Орман қоры ойсырап қалмасын

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

Орман қоры ойсырап қалмасын 05.08.2021

Орман қоры ойсырап қалмасын

Ауаның таза да саф болуы табиғаттың өз үйлесімін жоғалтпай, жасыл желекті ормандардың, өсімдіктердің өміршеңдігіне тікелей байланысты. Бүгінде адамзат алдында орман қорын сақтап, келешек ұрпаққа бай күйінде жеткізу міндеті тұр. Елімізде һәм аймағымызда бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылуда?

 

Стандартқа сай ма?

экология 3.jpg

Жаңа экологиялық кодекстегі маңызды бағыттардың бірі – жасыл желекті қорғау, ағаштардың санын арттыру. Орман алқабын көбейту шаралары да – басты назарда. Осылайша, «Адам мен табиғат егіз» деген ұғым іс жүзінде көрініс табуы тиіс. Статистикалық деректерге сүйенсек, бүгінде мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 30058,1 гектарды құрайды. Яғни, республика аумағының 11 пайызын алып жатыр. Ел Президенті өз Жолдауында ел аумағында 2 млрд ағаш егу керек екенін айтқан болатын. Бұл ретте, экологтар шетелден ағаш көшеттерін әкеліп, арнайы мамандардың көмегімен біздің аумаққа жерсіндіріп, табиғатқа бейімдеу керектігін алға тартуда. Белгілі болғандай, еліміздегі жеке орман қорының ауданы 996 гектар, бірақ онда әзірге ағаштармен қамтылған жерлер жоқ. Мемлекеттік орман қорының басым бөлігі, атап айтқанда 74,7 пайызы - облыс әкімдіктерінің қарамағында. Соңғы екі жылда мемлекеттік орман қорының ауданы 2000 гектарға артқанын атап өтуіміз керек. Ормандардың 49 пайызын сексеуілді ормандар құрайды. Шөлді және шөлейт аймақтарда орналасқан сексеуіл үлесі – 23,6 пайыз. Құнды қылқан жапырақты ағаштар 13,6 пайызға, жапырақты ағаштар 12 пайызға тең. Олар оңтүстік және шығыстағы таулардың, солтүстік және орталық шағын адырлардың баурайларында, Ертіс өңірінің құмды ленталарында, өзендердің гидроморфты алқапта-рында және шатқалдарда орналасқан. Орман шаруашылығында стандарт деген ұғым бар. Мысалы, елді мекендерде көгалдандыру құрылыс нормаларына сәйкес жүргізіледі. Осы сияқты орман дақылдарына, ағаштар мен бұталардың тұқымына арналған стандарттар, тұрғындар саны 1 млн адамға дейінгі қалалардың жасыл аймақтарының құрамы мен мөлшерін белгілейтін басқа да стандарттар бар. Алайда орман шаруашылығы саласындағы стандарттар қайта қарауды қажет етеді.

- Қолданыстағы стандарттар Кеңес заманында қабылданып, ескірген. Климаттың өзгеруіне оң әсер ететін жасыл желек екенін бәріміз білеміз. Сонымен қатар орманның ағынды сулар мен жерасты суларының деңгейін реттеп, өрістерді жел эрозиясынан сақтауда маңызы зор екенін атап өтуіміз керек. Қазіргі мақсат – республиканың орманды жерлерін 2030 жылға қарай 4,8 пайыздан 5 пайызға дейін ұлғайту. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, орман аумағын ұлғайтудың Қадамдық жоспарын іске асырып жатыр. Орман дақылдары іс-шараларын отырғызу материалымен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік орман иеленушілердің жерлерінде жалпы алаңы 4238 гектар 155 тұрақты орман тәлімбақ-тары құрылды. Республика бойынша жыл сайынғы отырғызу материалын өндіру көлемі 160 млн данадан асады. Республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстанның облыс орталықтарының айналасында жасыл аймақтар құруға ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта Қазақстанның елді мекендерінің айналасындағы жасыл аймақтар ауданы 174,3 мың гектарды құрап отыр, - дейді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Аймақтағы ахуал

экология 2.jpg

Жоғарыда елімізде орман шаруашы-лығын дамыту мақсатында 2 млрд қарағай отырғызылатынын жаздық. Оның 6 пайызы Павлодар облысы аумағында тамыр тартпақ. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция-сының басшысы Руслан Төлепбаевтың айтуынша, осы жылдың сәуір айынан бастап орман көлемін арттыру бойынша аймақтық жоспар жүзеге аса бастаған.

- Оған сәйкес, облыс әкімдігіне қарасты орман қорғау мекемелерінде 3032 га аумаққа қарағай отырғызылды. Ағаштар Шығыс Қазақстан облысынан әкелінді. Біздің өңірдің топырағына тез жерсінгені байқалады. Жалпы, жыл сайын 12-13 миллион ағаш егілетінін атап өткен жөн. Соңғы 5 жылда 12291 га аумаққа қарағай отырғызылды. Жерсіну деңгейі 60 пайызды құрап отыр. Бұл – тәуір көрсеткіш, - дейді Р.Төлепбаев. Бұдан бөлек, Үрлітөбе және Максим-Горький орман мекемелерінің уақытша орман тәлімбақтарында тұқым себу жұмыстары жалғасуда. Осылайша, 2023 жылға қарай аталған мекемелер отырғызу материалдарының қажеттілігін толық өтейді деп күтілуде. Келесі жылы Павлодар ауылының аумағында жылдық өндірістік қуаттылығы 10 млн дананы құрайтын тұрақты орман тәлімбағы іске қосылатынын ескерсек, ешкімге алақан жаймай, ағашқа деген ішкі сұранысты өзіміз-ақ қамтуға жол ашылмақ.

Ұлттық парктің ұтымды ісі

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 19,078 гектар аумағын орман алқабы алып жатыр. Аталған мекеменің бөлім басшысы Нұрбол Советтің айтуынша, биыл көктемде 37 гектар аумаққа ағаш отырғызылған. Яғни, 200 мың қарағай тамыр тартқан.

- Бес жылға арналған арнайы жоспарымыз бар. Онда жыл сайын қай жерге қанша көлемде ағаш отырғызу керектігі көрсетілген. Қарағайды екпестен бұрын жердің құнарлығы зерттеледі. Таулы әрі тасты жер болғандықтан ағаш отырғызуға қолайлы жерлер көп деп айта алмаспын. Өзге орман табиғи резерваттарында ағаш арнайы техниканың көмегімен егілсе, бізде адам күшімен жүзеге асады. Жыл сайын шамамен 40 гектарға ағаш отырғызу жоспарда бар. Отырғызу материалдарын өзіміз қамтамасыз етіп отырмыз. Ақсаң ауылында арнайы тұқым тәлімбағымыз бар. Онда қарағай өсіріледі. Тұқым сақтайтын орын да жеткілікті. Қысқы уақытта қарағайды жинап аламыз. Көктемге қарай Семей қаласындағы зертханаға апарып, тұқымның сапасын анықтап аламыз. Жыл сайын 2-3 жылдық қарағайды парк аумағына отырғызуға алып отырамыз. Ағаштың жасы одан үлкен не кіші болса, жерсінуі екіталай, - дейді Н.Совет. Естеріңізде болса, 2019 жылы Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында алапат өрт орын алған. Өкінішке қарай, отқа оранған аумақта ағаш отырғызу мүмкін емес екен. Бүгінде инспекторлар орманды өрттен, қала берді браконьерлерден қорғауға күш жұмсауда. Ағаш отырғызатын аумақ аз. Сондықтан да, қолда барды қызғыштай қору маңызды, дейді Н.Совет.

Кәсіпорындар белсенді

Елімізде қолданысқа енгізілген жаңа кодекс бір бөлек, Павлодар облысында экологиялық ахуалды жақсарту мақса-тында арнайы жол картасы қолға алынғаны белгілі. Бұған сәйкес, 2021-2025 жылдар аралығында облыстың орман қоры 50 миллионнан астам қарағаймен толығуы тиіс. Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Қабылтаеваның айтуынша, жыл сайын 110 гектар орман алқабына ағаш отырғызу жоспарланған. Жалпы, ағаш отырғызу ісіне ірі кәсіпорындар да белсенді атсалысуға ниетті. Мәселен, «Қазақстан алюминийі» басшы-лығы қоршаған ортаны қорғау бойынша экологиялық жобаны қолға алыпты. Оның ішінде ағаш отырғызу ісі де бар. Белгілі болғандай, 2020-2030 жылдар аралығында бұл бағытқа 66 миллиард теңге қаражат бағытталып, зиянды қалдықтардың көрсеткіші 70 пайызға азаймақ. Қорыта айтсақ, орман шаруашы-лықтарындағы орман қорларын толықтырып, жаңа көшеттер отырғызу, халық көп шоғырланған елді мекендер аумақтарын жасыл белдеуге айналдырып ағаш егу, автожол, теміржол бойларында қорғаныш талдарды өсіру - бүгінгі күннің басты талабы. Жаңадан қабылданған экологиялық кодекстің көздегені де сол. Ендеше, іске сәт!

Оралхан ҚОЖАНОВ.


Количество показов: 325

Возврат к списку