маған деген жымиған көзқарастары ұмытылмайды, - дейді Д.Мұхтар.

Мұғалімдік қызметке орналасқан соң, жас маман бірден дарынды балалармен жұмыс жүргізген. Республикалық сайыстарда оқушылары бірнеше мәрте алтын медаль иеленіп, оқуға құмар дарынды шәкірттері ғылыми жұмыстарды үздік қорғап, білім-дерінің нәтижесінде жоғары оқу орындарының грантын иеленді.

- Оқушы тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңыздырақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңызды. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады, - дейді Д.Мұхтар. Оқушыларының жеңістерінің нәтижесінде 2017 жылы облыс деңгейінде «Үздік ғылыми жетекші» атанып, 2018 жылы облыс әкімінің Алғыс хатын алып, Түркия еліне іссапардың иегері атанды.

Ұстаздық саланың қыр-сырын меңгерген маман 2020 жылы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің Құрмет грамотасына ие болды. Облыстық «Ертіс дарыны – 2020» Ғылым және білім номинациясының жеңімпазы атанды. Қазіргі таңда аймағымыздағы алғашқы заманауи білім ордасының бірі - М.Әлімбаев атындағы орта мектебінің директоры міндетін атқаруда.

Қазіргі таңда өз саласы бойынша Қазақстан тарихынан пәндік олимпиадаға арналған LEGO құрал, Қазақстан тарихынан функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған әдістемелік жинақтары бар.

Ұстаз деген – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау деп жатады. Сол себепті, әріптестеріме, жалпы мектеп ұжымдарына бала тәрбиесі аясында аянбай еңбек етіп, бала бақытын аялау керек деп ойлаймын. Біздің берген тәлім-тәрбие баланың болашақ жолына үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан, дұрыс бағыт пен тығыз жұмыс жасау біздің қолда, - деді Д.Мұхтар. Оған қоса, жас ұрпақ берілген мүмкіндікті сәтті пайдаланып, әрдайым даму үстінде болуы қажет екендігін алға тартты.

Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет деп бекер айтпаса керек. Еңбек жолында даңқ пен абыройға кенеліп, белестерді бағындырудың өзі - ұстаз тәрбиесін алған ұстаздың жемісі. Ендеше, қиындығы мен қызығы қатар мамандық иесі Дастан Мұхтарды ұстаздар мерекесімен құттықтаймыз! Ұстаз талантты болса, шәкірт талапты болады дегендей, талапты шәкірттеріңіз көп болсын деп тілек білдіреміз.


Махаббат ТӨЛЕБАЙ.


Количество показов: 660

Возврат к списку