Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023
295
Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023
453
Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023
369
Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023
367
Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023
337
Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023
427
Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023
419
Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023
398
Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023
510
Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023
416
Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023
354
Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023
310
Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023
376
Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023
383
Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023
465
Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023
676
Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023
589
Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023
430
Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023
423
Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023
642
Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023
427
Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023
723
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
1084
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
1043
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
1030
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
1034
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
1229
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
999
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
1019
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
977
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
1061
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
1034
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
818
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
1146
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
1272
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
737
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
955
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
530
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
686
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
600
11 медаль!
11:05 24.01.2023
972
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
866
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
923
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
1003
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
1184
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
943
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
832
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
991
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
1033
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
930
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
3192
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2904
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2860
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
3159
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
3184
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
3297
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
3379
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2815
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2830
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
3137
2022 жылдың 5 маусымы Тәуелсіз Қазақстанның тарихында ерекше қалары сөзсіз. Бұл күні қазақ халқы 1995 жылы қабылданған Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты шешім қабылдады. Ел үшін маңызы зор саяси науқанда Павлодар облысының жұртшылығы жоғары белсенділік көрсетіп, азаматтық ұстанымын танытты. Күннің жаңбырлы болуына қарамастан, көпшілік дауыс беру учаскелеріне жаппай ағылып, таңдауын жасады.
Араға 27 жыл салып жарияланған жалпыреспубликалық референдумның өтер күнін күткен адам қарасы көп болғаны рас. Себебі жұртшылық жаңашылдықтардың, өзгерістердің болғанын қалады. Ал олардың түп негізі Конституциядағы 33 бапты жаңартуға тікелей байланысты. Елдегі сарапшылар, ғылыми институт қызметкерлері, түрлі сала өкілдері мен белсенділер дайындаған заң жобасында жер асты мен үстіндегі байлықтың иесі халық екенін көрсету, партиялық монополияны жою, президенттік өкілеттілікті азайту, сот жүйесін нығайту сынды маңызды бағыттар қамтылды. Сондықтан осы салалардың өзгеруіне қатысты халықтың көзқарасын білу аса маңызды еді. 5 маусым күні сайлаушылар таңдау жасап, жаңашылдықтарды «Иә, қабылдаймын» немесе «Жоқ, қабылдамаймын» деген екі нұсқасының біріне белгі қойды. Бұл күні таңғы сағат 7.00-де облыс аумағында 528 референдум учаскесінің есіктері айқара ашылды. Оған дейін де учаскелер алдына жиналып, кезек күткен адамдар қарасы қалың болды. Әр учаскеде алдымен Әнұран шырқалды. Алғаш болып келген азаматтарға комиссия өкілдері түрлі сый-сыяпат тарту етті. Көппен бірге облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов та дауыс берді. Аймақ басшысы С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада орналасқан №15 учаскеде өз таңдауын жасады.
- Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұйымдастырылған референдум - ел болашағы үшін жасалған жарқын қадамдардың бірі. Бүгін мен де облыс тұрғындарымен бірге конституциялық құқығымды пайдаланып, Қазақ елінің дамуы үшін таңдау жасадым. Жалпы, жерлестеріміз барлық саяси науқандарда белсенділік танытып, азаматтық позициясын білдіреді. Осы игі дәстүр биыл да жалғасады деп ойлаймын, - деген еді Әбілқайыр Сқақов. Шынымен, солай болды да. Орталық референдум комиссиясының алдын ала ақпараты бойынша, Павлодар облысындағы 513 мыңға жуық сайлаушының 75,53 пайызы республикалық референдумға қатысты. Бұл – елдегі үздік бес көрсеткіштің бірі. Сол арқылы өңір жұртшылығының елдің ертеңіне деген сенімі байқалды. Болашақ ұрпақ үшін №125 референдум учаскесіне таң алакеуімнен дауыс беруге келген павлодарлық Дүйсенбек Бейсеков саяси науқанның маңыздылығын айтты. Бұл учаскеде барлығы 2203 адам тіркелген.
- Республикалық референдумның Жаңа Қазақстанның кемел келешегін құруда орны ерекше деп білемін. Біздің өскелең ұрпақ көп боп қабылдайтын басты құжат аясында өмір сүреді. Сол себепті, бірінші болып келіп, таңдауымды жасадым. Бұл - азаматтық борышым, - дейді Д.Бейсеков. Қазіргі Конституцияның төл құрдасы, алғашқы референдум жылы туған облыс орталығының тұрғыны Мөлдір Қабдраш та №51 референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді.
- 1995 жыл Ата Заңның қайта жаңғырған кезеңі еді. Дәл сол тұста жарық дүние есігін ашқан екенмін. Ата-анам бұл жылы ел өмірінде үлкен өзгерістер орын алғанын жиі айтатын. Енді бүгінде Конституцияның үштен бір бөлігін заман ағымына қарай жаңартатын уақыт келді. Оған мен де өз үлесімді қостым, - деп атап өтті Мөлдір Баянбекқызы. Жылына бір келер төл мерекелері референдуммен тұспа-тұс түскен туған күн иелері де саяси науқаннан қалыс қалған жоқ. Айталық, Май ауданы Көктөбе ауылының тұрғыны Төлеген Базарбайұлы, павлодарлық Инна Матяш және тағы басқалары бар. Бұл ретте барлық референдум учас-келерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалғанын атап өткен жөн. Айталық, осыдан төрт жыл бұрын көз жанарынан айырылған 30 жасар Дәурен Қайрақанов №132 учаскеде дауыс берді. «Комиссия мүшелерінің біздің жағдайымызды да ескеріп, қолайлы мүмкіндік жасағаны қуантады», - дейді ол.
Еліміздің ақсақалдары мен ақжаулықты аналары да саяси науқанға бір кісідей атсалысты. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Григораш бар. Облыс орталығында тұратын майдангер денсаулық жағдайына байланысты учаскеге келе алмады. Сондықтан комиссия мүшелері жылжымалы жәшіктерін алып, ардагердің үйіне барды.
- Бұған дейін өткен сайлаулардың барлығында учаскеге барып, бюллетень толтыратын едім. Биыл ғана денсаулығымның сыр беруіне байланысты комиссия өкілдерін үйге шақыруға тура келді. Мен елімізде тұрақтылық, бейбітшілік пен бірлік болғанын қалаймын. Сол үшін дауыс бердім, - дейді майдангер. Референдум күні елдің болашағы, ұрпағының ертеңі үшін учаскеге келген қарттардың қарасы көп болды. Солардың бірі – Кенжекөл ауылында тұратын Қапиза Рахмет. Кейуана 5 маусым күні 106 жасқа толды. Егде тартқанына қарамастан, референдумға үйден емес, сайлау учаскесінде дауыс беруге бел буған. Референдум комиссиясы мен ауылдық әкімдік өкілдері қарияны туған күнімен құттықтап, сыйлық табыс етті. Павлодар қаласының 86 жасар тұрғыны Дина Мұқашева да учаскеге келіп, саяси науқанға қатысты. Ұзақ жыл ұстаздық қызмет атқарған қарт елдің еңсесін ұстар азаматтарға жақсылық тілеп, батасын берді. Ақтоғай ауданы Жаңабет ауылындағы №155 референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берген сайлаушылардың бірі – ауылдың ақ жаулықты анасы Оралша Сманова. Кейуана 6 маусым күні 85 жасқа толды. Бұл күні немересі Арман Оркенов алғаш рет саяси науқанға қатысты.
- Мен үшін сайлау – мереке. Осы күнге дейін бірде-бір сайлаудан қалып көрген емеспін. Ерте тұрып, учаскеге келу – бұрыннан қалыптасқан әдет. Бүгін немерем Арман тұңғыш рет дауыс беріп отыр. Сондықтан биылғы референдумның орны ерекше, - дейді Оралша Сманова. Иә, республикалық референдумның 18 жасқа толған жастар үшін орны ерекше болғаны анық. Мәселен, Павлодар қаласындағы №132 референдум учаскесінде 2078 адам тіркелген. Оның отызы - 18 жастағы азаматтар.
- Меніңше, кәмелеттік жасқа толған әр азаматтың ел алдындағы парызының бірі – маңызды саяси науқан кезінде үн қосу. Сондықтан бүгін бірінші рет учаскеге келіп, Тәуелсіз Қазақстанның азаматы ретінде таңдауымды жасадым, - дейді көркемсурет колледжінің студенті Әлімхан Қалымқұл. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық ұланы 5512 әскери бөлімінде сап түзеген қатардағы жауынгерлер еліміздегі басты саяси науқанға қатысты. Азаматтық борышын өтеп жатқан сарбаз Мәди Есмұханбетовтың айтуынша, бұл күні әскери бөлімдегі көңіл-күй ерекше болды.
- Республикалық референдум еліміздегі басты саяси оқиғаға айналды. Өйткені, ел жұдырықтай жұмылса, күрмеулі мәселелер шешімін табатынын білеміз. Бұл - менің алғаш рет мұндай саяси шараға қатысуым. Ата-анам 1995 жылғы референдумға қатысқан еді. Енді бізге де кезек келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі жастарға сенім артады. Біз, жас сарбаздар, жаңа Қазақстанның көк байрағын көкке көтеріп, ел үшін ерен еңбек етуге ант етеміз, - дейді жауынгер. Аталмыш әскери бөлімнің автокөлік взводының аға сержанты Айбек Тұрсынбаевтың айтуынша, барлық сарбаздар референ-думға қатысуда белсенділік танытты.
Жоғарыда облыс тұрғындарының ерекше белсенділік танытқанын атап өттік. Осы орайда ұлы ақын Абайдың есімін иеленген ауылдардың бәсі бәрінен биік болғанын айтпасқа болмас. Май ауданындағы Абай ауылының тұрғындары 100 пайыз дауыс берді. Елді мекендегі №359 учаскеде бюллетеньдердің барлығы белгіленді. Ауылда бүгінде 141 тұрғын бар. Олардың референдумға қатысуға құқылы 91-і дауыс берді. Сол сияқты Железин ауданындағы Абай ауылы азаматтары да референдумға түгел қатысты. Мұндағы №216 референдум учаскесі таңғы сағат 7.00-де жұмысын бастады. Бірер сағат ішінде дауыс беру құқығына ие 30 азаматтың барлығы учаскеге келіп, өз таңдауын жасады.
Облыстағы саяси науқанның барысын республикалық, облыстық бақылаушылар қадағалады. Саяси ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер өкілдері референдумның заң аясында өтуін басты назарда ұстады. Павлодар облысында жұмыс істеген 507 ашық референдум учаскесінде азаматтық қоғамның 1800-ден астам өкілі дауыс беру барысын бақылауға алды. Үкіметтік емес бес облыстық ұйым бірігіп, 358 елді мекендегі учаскелердегі жағдайды тәуелсіз түрде қадағалады. Республикалық ұйымдардың өкілдері де болды. Айталық, «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Ботагөз Өтегенова комиссия құрамының тыңғылықты дайындығын атап өтті.
- Биыл екінші рет бақылаушы ретінде қатысып отырмын. Облыс орталығындағы №125 референдум учаскесінің комиссия төрағасы мен мүшелері тұрғындарды қарсы алып, қажетті кеңес беріп, жылы шырай танытуы қуантты. Тұрғындардың да белсенділігі байқалды, - дейді бақылаушы. «Партиялық емес қоғамдық бақылау» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының жетекшісі Алма Қозбаеваның айтуынша, жұмыстың негізгі мақсаты – дауыс беруге қатысушылардың барлығының заңнама талаптарын сақтауын бақылау.
- Облыстағы учаскелерде ашық дауыс беру үшін барлық талаптар сақталды. Учаскелік комиссиялар азаматтық қоғам өкілдерінің ескертулері мен ұсыныстарына дер кезінде назар аударып, әрекет етті, -
дейді Алма Қозбаева.
Түрлі себепке байланысты шекараның ар жағында жүрген қазақстандықтардың таңдау жасауы үшін басқа мемлекеттерде де референдум учаскелері ашылды. Әлемнің 52 еліндегі қалаларда 65 учаске құрылды. Алдын ала мәлімет бойынша, шетелдегі 5 мыңнан астам қазақстандық референдумда өз пікірін білдірді. Олардың қатарында павлодарлық Зайтун Батаев та бар. Ол осыдан екі жыл бұрын Татарстанның Қазан қаласына жұмыс бабымен қоныс аударған болатын. Өзге елде қызмет еткенмен, өз еліндегі жағдайлардан үнемі хабардар болып отырады. Бұл жолы да маңызды саяси науқанға үн қосып, ҚР Елшілігі ұйымдастырған Қазан қаласындағы референдум учаскесінде дауыс берді.
- Мен ҚР Қарулы күштері мен Ұлттық ұланы құрамында әскери қызмет атқардым. 2017 жылы зейнетке шықтым. Ал осыдан екі жыл бұрын Қазан қаласындағы заңгерлік орталыққа еңбек етуге шақырды. Ата Заңға енгізілуі ұсынылған өзгерістерде осы салаға қатысты ауқымды реформалар қарастырылған. Бүгін сол жаңашылдықтарға қатысты таңдауымды жасадым, - дейді ол. Запастағы подполковник жерлесіміздің сөзінше, Қазан қаласында Конституцияға енгізілуі жоспарланған өзгерістер туралы қазақ және орыс тілдерінде мол мәлімет болды. Ал референдум күні учаскедегі комиссия өкілдері келушілерді қазақтың ұлттық тағамдарымен қарсы алып, сый-құрмет көрсетті. Сонымен қатар, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, «Aqsu» футбол командасының капитаны Ғафуржан Сүйімбаев Словакияның Трнава қаласында ашылған учаскеде бюллетеньге белгі қойды. Қазіргі уақытта ұлттық құрама дәл осы қалада алдағы ойындарға дайындалуда.
Жалпы, 27 жылдан соң ұйымдастырылған республикалық референдум халықтық мерекеге айналды. Әр учаскеде отандық әнші, күйшілердің шығармалары шырқалып тұрды. Облыс орталығындағы қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдады. Бірқатар учаскенің алдында ауыл- шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мұнда жергілікті кәсіпорындар дайындаған сүт, ет, нан өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидектер делдалсыз сатылды. Сондай-ақ, тұрақтандыру қоры жеткізген қанттың келісі 369 теңгеден, күріш 277 теңгеден, қарақұмық жармасы 437 теңгеден, күнбағыс майы 722 теңгеден, бірінші санаттағы 10 жұмыртқа 280 теңгеден сатылды. Дауыс беруге келушілер бірнеше сағат аралығында бұл өнімдердің бірнеше тоннасын сатып алды. Зейнеткер Рахима Әділбаева референдум учаскелері алдында жәрмеңке өтіп жатқанына ризашылығын білдірді.
- Өңірде осындай жәрмеңкелердің тұрақты өтетіні қуантады. Әсіресе, қолайлы бағасы көңілден шықты. Қажетті өнімдердің барлығы бар. Бұл сайлаушыларға жасалған жақсы тарту болды, - дейді зейнеткер. Бұл күннің басты жаңалықтарының бірі – облыстағы перзентханаларда 25 баланың өмірге келуі. Референдум күні дүние есігін ашқан нәрестелердің 17-сі - қыз, сегізі - ұл бала. Олардың қатарында егіз қыздар да бар. Түптеп келгенде, 5 маусым ел тарихында елеулі оқиға орын алған күн болды. Қазақстандықтар ел дамуындағы маңызды шешімдердің бірі – Ата Заңға өзгертулер енгізуге қатысты пікірін білдірді. Таңдау жасар сәтте облыс тұрғындарының белсенділік танытқаны ерекше қуантты. Алғашқы сағаттардан-ақ біздің өңір учаскелерге келушілер саны бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Сол арқылы Ертіс-Баян өңірінде азаматтық ұстанымы берік, кемел келешек құруға белді бекем буған азаматтардың көп екені тағы бір мәрте айғақталғандай болды.
Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА, Махаббат ТӨЛЕБАЙ,
Алтынбек МҰҚЫШЕВ.
Суреттерді түсірген - Есенжол Исабек.
Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023
295
Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023
453
Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023
369
Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023
367
Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023
337
Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023
427
Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023
419
Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023
398
Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023
510
Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023
416
Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023
354
Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023
310
Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023
376
Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023
383
Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023
465
Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023
676
Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023
589
Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023
430
Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023
423
Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023
642
Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023
427
Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023
723
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
1084
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
1043
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
1030
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
1034
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
1229
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
999
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
1019
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
977
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
1061
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
1034
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
818
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
1146
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
1272
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
737
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
955
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
530
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
686
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
600
11 медаль!
11:05 24.01.2023
972
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
866
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
923
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
1003
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
1184
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
943
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
832
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
991
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
1033
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
930
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
3192
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2904
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2860
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
3159
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
3184
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
3297
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
3379
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2815
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2830
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
3137