Отандық нарық қалыптасты

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  37

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  38

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  41

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  142

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  131

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  115

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  262

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  327

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  313

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  301

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  320

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  295

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  318

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  330

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  390

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  401

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  399

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  374

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  398

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  367

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  398

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  421

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  501

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  546

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  497

Отандық нарық қалыптасты 16.12.2021

Отандық нарық қалыптасты

Осыдан тура 30 жыл бұрын еліміз тәуелсіздік алған тұста қазақ халқы бөркін аспанға атып, мәре-сәре болып, ата-бабалардың арманына қол жеткізгені үшін марқайып жатты. Алайда бұл қуанышпен қатар қиындық келді. Жұрт бірнеше ай бойы жалақы алған жоқ. Дүкен сөрелері бос қалды. Азық-түлік там-тұмдап қана талонмен берілді. Сол ауыртпалықтың барлығын отандық экономика арқылы еңсеріп, еңсемізді тіктедік.

 

Алдымен - экономика...

Азат елде дүниеге келіп, ешкімге тәуелсіз дербес мемлекетте өскен ұрпақ ата-әжелердің, ата-аналардың дәуір сынақтары тұсында тартқан тауқыметін білмейді. Білмей-ақ қойсын. Тек бүгінгі күнімізді бағалап, қадірімізге жету үшін артқа көз тастап, жүріп өткен жолға бір бұрылып қараған артық болмайды. Олай болса, артқа шегініс тастап, 1990-ыншы жылдарды бір сәт еске түсіріп көрелік. Сол тұста кәсіпорындар бірінен соң бірі жабылып, жаппай жұмыссыздық жайлап, ақшаның орнына түбіртектер, ал азық-түлік алуға талондар беріліп, экономикалық дағдарыс орын алды. Көпшілік бір жағынан тәуелсіздік алғанымызға шаттанса, бір жағынан ертеңгі күнге күдік-күмәнмен қарады. Қысқасы, сол бір жылдары біздің егемен мемлекет шыңыраудың жиегінде тұрды. Бұл - шындық. Оны көзкөргендер жақсы біледі. Сол тұңғиық тығырықтан қалай шықтық? Өндіріс орындары мен кәсіпкерлік нысандарын дамытуға ден қойдық. Ел басқарған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Алдымен - экономика, содан соң саясат» деген қағиданы берік ұстанды. Бұл тұжырымдама ұлттық экономиканы дамытуға, инвестициялар тартуға және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға жетеледі. Нұрсұлтан Әбішұлы жақында жариялаған «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында да экономикалық даму мәселесіне айрықша тоқталған еді.

- Егемендіктің елең-алаңында-ақ мен Қазақстанға экономикалық жаңғыру, инфрақұрылымды жаңарту және шикізатқа тәуел-діліктен құтылу қажет екенін түсіндім. Бірақ тек үшінші онжылдықтың басына қарай, ресурс пен тәжірибе жинақтаған соң ғана біз бұл қиын істі жүзеге асыра алдық. Біз индустрияландыруға және өз өнеркәсіп базамызды дамытуға иек арттық. Сол мақсатпен Индустриялық-инновациялық дамудың үш бағдарламасы қабылданды, 9 триллион теңге сомасындағы 1500 жоба енгізілді. Қазақстан бұрын өндірілмеген өнімдер – электровоз, автобус, автомобиль, теміржол вагондары, трансформаторлар және басқа да 500-ден астам өнім түрін шығара бастады, - деп жазды Тұңғыш Президент. Алысқа бармай-ақ, Павлодар облысының жағдайын саралап көрелік. Сандарға зер салсақ, 1991 жылы өңірде өндірілген өнеркәсіптік өнімнің көлемі небары 13 млн теңгені құраған екен. Тәуелсіздіктің алғашқы 10 жылдығында бұл көрсеткіш бірден 10 есеге артып, 144 млн теңгеге жетті. Осыдан 10 жыл бұрын 964 млн 739 мың теңгенің өнімі шығарылып, нарыққа жол тартты. Ал бүгінгі көлем - 2 млрд 117 млн (!) теңге. Осыдан 30 жыл бұрын бүкіл облыс болып шығарып, сатылымға жөнелткен 13 млн теңгенің тауары қазіргі таңда шағын ғана бір цехтың өнімі болып қалды. Осы уақыт аралығында біздің аймақ еліміздің индустриялық орталығына айналып, мұнай-химия, химия, теміржол, металлургия кластерін құра білді. Шағын және орта бизнесті дамыту ісі де қалыс қалған жоқ. 2005 жылы өңірде 35 мың кәсіпкерлік нысаны жұмыс істейтін еді. Бүгінде олардың саны 52 мыңнан асты. Ал олар шығаратын өнімдердің жалпы сомасы 14 есеге, яғни 923 млрд теңгеге дейін артты.

Өркениетті саудаға көшті

1990-ыншы жылдардың басында жұмыс-сыздық белең алып, көпшілік күнкөріссіз қалғанда саудагерлердің саны күрт көбейді. Мұғалім де, дәрігер де, зауытшы да - бәрі ала дорбаны арқалап, тауар тасып, оларды көшелерде жағалай сатуға көшті. Бір сөзбен айтқанда, «жабайы» сауда жүрді. Сол тұста елден ерек көзге түсіп, өркениетке бет бұрған «Арай» сауда үйі болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылдың 5 қаңтарында сауда орталығының ашылуына арнайы келіп, жаңа бастамаға табыс тілеген еді.

- Қазақстанда дүкен көп. Павлодар облысында да бар. Бірақ олардың ішінде осындай жекеменшік сауда үйі өте аз. Енді кәсіпкер дүкен сөрелерінде тұрғындарға қолжетімді болатын тауарлардың самсап тұруына жауап береді. Осындай сауда орындары көптеп ашылса, бәсекелестік пайда болып, өнімнің сапасы жоғарылап, бағасы түседі. Қазір мұнда шетелден әкеліп қойылған тауарларды ығыстыра алатын өзіміздің өнімдер шығарылып, сатыла бастайды. Сондықтан осындай жекеменшік дүкендердің көп болғаны дұрыс. Павлодарлықтар осындай орталықтан өзіне керегін тауып, сатып алуы үшін жалақыларын өсіреміз, - деген еді сол тұста Елбасы. Сол уақыттан бері «Арай» сауда үйі мемлекеттік қолдаудан кенде болған жоқ. Өткен жылдың күзінде мұндағы дүңгіршектер отқа оранып, кәсіпкерлер табыссыз қалған кезде де әкімдік қолдан келер көмекті көрсетті. Сауда үйінің басшылығы аз уақыт аралығында дүкен ішін қалыпқа келтіріп, жұмысты қайта жалғастырды. Орталықтың басқарушысы Максим Стрюктің айтуынша, ендігі ретте кәсіп аясын кеңейтіп, оның ішін заманға сай жабдықтау үшін кешенді жұмыстар басталмақ. Қазіргі уақытта тиісті жоба-жоспарлар жасалып жатыр. Бұл уақытта ауылдарда да дүкендер ашылып, сөрелерге тауардың түр-түрі қойыла бастады. Мәселен, шарбақтылық Қисамиден Мәшенов 1998 жылы Есілбай елді мекенінде сауда орнының жұмысын бастады. Ауылдас-тарын керек-жарақпен қамту үшін тауарды автобуспен дорбалап тасыған кәсіпкер табыс табудың емес, күнделікті өмірдің қамы үшін аянып қалған жоқ. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында жер-жерде осындай бизнес нысандары салынып, кәсіпкерлік саласы дами бастады.

Тамақ өнеркәсібінде тыңнан түрен салды

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ашылған кәсіпорын туралы сөз қозғаған тұста тамақ өнеркәсібі мықтап қолға алынғанын атап өткен жөн. Айталық, 1991 жылы бұл салада шығарылған өнімдердің жалпы құны бар-жоғы 2 млн теңге болған-ды. 2001 жылы аталмыш сома 11 млн 372 мың теңгеге, 2011 жылы 31 млн 866 мың теңгеге жетті. Ал былтыр тамақ өнеркәсібі бағытында жұмыс істейтін бизнес нысандары 102 млн теңгеден асатын өнімді дайындап, тұтынушыларға жөнелтті. Олардың қатарынан «Крендель» кондитерлік фабрикасын бөле-жара атап өтпеске болмас. Сонау 1995 жылы тәтті тоқаштар пісіретін шағын цех ретінде іске қосылған кәсіпорын бүгінде кондитерлік дүкендері мен кофеханалары бар толыққанды брендке айналды.

- 1990-ыншы жылдардың басында жұмыста жаппай қысқарту болып, тұрақты ісімнен қол үзіп қалдым. Ол кезең оңай болған жоқ. Тұрғындардың көбі сауда-саттыққа бет бұра бастады. Сол сәтте менің ойыма «Неге маған жеке кәсіп ашпасқа?» деген ой келді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бизнес бастамақ түгілі ол туралы ойлаудың өзі арман еді. Десе де, сол арманым орындалып, қазіргі таңда 1 мыңнан астам өнім түрін шығаратын үлкен компанияға айналдық, - деп сол кездерді еске алады «Крендель» басшысы Зинаида Пархоменко. Бұл ретте аталмыш кәсіпорынға мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетілгенін де атап өту керек. 2015 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының көмегімен жеңілдетілген несие берілді. Бұл қаражат бизнестің аясын кеңейте түсті. «Крендель» мейрамханасының құрылысы қолға алынып, кофехана мен дүкен жаңарды.1990-ыншы жылдары құрылып, тамақ өнеркәсібі саласында қарышты қадам жасаған тағы бір павлодарлық кәсіпорын – «КЭММИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл компания – ұлттық тағамдарға арналған жартылай дайын өнімдерді шығарған еліміздегі алғашқы өндіріс орны. Бұған дейін отандық цехтарда бешбармақ, кеспе, лагманға арналған қамырлар дайындалған емес. 1997 жылы іске қосылған «КЭММИ» тыңнан түрен салып, бұрын-соңды жергілікті нарықта болмаған өнімді тұтынушыларға ұсынды. Тіпті, аталмыш кәсіпорын үшін арнайы техникалық шарттар дайындалып, сәйкестік сертификаты әзірленді. Сондай-ақ, «КЭММИ» сұранысы бойынша жеке мемлекеттік стандарт қабылданды. 2012 жылы жартылай дайын өнімдер шығару орны «КЭММИ GROUP» болып қайта құрылып, оның құрамына астық сақтау орны, диірмен, өндірістік кешендер, дизайнерлік бюро, қойма шаруашылығы мен логистика қызметі енді. Яғни, небары 15 жыл аралығында мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде шағын цех ірі кешенге айналды. Бүгінгі таңда мұнда 10-нан астам өнім түрі дайындалып, қазақстандық қана емес, ресейлік және еуропалық нарыққа жол тартады. Біз жоғарыда атап өткен кәсіпорындар – Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ашылып, бүгінгі күнге дейін кәсібін табысты түрде дөңгелетіп отырған бизнес нысандарының бір парасы ғана. Сауда мен өндіріс орындары ашылған тұста түрлі қиындықтар, кедергілер кесе-көлденең шыққанмен, мемлекеттік көмектің нәтижесінде бұл кәсіпорындар аяққа нық тұра білді. Тұтынушылар тарапынан жоғары сұранысқа ие өнімдерді дайындайтын бірегей компанияларға айналды. Алдағы уақытта олардың ісі одан әрі өрлеп, «Қазақстанда жасалған» таңбасы бар тауарлардың әлемдік нарықтан ойып тұрып орын аларына сенім мол.

 

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА


Количество показов: 1040

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  37

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  38

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  41

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  142

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  131

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  115

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  262

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  327

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  313

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  301

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  320

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  295

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  318

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  330

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  390

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  401

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  399

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  374

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  398

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  367

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  398

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  421

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  501

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  546

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  497