Отбасындағы кикілжің: кім кінәлі?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Отбасындағы кикілжің:  кім кінәлі? 07.10.2021

Отбасындағы кикілжің: кім кінәлі?

Аймағымызда «ыдыс-аяқ жиі сылдырлайтын» отбасылардың қатары артып келеді. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, биыл 102 желісіне күйеуінен жәбір көрген әйелдерден жиі қоңырау түсетін болған. Полиция қызметкерлері отбасылық жанжалға кінәлілерге ескерту жасап қана қоюға мәжбүр. Себебі, жеме-жемге келгенде әйелдер отағасының үстінен арыз жазудан бас тартады екен. Өкінішке қарай, дер кезінде қатаң шара қолданылмағаннан кейін, жанұялардағы кикілжің қайталанып жатады.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тек қана Павлодар қаласында күн сайын күйеуінен «таяқ жеген» әйелдерден 40-қа жуық қоңырау түседі. Оның ішінде түнгі уақытта түскен шақыртулардың саны басым. Өкінішке қарай, 36 факті кезінде тек 13 әйел ғана жолдасына қатысты арыз жазып, заң аясында жөнге салуды талап еткен. Қалғандары қағаз жүзінде шағымданудан бас тартқан. Мамандар отбасында тіркелген жанжал кезінде әйелдердің 80 пайызы күйеуінің әрекетін кешіретінін айтады. Сол себепті жанұядағы ұрыс-керіс көбеймесе, азаймай тұр. Жалпы, жыл басынан бері облыста 2200-ден астам отбасылық зорлық-зомбылық фактісі тіркелген. Көп жағдайда жанұядағы жанжал жөнінде көршілер хабар береді екен. Мәселен, жуырда облыс орталығындағы Академик Сәтбаев көшесінің тұрғыны «102» нөміріне қоңырау шалып, полицейлерден көмек сұраған. Ол жоғары қабатта тұратын көршілерінің үйінде ұрыс-керіс орын алып, күйеуі әйелін соққыға жығып жатқаны жөнінде хабар берген. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары ішімдікке тойып алып, әйелін аяусыз сабаған ер адамды полиция бөлімшесіне алып кетеді. Мамандардың сөзінше, егер көршісі хабар бермегенде, қайғылы жағдай орын алуы мүмкін еді. Күйеуінен жәбір көрген әйелдермен Павлодар қаласы полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Бақытжан Тұрсаринова жұмыс істейді. Маманның сөзінше, тұрмыстық жанжалдардың 90 пайызы алкогольді ішімдіктердің кесірінен орын алып жатыр. Қалған 10 пайызының себебі – қызғаныш. Ащы суға тойып алған ер азаматтар әйелдеріне қол көтерген. Жұмыссыздық мәселесі тағы да бар.

- Отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі өзекті күйде қалып отыр. Өзіміздің қара көздеріміз ғана емес, өзге ұлт өкілдерінен де шағым көп түседі. Әйелдерден қоңырау түскен кезде оқиға орнына учаскелік инспекторлар жедел жетеді. Өкінішке қарай, әйел адамдар райынан тез қайтып, күйеуінің үстінен арыз жазудан бас тартады. Қазіргі әйелдердің көпшілігі ер азаматтарға қызмет көрсетумен шектеледі. Декретте, жолдасының айлығына күн көріп отырғандар бар. Баспана күйеуінің атында болғандықтан, үйден кете алмайтындар көп. Балаларымен баратын жерінің жоқтығына байланысты күйеулерін кешіріп жатады, - дейді Б.Тұрсаринова. Маманның өзі күн сайын 10-нан астам шақыртуға барады екен. Ал демалыс күндері 20-ға жуық қоңырау қабылдайды.

- Әйелдерге психологиялық тұрғыдан көмек көрсетіп, жан дүниесіне үңілуге тырысамыз. Пандемия кезінде карантинге байланысты отбасылық жанжал көбейгенін білесіздер. Тіпті, үйінен қашқан әйелдерге орын таба алмаған күндер де болды. Жанұядағы жанжалдың тыйылмай тұрғанына әйелдердің күйеулерін тез кешіруі себеп. Мұндай шешім ер азаматтарды сол әрекетін қайталауға әкеледі. Себебі ол әйелінің арыз жазбайтынын біледі. Балаларының болашағын да ойлайтын аналар бар. Бірақ маман ретінде қорлыққа шыдауға болмайтынын айтқым келеді. Қоғамда аналарға да, балаларға да жағдай жасалған. Панасыз қалған әйелдерге жағдай жасалатынын есте ұстаған жөн, - дейді
Б.Тұрсаринова. Отбасылық жанжалға себепші болған адам қалай жазаланады? Маманның айтуынша, отбасында жанжал орын алған жағдайда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 73 және 461 баптарына сәйкес, қысым көрсеткен азаматтарға қорғау нұсқамасы беріледі. Ер адам әйеліне 30 күн ішінде дөрекі сөйлемеуі, ішімдік ішпеуі және қол көтермеуі тиіс. Егер бұл талапты бұзса, изоляторға тоғытылады. Павлодар облыстық полиция депар-таментінің мәліметінше, жолдасынан жәбір көрген әйелдер бірден учаскелік инспекторға хабарласуы тиіс. Бұған дейін шаңырақтың берекесін бұзғандар тек айыппұлмен құтылатын. Берілген сома отбасылық бюджеттен төленетін. Екі жыл бұрын мұндай жеңіл жаза алынып тасталды. Жанұядағы жанжалдың орын алуына себеп болған адамға ескерту беріледі. Көнбесе, әкімшілік қамауға алынады.

- Жаза мәселесі талай жылдан бері көтеріліп келді. 2020 жылға дейін әйеліне дене жарақатын келтірген ер адам 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша төлеуге міндеттелетін. Бұл қаражатты отбасы мүшелері бірге төлеп келді. Отбасылық бюджетке салмақ салмас үшін жәбірленушілердің көбі құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінбейтін. Енді отбасында жанжал шығарған адамға алдымен ескерту беріледі. Егер бұл әрекеті қайталанса, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Айыппұлды да өзі төлейді. Сондықтан, ерінен жәбір көрген әйелдер тәртіп сақшыларының көмегіне ойланбастан жүгінуі керек, - дейді облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. Отбасында жәбір көрген әйелдер облыс орталығындағы аналар мен балаларды бейімдеу орталығын паналайды. Аталмыш мекеме басшысының орынбасары Фарида Белгібаева қазір орталықта 54 ана мен бала тұратынын айтады.

- Бейімдеу орталығында 53 төсек-орын бар. Қазір мекемені 19 әйел мен 34 бала паналауда. Оның ішінде 20 оқушы бар. 10 бала биыл алғаш рет мектеп табалды-рығын аттаған. Оқушылардың барлығы демеушілердің көмегімен кеңсе тауарлары және мектеп формасымен қамтылды. Орталыққа келген әйелдер мекемені бір жыл паналай алады. Осы уақыт ішінде тұрақты жұмыспен қамтылып, пәтер жалдай алу мүмкіндігіне ие болады. Мамандар қажетті құжаттардың барлығын түгендеуге көмектеседі. Орталықта 5 баласы бар көпбалалы ана бар. Алматы қаласындағы бейімдеу орталығынан да бір әйел келген болатын. Барлығына бірдей жағдай жасалады. Отбасындағы жанжалдың орын алуына көп жағдайда ішімдік себеп. Қызғаныш пен жұмыссыздық, материалдық жағдай да әсер етеді, - дейді Фарида Шарапқызы. Қазір күйеуінен жәбір көрген әйелдер үшін полицияның «102» нөмірі мен 87057072879 ұялы телефоны тәулік бойы жұмыс істеуде. Мамандар қоңырау саны азаймағанын айтады. Әсіресе, демалыс күндері телефонда дамыл болмайды екен.     Шыны керек, бұзақының қас-қабағына қарап, әр күнін қорқынышпен өткізіп жүрген әлсіз жандар әлі де бар. Тіпті, мамандарға қоңырау соқпай, жәбір көріп жүргендер де жетерлік. Ата-анасының арасындағы жанжалды көріп өскен баланың болашағы не болады? Мейірім мен жылуға зәру бала есейгенде әкесінің ісін қайталай ма деген ой келеді. Сол себепті әйелдер қауымы күн сайын қорлыққа шыдамай, дұрыс шешім қабылдауы керек. Мамандардың пікірі де осыған саяды.

 


Количество показов: 516

Возврат к списку