Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
319
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
286
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
302
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
354
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
403
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
234
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
263
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
219
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
270
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
263
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
293
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
621
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
478
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
495
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
238
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
239
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
445
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
357
11 медаль!
11:05 24.01.2023
286
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
316
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
306
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
304
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
485
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
360
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
268
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
286
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
297
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
326
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2767
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2665
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2642
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2681
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2599
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2628
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2747
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2604
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2580
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2659
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2616
Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022
2700
Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022
2712
Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022
2683
Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022
2868
Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022
2760
Сенімім зор
17:06 17.11.2022
2833
Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022
2734
Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022
2855
Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022
2977
Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022
2627
Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022
2793
Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022
2850
Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022
2625
Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022
2784
Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022
2661
Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022
2964
Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022
2857
Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022
2856
Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022
2885
«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022
2894
«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022
3110
Қазіргі жағдайда балалардың мектеп білімі аясында үнемі іске асырыла бермейтін салалардағы танымдық қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты білім беру іс-әрекеті кең қанат жайып келеді. Қосымша білім беру жағдайында балалар өздерінің шығармашылық әлеуеттерін, қазіргі қоғамда бейімделу дағдыларын дамыта алады және бос уақытты толық-
қанды ұйымдастыру мүмкіндігін алады. Осы орайда, облыста қосымша білім беру жүйесі жөнінде «Saryarqa samaly»-ның Instagram-дағы парақшасында «Онлайн желі» ұйымдастырдық. Тікелей желі қонағы - М.Катаев атындағы оқушылар сарайының әдіскері Әсем Аипова.
- Әсем Серікқызы, алдымен орталықтың жұмысымен таныстырып өтсеңіз. Атқарылып жатқан жұмыстарыңыздың мақсаты мен міндеті қандай?
- Оқушылар сарайы – балалардың шығармашылық мекені. 1978 жылдың 5 қараша күні біздің қаламыздың пионерлері тамаша сыйлыққа ие болды. Бұл күні Павлодар қаласының көркіне айналатын таңғажайып сарайдың құрылысы аяқталды. Биыл біздің орталығымызға 44 жыл толып отыр. Оқушылар сарайына аяқ басқан әрбір бала өз жанына жақын іспен айналыса алады. Бұл шығармашылық мекенде әрбір жеткіншек ғылыми жоба жазу, ғарыш әлемін зерттеу, робототехника саласында жұмыс істеу, ән шырқап би билеу, әдемі сурет салып, сәнді киім тігу, шаштараз өнерімен айналысып, IT-мектебінен сабақ алып, тіпті бизнеске алғаш қадам басуға зор мүмкін-діктері бар. Ертіс өңіріндегі М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы 44 жыл оқушылар үшін жұмыс атқарып бүлдіршіндерді қуантып келеді. Бүгінде Оқушылар сарайы аймағымыздағы қосымша білім беретін ең ірі ұйым болып табылады. Әртүрлі әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балалары көбіне тегін сабақтарға қатысуға мүмкіндік алады. Мұндай сабақтардың қатарында техникалық сабақтар, робототехника, журналистика, астрономиялық және тағы да басқа сабақтар бар.
- Орталықта қанша үйірме бар және қанша қызметкер жұмыс істейді?
- Оқушылар сарайында 50–ге жуық үйірме, 89 педагог, 2300 оқушы тәлім алады. 13 білімпаз студиясы бар. Сарай құрылымы бойынша әдістемелік, балалар журналистикасы, мұражай сабақтары, археология үйірмесі, жас еріктілер, эстетикалық, ұлттық сәндік-қолданбалы, шаштараз, бейнелеу өнері, сурет, бисер, қол өнері, ән-би, театр, астрономия, айти, роботтехника, жасыл технология үйірмелері бар. Балаға қажеттінің бәрін осы білім ордасынан таба аласыз. 5-18 жас аралығындағы екі мыңға жуық бала жыл сайын - Сарайдың үйірме, клуб, студияларында мемлекеттік және ағылшын тілін үйреніп, қол- данбалысән өнерімен айналысып, көркемдік және эстетикалық тәрбие алып, ғылыми-техникалық шығарма-шылыққа бет бұрады. Сарай құрылымы бойынша әдістемелік, эстетикалық, көркемдік тәрбие, ғылым және техника, «Білімпаз» эстетикалық тәрбие және дамыту студиясы, әкімшілік-шаруашылық алты бөлімді құрайды. Балалар журналист, радио және тілші мамандығының қыр-сырымен танысатын осындағы баспасөз орталығы республикалық және халықаралық конкурстардағы жеңістерімен аймаққа жақсы танымал. Сондай-ақ, мұнда заманауи технологиямен жабдықталған таңғаларлық зертханалар өте көп. Айта кетсек, Елбасының 2018 жылғы Жолдауы белгілеген білім беру саласының міндеттерін іске асыру және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде Оқушылар сарайында 2018 жылдың мамыр айында балалар технопаркі ашылды. Бұл технопарктің міндеті - балаларға арналған IT-технологиясын пайдаланып, білімге қолжетім-ділікті қамтамасыз ету. Мысалы, 3D-үлгілеу зертханасы тағы бір цифрлы білім беру ресурсымен жұмыс істейді. Егер сіздің балаңыз өнертапқыш болса, 3D моделі үлгісімен компьютерде жасалған нақты нысанды құру үшін осы үйірмеге бейімдеуге болады. Сонымен қатар, технопарктің бұл инновациялық алаңын біз тәжірибелік және коммерциялық мақсатта пайдаланамыз: пластикадан ұсақ бұйымдар сериясын дайындаймыз. Стартап-академия немесе бизнес-инкубатор технопаркінде бола қалсаңыз, бизнеске әуес оқушыларды кездестіресіз. Bala-business стартап-жобасының мақсаты – кәсіпкерлер мен өндірістік сектордың назарын балалар идеясына аудару, идеялар мен әзірлемелердің ықтимал тапсырыс берушілермен кездесуін ұйымдастыру. Сонымен қатар заман талабына сай бұл сыныпта IT-ресурстар, цифрлык білім алу ресурстарына көп көңіл бөлінген. Бұл жерде озық ойлы, зерек оқушылар Corel, Photoshop, AutoCAD бағдарламаларын игеріп, болашақ мамандықтарына жол ашады. Бұл жаңа сыныптар «Аманат» партиясының «Ыбырай» «Қазақстанның жас бағдарламашылар Лигасы» қорымен бірлескен бастамалық жобаларын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды. Робокешенді зертханамызда аса қабілетті балалар тек құрылымдаумен ғана шұғылданбайды. Сонымен қоса LEGOEducation, Ардуин, 4WD платформалары, робот-манипулятормен жұмыс істейді, өндірісте іске асырылатын жобалар жасайды, дене жұмысын робот жүйесімен ауыстырумен айналысады.
- Қосымша білім беру ұйымдары қызметінің басты ерекшелігі қандай?
- Қосымша білім беру ұйымдары қызметінің басты ерекшелігі балалар мен жасөспірімдерді өз еркіне қояды және мұнда адамның өзін-өзі жан-жақты көрсетуіне толық мүмкіндік беріледі, сонымен қатар балалар білім алу бағытын, жүйесін, деңгейін және соңғы нәтижені өздері таңдайды. Бұл ерекшелік қосымша білім беру ұйымдарының білім беру жүйесіндегі шығармашылық қарым-қатынасты, педагог пен баланың немесе педагог пен қосымша білім беру ұйымдарының бірлескен іс-әрекетін белсенді және қарқынды жаңа педагогикалық технологиялық оқыту әдістемесін үнемі үйлестіріп отырудың қажеттілігін айқын көрсетеді. Педагогпен бірлесе отырып жасаған шығармашылық тапсырмаларды шешу білім алу процесіндегі психологиялық құрылымды өзгертеді немесе екі жақтың әрекеттесуі, қарым- қатынас жасауы, барлық қатысушылардың бір-бірімен тығыз байланысты болуы әр баланың ішкі стимуляциясының оянуына әкеледі. Балаларға қосымша білім беру мекемелерінің бағдарламасы білім беретін сонымен қатар қызметпен (іс-әрекетпен) қамтамасыз ететін және мекеменің дамуы болып екіге бөлінеді. Балаларға қосымша білім беру ұйымдарының басқа білім беру орындарынан айырмашылығы, бала басқаша білім жолын басып өтеді. Мұнда балаға қосымша ақпарат беріп қана қойылмайды, ең бастысы, бала шығармашылық жұмыс істеуге тартылады. Бала адамзат еңбегінің, білімінің бірін терең игереді, оған дағдыланады. Жас ұрпақтың дара ерекшелігін ескере отырып, ойлау, шешім қабылдау, қорытынды ой-пікірін білдіруін, белсенділігін, танымдық қабілетін дамытуын, өзінің шығармашылық әрекетін жүзеге асыруын қалып-
тастыруына мүмкіндік туғызған дұрыс. Оқушылардың қабілетін ашып, дамытуға жан-жақты жағдай жасағанда ғана мақсатқа қол жеткізуге болады. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп есептейміз.
- Балалардың қызығушылығы қай салаларға бейімделуде?
- Әр баланың қызығушылығы әртүрлі. Биыл бүлдіршіндердің қызығушылығы ғылым және техника бағыттарына қарай артып келеді. Робототехника, айти, жасыл технология, астрономия студия мен клубтарына сұраныс өте жоғары.
- Қандай оқушыға қосымша сабақ қажет?
- Бүгінгі таңда білімге деген сұраныс күннен-күнге күшейді. Білім саласындағы бәсекелестік, керек десеңіз өмірдегі бәсеке артты. Барлық адам өз баласының армандаған мамандығын мемлекеттік грантпен оқып, жақсы жұмыс істеп, жақсы өмір сүргенін қалайды. Сол үшін баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, өзгеден кем етпей өсіргісі келеді. Мектепте баласының төмен баға алғанын қаламатындықтан, репетитор жалдайды, орталықтарды таңдайды. Бүгінгі білім саласындағы тоқтаусыз, ретсіз реформа, білім саласындағы ауыр тоқырау, үш ауысымды мектептер, бір сыныптағы оқушы санының көптігі, білім саласына амалсыз келген сапасыз кадрлар қосымша білімнің қажеттілігін тіптен де арттырып жіберді. Қосымша білім беру саласында 15 жылдан астам қызмет етіп жүрген адам ретінде, қосымша сабақ әр оқушыға қажет.
- Қосымша білім іздегенде неге мән беру керек?
- Баланы қосымша сабақтарға жібергенде ата-аналар баласының барып жүрген репетиторына, қандай тақырыптар өтіп, қандай бағытта жұмыс жасағанын қадағалап отыруы керек. Себебі, балаға тек үй тапсырмасын ғана шығарып беретін, өзі сабақ сұрап, түсіндір-мейтін, тіпті баланы ойнатып, шоу жасап қана қайтаратын репетиторда, орталықтар да жеткілікті. Сондықтан, репетитор таңдау, орталық таңдау маңызды. Өз әлімізше бұл тақырыпты талдап көрейік. Басты мәселе - мұғалімде. Репетитор немесе орталық мұғалімі кім? Орталық осыған дейін қандай үздік шәкірттер тәрбиелеген? Кәсіби ме? Қандай бағдар-ламамен жұмыс жасайды? Осы сұрақтар төңірегінде ізденген дұрыс. Себебі, үздік мұғалім ғана үздік шәкірт тәрбиелейді. Сондықтан, үйге жақын немесе үйге келіп оқытады деп кім көрінгенге жүгіне салуға болмайды. Екінші, оқу орталықтарының бәрі озық па? Әрине, жоқ. Сондықтан, орталықтардың әкімшілігіне, әдістемелік кеңесіне мән берген дұрыс. Өзі мектеп көрген, мектепте үздік мұғалім болып жетістікке жеткен, әкімшілік ұйым-дастыру қабілеті бар адам ғана шын үздік мұғалімдердің басын қосып, жүйелі бағдарлама жасай алады. Мектептердің бәрінің сапасы әр қилы. Мектеп сапасын ондағы мұғалімдер қосынының біліктілігі анықтайтыны секілді, білім беру орталықтарының сапасын да әкімшілігі мен ұжымының біліктілігі анықтайды. Ал білімді бизнес ретінде ғана қарайтын, көлденең көк атты ашып алған шоу орталықтардың шуына алдана беруге болмайды. Үшінші, орталықтың тәрбие бағытына баса назар аудару керек. Себебі, әлдебір кері идеологиялық бағыттарда жұмыс істеп жүрген тіл үйрету, білім беру орталықтары да жетерлік. Баланы бүгінде ата-анадан гөрі қоғамдық ортасы көбірек тәрбиелейтінін ұмытпаған жөн.
- Қазіргі қосымша білім беру жүйесінің жағдайы қалай?
- Қазіргі таңда білім беру жүйесінде қосымша білім беру мектептен тыс ұйымдардың бірегей жүйесін сақтау және дамыту, жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық дамытуда олардың рөлін арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Балаларға қосымша білім беру мазмұны, оны ұйымдастыру түрі, әдістері мен технологиялары сапасын көтеру, педагогикалық шығармашылық жұмысты бағдарлы түрде ұйым-
дастыру көзделген. Қазақстандағы қосымша білім беру жүйесі білім беру кеңістігінің ең динамикалық және дамушы құрамды бөлігі болып табылады. Ол стандартты жүйеге қарағанда ерекше ашық және еркін дамуды қалыптастырады. Балаларға қосымша білім беру – білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағат-тандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі, үздіксіз білім жүйесінің ажырамас бөлігі. Балалардың қосымша білім беру жүйесі – салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл дарынды балаларды іздеу, қолдау көрсету және дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға, балалардың құқықтарын қорғауға назар аударуды күшейтуге бағыттауға негізделген. Қазірде Павлодар облысының жас буынын тәрбиелеу тұжырымдамасы әзірленді. «Менің туым», «Адалfriends», «ЭКОboom», «Familyday» және «Balabusiness» атты жобалар іске асырылуда. Қазіргі заманның балалары өте бақытты. Қай іспен айналысқысы келсе, Оқушылар сарайында Обсерватория, жасыл технология кабинеті, 3 д принтермен басып шығару секілді барлық мүмкіндіктер жасалған. Сондай-ақ, облыстық іс шаралар, фестивальдер, мұражай сабақтары, акция, экскурсиялар, облыстық концерттер жиі ұйымдастырылады.
Нұргүл АРЫНОВА, Павлодар қаласы:
- Баламның жасы 8-де. Әнге, шығармашылыққа жақын. Үйірмеге беру үшін не істеу қажет?
- Үйірмеге қатысуға өтініштер жаз мезгілінен басталады. Мектептерде сабақтар 1 қыркүйектен бері жүргізілсе, бізде 15 қыркүйекте басталды. Егер ата-ана қыркүйек айында өтініш беруге үлгере алмаса, қазірдің өзің де орталығымызға келіп тіркелуге болады. Ол үшін баланың педиаторы берген 035-У үлгідегі анықтамасы, туу туралы куәлігі және үйірмеге қатысуға өтініш жазу керек. Бірінші қабатта ата-аналарға кеңес беретін мамандарымыз отырады. Олар баламен әңгімелесіп, қай үйірмеге қызығу-шылығы бар екенін анықтап, сол үйірмеге жібереді. Сондай-ақ, біздің Оқушылар сарайының сайты бар. Онда сабақтың кестесі, жаңалықтар жиі жария-ланып тұрады.
- Өзіңіз әңгімеңізде орталықта тәрбиеленген жұлдызды түлектер туралы айтсаңыз.
- Оқушылар сарайынан түлеп ұшқан оқушыларымыз жетерлік. Солардың бірі - опера әншісі Мария Мудряк 18 жасында Миланның Джузеппе Верди оқу орнын бітірді. Он жасында Ла Скала театрының жанындағы миландық жоғары музыка мектебіне қабылданып, кейін Мемлекеттік консерваторияға түсіп, ең жас студент атанғаны белгілі. Оған дейін, әлемнің ең жас опера әншісі ретінде, яғни бес жасында Гиннестің рекордтар кітабына енді. Сондай-ақ, таланты жастардан Ринат Малцаговты, Жанар Дұғалованы атап өтуге болады. Әр бала өзінше талантты тек оны дамыту керек!
- Әңгімеңізге рақмет! Орталықтарыңызға шығармалық табыс тілейміз!
Сұхбаттасқан - Айдана Боранбаева.
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
319
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
286
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
302
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
354
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
403
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
234
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
263
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
219
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
270
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
263
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
293
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
621
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
478
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
495
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
238
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
239
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
445
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
357
11 медаль!
11:05 24.01.2023
286
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
316
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
306
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
304
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
485
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
360
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
268
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
286
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
297
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
326
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2767
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2665
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2642
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2681
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2599
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2628
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2747
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2604
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2580
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2659
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2616
Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022
2700
Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022
2712
Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022
2683
Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022
2868
Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022
2760
Сенімім зор
17:06 17.11.2022
2833
Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022
2734
Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022
2855
Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022
2977
Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022
2627
Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022
2793
Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022
2850
Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022
2625
Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022
2784
Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022
2661
Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022
2964
Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022
2857
Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022
2856
Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022
2885
«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022
2894
«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022
3110