Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Асбұршақ қандай өсімдік?
09:40 21.05.2022  87

Тұтас өңірді қамтымақ
09:38 21.05.2022  91

Дауыс беру – маңызды
09:37 21.05.2022  89

Бүгінгі таңдау – ертеңгі өмір
09:35 21.05.2022  89

Жол азабын жүрген білер
09:00 21.05.2022  101

Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі
08:50 21.05.2022  113

Мен оқыған кітаптар
08:50 21.05.2022  88

Менің арманым...
08:49 21.05.2022  89

Тәтті мамандық
08:48 21.05.2022  82

Адасқанның айыбы жоқ
08:47 21.05.2022  85

Тарихи шеру - «ҚИМАҚ.TIME»
08:44 21.05.2022  86

Қазақ сатирасының Таңдайы
08:42 21.05.2022  86

Суармалы жер - береке көзі
11:26 19.05.2022  192

«Бейсекеңді дәріптеу керек...»
11:23 19.05.2022  217

Ұжымдық қауіпсіздік. Әскери одақ
11:22 19.05.2022  189

ЖОБА «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11:20 19.05.2022  203

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!
11:19 19.05.2022  242

Жапандағы жалғыз үйде туған қыз
11:18 19.05.2022  190

Ұлтқа қызмет – мінезден
11:16 19.05.2022  238

Мен және менің полицейім!
11:14 19.05.2022  188

Талапқа сай емес
11:13 19.05.2022  184

Балабақшаға жолдама алыңыз!
11:11 19.05.2022  192

Референдум - сайлау емес, таңдау
11:05 19.05.2022  218

Пәтер тапшылығы байқалуда
11:03 19.05.2022  203

Отбасындағы кикілжің қылмыс па?
10:59 19.05.2022  209

Терезенің сыртында қауіп бар!
10:58 19.05.2022  190

Қағаз қымбатшылығы қыспаққа алды
10:55 19.05.2022  198

Арзан несие: тозған көліктен құтылудың төте жолы осы ма?
10:53 19.05.2022  204

Сарыарқа самалы, 19 мамыр, бейсенбі
09:11 19.05.2022  221

«Қимақ.Time»
10:26 17.05.2022  406

Бүлдіршіндер еңбектеп жарысты
10:14 17.05.2022  412

«Тұран» түкке тұрмады
10:13 17.05.2022  446

Жастар - ел келешегі
10:09 17.05.2022  446

Өз таңдауымызды жасауға тиіспіз
09:26 17.05.2022  470

Қос ішектің Күмбірлеуі
09:24 17.05.2022  439

Қайта оралған «Жәмилә»
09:23 17.05.2022  436

Әуеден де, жерден де өңдеуде
09:17 17.05.2022  425

Мал дәрігерлері жеткіліксіз
09:16 17.05.2022  389

Көктемнің әр күні – несібе
09:08 17.05.2022  454

Сарыарқа самалы, 17 мамыр, сейсенбі
08:59 17.05.2022  471

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар
12:00 16.05.2022  545

Қазақтың текті қыраны
09:09 14.05.2022  729

Дауыс беру - парызымыз
09:07 14.05.2022  577

Жаңа Қазақстанның жарқын жолы
09:06 14.05.2022  486

«Әлкей Марғұлан және мәдени мұра»
09:04 14.05.2022  564

Халықтың сенімді қорғаны
09:03 14.05.2022  507

Тұрғын үй субсидиясы: талаптары қандай?
09:02 14.05.2022  649

Асфальт жол ауылға келді
09:01 14.05.2022  587

Сарыарқа самалы, 14 мамыр, сенбі
09:00 14.05.2022  751

Айлық аз
11:25 12.05.2022  629

Бабалар рухы – төл тарихымызда
10:43 12.05.2022  586

«Мектебім - мәңгілік көктемім»
10:42 12.05.2022  626

Еңбегі - ел есінде
10:39 12.05.2022  578

Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
10:34 12.05.2022  687

Жеңіс даңқы – мәңгілік!
10:32 12.05.2022  558

Тегін дәрі: кімдерге тиесілі?
10:30 12.05.2022  626

Даудың басы – қараусыз мал
10:27 12.05.2022  654

Мұнай өнімдері экспортын шектеуді ұзарту дұрыс па?
10:20 12.05.2022  783

Шоң би оқулары өтті
10:18 12.05.2022  557

Негізгі ҰБТ: түлектер нені білуі тиіс?
10:13 12.05.2022  568

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!! 20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!

Академик Қ.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінде меймандардың Баянауыл өңіріне деген тілек-лебіздері, Қаныш Сәтбаев  жайлы ой-пікірлері жазылған «Лебіздер кітабының» парақтары топтастырылған ерекше  көрме ұйымдастырылды. Мерекелік демалыста көрмемен танысудың орайы келді. 

Еламан ҚАБДІЛӘШІМ
Қолтаңбада - Қаныш келбеті (2).jpg

Музей қызметкері Жаннұр Мұсабаева көрмені ұйымдастыру идеясымен бөлісті. «Биыл мемориалдық музейдің ашылғанына 55 жыл толады. Көрме – мерейтойдың кіріспесі. 1967 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан «Лебіздер кітабын» қайта қарап, оқып, тілек-жазбаларды сұрыптадық», - дейді Жаннұр ханым. Өткен күннің белгісіндей болған қолтаңбаларда Әлкей Марғұлан, Шапық Шөкин, Мұзафар Әлімбаев, Жұбан Молдағалиев, Ғафу Қайырбеков, Дихан Әбілев, Әбіш Кекілбаев, Шәмшиябану Сәтбаева, Кәукен Кенжетаев қатарлы тау тұлғалардың үні жаңғырып, Мұхтар Шаханов, Асанәлі Әшімов, Ғарифолла Есім, Тоқтар Әубәкіров сынды замана заңғарларының дауысы саңқылдап тұр. Бір жазуды еркін оқыдым. Енді бірі тым ескі болғандықтан анық көрінбейді. Ал, келесілері тіпті ұғынықсыз, ежіктеп оқып, зорға түсіндім... Жазу – тағдыр тақтасында. Жазу – маңдайымда. Қойын  дәптерімде – жазу. Қарсы алдымда да –  жазу. Бұл жазу – Баянауыл топырағында табан ізі қалған біртуарлардың қалам ізі. Қаныш әлеміне алып баратын даңғыл жолға бастайтын із. Әр қолтаңбаға үңіліп, көңіліме баяғыдан ыстық, ертеден таныс Қаныш әлеміне терең бойлай түскендеймін... Көрмедегі ең көне қолтаңба 1969 жылдың 17 мамырында қойылған. Баянауыл кентіне жұмыс сапарымен алғаш рет келген мемлекет және қоғам қайреткері Мырзатай Жолдасбеков: «Шағын музейде әйгілі геологтың өмірі мен ғылыми қызметі жайлы толық танысуға мүмкіндік бар», - деп ерекше әсерге бөленгенін жазыпты. Ал, 1978 жылғы 10 қыркүйекте, сол кездегі Қарағанды облыстық коммунистік партия комитетінің хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев музейге келгенде: «Ерекше перзенттері – кез-келген халықтың бет-бейнесі, оның ұлылығының символы (бөгенайы). Қазақ  халқының сондай көрнекті өкілі – белгілі оқымысты-геолог Қаныш Сәтбаев», -  деп жазып, ғұлама ғалымның толайым табыстары мен толағай таланты - халықтың баға жетпес қазынасы екенін атап өтіпті. Елбасының сол сапарына куә болған мемориалдық музейдің қазіргі директоры Қайыргелді Әбілғазин ол кезді: «Правда» газетінің Қарағанды және Павлодар облыстарындағы арнаулы тілшісі Михаил Полторанин Баянауылға жұмыс сапарымен келді. Келген бетте: «Қарағандыда менің аса сыйлы досым Нұрсұлтан Әбішұлы қызмет етеді», - деп, досын Баянауылға шақырды. Болашақ Президент шақыруды қабыл алды. Мен – 18 жасар бозбаламын. Ол уақытта лауазымды қызмет атқаратын әкем Қасымтай Әбілғазинге және аудан басшылары Қанат Даржұманов, Зоркен Маханов, Мүкәрам Шүленбаев, Шакрат Шалбаев ағаларға еріп, мәртебелі меймандарға қызмет көрсеттім. Нұрсұлтан Әбішұлы салмақты, байыпты адам екен», -  деп еске алды.
Қолтаңбада - Қаныш келбеті (3).jpg
 ...Қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсірепов «Лебіздер кітабындағы» сөзін «Қадірлі Қаныш аға!» деп бастапты. Аға рухымен сырласқандай: «Сен еліміздің де, жеріміздің де білімге, мәдениетке құшағы ашық, құмар кезінде бір ардақты ұлының, бір білім қайраткерінің қолынан келер істі түгел атқарып, елің мен жеріңнің алғысын алдың. Ерте өлсең де, армансызсың! Кейінгі ұрпақ зейінді болса, аты-жөніңді ғана біліп қоймас, сенше еңбек етуге ұмтылар», - депті. Қолтаңбаның тұсына жазылған күн: 1980 жылдың 8 шілдесі. Иә, біз «Менің бабам – батыр, атам –  әулие» деп мақтанып, кеуде керуден алдымызға жан салмаймыз. «Мағжан сенген жастар – міне біз» деп өз-өзімізді көтермелеуден жалықпаймыз. Бірақ, Мағжан айтқан талаптарға  жауап бере алдық па? Жаман ұл жақсы  әкенің есімін қашанға дейін азық қылар екен?! Ғабең жазғандай, бабалардай еңбек етуге жарасақ, туралықтан таймаған, таудай мұрат арқалаған аталардан тағылым алуға ұмтылсақ екен. Әйгілі жазушы Зейтін Ақышев 1985 жылғы 1 маусымда Жаяу Мұсаның 150 жылдығына орай Баянауылға келгенде, музейде болған екен. Тілек кітабына: «Мен белгілі қайраткер, әдебиетші Ілияс Омаровтың Қаныш туралы айтқанын жазып қалдырайын: «Бүкіл Орта Азия тарихын оймен шолып, бір түзу сызық тартуға болар еді. Ол сызық – әл-Фараби, Ибн-Сина, Ұлықбек, Шоқан Уәлиханов, Қаныш Сәтбаев өткен жол», - деп жазыпты. 1997 жылдың 23 тамызында келгенде қазақтың біртуар ақыны Тұманбай Молдағалиев: «Қазақ тудырған ұлы ғалым Қаныш ағаның әруағына бас иемін. Сол биікпен қандас болғанымды мақтаныш етемін», - деп қолтаңба қалдырыпты. Биік болу. Әркім де «өскісі» келеді. «Құрқұдықтың түбіндегі құрбақа үшін аспанның аясы сол құдықтың аузындай ғана болып көрінеді» дегенді естіп едім. Кейде өзімді сол құрбақадай сезінем. Айтатыным – қарынның әңгімесі, көретінім – тасқораның төңірегі, жасайтыным – құлқынның қамы. 2006 жылдың 28 мамырында келген сапарында атақты ақын Олжас Сүлейменов: «Еліміздің бүгінгі әл-ауқа-тының негізін өз маңдай терімен қалаған бұл ұлы ғұламаны ерекше қадір-
леймін», - деп жазыпты. Академик Қ.Сәтбаевтың мемориалдық музейі өңір бейнесінің басты белгісі іспетті. Қаныш атамызға байланысты жәдігерлер арқылы қазақ халқының өмірін, тұрмысын, өмір сүру дағдысын, білімге ұмтылу қарқынын көруге болады. Өзім музеймен алғаш рет бастауыш сыныпта оқып жүргенде танысқам. Көне күннен күмбір-күмбір сыр шерткен қарашаңырақтан жаңа әлемнің есігін ашқандай болып едім. Көрмемен таныстырушы Жаннұр Жабайқызы: «Музейдің ашылуына 1964 жылдың жазында Баянауылда еңбек  семестрін өткізген, сол кездегі Алматы политехникалық институтының студент- тері – құрылыс отряды мүшелері Ғаділбек Шалахметов, Ғалым Әбілсейітов, Сырым Бөкейханов, Юрий Кердод, Хозе Казыханов, Павел Атрушкевичтердің ынта білдіруі себеп болыпты. Ғаділбек Шалахметов Қаныш Сәтбаевтың зайыбы Таисия Кошкина мен қыздары – Ханиса, Шамшиябану, Мейізге жолығып, Баянауылда музей ашу ойын білдіреді. Туыстарынан болашақ музейге қажет деректерді, ғалымның тұтынған заттарын ала келеді. Солайша, 1964 жылдың 26 қыркүйегінде алғашқы экспозиция ашылып, музей қоғамдық негізде жұмыс істей бастады. Жәдігерлерді орналастыруға Ғибрат Әбілов, Тілек Солтанов, Нұркен Әбукенов, Әсет Ақшалов, Людмила Пасенкова, Тамара Казанцева сынды Баянауыл орыс орта мектебінің жоғары сынып оқушылары көмектескен екен. Бастапқы уақытта жиналған экспонаттар Баянауылдағы мәдениет үйінің (қазіргі Мұса мырза мешітінің ғимараты) бір бөл- месіне қойылған.  Кейін музейге балабақша үйі беріліпті. Бірте-бірте музей қорының толығуы, оның жастарды рухани  тәрбиелеуде тигізер маңызы артқаны ескеріліп, 1967 жылдың мамыр айын- да Павлодар облыстық Советінің шешімімен Қаныш Сәтбаевтың музейі ресми түрде ашылып, халыққа қызмет көрсете бастады. Музейдің алғашқы директоры болып ұстаз Қадырбек Қажыбеков тағайындалады», - деп  музей тарихынан сөз қозғады. Жоғарыда атап өткен «Лебіздер кітабында», әр жылдары музей жәдігер-лерімен танысқан, Қазақстанның халық әртісі Шолпан Жандарбекова да, өзінің өмірін Қаныш ғұмырымен сабақтаған қаламгер Медеу Сәрсеке де «Әттең, музей үйі тар, болашақта бұл музей сөзсіз үлкеюі керек», - деп үлкен іске қозғау салыпты. Өтініш-тілек аяқсыз қалмағанына куәміз. 1970 жылдары Баянауыл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет еткен Қанат Даржұмановтың араласуымен музейдің қазіргі ғимараты салынды. Ал, 1989 жылы академиктің 90 жылдық мерейтойына орай бір қабатты музейге Орта Азия стиліндегі қос қабатты ғимарат қосылып, әкімшілік ғимарат, қор бөлмесі мен 60 орындық мәжіліс залы салынды. Ал, 2013 жылы заманауи үлгіде күрделі жөндеу жүргізілді. Қазіргі уақытта музей қорында 4946 экспонат бар. Жазушы Әзілхан Нұршайықов 1981 жылдың 31 шілдесінде академик музейінде болып, «Халқымыздың ардагер ұлы Қаныш Сәтбаевтың музейінде болып, аралап шықтым. Қанекеңнің өзін көргендей әсер алдым...», - деп жазыпты. Музейге келген әр қонақ осындай хал кешері сөзсіз. Өңірдің терең тарихына сусындап, тұмса табиғатына тамсанып келген тұлғалардың жазып қалдырған қолтаңбалары – өткен күндердің белгісі ғана емес, тарихи шежіре іспетті. Көне жазуларды оқығанда Қаныштай ғұламаның қазақтың дара да дана перзенті екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздім. Көне қолтаңбалардан Қаныш келбетін таныдым! Танығандықтан да халық мұратын көңіліме түйдім, халық сөзін жүрегіме құйдым.

 P.S: Мерекелік демалыста қора  тазалап, мал жайлап, әкеме қолқабыс еттім. Айыр, күрек ұстамағалы көп болып еді. Қыс түскелі мұз қатып, тоң боп қалған мал қораның көңін ойдық. Ақсорпам шықты. Маңдайдан төгілген ащы тердің дәмі адал еңбектің қандай бейнетті боларын сездіреді. Ауыр ломды соға-соға титықтап қал- ғанымды көрген әкем: «Қаламнан ауыр ма екен?!», - деп қағытып қояды. Бұнысы –  қара жұмысты жатырқап қалған мені  қамшылағаны. Қамшы сөз санамды осып өтті.  Қаныш музейіндегі әсерден арыла  қоймағам. Әкетай-ау, егер қалам ауыр  болмаса, қазақтың басындағы шеменшер жеңілдер ме еді?! Алаш аспанын торлаған қою қара бұлтты сейілткен қалам ұшындағы салмақты сөз еді 
ғой?! Бүгінгі бейбіт күннің таңын рауан-датқан кешегі сөз ұстаған, қалам ұштаған бабалардың қуатты арманы емес пе?! 


Количество показов: 1283

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Асбұршақ қандай өсімдік?
09:40 21.05.2022  87

Тұтас өңірді қамтымақ
09:38 21.05.2022  91

Дауыс беру – маңызды
09:37 21.05.2022  89

Бүгінгі таңдау – ертеңгі өмір
09:35 21.05.2022  89

Жол азабын жүрген білер
09:00 21.05.2022  101

Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі
08:50 21.05.2022  113

Мен оқыған кітаптар
08:50 21.05.2022  88

Менің арманым...
08:49 21.05.2022  89

Тәтті мамандық
08:48 21.05.2022  82

Адасқанның айыбы жоқ
08:47 21.05.2022  85

Тарихи шеру - «ҚИМАҚ.TIME»
08:44 21.05.2022  86

Қазақ сатирасының Таңдайы
08:42 21.05.2022  86

Суармалы жер - береке көзі
11:26 19.05.2022  192

«Бейсекеңді дәріптеу керек...»
11:23 19.05.2022  217

Ұжымдық қауіпсіздік. Әскери одақ
11:22 19.05.2022  189

ЖОБА «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11:20 19.05.2022  203

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!
11:19 19.05.2022  242

Жапандағы жалғыз үйде туған қыз
11:18 19.05.2022  190

Ұлтқа қызмет – мінезден
11:16 19.05.2022  238

Мен және менің полицейім!
11:14 19.05.2022  188

Талапқа сай емес
11:13 19.05.2022  184

Балабақшаға жолдама алыңыз!
11:11 19.05.2022  192

Референдум - сайлау емес, таңдау
11:05 19.05.2022  218

Пәтер тапшылығы байқалуда
11:03 19.05.2022  203

Отбасындағы кикілжің қылмыс па?
10:59 19.05.2022  209

Терезенің сыртында қауіп бар!
10:58 19.05.2022  190

Қағаз қымбатшылығы қыспаққа алды
10:55 19.05.2022  198

Арзан несие: тозған көліктен құтылудың төте жолы осы ма?
10:53 19.05.2022  204

Сарыарқа самалы, 19 мамыр, бейсенбі
09:11 19.05.2022  221

«Қимақ.Time»
10:26 17.05.2022  406

Бүлдіршіндер еңбектеп жарысты
10:14 17.05.2022  412

«Тұран» түкке тұрмады
10:13 17.05.2022  446

Жастар - ел келешегі
10:09 17.05.2022  446

Өз таңдауымызды жасауға тиіспіз
09:26 17.05.2022  470

Қос ішектің Күмбірлеуі
09:24 17.05.2022  439

Қайта оралған «Жәмилә»
09:23 17.05.2022  436

Әуеден де, жерден де өңдеуде
09:17 17.05.2022  425

Мал дәрігерлері жеткіліксіз
09:16 17.05.2022  389

Көктемнің әр күні – несібе
09:08 17.05.2022  454

Сарыарқа самалы, 17 мамыр, сейсенбі
08:59 17.05.2022  471

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар
12:00 16.05.2022  545

Қазақтың текті қыраны
09:09 14.05.2022  729

Дауыс беру - парызымыз
09:07 14.05.2022  577

Жаңа Қазақстанның жарқын жолы
09:06 14.05.2022  486

«Әлкей Марғұлан және мәдени мұра»
09:04 14.05.2022  564

Халықтың сенімді қорғаны
09:03 14.05.2022  507

Тұрғын үй субсидиясы: талаптары қандай?
09:02 14.05.2022  649

Асфальт жол ауылға келді
09:01 14.05.2022  587

Сарыарқа самалы, 14 мамыр, сенбі
09:00 14.05.2022  751

Айлық аз
11:25 12.05.2022  629

Бабалар рухы – төл тарихымызда
10:43 12.05.2022  586

«Мектебім - мәңгілік көктемім»
10:42 12.05.2022  626

Еңбегі - ел есінде
10:39 12.05.2022  578

Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
10:34 12.05.2022  687

Жеңіс даңқы – мәңгілік!
10:32 12.05.2022  558

Тегін дәрі: кімдерге тиесілі?
10:30 12.05.2022  626

Даудың басы – қараусыз мал
10:27 12.05.2022  654

Мұнай өнімдері экспортын шектеуді ұзарту дұрыс па?
10:20 12.05.2022  783

Шоң би оқулары өтті
10:18 12.05.2022  557

Негізгі ҰБТ: түлектер нені білуі тиіс?
10:13 12.05.2022  568

Раздел не найден.